
- •1 Жергілікті желілер технологиясының стандарттарын құру.
- •2 Компьютерлік желі туралы түсінік
- •3 Желілердің типтері және ерекшеліктері.
- •4 Негізгі топологияларды және олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •5 Кабель типтері. Шиыршықталған кабель.
- •6 Кабель типтері. Коаксиал кабель.
- •7 Кабель типтері. Оптикалық талшықты кабель.
- •8 Сигналдарды жіберу. Сымсыз желілер.
- •9 Желілік адаптер тақшалары, атқаратын функциялары.
- •10 Желі түйіндері, желі сегменті, логикалық желі, пассивті және активті коммункациялық құрылғылар анықтамасы.
- •11 Osi желілік үлгісінің деңгейлері. "Ашық жүйе" түсінігі.
- •12. Деректердің желі және кабель бойынша берілістерінің түрлері.
- •13.Ethernet. FastEthernet. 10/100 Мбит/с желілік шешеімдердің артықшылықтары.
- •14.Token Ring желілік технологиясы. Маркер.
- •15.Apple Talk және Arc Net желілік технологиялары.
- •16. Атм. Cаулеті сақиналық болатын технология
- •17. Fddi желісі. 100vg-AnyLan желісі.
- •18.Жоғарғы жылдамдықтағы желілер. Atm. Сымсыз желілер.
- •19,Модемдерді пайдалану. Модемдер технологиясы, олардың типтері
- •20) Үлкен желілерді құру. Репиторлар. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Шлюздер
- •21) Tcp/ip хаттамаларының стегі. Ip хаттамасы.
- •22. Ip адрестерінің неше классы бар?
- •Ip адрестің жіктелуі
- •24) Маскаларды есептеу қалай іске асырылады. Стандартты маршруттарды таңдау.
- •25. Ip маршрутизация. Статикалық маршрутизацияның ерекшеліктері
- •26. Динамикалық маршрутизация. Rip 2 хаттамасы ның ерекшеліктері. Қолдануына мысал
- •27.Жеке аймақтар үшін ospf хаттамасы. Ospf хаттамасымен байланысты негізгі терминдерге тоқталыңыз. Қолдану мысалы.
- •28) Түйін аттарын анықтау. Адрестерді анықтауда arp хаттамасын пайдалану мысалы. Rfc құжаттары.
- •29. Dns қызметтері. Тср хаттамасы және оның негізгі функциялары.
- •30. Байланыс орнату процедурасы. Udp хаттамасының қолданылу ерекшеліктері.
- •34)Желіні жобалаудың бастапқы деңгейлері және әдістемесін көрсетіңіз.
- •35) Internet желісінде шабуылдардан қорғану құралдарымен әдістеріне мысал.
- •37 .Dhcp хаттамасының функциялары және конфигурациялық ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, маршрутизаторда қалай қолданамыз.
- •38. Воотр және dhcp хаттамаларының арасындағы айырмашылық. Ауқымды компьютерлік желілер wan, осы желілердің мысал ретінде физикалық топологиясын сызып көрсетіңіз.
- •39. Ауқымды компьютерлік желілердің сипаттамасын келтіріңіз
- •40. Internet желісі. Internet қызметі. Internet желісінің мүмкіндіктеріне шолу жасаңыз.
- •Internet негізгі мүмкіндіктері.
- •41 Frame Relay (fr) хаттамасының ерекшеліктері. Маршрутизаторда қолдану ерекшеліктеріне мысал.
- •42. Х.25. Хаттамасының желілеріне шолу.
- •43.Ақпаратты қорғаудың программалық құраладары. Мысал келтіріңіз, әр құралдың ерекшелігі.
- •44.Osi моделі. Физикалық деңгейі. Осы деңгейде қолданылатын құрылғылардың және технологиялардың түрлері.
- •45.Тср/ір хаттамалар стегі. Әр деңгейінің атқаратын қызметін атап көрсетіңіз.
- •46. Ip бағыттауыш. Статистикалық бағыттауыштың ерекшелігі. Статикалық маршрутты қалай қалыпқа келтіреміз, мысал.
- •47. Классыз үлгі. Желі маскасы қалай анықталады.
34)Желіні жобалаудың бастапқы деңгейлері және әдістемесін көрсетіңіз.
Желіні жаңалау қатаң жоспарлауды талап етеді. Жобаның өте жақсы жоспары әлсіз және күшті жақтарына анықтауға мүмкіндік береді. Жоспарда нақты мәселелер анықталып және оларды шешу жолдары көрсетіледі. Жақсы жоспарлаудың мысалы ретінде: спорттық командалар,ойын жоспарына сәйкес жүрген; сұлбалар бойынша жүретін құрылысшылар;күн тәртібі бойынша өткізілетін кездесулер және марапаттаулар.
Дұрыс құрылмаған жоспардың нәтижесі әртүрлі құрылғылардан,технологиялардан және хаттамалардан тұратын желі болып табылады.
Желіні жобалаудың бастапқы деңгейлері:
1) Талаптарды жинау. Клиентпен сөйлесу нәтижесінде алынған ақпарат талданып,желінің талаптары анықталады. Бұл таңдауды интернет қызметін ұсынушылар жасайды және жұмыс нәтижесі бойынша есеп береді.2) Таңдау және тұрғызу. Аналитикалық есеп негізінде кабельдердің түрлері және құрылғылар таңдалады.Құрылымдардың бірнеше нұсқалары тұрғызылып,жобаға қатысушылардың арасында мәліметтер алмасылады. Топ мүшелері өнімділігі мен бағасына байланысты қолайлы шешімдер қабылдайды.Осы кезеңде жобаның басты әлсіз жерлері анықталады. Жобаны клиент мақұлдағаннан кейін жаңа желіні енгізу процесі басталады.3)Іске асыру. Егер алдыңғы 2 кезең дұрыс орындалса,онда іске асыру ақаусыз өтеді. Егер алдыңғы кезеңдерде қалып кеткен жағдайлар болса, онда осы кезеңде олар түзетіледі. Енгізу және пайдалану графигін құру, клиент жұмысындағы бөгелістерді минимумға жеткізу,жобаның жемісті болуы үшін клиентпен жиі кеңесіп тұру керек. 4) Эксплуатация. Өндірістік алаңда желі іске қосылады. Оған дейінгі кезеңде ол тексеру жіне енгізу кезеңінде болады. 5) Тексеру және бағалау.
Жобаны жоспарлау кезіндегі негізгі 5 компонент:
1)Басты мәселелер:(маршрутизатор қалып-күйі); 2) Мерзімі және негізгі этаптары;3)Шектеулік және тәуекелділік;4)Жауапкершілік сферасы;5)Қажетті ресурстар.
Желі құрылымы ғимараттың құрылымына және кәсіпорын ғимаратының кешеніне сәйкес келуі керек.
35) Internet желісінде шабуылдардан қорғану құралдарымен әдістеріне мысал.
Желіде мәліметтерді қорғау арнайы шу генераторларын қолдану есебіне жақсы болады, олар электромагниттік сәулелнудің кемшіліктерін дұрыстау үшін қолданылады; желіні қоректендіру құрылғысы, скремблер (телефон сөйлесулерді шифрлеуші), ұялы телефондардың жұмысын ауырлатантындар және т.б. Ең басты шешімі ретінде бостанықтағы электромагниттік алаңдардың әсері және тұрақталмаған қосылуды ұстауға мүмкіндік беретіні болып табылады. Толығымен айтқанда ақпараттарды қорғауды қамтамасыз етуді оны іске асырудың әрекеттеріне қарай төмендегідей топтарға бөлуге болады:
Техникалық (аппараттық) құралдар. Бұл түріне қарай әртүрлі құрылғылар (механикалық, электромеханикалық, электрондық және т.б.), олар аппараттық құралдармен ақпаратты қорғау мәселесін шешеді. Олар не физикалық қатерлерге төтеп береді, не егер қауіп болып қойған болса, ақпаратқа кіруді оның көшірмелеу арқылы қарсы тұрады. Техникалық құрылғылардың артықшылығы болып олардың субъектілі фактілерге қарамасатан сенімділігі, модификациялауға өте жоғары тұрақтылық. Әлсіз жақтары - жұмсақтық жетіспеуі, яғни көп көлем және масса, жоғары құн.
