Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_dayyn_teoria.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
847.36 Кб
Скачать
  1. Кәсіпорын экономикасы пәні және міндеттері

  2. Кәсіпкерлік орта және оның мәні

  3. Кәсіпорынды басқару принциптері және қызметтері

  4. Кәсіпорында табыс табу көздері және негізгі белгілері

  5. Кәсіпорын мақсаты және қызмет аясы

  6. Кәсіпорын қызметіне байланысты топтары және жіктемесі

  7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері. Өнім көлемінің өлшеуіштері

  8. Негізгі өндірістік қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

  9. Негізгі қорлар амортизациясы, есептедің әдістері

  10. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері

  11. Айналым қорлары, құрамы мен құрылымы

  12. Айналым қорларын пайдалану көрсеткіштері

  13. Кәсіпорын персоналы және оны жоспарлау

  14. Кәсіпорын персоналының құрылымы және өндірістік-өнеркәсіптік персонал функционалдық белгісі бойынша түрлері

  15. Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру

  16. Еңбекті нормалау. Еңбек өнімділігі және оны арттыру жолдары

  17. Кәсіпорындағы еңбекақы түрлері мен жүйелері.

  18. Тарифтік жүйе және элеметтері

  19. Кесімді еңбекақы және жүйелері. Мерзімді еңбекақы және жүйелері

  20. Өндірісті шығындар және олардың топтамасы

  21. Шығындарды калькуляциялау

  22. Баға және оның атқаратын қызметтері. Тауар құны және баға түрлері. Баға жүйесіндегі шамалар және құраушылар

  23. Бөлшек баға және оның құрылымы. Баға құру әдістері (графикалық түде көрсету)

  24. Табыстардың түрлері және пайдаға әсер ететін негізгі факторлар. Баланстық пайда және есептелуі

  25. Таза пайда және оның бағыттары.

  26. Жалпы өндірістік рентабельділік

  27. Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық саясаты

  28. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі

  29. Инвестициялық-инновациялық қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштері

  30. Кәсіпорынның қаржылық қызметі. Қаржылық көрсеткіштері

1.Кәсіпорын экономикасы пәні және міндеттері. Кәсіпорын дегеніміз заңға сәйкес өз еркімен тәуекелдікке бас тіге отырып бар қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатында тауарлар мен қызметтер өндіретін, жұмыс орындайтын шаруашылық субъект.Кәсіпорын экономикасы дегеніміз кәсіпорын қызметін, шаруашылық шешімдерді жасау, қабылдау үшін экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттейтін экономикалық пән болып табылады. Кәсіпорын экономикасы пәнінің зерттеу пәні өндірістегі кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметін сипаттау мен түсіндіру болып табылады. Өндірістік үрдістің заңдылықтарын танудың негізінде өндірістік мақсаттарды іс жүзінде жүзеге асыратын шаруашылық әдістерді зерделеуге мүмкіндік туады. Кәсіпорын экономикасының негізгі зерттеу объектілері келесідей: -к/о-ң өндірістік құрылымы,өндірістік өнеркәсіптің түрлері,өндірістік кезеңді ұйымдастыру; - к/о-ң басқару үдерісін ұйымдастыру; -өнімді өндіру мен өткізу жоспарын жасау,шаруашылық стратегиясын таңдау; -к/о табысын жинақтау ж/е капиталды қалыптастыру, пайдалану; -өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шикізат-ды , материал-ды жеткізу, қор-ды құру мен оларды тиімді қолдану; -жұмысқа қабылдауға маман-ды іріктеу,еңбекті ұйымдастыру,еңбекақы жүйесі ж/е еңбек өнімділігін көтеруге ынталандыру;- к/о-ң сыртқы экономикалық қызметі және т.б.; кәсіпорынды басқарудағы негізгі принциптер: үнемділік (шығынды минималдап, пайданы максималдау); қаржылық тұрақтылық (кез келген кәсіпорынның басқа ортамен қарым-қатынастары, ондағы міндеттер мен байланыстар); пайда табу принципі ( пайданы жоғарлату). Кәсіпорынның атқаратын қызметтерін осы курс пәні қарастырады, ол қызметтерге: кәсіпорынның ерекшелегіне сәйкес, өндірістік және тұтыну өнімдерін өндіру; өнімді тұтынушыға сату және жеткізу; сатудан кейінгі қызмет көрсету; өндірістік материалды-техникалық қамтамасыз ету; кәсіпорын персоналының еңбегін ұйымдастыру және басқару; өнім сапасын жоғарлату, үлестік шығындарды азайту және өнім көлемін арттыру, т.б. Кез келген экономика ғылым-ы сияқты к/о экономикасының да ерекше мазмұндау ж/е зерттеу әдісі бар.К/о эк/сы қолданбалы пән болғандықтан,қолданбалы экономикалық ғылым-р үшін сипатталатын зерттеу әдіс-н кеңінен қолданады.

