
- •2.Кәсіпкерлік орта және оның мәні.
- •7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері. Өнім көлемінің өлшеуіштері
- •8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы
- •10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері.
- •12. Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштері:
- •14. Кәсіпорын персоналының құрылымы және өндірістік-өнеркәсіптік персонал функционалдық белгісі бойынша түрлері.
- •18.Тарифтік жүйе және оның элементтері.
- •19. Кесімді еңбекақы және жүйелері. Мерзімді еңбекақы және жүйелері
- •22. Баға және оның атқаратын қызметтері. Тауар құны және баға түрлері. Баға жүйесіндегі шамалар және құраушылар
- •23. Бөлшек баға және оның құрылымы. Баға құру әдістері (графикалық түде көрсету)
- •25. Таза пайда және оның бағыттары.
- •26. Жалпы өндірістік рентабельділік
- •27. Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясаты.
10.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері.
Негізгі
қорлар –
айналыстан тыс активтерге салынған
кәсіпорын мүлкінің бір түрі. Негізгі
құралдар
деп өнім өндіруде(қызмет көрсетуде)
немесе ұйымның қажеттіліктері үшін 12
айдан артық пайдаланатын, қайта сатуға
арналмаған және пайда алып келетін
құралдарды айтамыз.Негізгі
құралдарды тиімді пайдалану көрсеткіштері
екі
топқа бөлінеді: жалпылама және жеке.Негізгі
құралдарды пайдаланудың жалпылама
көрсеткіштеріне қор
қайтарымы, қор ауқымы, еңбектің қормен
жарақтануы және негізгі өндірістік
қорлардың пайдалылығы (рентабельділігі)
жатады.Қор
қайтарымы
негізгі
құралдардың 1 теңгесіне шығарылатын
өнімді көрсетіп, келесі формуламен
анықталады:
мұндағы Фқ.қ.
–
қор қайтарымы құны; В - белгілі бір
жылдағы шығарылған өнім (тауарлық,
жалпы), теңге; Форт
-
негізгі
өндірістік құралдардың орташа жылдық
құны, теңге.Қор
ауқымы
қор қайтарымына кері көрсеткіш ретінде
анықталады:
;
Фауқ-қор
ауқымдығы;
Еңбектің
қормен жарақтануы
(Фе.ж.)
негізгі құралдардың орташа жылдық
құнының (Форт)
өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың
орташа тізімдік санына (Чорт)
қатынасы ретінде анықталады:
Чорт
–
жұмысшылардың орт. тізімдік саны;
Фе.ж.-еңбекті
қормен жарақтанудың құны.
Негізгі
өндірістік қорлардың пайдалылығы
(Р)
қорлардың 1 теңгесіне келетін пайда
мөлшерін сипаттап, таза пайданың (
)
негізгі өндірістік қорлардың орташа
жылдық құнына (
)
қатынасы ретінде анықталады:
.
Р- негізгі өндірістік қорлардық
пайдалылығы (рентабельділік); П-пайда.
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны келесі формуламен есептеледі:
Мұнд. Фбаст - негізгі құралдардың жыл басындағы бастапқы (қалпына келтіру) құны, теңге;
Фенг
–негізгі қорлардың енгізілген құны,
теңге; Фі.ш.–
істен шыққан негізгі қорлар құны,
теңге;
–
негізгі құрал енгізілгеннен бастап,
жыл аяғына дейінгі айлар саны;
–
берілген жылдағы негізгі қорлардың
істен шыққаннан бастап жыл аяғына
дейінгі айлар саны.
Негізгі құралдарды пайдаланудың жеке көрсеткіштеріне жабдықтарды экстенсивті, интенсивті, интегралды пайдалану, ауысымдылық коэффициенттері жатады.Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті (Кэ) жабдықтың нақты жұмыс уақытының (ауысым, тәулік, ай, жыл) (tн) сол кезеңдегі жоспарлы уақытына (tж) қатынасымен анықталады:
Жабдықты
интенсивті пайдалану коэффициенті
(Ки)
жабдықтың өнімділігі (қуаты) бойынша
қалай пайдаланатынын көрсетіп, уақыт
бірлігіндегі нақты шығарылымның (Вн)
сол уақыт кезеңіндегі өндірістік қуатына
(М) қатынасы ретінде анықталады:
Жабдықты
интегралды пайдалану коэффициенті
(
)
жабдықтың уақытпен де, қуаты бойынша
да пайдалануын сипаттайды: Кинт=Кэ*Ки.
