
- •1 Жергілікті желілер технологиясының стандарттарын құру.
- •2 Компьютерлік желі туралы түсінік
- •3 Желілердің типтері және ерекшеліктері.
- •4 Негізгі топологияларды және олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •5 Кабель типтері. Шиыршықталған кабель.
- •6 Кабель типтері. Коаксиал кабель.
- •7 Кабель типтері. Оптикалық талшықты кабель.
- •8 Сигналдарды жіберу. Сымсыз желілер.
- •9 Желілік адаптер тақшалары, атқаратын функциялары.
- •10 Желі түйіндері, желі сегменті, логикалық желі, пассивті және активті коммункациялық құрылғылар анықтамасы.
- •11 Osi желілік үлгісінің деңгейлері. "Ашық жүйе" түсінігі.
- •12. Деректердің желі және кабель бойынша берілістерінің түрлері.
- •13.Ethernet. FastEthernet. 10/100 Мбит/с желілік шешеімдердің артықшылықтары.
- •14.Token Ring желілік технологиясы. Маркер.
- •15.Apple Talk және Arc Net желілік технологиялары.
- •16. Атм. Cаулеті сақиналық болатын технология
- •17. Fddi желісі. 100vg-AnyLan желісі.
- •18.Жоғарғы жылдамдықтағы желілер. Atm. Сымсыз желілер.
- •19,Модемдерді пайдалану. Модемдер технологиясы, олардың типтері
- •20) Үлкен желілерді құру. Репиторлар. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Шлюздер
- •21) Tcp/ip хаттамаларының стегі. Ip хаттамасы.
- •22. Ip адрестерінің неше классы бар?
- •Ip адрестің жіктелуі
- •24) Маскаларды есептеу қалай іске асырылады. Стандартты маршруттарды таңдау.
- •25. Ip маршрутизация. Статикалық маршрутизацияның ерекшеліктері
- •26. Динамикалық маршрутизация. Rip 2 хаттамасы ның ерекшеліктері. Қолдануына мысал
- •27.Жеке аймақтар үшін ospf хаттамасы. Ospf хаттамасымен байланысты негізгі терминдерге тоқталыңыз. Қолдану мысалы.
- •28) Түйін аттарын анықтау. Адрестерді анықтауда arp хаттамасын пайдалану мысалы. Rfc құжаттары.
- •29. Dns қызметтері. Тср хаттамасы және оның негізгі функциялары.
- •30. Байланыс орнату процедурасы. Udp хаттамасының қолданылу ерекшеліктері.
- •34)Желіні жобалаудың бастапқы деңгейлері және әдістемесін көрсетіңіз.
- •35) Internet желісінде шабуылдардан қорғану құралдарымен әдістеріне мысал.
- •37 .Dhcp хаттамасының функциялары және конфигурациялық ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, маршрутизаторда қалай қолданамыз.
- •38. Воотр және dhcp хаттамаларының арасындағы айырмашылық. Ауқымды компьютерлік желілер wan, осы желілердің мысал ретінде физикалық топологиясын сызып көрсетіңіз.
- •39. Ауқымды компьютерлік желілердің сипаттамасын келтіріңіз
- •40. Internet желісі. Internet қызметі. Internet желісінің мүмкіндіктеріне шолу жасаңыз.
- •Internet негізгі мүмкіндіктері.
- •41 Frame Relay (fr) хаттамасының ерекшеліктері. Маршрутизаторда қолдану ерекшеліктеріне мысал.
- •42. Х.25. Хаттамасының желілеріне шолу.
- •43.Ақпаратты қорғаудың программалық құраладары. Мысал келтіріңіз, әр құралдың ерекшелігі.
- •44.Osi моделі. Физикалық деңгейі. Осы деңгейде қолданылатын құрылғылардың және технологиялардың түрлері.
- •45.Тср/ір хаттамалар стегі. Әр деңгейінің атқаратын қызметін атап көрсетіңіз.
- •46. Ip бағыттауыш. Статистикалық бағыттауыштың ерекшелігі. Статикалық маршрутты қалай қалыпқа келтіреміз, мысал.
- •47. Классыз үлгі. Желі маскасы қалай анықталады.
4 Негізгі топологияларды және олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.
Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады:
«шина»
«жұлдызша»
«сақина»
«Шина» – компьютерлер магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған топология. Барлық компьютерлер бір кабель бойымен қосылып сызықтық құрылым құрайды. Сигналдар желінің барлық компьютерлеріне бірдей жіберіледі. Олардың шағылысуын болдырмау үшін кабель соңына терминаторларды жалғайды. Деректерді бір уақытта тек бір компьютер жібере алады. Желідегі компьютерлер саны өскен сайын оның өткізу жылдамдығы төмендейді.«Шина» – пассивті топология, яғни компьютерлер желі бойынша жіберілетін деректерді тек «тыңдайды», бірақ олардың жіберушіден қабылдаушыға ауысуын қамтамасыз етпейді. Сондықтан да бір компьютердің істен шығуы басқалардың жұмысына әсер етпейді. Активті топологияларда компьютерлер сигналдарды қалпына келтіріп, оларды желі бойынша жіберуге қатысады.
«Жұлдызша» – компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады. «Жұлдызша» топологиясы – компьютерлер кабельдің көмегімен концентратор (hub) деп аталатын орталық компонентке қосылған. Сигналдар жіберуші компьютерден концентратор арқылы басқаларына таратылады. Кемшілігі – үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық компонент істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсері болмайды.
«Сақина» – кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған. «Сақина» топологиясы – сигналдар сақина бойымен бір бағытта жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. «Шина» пассивті топологиясынан айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитордың рөлін атқарады, яғни сигналдарды күшейте отырып келесі компьютерге жібереді. Сондықтан да егер бір компьютер істен шықса, бүкіл желі жұмысын тоқтатады.
«Сақина» топологиясында деректер маркердің көмегімен жіберіледі. Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, маркер тізбектей жіберіледі. Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. Маркердің «сақина» бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-пар.
5 Кабель типтері. Шиыршықталған кабель.
Кабель – желінің екі түйінінің арасын қосатын сымның бөлігі.Кабель компьютерді желінің басқа машиналарымен қосатын байланыс арнасын қамтамасыз етеді.Кабельдердің типтері
• а) коаксиал кабель
• б) шиыршықталған жұп (экрандалған жəне экрандалмаған)
• в) оптикалық талшықты кабель
Шиыршықталған жұп (Витая пара) Twisted pair cables - негізіндегі кабель бірінің сыртына бірі оралған жəне арнайы пластикалық қоршаудың ішіне орналасқан екі
сымнан тұрады. Мысалы, телефон аппараты телефон розеткасына шиыршықталған жұп арқылы қосылады. Кабель оның бойымен бірінің сыртына бірі оралған екі немесе одан да көп сымдар жұптарынан тұрады. Шиыршықталып оралу кабельдің кедергіге қарсылығын арттырып, əрбір жұп сымның басқаларына əсерін азайтады.
Бұл кабельдің екі түрі кездеседі:
• экрандалған шиыршықталған жұп (shielded twisted pair– STP),
• экрандалмаған шиыршықталған жұп (unshielded twisted pair– UTP).
a) Экрандалмаған шиыршықталған жұп жергілікті есептеу желілерінде (ЖЕЖ) кең қолданылады.Сегментінің максималды ұзындығы құрайды 100 метрді құрайды. Ол екі оқшауланған мыс сымнан тұрады. Экрандалмаған шиыршықталған жұптың (UTP) бес категориясынбіріктіретін стандарттар анықталған.
1-категория – дəстүрлі телефон кабелі,оның бойымен деректер таратуға болмайды, тек сөз ғана жіберіледі.
2-категория – деректерді 4 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель.
3-категория – деректерді 10 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель.
4-категория – деректерді 16 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель.Төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
5-категория – деректерді 100 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель.
Мыс сымнан жасалған төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
б) Экрандалған шиыршықталған жұп - STP электрлік кедергілердің əсері аз, сигналдарды жоғары жылдамдықпен алыс қашықтықтарға тарата алады.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель қолданылады, егер:
• қаржы шектеулі болса;
• орнатудың жеңілдігі қажет болса;
Деректердің бүтіндігін сақтау жағынан жоғары сенімділік жəне оларды ұзақ қашықтыққа жоғары жылдамдықпен тарату қажет болса, бұл кабельдің түрін пайдаланып керегі жоқ. Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағанда артықшылығы оның арзандығында. Сонымен қатар оны
орнату жеңіл жəне қызмет көрсету ыңғайлы.