2.Кәсіпкерлік орта және оның мәні.

Өндіріс кәсіпорынның шаруашылық қызметін сипаттау ж/е түсіндіру- кәсіпорын экономикасы курсының пәні болып табылады. Кәсіпорын өзінің шаруаш-қ қызметін белгілі кәсіпкерлік ортада атқарады. Кәсіпкерлік орта қалыптасатын экон-қ ж/е саяси жағдаймен құқықтық, әлеуметтік мәдени, технологиялық, географиялық, экологиялық, ахуалымен сипатталады.

Эконом-қ орта-халықтың табыстары мен тұтыну қабілетін, жұмыссыздық пен жұмысбастылық деңгейін, кәсіпкерлердің экон-қ еркіндік дәрежесін, инвестицияның мүмкіндігін, ақша ресурстарының қолда бары ж/е қол жетімділігі басқа да экон-қ ресурстардан тұрады.

Саяси орта- билік басындағы үкіметтің мақсаты мен міндеттеріне б/ты.

Құқықтық орта- кәсіпорынның сауда, өндіріс, қаржы салық инновацялық ж/е инвестициялық қызмет аясын реттейтін заңдар мен нормативтік, актілер жүйесімен сипатталады.

Географиялық орта- кәсіпкерлік қызмет атқаратын табиғи ортамен анықталады.

Экологиялық жағдай-қоршаған ортаның жағдайы, экологиялық тәуекелдер дәрежесі, қоршаған ортаны ластауға бақылау жасау жүйесі ж/е оған әсер ету шаралардың деңгейімен анықталады.

Институционалдық орта- коммерциялық операциялар жүргізілетін, іскерлік қарым-қатынастар орнатылатын әр түрлі институционалдың болуымен анықталады.

7. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері. Өнім көлемінің өлшеуіштері

