Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IS 2gama.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
330.49 Кб
Скачать

18.Жоғарғы жылдамдықтағы желілер. Atm. Сымсыз желілер.

Желінің өнімділігіне мультимедия, транзакцияны өңдеудің оперативті жүйелері сияқты жаңа қосымшалар қоятын талаптар осы стандарттарды дамытуға әкеліп соқтырады. әдеттегі он мегабайттық Ethernet мәліметтерді жіберудің әлдеқайда жаңарақ және жылдамырақ технлогияларымн алмастырылады. Оптикалы талшықты FDDI технологиясының барлық нұсқалары 100Мбит/сек жылдамдықты қолдайды.

100Base X Ethernet коллизияны анықтайтын,желіге көптеген қолжетімділігі бар жоғары жылдамдықты болып табылады.Бұл технология IEEE802.3. стандартының жаңартылған түрі.

ATM технологиясы кабельді жүйеде де, арнайы оптикалық байланыс желілерінде де жұмыс жасайтын мәліметтерді жіберу технологиясы. Жылдамдығы 25-622 Мбит/сек 2488Гбит/сек ұлғаю перпективасы бар.

ATM (Asynchronous Transfer Mode) технологиялар. Жергілікті және ауқымды желілердің технологияларының қосылуы ғана емес, кез-келген ақпараттық желілердің − есептеу, телефон, телевизиялық тағы басқа технологиялардың қосылуына жету мақсатында жасалатын істер әлі алда және проблемалар жеткілікті.

ATM ең басында компьютерлік желілер үшін шығарылған жоқ. Ол кәдімгі желілік технологиялардан айырмашылығы бар. Бұл стандарттағы мәліметтерді жіберу бірлігі– пакет емес, ұяшық болып табылады.ұяшық 48байт мәліметтер мен 5 байт тақырыптан тұрады. Ол мультимедиялық ақпараттарды жіберген кзде аз уақыт кету үшін арналған. ATM құрылғылар бір бірімен байланыс орнатып, уақытша немесе тұрақты болатын мәліметтерді виртуалды каналдар арқылы жібереді. Тұрақты байланыс каналы–ол ақпарат жіберілетін жол. Ол трафикке байланыссыз әрқашан ашық . уақытша каналдар мәліметтерді жіберу аяқталып, жабылғанна кейін сұраныс бойынша құрылады.

Ең алғашында ATM алдын ала спецификалық қызмет көрсету сапасын (Quality of Service - QoS ) қамтамасыз етеді және мәліметтерді жіберудің құрақты н/е айнымалы жылдамдығын қолдайтын виртуалды байланыс каналдары арқылы коммутациялау жүйесі ретінде құрылды. QoS моделі қосымшаларға қабылдағыш пен жіберуші арасындағы кепілденген жылдамдықты олардың арасындағы жол қандай қиын болса да сақтауға мүмкінді береді. Әрбір ATM–коммутатор, басқасымен байланысып, қосымша талап еткен жылдамдықты беретін жолды таңдайды.

ATM технологиясы STM (Synchronous Transfer Mode) технологиясының дамыған түрі, яғни пакеттелген ақпараттар мен дыбыстарды алыс қашықтыққы жеткізеді және телекоммуникациялық магистральдер мен телефон желілерінде қолданылады.

Сымсыз желілер– бұл кабельді қолданбай ақ сымды желілер стандартына толығымен сәйкес келетін есептеуіш желілерін құруға мүмкіндік бетерін технология. Ақпаратты тасушы ретінде СВЧ-диапазонындағы радиотолқындар болады.

Технологиясына байланысты сымсыз желілерді үш түрге бөлуге болады: жергілікті есептеу желілері;кеңейтілген жергілікті есептеу желілері; жылдам.Желінің бұл түрлерінің негізгі айырмашылығы – жіберу параметрлерінде. Жергілікті және кеңейтілген жергілікті есептеу желілері өздері орнатылған ұйымға тиеселі жіберушілер мен қабылдаушыларды қолданады. Беріліс (жіберу) тәсілдері

Сымсыз жергілікті есептеу желілері деректерді жіберудің төрт тәсілін пайдаланады:инфрақызыл сәулелену; лазер; тар спектрдегі радиоберіліс; шашыраңқы спектрдегі радиоберіліс.

Сымсыз желілрді екі жерде қолдануға болады: жабық жерде (офис, көрме залы т.б.), улестірілген жергілікті желілерді байланыстыру.

Wi-Fi–IEEE 802.11 стандартында көрсетілетін Wi-Fi Alliance саудалық маркасы бар сымсыз желі . Wi-Fi (латынша Wireless Fidelity сөзбе сөз аударсақ «сымсыз жлі арқылы мәліметтерді жіберудің жоғары дәлдігі») аббревиатурасы арқылы қазіргі кезде радиоканалдар арқылы мәліметтердің сандық ағымы жіберіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]