Программалық құрылғылар өзіне қолданушыларды идентификациялайтын программаларды, қосылуды басқару, ақпаратты шифрлеу, уақытша файл сияқты ақпараттарды өшіру, жүйенің қорғанысын қадағалау және т.б. өзіне қосады. Программалық құрылғылардың артықшылығы болып – әмбебаптылығы, жұмсақтығы, сенімділігі, орнатудың қарапайымдылығы, модификациялау мен өсуге қабілеттілігі. Кемшіліктері – желінің функциялануының шектеулілігі, файл-сервер ресурстарының бөлігін қолдану, байқаусызда немесе алдын ала өзгертулерге жоғары сезімталдылығы, ондайлар компьютер типтеріне (олардың аппараттық құрылғыларына) байланысты болады.
Аппаратты –программалық құрылғылардың араласқанында да сол аппараттық және программалық құрылғылардағыдай функциялары бар және олар аралық қасиетіне ие.
Ұйымдық құрылғылар ұйымдық – техникалық (мекенді компьютерлерге дайындау, кабельдік жүйені оған қатынауды шектеу талаптарына сай төсеу) және ұйымдық – құқықтықтан (ұлттық заңшығарулар және нақты ұйымның басшысымен құрылған жұмыс ережелері) құрылады. Ұйымдық құрылғылардың артықшылығы олар көптеген әртүрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, іске асыруда қарапайым, желідегі келеңсіз жағдайларға тез әсер етеді, модификациялау мен іке асыруда шектеусіз қасиетке ие. Кемшіліктері – субъектілі факторларға қажеттілігі жоғары, сонымен қоса нақты мекемеде ұйымдық жұмысқа да қажеттіліг жоғары.
36. Қолданбалы деңгей хаттамалары. ARP және RARP хаттамаларының ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, қандай басты командалармен жұмыс істейді. Қолданбалы деңгей хаттамалары.Файлдарды жіберу хаттамасы (File Transfer Protocol - FTP) бір компьютерлік жүйеден екіншісіне файлдарды жіберу алгоритмі болып табылады. ТСР-ді қолданады және қолданушының ID-ін, парольді пайдалана отырып, қосымша қолданушыны аутентификациялауды қамтамасыз етеді. FTP интерактивті қызмет болып саналады, ол алыстағы компьютермен қосылуды орындау, файлдардың көшірмесін алу, беріліс аяқталған соң, байланыс жолдарын жабу сияқты жұмыстарды орындайды. Бұл операцияларды орындау үшін, келесі негізгі бұйрықтар қолданылады:
-Open (Ашу) – алыстағы компьютермен қосылуды орындау;
-Get (Алу) – қосылыс орнатылған соң, компьютерден файлды алу;
-Bye (Жабу) – қосылысты үзу және FTP программасын аяқтау.
ARP хаттамасы TCP/IP –дің барлық орындалуларында қолданылатын негізгі хаттама болып саналады. Көбінесе оның қызметі қолданылған қосымшалар мен жүйелік администратордың қалауынан тәуелсіз. Біз arp бұйрығын кэшті көру үшін немесе модификациялау үшін қолдандық. Arp бұйрығы ARP кэшіндегі модификацияланған жазбаларды көрсетеді.
RARP, көбінесе, қатты дискісіз жүйелерде қолданылады (қатты дискісіз жұмыс станцалары немесе X терминалдар), бірақ мұнда жүйелік администратордың көмегімен қолдан конфигурациялауға тура келеді.
Мысал. Егер % ftp bsdi бұйрығын енгізетін болсақ, келесі іс-әрекеттер тізбегі орындалады:
1.FTP клиент қосымшасы хост (bsdi) атын 32-биттік IP адреске конверсиялау үшін DNS функциясын шақырады.