Өндірістік бағдарлама – өндірістің натуралдық және құндық өлшемдегі жоспарлы көлемі туралы бизнес-жоспардың бөлімдерінің бірі. Өндірістік бағдарламаны құруда кәсіпорынның, оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметі мен дамуына сәйкес рынок конъюнктурасы және бұйымды өткізуді зерттеу нәтижелері бойынша жасалатын өнім шығарудың болашақ жоспары негіз болып табылады.Өндірістік бағдарлама жалпы кәсіпорын және негізгі цехтар бойынша ай, кварталдарға бөліп жасалады, ал қажет болған жағдайда тапсырыс берушілермен орындау мерзімін белгілей отырып келісімдер мазмұнымен анықталады.Сапалық көрсеткіштер өнімнің мемлекеттік стандарттарға немесе тапсырыс берушінің шарттарына сәйкестігін белгілейді, оның өндірістік-техникалық және пайдалану сапасын сипаттайды. Өнімнің өндірістік-техникалық сапасы материал ауқымдылығы, еңбек ауқымдылығы, дәлдік, қуаттылық және басқа да көрсеткіштермен сипатталады.Өндірістік бағдарламаның сандық көрсеткіштері жалпы және өнімнің жеке түрлері бойынша өндіріс көлемін сипаттайды. Оларға өткізілетін, тауарлық, жалпы өнім көлемдері және т.б. жатады.Аталған көрсеткіштер болашақ және ағымдық өндірістік бағдарламаны жоспарлауда қолданылады. Өндірістік бағдарламаны жоспарлауда шығарылатын өнімнің көлемін өлшеудің үш әдісі қолданылады: натуралдық, еңбектік, құндық.Натуралдық өлшеуіштерге берілген өнім түріне сәйкес дана, комплект, метр, тонна жатады. Өнім көп түрлілігіне қарай шартты-натуралдық өлшеуіштер қолданады, олар: киловатпен турбиналар, ат күшімен дизельдер, жұбы тонналық қазандар және т.б. Натуралдық (шартты-натуралдық) өлшеуіштер кәсіпорын және цехтардың өндірістік бағдарламасын жоспарлауда жекелеген өнім түрлерін сандық кескіндеу үшін қолданылады.Еңбектік өлшеуіштер – жұмыс уақытының сағаты, минуты өндірісішілік жоспарлауда өнім бірлігі және өндірістік бағдарламаның еңбек ауқымдылығын бағалау үшін пайдаланылады. Ең көп қолданыстағы көрсеткіш – норма-сағатпен есептелетін еңбек ауқымдылығы немесе өнім өндіруге, қызмет көрсетуге кеткен жұмыс уақытының шығындары. Егер жұмыс белгілі бір себептермен нормаланбайтын болса еңбек ауқымдылық көрсеткіші адам-сағатпен анықталады. Жабдықтың жұмысын өлшеу үшін станок-сағат көрсеткіші пайдаланылады.Құндық өлшеуіштер жалпы сипатқа ие, кәсіпорынның барлық бөлімдерін өзара байланыстыратын әмбебап болып келеді. Ақшалай өлшемде сату көлемі (өткізілген өнім), тауарлық пен жалпы өнім, жалпы және өндірісішілік айналыс сияқты көрсеткіштер есептеледі.Тауарлық өнім деп толық дайындалған және сыртқа шығаруға арналған өнім құнын айтамыз. Тауарлық өнім көлемін (ТӨ) мына формуламен анықтауға болады: ТӨ=Тд.ө.ж.ф.кфу, мұнд. Тд.ө.-дайын өнім құны; Тж.ф.-жартылай фабрикат, сыртқа шығарылатын меншікті өндірістің және көмекші цехтың өнім құны; Тк-меншікті күрделі құрылыс және өнеркәсіптік емес шаруашылыққа жеткізіліп тұратын өнім мен жартылай фабрикаттар құны; Тф-кәсіпорынның негізгі құралдарына жататын жалпы қолданыстағы құрал-жабдық, құрылғылардың құны; Ту-кәсіпорынның жабдықтарын және көлік құралдарын күрделі жөндеу және басқа ұйымдардың тапсырыстары бойынша орындалатын өнеркәсіптік сипаттағы қызмет пен жұмыс құны. Өндіруші кәсіпорын төлейтін, тапсырыс берушінің шикізаты мен материалдарынан жасалатын бұйымдар тауарлық өнім көлеміне толық құнымен қосылады. Жалпы өнім (ЖӨ) кәсіпорынның белгілі бір уақыт мерзімінде (ай, квартал, жыл) дайындық сатысына тәуелсіз барлық жасалған жұмысының көлемін сипаттайды. Жалпы өнім көлемі келесі формуламен анықталады: ЖӨ=ТӨ+(АӨж.с.-АӨж.б.)+(Иж.с.ж.б.), мұндағы АӨж.б.; АӨж.с. – сәйкесінше кезең басы мен соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтарының құны, теңге; Иж.б.; Иж.с.– сәйкесінше кезең басы мен соңындағыарнайы қолданыстағы құрал мен кәсіпорында жасалған құрылғылардың қалдықтарының құны, теңге. Кәсіпорынның жалпы және заводішілік айналымы кәсіпорындағы барлық цехтарында өндірілген жалпы өнім сомасы анықталады.Жалпы айналысқа дайындық деңгейіне тәуелсіз цехтың барлық өнімі кіреді.Жалпы айналыстың жалпы өнімнен айырмашылығы кәсіпорын аясында өндірілген жартылай фабрикаттар құнының қайталама есебінен тұрады.ЖА=ЖӨ-ЖЗА; мұнд. ЖЗА-жалпызауыттық айналыс. ЖА=ЖӨц1+ЖӨц2+ЖӨц3+...+ЖӨцn.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]