Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ-текст.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.12 Кб
Скачать

1.Баспа ісі және кітапхана бойынша стандарттар жүйесі (сибид).

Басылым - көпшілікке таратуға арналған ақпараттан тұратын, редакциялық -баспалық өңдеуден өткен, шығарылымдық мәліметтері толық, полиграфиялық безендірілген құжат.

Баспа өнімдері - Баспадан жарық көрген немесе жарық көруге дайындалған басылымдар жиынтығы . Басылым түрі - Бір немесе бірнеше белгілерінің негізінде топтастырылған басылымдар . Басылым құрылымы - Басылымның құрылымдық бөліктерінің өзара байланысы: негізгі және қосымша мәтін,-сондай-ақ оған кіретін мазмұндық және көркемдік элементтер. Басылымның материалдық құрамы Басылымның полиграфиялық және баспалық сипаттарының негізінде қалыптасқан формасы. Басылымның безендірілуі - Басылымның мақсаты мен шығарма мазмұнының біртұтас композициясы полиграфиялық құралдар мен көркемдеу тәсілдері арқылы айшықталуы . Мақсаттық қызметі - Қоғамдық міндеттерінің орындалу тұрғысынан қарастырылға басылым сипаты(оқыту, ғылыми жұмысқа әсер етуі т.б.) . Басылымның ақпараттық табиғаты- Басылымдағы шығармада көрініс берген жанрлық және басқа да ерекшеліктер жиынтығы . Басылымның мерзімділігі - Нөмірмен немесе датамен анықталатын басылымның жарық көру жиілігі. Басылым түрлері.Мақсаттық бағытына қарай- Қоғамдық-саяси басылымдар : Қоғамдық-саяси тақырыптағы, үгіт-насихаттық сипаттағы жалпы көпшілік оқырманға арналған басылым(ГОСТ 7.60-90) . Ғылыми басылымдар : Экспериментальды және теориялық зерттеулер нәтижесінен тұратын басылымдар. Ғылыми-танымдық басылымдар : Ғылым, техника және мәдениет салаларындағы теориялық және эскперименталды зерттеулердің нәтижесінен тұратын жалпы көпшілік оқырманға арналған басылым . Ресми басылымдар : Мемлекеттік органдардың , мекемелердің,ведомствалар немесе қоғамдық ұйымдардың атынан жарық көретін нормативті және директивті сипаттағы матерариалдардан тұратын басылымдар . Өндірістік-тәжірибелік басылым : Технология, техника және өндірісті ұйымдастыруға арналған мәліметтен тұратын, әртүрлі біліктілік деңгейіндегі мамандарға арналған басылым . Нормативті өндірістік –тәжірибелік Басылымдар : Әртүрлі сала бойынша өндірістік ержелер мен нормалар және талаптардан тұратын басылым. Оқулық басылымдар : Ғылыми немесе қолданбалы ғылыми деректерден тұратын, білім алуға немесе дәріс беруге ыңғайлы,әртүрлі жастағы және сатылы білім беруге арланған басылымдар . Анықтамалық басылымдар : Белгілі бір тәртіппен орналасқан, тез тауып алуға қолайлы ғылыми және қолданбалы сипаттағы қысқаша деректерден тұратын басылым . Жарнамалық басылымдар : Сұраныс тудыру мақсатында белгілі бір қызмет түрі немесе шаралар, тауарлар жайлы назар аударту нақыштағы мәтіннен тұратын басылымдар . Әдеби –көркем басылымдар : Көркем әдебиет шығармаларынан тұратын басылымдар . Басылымның оқырман қамту ауқымына қарай түрлері- Кітапханалық басылымдар : Кітапхана оқырмандарына арналған қолдану қолайлылығы ескеріле безендірілген басылымдар . Библиофилдік басылымдар :Аз тиражды, библиофилдерге арналған, жоғары баспалық-полоиграфиялық безендірілген басылымдар . Арнайы (адаптированное)басылымдар : Дайындығы аз оқырман түсінігіне ыңғайландырылған шығарма мәтінінен тұратын басылымдар . Қызмет барысында пайдалануға арналған басылымдар : Мекемелер мен жұмыс орындарында пайдалануға қолайлы, белгілі бір оқырман тобына арналған басылымдар . Балалар мен жасөспірімдерге арналған басылымдар: Көркем әдебиет немесе танымдық сипаттағы шығармадан тұратын, 17 жасқа дейінгі оқырманға арналған,ерекше полиграфиялық және көркем безендірілген басылымдар . Жалпы (массовые)басылымдар: Жалпы-көпшілік оқырмандарға арналған басылымдар. Танымал басылымдар: Мамандандырылмаған, кең ауқымды оқырманға арналған басылымдар . Элиталық басылымдар : Баспа өнімдерін жоғары бағалайтын шағын оқырмандарға арналған басылымдар . Ақпараттық табиғатына қарай басылым түрлері.1 Ғылыми басылымдар түрлері: Кіріспе : Қандай да бір ғылымның негізгі принциптері немесе алғашқы деректерінен тұратын оқулық немесе ғылыми басылымдар(“Әдебиеттануға кіріспе”, “Журналистикаға кіріспе”). Деректік басылымдар(Документальное) .Мәтіндік басылымдар- Басылымның басым бөлігі мәтіннен, цифрлар мен иерогрлифтерден. Басылымның материалдық құрамы:Басылымның полиграфиялық және баспалық сипаттарының негізінде қалыптасқан формасы:Кітап басылымдары,Журнал басылымдары,Газет басылымдары ,Беттік басылымдар (листовые издания),Буклет,Плакат,Карточкалық басылымдар,Ашық хаттар (открыткалар),Кітапша-ойыншықтар,Жиынтық басылымдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]