
- •2.Кәсіпкерлік орта және оның мәні.
- •7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері. Өнім көлемінің өлшеуіштері
- •8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы
- •10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері.
- •12. Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштері:
- •14. Кәсіпорын персоналының құрылымы және өндірістік-өнеркәсіптік персонал функционалдық белгісі бойынша түрлері.
- •18.Тарифтік жүйе және оның элементтері.
- •19. Кесімді еңбекақы және жүйелері. Мерзімді еңбекақы және жүйелері
- •22. Баға және оның атқаратын қызметтері. Тауар құны және баға түрлері. Баға жүйесіндегі шамалар және құраушылар
- •23. Бөлшек баға және оның құрылымы. Баға құру әдістері (графикалық түде көрсету)
- •25. Таза пайда және оның бағыттары.
- •26. Жалпы өндірістік рентабельділік
- •27. Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясаты.
25. Таза пайда және оның бағыттары.
Пайда - к/о-ң шаруашылық қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі. Оған өзіндік құн, өнімнің өткізу көлемі, ағымдық баға әсер етеді. Пайданың түрлері: баланстық, таза пайда. Баланстық пайда негізгі қызмет түрлері бойынша (өнім өндіру, қызмет көрсету, жұмыс жасау), к/о мүлкін сату бойынша ж/е өнім өткізуден тыс операциялар б/ша есептеледі. Пб=Пөө±Пкқ±Пөто; мұндағы Пөө-өнім өткізуден түскен пайда; Пнқ-НҚды н/е басқа да материалдық құндылықтарды сатудан түскен пайда н/е шығын; Пөто-өнім өткізуден тыс операциялардан алынатын пайда.Өнім өткізу пайдасы: Пөө=ӨӨ-Сө; ӨӨ-өнім өткізуден алынған түсім; Сө-өнім өндіру ж/е өткізу шығындары. НҚды сатудан түскен пайда осы мүлікті сатудан түскен түсім мен оның баланс б/ша қалдық құны арасындағы айырмасымен анықталады. Өнім өткізуден тыс операциялардан түскен пайда табыс пен осы операцияға кеткен шығындар айырмасы ретінде анықталады. Таза пайда – баланстық пайдадан пайдаға салынатын салықты, нормативтен тыс қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді, мемлекеттік баж салығын, салықтарды төлеу тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдарды алып тастау арқылы анықталады.
К/о пайдасын бөлу деп бюджетке ж/е пайданы қолдану бағыттарын статьялары б/ша жұмсауды айтамыз. Таза пайда келесі бағыттарда көрінеді:
-к/оның өндірістік дамуын қаржыландыру
-тұтынушылардың ж/е әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету
-әлеум.мәдени саланы қаржыландыру
-жалақының үстіне еңбекақы қорына аударымдар
- қайырымдылық қажеттіліктер ж/е басқа да мақсаттар.
26. Жалпы өндірістік рентабельділік
Рентабельділік дегеніміз шығындарға қайтарудың деңгейімен ресурстарды пайдалану мөлшерін сипаттайтын өндірістің тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіштерін айтамыз. Рентабельділік көрсеткіштерін құру негізінде пайданың жұмсалған құралдар шығындарына, түсімге кәсіпорын обьектісіне қатнасы жатады. Рентабельділіктің келесі түрлері бар: өндіріс, өнім, сату, меншікті капитал рентабельділігі. Рә- кәсіпорынның табыстарын сипаттайды және келесі формуламен есептелінеді: Рә = Пб/ (Фс.г+ Он )•100% ; Мұндағы: Пб – баланстық пайда; Фс.г – негізгі құралдардың орташа жылдық құны; Он – нормаланған айналым құралдарының сомасы. Өнім рентабельділігі кәсіпорынның пайдалылығын көрсетедеі және келесі формуламен анықталады:Ро = Пбірл / Сп• 100% ; Мұндағы: Пбірл – бір өнім бірлігіне келетін пайда; Сп – толық өзіндік құн. Өнім өткізу рентабельділігі - өткізілген өнім әрбір теңгесіне кәсіпорын қанша пайыз пайда алатынын көрсетеді: Рө.ө = Пт / К •100 %; Мұндағы: Пт – таза пайда; К – меншікті капитал. Рентабельділікті арттыру резервтері: 1. Рентабельділікті өндірісте өнім өткізу көлемінің түрі өсуі нәтижесінде артуы. ∆ П = (РПп ⁄ РПб -1)• Пр.п.б ; Мұндағы: РПп ;РПб – сәйкесінше жоспарлы және базалық кезеңдегі өнім өткізу түсімі; Пр.п.б – барлық кезеңде өнім өткізуде алынатын пайда. 2. Баланстық пайданың өзгеру нәтижесінде жалпы рентабельділік деңгейінің артуы мен кемуі. ∆Рө =(Пб.п- Пб.б)/(Фс.г.п+ Он.п)•100%; Мұндағы: Пб.п ; Пб.б – жоспарлы және базалық кезеңдегі баланстық пайда ;Он.п – жоспарлы және айналым құралдарының нормативі.3. Жалпы рентабельділіктің өзгеруі нәтижесінде пайдалылықтың артуы немесе кемуі. ∆П=(Ро.п – Ро.б) / (Фс.г.п+ Он.п)•100%; Мұндағы: Оо.п; Оо.б – жоспарлы және базалық кезеңдегі жалпы рентабельділіктің өзгеруі. 4. Өзіндік құнның өзгеруі нәтижесінде пайданың артуы мен кемуі. ∆=Сп.п – (Сп.б • І /100); Мұндағы: Сп.п, Сп.б – сәйкесінше жоспарлы және базалық жылдардағы өзіндік құн; І – өндіріс көлемінің индексі.