Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IS 2gama.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
330.49 Кб
Скачать

29. Dns қызметтері. Тср хаттамасы және оның негізгі функциялары.

Домендер аттарының жүйесі (DNS - Domain Name System) – TCP/IP-дің қосымшалары хостар аттары мен IP адрестері арасында қосылысты орнату үшін қолданатын таратылған деректер қоры. DNS электрондық поштада бағыттауыш ретінде қолданылады. Біз таратылған терминін қолданатын себебіміз, барлық қажетті ақпарат Internet-тің бір ғана түйінінде сақталмайды. Әрбір түйіннің (университет, университет қалашығы, компания немесе компанияның ішіндегі бөлім) жеке ақпараттық деректер қоры бар, ол басқа жүйелерге Internet арқылы сұраныс жіберуге мүмкіндігі бар сервер программасын іске қосады. DNS клиенттер мен серверлерге бір-бірімен қатынас жасауға мүмкіндік беретін хаттаманы ұсынады.

Доменнің нүктемен аяқталатын атын оның абсолюттік домендік аты (absolute domain name) немесе доменнің толық аты (FQDN - fully qualified domain name) деп атайды. Мысалы, sun.tuc.noao.edu. Егер домен аты нүктемен аяқталмаған болса, ол әлі аяқталуға тиіс дегенді білдіреді.

Аймақ (zone) – DNS ағашының жеке басқарылатын бөлігі. Мысалы, екінші деңгейдің доменіnoao.edu –бұл бөлек аймақ. Екінші деңгейдің көптеген домендерікішігірім аймақтарға бөлінген. Мысалы, университет өз аймағын факультеттер бойынша бағыныңқы аймақтарға, ал компания филиалдар немесе бөлімдерге бөлуі мүмкін.

Аймақты басқару жауапкершілігін өзіне алған ұйым таңдалған уақыттан бастап, ол ұйым осы аймақ үшін бірнеше DNS серверлерін (name servers) ұйымдастыруы керек. Аймақта жаңа жүйе пайда бола салып, бұл аймақтың администраторы жаңа хостың атын және IP адресін DNS серверінің деректер қорына енгізеді. Кішігірім университеттерде, мысалы, жаңа жүйе пайда болған кезде, мұны бір адам жасай алады, бірақ үлкен университеттерде жауапкершілік бөлініп берілуі керек (мысалы, департаменттер бойынша), себебі бұл жұмыс бір адамның қолынан келмейді.

Егер DNS серверде қажетті ақпарат болмай қалса, қандай жағдай туады? Онда ол басқа DNS серверімен хабарласуы тиіс (DNS-тің тармақталған табиғаты осында). Бірақ әрбір DNS сервері басқа серверге қалай хабарласуды біле бермейді. Оның орнына әрбір DNS сервері түбірлі DNS серверлерімен (root name servers) байланыс орнатуды білулері керек. 1993 жылдың сәуірінде сегіз түбірлі серверлер бар болатын, барлық бірінші деңгейдің серверлері әрбір түбірлі сервердің IP адрестерін білулері керек (бұл IP адрестер бірінші деңгейдің серверлерінің конфигурациялық файлдарында орналасқан. Бірінші деңгейдің серверлері түбірлі сервердің DNS аттарын емес, олардың IP адрестерін білулері керек). Түбірлі сервер, өз кезегінде, екінші деңгейдің домендері үшін DNS-тің әрбір ресми серверінің атын және орнын (IP адрес) біледі. Бұл жағдайда тізбектелген процесс орын алады: сұратылған сервер түбірлі сервермен байланыс орнатуы керек. Түбірлі сервер сұратылған серверге басқа серверге қатынасу керектігін хабарлайды т.б.

DNS кез-келген Internet-ке қосылған хостың маңызды бөлігі, бұл жүйе жеке біріккен желілерде де кең қолданылады. Ұйымдастырудың негізі – DNS аттарының кеңістігін құратын тармақталған ағаш. Барлық DNS сұраныстар мен жауаптардың форматтары бірдей. Бұл хабарламаларда сұрақтардың ресурстар жазбалары (RR), жауаптары және RR қосымша ақпараттар болуы мүмкін.

ТСР хаттамасы TCP хаттамасы (Transmission Control Protocol) бір ортақ жүйеге біріктірілген әртүрлі компьютерлік коммуникациялық желілерге қосылған хост-компьютерлердегі процестер жұбының арасында сенімді тікелей қосылысты орнатуды қамтамасыз етеді. Ол транспорттық деңгейде IP хаттамасы мен өз қосымшасының арасында орналасқан.

ТСР хаттамасының негізгі функциялары

  1. Деректердің негізгі берілісі. ТСР модулі деректердің үздіксіз ағындарын екі бағытта да жіберуді орындайды. Бұл ағынды ТСР октеттер ағыны ретінде қарастырады. Ол бұл ағынды бөліктерге (дейтграммалар) бөледі, деректерді жіберу үшін ТСР IP модулін шақырады.

  2. Деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету. ТСР модулі деректерді бұзылудан, жоғалып кетуден, қайталанудан және деректердің кезегінің бұзылуынан қорғайды. Ол үшін барлық октеттер өсу ретімен нөмірленеді. Әрбір сегменттің тақырыбы ондағы октеттер санынан және бірінші октеттің реттік нөмірінен тұрады. Содан кейін әрбір сегментте бақылау қосындысының мәні бар, ол бойынша деректердің бұзылуы тексеріледі (5.6 - сурет).

  3. Арналарды бөлу. ТСР хаттамасы бір уақыт мезетінде бірнеше қосылыстың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан ТСР-сегменттің тақырыбында порт нөмірлері бар. Интернеттің кең тараған барлық қызметтерінің порттарының стандартты нөмірлері болады. Мысалы, электрондық поштаның портының нөмірі – 25, FTP – 21 және т.б. IP-адрес пен порт нөмірінің жиынтығын сокет деп атайды. Сокет Интернеттің қолданбалы процесін ерекше түрде идентификациялайды.

  4. Қосылыстарды басқару. Қосылысдегеніміз – деректер ағындарының жағдайы, оның ішінде, сокеттер, жіберілген және қабылданған октеттердің нөмірлері, терезелер өлшемдері туралы ақпараттар жиынтығы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]