
- •1 Жергілікті желілер технологиясының стандарттарын құру.
- •2 Компьютерлік желі туралы түсінік
- •3 Желілердің типтері және ерекшеліктері.
- •4 Негізгі топологияларды және олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •5 Кабель типтері. Шиыршықталған кабель.
- •6 Кабель типтері. Коаксиал кабель.
- •7 Кабель типтері. Оптикалық талшықты кабель.
- •8 Сигналдарды жіберу. Сымсыз желілер.
- •9 Желілік адаптер тақшалары, атқаратын функциялары.
- •10 Желі түйіндері, желі сегменті, логикалық желі, пассивті және активті коммункациялық құрылғылар анықтамасы.
- •11 Osi желілік үлгісінің деңгейлері. "Ашық жүйе" түсінігі.
- •12. Деректердің желі және кабель бойынша берілістерінің түрлері.
- •13.Ethernet. FastEthernet. 10/100 Мбит/с желілік шешеімдердің артықшылықтары.
- •14.Token Ring желілік технологиясы. Маркер.
- •15.Apple Talk және Arc Net желілік технологиялары.
- •16. Атм. Cаулеті сақиналық болатын технология
- •17. Fddi желісі. 100vg-AnyLan желісі.
- •18.Жоғарғы жылдамдықтағы желілер. Atm. Сымсыз желілер.
- •19,Модемдерді пайдалану. Модемдер технологиясы, олардың типтері
- •20) Үлкен желілерді құру. Репиторлар. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Шлюздер
- •21) Tcp/ip хаттамаларының стегі. Ip хаттамасы.
- •22. Ip адрестерінің неше классы бар?
- •Ip адрестің жіктелуі
- •24) Маскаларды есептеу қалай іске асырылады. Стандартты маршруттарды таңдау.
- •25. Ip маршрутизация. Статикалық маршрутизацияның ерекшеліктері
- •26. Динамикалық маршрутизация. Rip 2 хаттамасы ның ерекшеліктері. Қолдануына мысал
- •27.Жеке аймақтар үшін ospf хаттамасы. Ospf хаттамасымен байланысты негізгі терминдерге тоқталыңыз. Қолдану мысалы.
- •28) Түйін аттарын анықтау. Адрестерді анықтауда arp хаттамасын пайдалану мысалы. Rfc құжаттары.
- •29. Dns қызметтері. Тср хаттамасы және оның негізгі функциялары.
- •30. Байланыс орнату процедурасы. Udp хаттамасының қолданылу ерекшеліктері.
- •34)Желіні жобалаудың бастапқы деңгейлері және әдістемесін көрсетіңіз.
- •35) Internet желісінде шабуылдардан қорғану құралдарымен әдістеріне мысал.
- •37 .Dhcp хаттамасының функциялары және конфигурациялық ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, маршрутизаторда қалай қолданамыз.
- •38. Воотр және dhcp хаттамаларының арасындағы айырмашылық. Ауқымды компьютерлік желілер wan, осы желілердің мысал ретінде физикалық топологиясын сызып көрсетіңіз.
- •39. Ауқымды компьютерлік желілердің сипаттамасын келтіріңіз
- •40. Internet желісі. Internet қызметі. Internet желісінің мүмкіндіктеріне шолу жасаңыз.
- •Internet негізгі мүмкіндіктері.
- •41 Frame Relay (fr) хаттамасының ерекшеліктері. Маршрутизаторда қолдану ерекшеліктеріне мысал.
- •42. Х.25. Хаттамасының желілеріне шолу.
- •43.Ақпаратты қорғаудың программалық құраладары. Мысал келтіріңіз, әр құралдың ерекшелігі.
- •44.Osi моделі. Физикалық деңгейі. Осы деңгейде қолданылатын құрылғылардың және технологиялардың түрлері.
- •45.Тср/ір хаттамалар стегі. Әр деңгейінің атқаратын қызметін атап көрсетіңіз.
- •46. Ip бағыттауыш. Статистикалық бағыттауыштың ерекшелігі. Статикалық маршрутты қалай қалыпқа келтіреміз, мысал.
- •47. Классыз үлгі. Желі маскасы қалай анықталады.
12. Деректердің желі және кабель бойынша берілістерінің түрлері.
Аппараттық желілік компоненттердің қызметін қамтамасыз ететін программалар – драйверлер.
• Драйверлер (driver) – компьютерге əртүрлі құрылымдармен жұмыс істеуге мүмкіндік жасайтын программалық жабдық. Деректерді желімен тездетіп жəне жеңіл тасымалдау үшін оларды кішігірім басқарылатын блоктарға бөліп тастаған тиімді.
•Пакеттер дегеніміз – файл бөлінгеннен кейін алынған деректердің кішігірім басқарылатын блоктары. Пакет – компьютерлік желілердегі ақпараттың негізгі өлшем бірлігі. Деректерді пакеттерге бөліп тастағаннан кейін оларды тасымалдау жылдамдығының өсетіні соншалық, əрбір компьютер деректерді желідегі басқа компьютерлермен бірмезетте жіберу жəне қабылдау мүмкіндігін алады. Пакеттің компоненттері: тақырыбы, деректер, трейлер.
Тақырыпқа кіретіндер: пакеттің жіберілетіндігі жайлы «айтатын» сигнал; шығыс көзінің адресі; орналасу адресі; берілісті синхронизациялаушы ақпарат.
• Трейлер көбінесе қайталанатын артық код деп аталатын қателерді тексеруге арналған ақпаратты сақтайды (CyclicalRedundancyCheck, CRC).
• CRC – пакет пен алғашқы ақпаратқа қатысты орындалған математикалық түрлендірулер нəтижесінде алынған сан.Пакет барар жеріне жеткен кезде бұл түрлендірулер қайталап орындалады. Егер нəтиже CRC‐тің мəнімен бірдей
болса, онда пакеттің қатесіз қабылданғаны.
Хаттама дегеніміз – қандай да бір байланысты реттейтін ережелер мен процедуралардың тобы. Хаттамаларға қатысты негізгі тұжырымдарды ұмытпау керек:
• Хаттамалардың саны көп. Əрбір хаттама əртүрлі тапсырмаларды орындайды, өз мақсаты, өз артықшылықтары бар жəне оларға қандай да бір
шектеулер қойылады.
• Хаттамалар OSI үлгісінің əртүрлі деңгейлерінде жұмыс істейді. Хаттамалардың функциялары өздері жұмыс істейтін деңгеймен анықталады.
• Бірнеше хаттамалар бірігіп жұмыс істеуі мүмкін. Оларды хаттамалар стегі немесе тобы деп атайды. Желілік ортада хаттамалар деректерді тасымалдаудың ережелері мен процедураларын анықтайды. Деректер берілісі мүлтіксіз, өз ретімен орындалуға тиіс бірнеше қадамнан тұрады. Компьютер‐жіберуші жəне компьютер‐қабылдаушы хаттамаларды келесі процедураларды орындау үшін пайдаланады:
деректерді пакеттерге бөлу; пакетке адрес туралы ақпаратты қосу; пакеттерді жіберуге даярлау; кабель бойымен жіберілген пакеттерді қабылдау; пакеттен деректердің көшірмелерін алу үшін, деректер блоктарының алғашқы мəндерін жинақтау; қалпына келтірілген бұл блоктарды компьютерге жіберу. Желінің дұрыс жұмыс істеуі хаттамаларды орнатумен шектелмейді. Кабель бойымен деректерді жіберу үшін компьютер əртүрлі ену əдістерін қолданады.
• Ену əдісі – компьютерге желілік кабель бойынша деректерді қалай жіберіп, қабылдау керектігін анықтап беретін ережелер тобы. Желідегі бірнеше компьютерлердің кабельге ортақ ену мүмкіндігі болуы тиіс. Бірақ желідегі екі компьютер бір мезетте деректер жіберуге тырысса, олардың пакеттері бір‐бірімен «соғылысады» да, бұзылады. Бұл құбылысты коллизия деп атайды Ену əдістері бірнеше компьютердің бір мезетте кабельге енуін болдырмайды. Негізгі ену əдістері:
•Бақылауды пайдалаудың арқасында коллизияларды аша отырып
көпше ену CSMA/CD (Carrier‐SenseMultipleAccesswithCollisionDetection);
•Бақылауды пайдалаудың арқасында коллизияларды болдырмай көпше ену CSMA/CА (Carrier-SenseMultipleAccesswithCollisionAgainst);
• маркерлік беріліс арқылы ену;
• сұраныстың үстемділігі бойынша ену. Мысалы Жергілікті желіде телефон желісі қолданылмайды, олар бір-бірімен желілік кабельмен біріктіріледі, әдетте коаксиалды кабель пайдалынылады.
1. CSMA/CD (Carrier-Sense Multiple Access with Collision Detection) – бақылауды пайдалаудың арқасында коллизияларды аша отырып көпше ену шина және жұлдызша топологияларында қолданылады. Станциялар деректерді жіберу арналарын тыңдайды. Көбінесе желідегі бірнеше компьютерлер деректерді жібергісі «келеді» (осыдан көпше), компьютерлер кабельді «тыңдағандай» болады (осыдан – бақылау алып жүре отырып). Деректерді жібере отырып, компьютерлер коллизияны табу үшін, біраздан кейін берілісті қалпына келтіру үшін кабельді «тыңдайды», осыдан – коллизияны табу.
2. CSMA/CА (Carrier-Sense Multiple Access with Collision Against) – бақылауды пайдалаудың арқасында коллизияларды болдырмай көпше ену. CSMA/CА әдісін пайдалана отырып әрбір компьютер желіге деректерді жібермес бұрын өзінің ниеті туралы алдын-ала сигнал береді, сондықтан желідегі басқа компьютерлер даярланып жатқан беріліс жайында «біледі» де коллизиядан құтылады.
3. Маркерлік беріліспен ену әдісі. Мұның мәнісі маркер деп аталатын ерекше типті пакеттің (маркер) сақина бойымен айналып жүретіндігінде. Компьютер маркерді тосып, оны ұстайды да ақпаратты толтырып адресатқа жібереді. Бұл уақытта желідегі басқа компьютерлер маркердің босауын күтіп тұрады. Әрбір уақыт мезетінде тек бір ғана компьютер маркерді пайдаланатындықтан, желіде жарыс та, коллизия да, уақытша кідіріс те болмайды.
4. Сұраныстың үстемділігі бойынша ену желінің тек концентраторлар мен түйіндерден құрылуына негізделген. Концентраторлар түйіндерден тізбектей жауап алу арқылы беріліске сұранысты анықтай отырып, кабельге енуді басқарады. Концентраторлар барлық адрестерді, байланыстарды және түйіндерді біліп, олардың жұмыс қабілеттерін тексеріп отыруы тиіс.