Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IS 2gama.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
330.49 Кб
Скачать

44.Osi моделі. Физикалық деңгейі. Осы деңгейде қолданылатын құрылғылардың және технологиялардың түрлері.

Физикалық деңгей (Physical layer) Бірінші физикалық деңгей

(Physіcal) OSІүлгісініңеңтөменгідеңгейі.Бұлдеңгейқұрылымдықемесдеректерді, биттердіңағындарынфизикалықортаарқылы (мысалы, желіліккабель)жібереді. Мұндаинтерфейспенкабельарқылыэлектрлік,оптикалық, механикалықжəнефункционалдықбайланысорнатылады. Физикалықдеңгейөзіненжоғарыжатқанбарлықдеңгейлердентүсетіндеректерді тасымалдайтынсигналдардықұрады. Бұл деңгейде желілік кабель мен желілік адаптер тақшасының қосылу тəсілі жəне де желілік кабель арқылы деректерді жіберу тəсілі анықталады.

Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді (0‐дер мен 1‐лерді) жіберуге арналған. Биттердің мазмұнының бұл деңгейге қатысы жоқ.

• Бұл деңгей деректерді кодтауға, биттердісинхронизациялауға жауап береді.

• Физикалық деңгей желілік кабель арқылы жіберілетін əрбір биттің ұзақтығын жəне оның сəйкес электрлік немесе оптикалық импульсқа көшірілуін орнатады.

45.Тср/ір хаттамалар стегі. Әр деңгейінің атқаратын қызметін атап көрсетіңіз.

Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (TCP/IP) – гетерогенді (әртүрлі) ортада байланысты қамтамасыз ететін өреркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік – TCP/IP хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықтарының бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды. Сонымен қатар TCP/IP Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама болып табылады. TCP/IP бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайдаланылады. Өзінің кең тарауының арқасында, TCP/IP желілік әрекеттесудің сөзсіз стандартына айналды. TCP/IP ашық жүйеге негізделген және OSI үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді.

TCP/IP стегі мынадай қасиеттерге ие:

*Бұл стек стандартты аяқталған және де кең таралған көпжылдық тарихы бар желілік протокол болып табылады.

*Көптеген үлкен ауқымды желілер өздерінің трафиктерін TCP/IP протоколының көмегімен жібереді.

*Internet желісіне қолжетімділікті ұйымдастырады.

*Бұл стек intranet – корпоративтік желісін жасауға қызмет етеді, Internet қызметтерін WWW гипертексттік технологияны қолдайтын желі болып табылады.

*Барлық қазіргі заманғы операциялық жүйелер TCP/IP стегін қолдайды.

*Клиент-сервер қосымшалары үшін кеңкөлемдегі платформалық орта болып табылады.

Төменде кең тараған интернет-протоколдардың аттары келтірілген:

Қолданбалы деңгейде: DNS,FTP, HTTP, HTTPS, IMAP,LDAP,POP3, SMTP, SSH, Telnet, XMPP (Jabber), SNMP. Сеанстық деңгейде/көрсету деңгейінде SSL,TLS. Транспорттық деңгейде TCP,UDP. Желілік деңгейде BGP,ICMP, IGMP, IP, OSPF,RIP,EIGRP,IS-IS. Арналық деңгейде Ethernet,Frame relay,HDLC,PPP,SLIP

Белгілі бір стандартқа келтірілмесе де, Интернетте кең тараған протоколдар бар. Бұл протоколдар көп жағдайда файлдармен және мәтіндік мәліметтермен алмасу үшін қажет, кейбіреулерінің негізінде бүтін файл алмасу желілері құрылған. Бұл протоколдар:,OSCAR,CDDB,eDonkey2000 (желінің аты; протокол MFTP деп аталады),BitTorrent,Gnutella,Skype

ІP протокол (Іnternet Protocol) — жүйеаралық өзара әрекеттердің протоколы.

Ол паектті адресіне жіберу және қажет пунктіне беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіншілігін жасауға жауапты протокол.

1.А класы желі идентификаторы үшін бірінші октетті ғана пайдаланады және қалған үш октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бұл кластың бірінші октетінің үлкен биті үнемі 0-ге тең, ол бұл адрестің А класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Желілік бөліктің өлшемі – 8 бит, яғни, А класына жататын 27-1 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 224-2- ні құрайды. Адрестердің бұл класы желідегі түйіндердің үлкен санын қолдануға мүмкіндік беретінді

2.В класы желі идентификаторы үшін алғашқы екі октетті пайдаланады және қалған екі октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бірінші октетінің үлкен екі биті үнемі 10-ға тең, ол бұл адрестің В класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Желілік бөліктің өлшемі – 14 бит, яғни, В класына жататын 214 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 216-2- ні құрайды Адрестердің бұл класын алу қиынға түскенімен, ол орта және үлкен желілерге арналған.

3.С класы желі идентификаторы үшін алғашқы үш октетті пайдаланады және қалған бір октет түйін идентификаторы үшін қолданылады. Бірінші октетінің үлкен үш биті үнемі 110-ға тең, ол бұл адрестің С класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Желілік бөліктің өлшемі– 21 бит, яғни, С класына жататын 221 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 28-2. Адрестердің бұл класы түйіндер саны аз кішігірім желілерге арналған.

4.D класы кең таралатын хабарламаларға қолданылады. Бұл кластың адресінің бірінші октетінің үлкен биттері үнемі 1110-ға тең, ол бұл адрестің D класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

5.Е класыболашақ қолданушылар үшін сақталған адрестердің экспериментальды класы. Бұл кластың адрестеріндегі үлкен биттер 1111-ге тең.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]