Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.12 Кб
Скачать

17.Тақырып үсті мәліметтері.

Тақырып үстілік мәліметтердің құрамы төмендегідей болуы мүмкін:

  • басылымды шығаруға тапсырыс берген немесе шығаруға қатысқан мекеменің аты;

  • серия туралы мәлімет;

  • басылымды нормативтік және инструкциялық бекіту жөніндегі мәлімет;

«Бұндай мәліметтер титулдық беттің жоғарғы жағында және автор фамилиясының үстінде жазылады. Егер авторы жоқ болса, басылымның атауының үстіне беріледі. Кітапты шығарған немесе шығаруға қатысқан ұйымның немесе мекеменің атауы ресми бекітілген форма бойынша жазу керек:

Егер кітапты шығарып жатқан ұйым жоғары тұрған мекеменің құрамдас бөлігі болып табылса, онда ең бірінші жоғары тұрған мекеменің атауы жазылады. Басқарушы мекеменің атауын қарамағындағы мекеменің атауының үстінен жазылады.Егер кітап бірнеше ұйымның атынан шығатын болса, онда барлық ұйымдардың аты-жөні жазылады.

Егер кітап сериялы басылым болса, онда серия туралы мағлұматқа серияның тақырыбы және серияны шығарудың мақсаты, оқырман адресі, серияның ұйымдастырылған уақыты, ұйымдастырушысы, редакторы, құрастырушысы, серияның редакциялық кеңесі, шығарылым номері кіруі мүмкін. Серия туралы ақпаратты титулдық бетте толық жазу-жазбау керектігін баспагер шешеді. Серия туралы мағлұмат титулдық беттен басқа, контртитулда, авантитулда, артқы титулда жазуға болады. Серия туралы мағлұматтарды барлық кітаптарда бірдей қылып сәндеп берген жөн»

18.Басылым түрі туралы мәліметтер.

Басылым түрі бұл бір немесе бірнеше белгілер мен ерекшеленетін басылымдар тобы.1.Мерзімі бойынша басылымдар түрлері: уақыт аралығы мен мерзімі, нөмір сандары бекітілген ұдайы шығарылатын басылым.2.Ақпараттық сипатына қарай басылым түрі: басылым шығармасының жанрлық және басқа ерекшеліктерін бейнелейтін белгілер жиынтығы.3. Басылымның материалдық құрылымы: басылым мазмұнына тәуелсіз баспалық және полиграфиялық белгілерін сипаттайтын басылымның қалыптасқан формасы.1 мерзімі бойынша.Мерзімді емес басылым жалғасы жоқ бір рет шығатыни басылым. 2 Сериялы басылым.Бірдей тақырыппен нөмірленген белгілі бір уақытта басылып шығатын жалғасы алдын ала жоспарланбаған басылым түрі.3. Мерзімді басылым.Белгілі бір уақыт аралығында басылып шығатын мазмұны қайталанбайтын бірдей безендірілген нөмірленген сериялы басылым түрі. 4. Ұзақ мерзімді (ақпарат жинауына байланысты)белгісіз уақыт аралығында шығатын, мазмұны қайталанбайтын бір типті безендірілген ортақ тақырыптық сериялы басылым түрі.

19. Белгілі бір мерекеге немесе жеке тұлғаға арналып шығарылған басылым түрлері

20. Авторлық құқықты қорғау белгісінің рәсімделу реті. Авторлық құқықты қорғау белгісін ("копирайт") міндетті түрде титулдық беттің артына оң жақ астыңғы бұрышына жазады. Ол латынның шеңбердің ішіне орналасқан «С» әрібі мен авторлық құқығы қорғалатын объектің аты мен құқықты иеленушінің аты-жөні мен басылымның алғаш шыққан жылы жазылады. Авторлық құқықты қорғау белгісінің бар болуы заңды немесе жеке тұлғаның «ҚР авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы бойынша зияткерлік меншікке құқығы бар екендігін көрсетеді.

Авторлық құқық шығарма дүниеге келген бастап туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен пайдаланылуы үшін міндетті түрде тіркеуді қажет етпейді. Шығарманың авторы, кіріспе сөздердің авторлары мен иллюстрациялардың авторлары және де басқа зияткерлік меншікті жасаушы адамдардың өз туындыларына даусыз құқығы бар. Тек қызметтік міндетті орындау кезінде жасалған дүниелерге авторлық құқық таралмайды.

Баспагерлерге келісім-шарт бойынша ғана белгілі бір уақытқа шығарманы қолдану құқығы беріледі. Негізгі мәтін авторының копирайтта фамилиясы мен инициалдары, содан кейін шығарманың шыққан жылын көрсетеді. Аударма басылымдарда автордың аты-жөні тиүпнұсқада қалай жазылып тұр, солай көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]