Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теория(дайын).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
224.38 Кб
Скачать

7.Программа құрылымы, Айнымалылар мен өрнектер.

С++ тіліндегі программа препроцессор директивасынан, сипаттамалардан және функциялардан тұрады. Программа құрылымы:

препроцессор директивалары сипаттамалар

int main ()

{бас функция операторлары} Программадағы бір функция main болуы тиіс. Программаның орындалуы осы функцияның бірінші операторынан басталады. Функцияның қарапайым анықталуының форматы:

қайтарылатын_мәннің_типі аты ([параметрлер])

{функция денесінен құрайтын операторлар} Функция қандай да бір мәнді есептеуден басталады, сондықтан оның типі көрсетілуі керек.Қажетті мағлұматтар:

- егер функция мән қайтармаса, void типі көрсетіледі;

-функция денесі блок болып табылады, сондықтан фигуралы жақшаға алынады;

-әрбір оператор үтір-нүктемен аяқталады.

Айнымалыларды хабарлаудың негізгі формасы- ның түрі: Тип <айнымалылар_тізімі>; Мысалы: int x , y, z; Сипаттау кезінде айнымалыға бастапқы мән беруге болады, оны инициализация деп атайды. Инициализаторды екі түрлі формада беруге болады: теңдік белгісімен =мән немесе жай жақшамен (мән). Тұрақты хабарлау кезінде инициализациялануы тиіс. Мысалы: const char с=‘с’; Блок ішінде анықталған айнымалы жергілікті, ал блок сыртында анықталған айнымалы ауқымды деп аталады. Кез-келген программада есептеулер жүргізіледі. Мәндерді есептеу үшін өрнектер қолданылады. Өрнектер операндтардан, операция таңбаларынан, жақшалардан тұрады. Әрбір операнд өз кезегінде өрнек, болмаса оның жеке жағдайы - тұрақты немесе айнымалы болып табылады. Өрнектің нәтижесі мәнмен немесе типпен сипатталады.

8.If, switch Тармақталу операторлары.Шартты оператордың құрылымдық сұлбасы

Кез-келген күрделі есептерді шығару кезінде үш құрылымнан (реттік, тармақталу, цикл) тұратын программаны құруға болады. Оларды құрылымдық программалаудың базалық құрастырғыштары деп атайды. Қандай да бір шарттың орындалуынан тәуелді құрастырғышты тармақталу деп атаймыз.

Тармақталу

Тармақталу операторлары: if, switch.

if шартты операторы есептеу үрдісінің екі бағытта тармақталуы үшін қолданылады. Оператор форматы: if (өрнек) оператор_1; [оператор_2;]

Үтір (,) операторы - бір жолда жазылған 2 өрнекті тізбектеп орындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде үтірдің оң жағында орналасқан өрнектің мәні қабылданады. switch операторы есептеу үрдісін бірнеше бағытта тармақтау үшін арналған. Оператор форматы:

switch (өрнек) {

case тұрақты өрнек_1: [1_ оператор_ тізімі]

case тұрақты өрнек_2: [2_ оператор_ тізімі]

case тұрақты өрнек_n: [n_ оператор_ тізімі]

[default: операторлар] }

9.For, do while, while циклдік операторлары

C++ тілінде үш циклдік оператор бар: Жазылу форматтары:

while (өрнек) оператор

do оператор while өрнек;

for (инициализация; өрнек; модификация) оператор;

Шарты алдын ала тексерілетін цикл схемасы:

Оның жазылуы:

While ( шарт-өрнек)

{1 оператор;

2 оператор;

......

N оператор;}

Мұнда шарт-өрнекке кіретін айнымалы цикл ішінде өзгеріп отырады.

Арифметикалық прогрессия сияқты For операторының жазылуы:

for(x=x0;x<=xk;x+=dx) x ≤ xk

1-оператор;

{<1-оператор>;

<2-оператор>;

. . .

<n-ператор>; }

Мұндағы өрнек1: x=x0; – цикл айнымалысының бастапқы мəні, өрнек2: x<=xk; – циклдің қайталану шарты, өрнек3: x+=dx – цикл айнымалысының қадам мөлшеріне артуы.

For цикл операторында бір немесе бірнеше өрнектерді жазбауға да болады, бірақ мұндайда ; символын міндетті түрде өз орындарына жазып отыру керек.

Шарты соңынан тексерілетін do … while циклінің схемасы

Жалпы жазылу түрі:

do

{1-оператор;

2-оператор;

… … …

n-оператор;}

while (өрнек);

Do ... while циклінде шарт соңында тексерілетін болғандықтан, оның тұлғасы ең болмағанда бір рет орындалады. Цикл соңында жазылған while(өрнек) өрнек ақиқат болса

(немесе 0-ге тең болмаса), цикл тұлғасы қайтадан орындалады. Ал өрнек жалған болса (немесе 0-ге тең болса), цикл аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]