Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IS 2gama.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
330.49 Кб
Скачать

6 Кабель типтері. Коаксиал кабель.

Кабель – желінің екі түйінінің арасын қосатын сымның бөлігі.Кабель компьютерді желінің басқа машиналарымен қосатын байланыс арнасын қамтамасыз етеді.Кабельдердің типтері

• а) коаксиал кабель

• б) шиыршықталған жұп (экрандалған жəне экрандалмаған)

• в) оптикалық талшықты кабель

Коаксиальді кабельдің негізгі артықшылықтары:

1. оның құны төмен, жеңіл, жұмсақ жəне қолдануға ыңғайлы.

2. коаксиал кабельдің кең таралуы оның сенімділігін арттырып, орнату жағынан қарапайым болуына əкелді.

Ең қарапайым коаксиал кабель мыс тамырдан, оқшаулауыштан, экраннан жəне сыртқы қабықшадан тұрады. Сигналдың кабель бойымен жылжу барысында

мөлшерінің азаюын оның өшуі деп атайды. Коаксиал кабель шиыршықталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы жоғары орнықтылықты қамтамасыз ететіндіктен, онда сигналдың өшуі аз кездеседі.

Коаксиал кабельдердің 2 түрі бар. Олар: жуан және жіңішке коаксиль кабель юолып табылады. Желіге қойылатын нақты талаптарға сай коаксиал кабельдердің түрін таңдап алуға болады.

Коаксиал кабельдер (coaxial cable) келесі жағдайларда қолданылады:

– сөздерді, видео жəне екілік деректерді тасымалдаушы орта ретінде;

– деректерді алыс қашықтықтарға жеткізу үшін (құны төмен кабельдермен салыстырғанда);

– деректерді қорғауды жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін таныс технология.

7 Кабель типтері. Оптикалық талшықты кабель.

Кабель – желінің екі түйінінің арасын қосатын сымның бөлігі.Кабель компьютерді желінің басқа машиналарымен қосатын байланыс арнасын қамтамасыз етеді.Кабельдердің типтері

• а) коаксиал кабель

• б) шиыршықталған жұп (экрандалған жəне экрандалмаған)

• в) оптикалық талшықты кабель

Оптикалық талшықты кабель (Fiber optic cable) - Қорғаушы қабықшамен жабылған бір немесе бірнеше кварцті талшықтардан тұрады (кейбір жағдайда полимерлі). Талшықтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін қабықша бірнеше қабаттан тұратындай жасалады. Оптикалық талшықты кабель – ғылымның соңғы жетістіктерінің бірі. Сигнал оның бойымен жарықтың көмегімен жіберіледі. Цифрлік деректер оптикалық талшықтардың бойымен өзгерген жарықтық импулсьтар түрінде таратылады. Бұл деректерді таратудың өте сенімді тəсілі, себебі электрлік сигналдардың өздері жіберілмейтіндіктен, оларды ашу немесе рұқсатсыз алу мүмкін емес. Оптикалық талшықты кабель деректердің үлкен көлемдерін алыс қашықтықтарға өте жоғары жылдамдықпен таратуға арналған, ондағы сигналдар өшпейді. Сыртқы қабықша оптикалық талшықты тозудан, еріткіш сұйықтықтардын т.б. заттардың əсерінен тозудан сақтайды. Негізінен рд ң р уд қ д сыртқы материалдың құрамы пайдаланылатын ортаға байланысты. Буфер кабель өзегін жəне оптикалық талшық қабықшасын бүлінуден сақтайды. Оптикалық талшықтың өзегі ол жарық импульстарын тасымалдау ортасы. Ол кварцтан немесе шыныдан жасалады.

Сонымен, оптикалық талшық – қабық ретінде қызмет ететін, басқа сыну коэффициентіне ие шынымен қапталған жұқа шыны цилиндр. Əрбір шыны оптикалық талшық сигналдарды бір бағытта ғана жібереді, яғни кабель қабылдайтын жəне жіберетін екі талшықтан тұрады. Оптикалық талшықты кабель бойымен деректерді жіберу барысында электрлік кедергілер əсер етпейді жəне жоғары жылдамдық қамтамасыз етіледі (100 Мбит/сек, теория жүзінде 200000 Мбит/сек жылдамдық та мүмкін). Оның бойымен жарықтық импулсьтарды алыс қашықтықтарға жіберуге болады.

Оптикалық талшықты кабель қолданылады, егер, деректерді өте жоғары жылдамдықпен алыс қашықтықтарға сенімді орта арқылы тасымалдау жоспарланған болса;

Оптикалық талшықты кабельді қолдануға болмайды, егер:

• егер қаржы тапшылығы орын алса;

• оптикалық талшықты желілік құрылғыларды орнатуға жəне қосуға дағдыланбаған

болсаңыз.

Оптикалық талшықты үлкен корпорациялар, Интернет желісіне қосатын провайдерлер кеңінен қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]