Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_dayyn_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
847.36 Кб
Скачать

23. Бөлшек баға және оның құрылымы. Баға құру әдістері (графикалық түде көрсету)

Баға – тауар, қызмет, жұмыс құнының ақшалай көрінісі немесе сатып алушының сатушыға өзара келісім негізінде төлейтін ақша сомасы. Баға құру әдістері:1 Шығындар әдісі – бұл әдіс бойынша шығын немесе өзіндік құнға нақты көлемді қосу арқылы анықтайды. Түрлері: А)Толық шығындар әдісі;б)Тікелей шығындар әдісі; в)Мақсатты пайданы қамтамасыз ету. Толық шығындар әдісі бойынша тұтастай шығындарды қосу, яғни тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасына кәсіпорынның болашақ пайдасын қосамыз. Келесі формуламен анықталады: Цб.бұйым = СБ + Пр+ Нн ; Мұндағы: СБ - өнім бірлігінің өзіндік құны; Пр – тауардың бір бірлігін өндіруден және өткізуден түскен кәсіпорын пайдасы; Нн – жанама салықтар аударымы Тікелей шығындар әдісінің мәні айналымы шығындарға белгілі бір үстемені немесе пайданы қосу арқылы анықтау.Мақсатты пайданы қамтамасыз ету әдісі бойынша кәсіпорын қалаған көлемдегі пайда әкелетін бағаны құруға тырысады. Әдістің негізгі залалсыздық графигін құру болып табылады. 2.Параметрлік немесе эконометрикалық әдіс. Параметрлік әдіс бойынша кәсіпорынды бар өнімдердің параметрлерін қатарларын толтыратындай өнім өндіруге және жобалауға қажеттілік туады.Параметрлік қатарлар деп қызметтері атқаруға арналған және орындалатын өндірістік операцияларға сәйкес техникалық экономикалық параметрлерінің көлемі бойынша ерекшеленетін конструктылық және технологиялық біртекті өнімдер жиынтығы танылады. Параметрлер бірлігіне кететін шығындарды есепке ала отырып баға құрудың келесі әдістері бар: а)Тауардың үлестік көрсеткіштерін салыстыру әдісі. Ол шағын өнім тобына байланысты қолданылады. Ол әдіс бойынша бастапқы үлестік баға есептеледі: Цүлес= Цбаз/ Цар баз ; Мұндағы: Цбаз – базалық бұйымның бағасы ;Цар баз – базалық бұйымның негізгі параметрлерінің көлемі. Жана өнімнің бағасы: Цж= Цүлес• Парж; Парж – жаңа бұйымның негізгілері параметрлерінің көлемі. б)Валлдық әдісте тұтынушылар үшін бұйымның параметрлерінің мәнін эксперттік бағалау негізінде әрбір параметрге белгілі бір валл беру арқылы және солардың сомасы мен бұйымның техникалық экономикалық деңгейінің интегралдық бағасын алады. Бір валлдың бағасы келесі формуламен анықталады: Цвалл= Цбаз/ Σ(Цбазi • Vi); Цж =Σ(Бнi • Vi)- Цвалл. Мұндағы: Цбазi – базалық бұйымның і –нші параметрлерінің валлдық бағасы;Vi – параметр салмағы;Бнi – жаңа бұйымның і –нші параметрлерінің валлдық бағасы. в)Агрегаттық әдіс бойынша параметрлерін қатарының жеке конструктивті бөліктерінің бағаларын қосамыз. Келесі формуламен анықталады: Ц = Цбаз – Ца.э+ Цқ.э; Цж = Σп1 Ці.к.э Мұндағы: Цбаз – базалық элементтің бағасы; Ца.э – ауыстырмалы элементтің бағасы; Цқ.э – қосылған элементтің бағасы; Ці.к.э – екі конструктивті элементтің бағасы; г) Аналогия әдісі бойынша калькуляцияның кейбір баптарының үлестік мәндерін біле отырып шығын элементтерінің үлесін тұрақты деп қабылдау керек. Ц = Сжі • 100/ Үлес салмі ; Мұндағы: Сжі – калькуляцияның і –нші бабының мәнін немесе жаңа бұйымның і –нші элементінің мәні; Үлес салмі – базалық бұйымдағы і –нші элементінің үлестік салмағы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]