2.FTP клиент көрсетілген IP адреспен TCP қосылысты талап етеді.
3.TCP көрсетілген IP адреске IP дейтграммаларды жібере отырып, алыс хостан қосылыс орнатуды сұрайды.
4.Егер қабылдау хосты желіге (Ethernet, Token Ring, немесе арнаның басқа ұшына) қосылған болса, IP дейтграмма тікелей хостқа жіберілуі мүмкін. Егер қабылдау хосты алыстағы желіде орналасса, IP дейтграмманы оған жіберу үшін, IP бағыттауыш келесі берілістегі тікелей қосылған бағыттауыштың Internet адресін анықтайды. Екі жағдайда да IP дейтграмма берілген желіге тікелей қосылған хостқа немесе бағыттауышқа жіберіледі.
Егер Ethernet пайдаланылатын болса, жіберуші хост 32-биттік адресті 48-биттік Ethernet адреске конверсиялауы керек. Басқаша айтқанда, логикалық Internet адресті оған сәйкес физикалық аппараттық адреске түрлендіруді орындауы керек. Мұнымен ARP айналысады. ARP көптеген хостар немесе бағыттауыштар бір желіге қосылған, кең таратылатын желілерде жұмыс істейді.
ARP сұраныс (ARP request) деп аталатын фреймді ARP Ethernet-тегі әрбір хостқа жібереді. Жіберудің мұндай әдісін кең таратылған сұраныс (broadcast) деп атайды. ARP сұраныста қабылдаушы хостың IP адресі (оның аты bsdi) және "егер Сіз осы IP адрестің иесі болсаңыз, Өзіңіздің аппараттық адресіңізді маған хабарлаңыз" хабарламасы бар.
Қабылдаушы хост ARP деңгейінде бұл кең таратылатын сұранысты алып, жіберушінің нақ өзінің IP адресін сұрап отырғанын анықтайды да оған ARP (ARP reply) жауап қатады. Бұл жауапта IP адрес пен сәйкес аппараттық адрес сақталған.
ARP үн қату қабылданады, ARP сұраныс пен ARP жауапты тудырған IP дейтграмманы жіберуге болады.
IP дейтграмма қабылдаушыхостқа жіберіледі.
ARP-нің негізіне қаланған іргелі концепцияның мәні желілік интерфейсте аппараттық деңгейде әсерлесуге қажетті Фреймнің аппараттық адресі барлығы және олардың интерфейске дәл адрестелінуі тиіс екендігі. Бірақ TCP/IP өзінің жеке адрестеу үрдісі 32-биттік IP адрестерді қолданады. Хостың IP адресін білу ядроға ол хостқа дейтграмманы жіберуге мүмкіндік бермейді. Деректерді жіберу үшін Ethernet драйверіне қабылдаушы жақтың аппараттық адресін білу қажет. ARP қызметі әртүрлі желілік технологиялар пайдаланатын аппараттық адрестер мен 32-биттік IP адрестер арасындағы динамикалық сәйкестікті қамтамасыз ету.
ARP жұмысының тиімділігі көбінесе әрбір хоста бар ARP кэшке тәуелді (ARP cache). Кэште Internet адрестер мен оларға сәйкес аппараттық адресатер орналасқан. Әрбір жазбаның кэштегі стандартты өмір сүру уақыты ол жазба құрылғаннан бастап 20 минутқа созылады.
ARP кэштің ішіндегісін arp бұйрығының көмегімен көруге болады.
Bsdi % arp -a sun (140.252.13.33) at 8:0:20:3:f6:42 svr4 (140.252.13.34) at 0:0:c0:c2:9b:26
ARP IP адрестер мен сәйкес аппараттық адрестер арасында динамикалық салыстыруды көрсетеді. Динамикалық терминін пайдалану себебіміз, бұл салыстыру автоматты түрде, әдетте, қолданбалы программалар немесе жүйелік администратордан тәуелсіз жүретіндігінде.