Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IS 2gama.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
330.49 Кб
Скачать

17. Fddi желісі. 100vg-AnyLan желісі.

FDDI (Fiber Distributed Data Interface) технологиясы – үлестірілген оптикалы-талшықты мәліметтер интерфейсі – бұл берілу ортасы оптикалық-талшықты кабель болып табылатын жергілікті желілердің бірінші технологиясы. Жергілікті желілерде оптикалық-талшықты кабельдерді қолдануды бастау жұмыстары аймақтағы желілерде осындай каналдарды өнеркәсіпте пайдалана бастағаннан кейін80-ші жылдарда басталды. ANSI институтының ХЗТ9.5 тобы 1986-1988 жылдар аралығында ұзындығы 100 км болатын екі оптикалық-талшықты сақина арқылы, кадрларды жіберу жылдамдығы 100 Мбит/сек FDDI стандартының алғашқы нұсқасын істеді. Мультимедиялық ақпараттарды желі бойынша жіберудің күрделілігі деректер пакеттерін жіберу кезіндегі кідірістерге деген желінің сезгіштігіне қатысты. Себебі кідірістер желінің соңғы түйіндерінде ақпараттардың бұрмалануына соқтырады. Файлдарды тарату электрондық пошта сияқты есептеу желілерінің дәстүрлі қызметтері кідірістерді аз сезетін трафик құратындықтан, желінің барлық элементтері соларға сәйкестендіріліп таңдалған, сондықтан да нақты уақыт трафигінің пайда болуы үлкен проблемаларға әкеліп соқтырды.

FDDI технологиясының негізгі сипаттамалары

FDDI технологиясы Token Ring технологиясының негізгі идеяларын дамытып, жетілдірген. FDDI технологиясын құрастырушылар өздерінің негізгі мақсаты ретінде келесілерді қарастырған:

-Биттік мәліметтерді тасу жылдамдығын 100 Мбит/сек дейін көтеру;

-Желінің тоқтап қалу төзімділігін көтеру, оны басқа стандартты процедуралардың көмегімен яғни, оның әр түрлі тоқтап қалуын – кабельдің бұзылуы, түйіннің, конценторатордың дұрыс жұмыс жасамауы, желіде жоғары дәрежедегі кедергілер т.б. болуын қайта қалпына келтіру

-Желінің потенциалды өткізгіштік қасиетін асинхронды және синхронды трафиктер үшін максималды түрде қолдану.

FDDI желісі желінің түйіндерінің арасында мәліметтерді тасымалдаудың негізгі және резервті болатын жолды екі оптикалы-талшықты сақина негізінде тұрғызылады. Екі сақинаны қолдану FDDI желісінің тоқтап қалуға қарсы төзімділігін көтерудің негізгі тәсілі, сонымен қатар онымен қолданғысы келетін түйіндер екі сақинаға да қосулы болуы керек. Желінің қалыпты жағдайдағыжұмысында мәліметер барлық түйіндер арқылы өтеді және кабельдің барлық бөліктері бірінші сақинаныкі (Primary), сондықтан бұл режим Thru – «байқалатын (сквозный)» немесе «транзитті» деп аталады. Екінші сақина бұл режимде қолданылмайды.

Fast Ethernet технологиясың альтернативі ретінде AT&T и HP фирмалары деректерді 100 Мб/с жылдамдықпен жіберетін жаңа технологиядағы жоба - 100Base-VG ұсынды.Бұл жобада мультимедиа қосымшаларының қажеттiгiн есепке алуымен ену әдiсін жетілдіру ,сонымен бiрге 802.3-шi желiлік пакетте қалыбы бар пакетiнiң қалыбының үйлесiмдiгiн сақтау ұсынылған болатын.HP және IBM фирмаларының әрекетi бойынша 1993 жылдың қыркүйегiнде жаңа технологияның стандартизациясымен шұғылданған IEEE 802.12-шi комитет құрастырылды.Бір желінің есебінен жоба формат кадрларында ғана емес Token Ринг форматын қолдау есебiнен де кеңiтілген болатын.Нәтижесінде жаңа технология 100VG-AnyLAN атауына ие болды,яғни Ethernet және Token Ringнiң технологиясы жергiлiктi желі түйiндерінiң басым түскен сандарын ескере отырып технология(Any LAN - кез келген желі) барлық желілерде қолданылады.1995 жылдың жазында 100VG-AnyLAN стандарты  IEEE 802.12 стандарт дәрежесін алды.100VG-AnyLAN технологиясында Demand Priority жаңа ену әдісі және 5В/6В мол кодты қолданушы квадратураны кодтайтын жаңа схема-Quartet Coding анықталды .100VG-AnyLAN технологиясы коммуникациялық жабдықты өндiрушiлердiң арасында мәлiмдiлiкке ие бола алмады және қазіргі уақытта іс жүзінде нарықтан жоғалып кетті,жаңа құрылымдарды өңдеу ісі жүріп жатқан жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]