Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IS 2gama.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
330.49 Кб
Скачать

20) Үлкен желілерді құру. Репиторлар. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Шлюздер

Желінің ұзындығы, станциялар арақашықтықтары ең алдымен беру ортасының физикалық мінездемелерімен анықталады. Мәліметтерді кез келген ортада жіберуде сигналдың бәсеңсуі пайда болады, бұл арақашықтықтарды шектеуге әкеледі. Осы шектеулерді жеңіп, желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар – қайталауыштар, коммутаторлар мен көпірлер орнатылады. Мұндай кеңейту құрылғылары  енбеген желі бөліктері желі сегменттері деп аталады.

Қайталауыш– электрлік сигналдарды күшейтетін құрылғы.Репитер OSI үлгісінің Физикалық деңгейінде жұмыс істейді, ол сигналдарды қалпына келтіріп, басқа сегменттерге жібереді. Репитер түрлендіру және сүзгіден өткізу сияқты функцияларды орындамайды. Репитер жұмыс істеуі үшін, ол арқылы қосылған екі сегменттегі ену әдістері бірдей болуы керек. Бұл – желіні ұзартудың ең арзан жолы. Желіні сегменттің ұзындығына дейінгі қашықтыққа ұлғайтқан немесе түйіндер санына қойылған шекті қанағаттандыру қажет болған жағдайда репитерлерді пайдаланған жөн. Бірде бір сегмент асып кеткен трафикті генерацияламайды, ал желі құны – бас фактор.

Көпір – сегменттер мен желілерді қосатын құрылғы. Көпірдің мақсаты: желінің өлшемін ұлғайту; желідегі компьютерлердің максималды санын арттыру; желідегі тар жолдарды жою; желідегі әртүрлі сегменттерді қосу; әртүрлі физикалық таратушыларды қосу.

Көпірдің қызметі желінің әрбір түйінінің жеке адресінің болатындығына негізделген. Көпір жұмысының басында бағыттауыш кестесі бос болады. Түйіндер пакеттерді жібере бастаған кезде, жіберуші көздердің адрестері бағыттауыш кестесіне көшіріледі. Көпір бұл деректердің көмегімен компьютерлердің желі сегменттеріндегі орналасуын зерттейді.

Маршрутизатор дегеніміз – әрбір сегменттің адресін білетін, ең тиімді бағытты анықтайтын және кең таралған хабарламаларды сүзгіден өткізетін құрылғы. Ол OSI үлгісінің Желілік деңгейінде жұмыс істейді. Олар пакеттерді көптеген желі арқылы бағыттап отырады және адрестерін анықтайды.

Маршрутизатор екі негізгі типке бөлінеді:динамикалық және статикалық

Көмей(шлюз) – әртүрлі хаттамаларды пайдаланатын ақпараттық желілерді қосатын құрылғы. Көмейлер OSIүлгісінің Қолданбалы деңгейінде жұмыс істейді.

Көмейлер әртүрлі архитектуралар мен орталардың байланысын қамтамасыз етеді. Олар әртүрлі ортада түсінікті болуы үшін деректерді қайта біріктіру және түрлендірумен айналысады. Көмей қабылдау жүйесінің талаптарына сай деректерді қайта біріктіреді; қабылдаушы жақтың қолданбалы программасы деректерді түсінуі үшін хабарламаның форматын өзгертеді. Мысалы электрондық пошта көмейлері хабарламаларды бір форматта қабылдап, оларды өзгертіп, басқа форматпен жібереді.

21) Tcp/ip хаттамаларының стегі. Ip хаттамасы.

Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (TCP/IP) – гетерогенді ортада байланысты қамтамасыз ететін өреркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік – TCP/IP хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықтарының бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды. Сонымен қатар TCP/IP Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама болып табылады. TCP/IP бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайдаланылады. Өзінің кең тарауының арқасында, TCP/IP желілік әрекеттесудің сөзсіз стандартына айналды. TCP/IP ашық жүйеге негізделген және OSI үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді.

TCP/IP стегі мынадай қасиеттерге ие:

*Бұл стек стандартты аяқталған және де кең таралған көпжылдық тарихы бар желілік протокол болып табылады.

*Көптеген үлкен ауқымды желілер өздерінің трафиктерін TCP/IP протоколының көмегімен жібереді.

*Internet желісіне қолжетімділікті ұйымдастырады.

*Барлық қазіргі заманғы операциялық жүйелер TCP/IP стегін қолдайды.

Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP

IP хаттамасы желілік деңгейде жатыр және жіберуші мен қабылдаушы арасында дейтграммалар деп аталатын деректер блоктарын жіберуді қамтамасыз етеді. IP хаттамасы қосылысты қамтамасыз етпейтіндіктен, сенімсіз хаттама болып табылады, яғни IP деректердің жеткендігін растамайды, алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылмаған.IP –дің негізгі мақсаты – дейтграммаларды бағыттау (дейтграммалардың түйіннен түйінге өтетін жолдарын анықтап беру).

Анықтама.Желі түйіні –IP хаттамасын қолдайтын желіге қосылған компьютер. Оның бір немесе бірнеше IP-интерфейсі, әрбір интерфейстің ерекше IP-адресі бар.

Анықтама.IP-адрес – Интернеттегі IP-интерфейстің 32 битті ерекше идентификатороры. IP-адрес нүктемен бөлінген ондық сандардан құрылған октеттер түрінде жазылады.

IP адрестіңформаттары

Екілік

Ондық

10100000.01010001.00000101.10000011

160.81.5.131

ИнтернеттегіәрбірIP адрес немесе интражелі оның 1000 немесе 1000 000 түйіні болғанына қарамастан, қайталанбайтын ерекше болуы тиіс. Егер сіздің компанияңыз ТСР/ IP–ді қолдануға икемделген және Интернетке қосылмаған болса, онда IP адрестердің кеңістігінен қайталанбайтын адрестерді тағайындау және қолдану үлкен проблема тудырмайды. Сіз адрестердің кеңістігінен өзіңіздің қажетіңізді қанағаттандаратын адрестерді таңдауыңызға болады. Бірақ, егер сіздің ұйымыңыздың желісі Интернетке қосылуы керек болса, сіз таңдаған IP адресті тағы біреудің қолданбайтынына көз жеткізу қиынға түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]