Жабдық
жұмысының ауысымдылық коэффициенті
(Кауысым)
жабдық өтеген станок-ауысымдардың жалпы
санының ең көп ауысымда жұмыс істеген
жабдықтардың жалпы санына қатынасымен
анықталады:
.
мұндағы
– сәйкесінше I, II, III ауысымдардарда
жұмыс істейтін жабдықтар саны.
11.Айналым қорлары, құрамы мен құрылымы. Айналым құралдары – бұл өндіріс және өнімді дайындау процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуде өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру және пайдалану үшін авансыланған қаражат жиынтығы. Айналым қаражаттарының негізгі қорлардан айырмашылығы сонда, ол тек бір кідірістік кезеңде ғана жұмыс жасайды және өзінің құнын толығымен жаңадан дайындаған өнімге береді. Сондықтан да оны айналым капиталы деп те атайды. Экономикалық әдебиетте өнеркәсіптік кәсіпорынның айналым құралдарын топтау қабылданған, осыған сәйкес олар келесідей бөлінеді:
айналым саласы бойынша:
а) өндірістік айналым қорлары (өндіріс саласы);
ә) айналыс қорлары (айналыс саласы);
2) айналым құралдарының элементтері бойынша:
а) өндірістік қорлар (шикізат, негізгі материалдар және жартылай фабрикаттар, көмекші материалдар, отын, ыдыс, жөндеудің қосымша бөлшектері, төмен құнды, тез тозатын заттар);
ә) аяқталмаған өндіріс және меншікті дайындалған жартылай фабрикаттар;
б) болашақ кезең шығындары;
в) дайын өнімдер (қоймадағы, жөнелтілген өнімдер);
г) ақшалай қаражаттар (банк шотындағы, кәсіпорын кассасындағы) және есептесудегі қаражаттар (дебиторлық қарыз және басқа да есеп айырысулар)
3) нормаланумен қамтылуы бойынша:
а) нормаланатын айналым құралдары (өндірістік қорлар, аяқталмаған өнімге шығындар, қоймадағы өнімдер);
ә) нормаланбайтын (жөнелтілген өнімдер, ақшалай қаражаттар және есеп айырысудағы қаражаттар);
4) құрылу көзі бойынша:
а) меншікті айналым қаражаттыры (пайда, тұрақты пассивтер);
ә) қарыз айналым қаражаттыры (кредиттер, ақшалай қаражаттар және есеп айырысудағы қаражаттар). Кәсіпорынның айналым құралдарының құрамы келесідей: Болашақ кезең шығындары – бұл жаға өнімді меңгеруге және дайындауға кететін шығындарды қосқанда ағымдағы кезеңде өндірілетін, бірақ болашақ кезең өнімі болып табылатын айналым қорларының заттық емес элементі. Аяқталмаған өндіріс және меншікті дайындаған жартылайфабрикаттар – бұл өндірістік процесіне енетін еңбек заты. Оларға құрастыру мен өндіру процесінде материалдар, сонымен қатар, меншікті дайындалған жартылайфабрикаттар жатады. Өндірістік қорлар – бұл өндірістік процесс кезінде шығарылуға дайындалған еңбек заты. Оларға шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жартылайфабрикаттар, отын, ыдыс, жөндеудің қосымша бөлшектері, тез тарататын заттар жатады. Айналым құралдарының құрылымы кәсіпорынның қызмет ету тиімділігін сипаттайды сондықтан оны білу және талдаудың мәні зор. Айналым құралдарының құрылымы келесі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады: 1. Өндірістік үдерісті ұйымдастыру ерекшелігі; 2. Жабдықтау және өнім өткізу шаралары; 3. Өндіріс шығындарының құрылымы; 4. Жабдықтаушылар мен тұтынушылардың орналасқан орны; 5. Кәсіпорын ерекшелігі; 6. Дайын өнім сапасы; 7. Шоғырландыру, мамандану, кооперациялау деңгейі; 8. Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету.