
- •3.Тіл құрамы, тіл алфавиті, түсініктемелері
- •4.Идентификаторлар.Түйінді сөздер.Тұрақтылар
- •5.Функцияларды хабарлау, анықтау. Функцияның параметрлері. Рекурсивті функция
- •6.Негізігі мәліметтер типтері.Унарлы, бинарлы, тернарлы операциялар
- •7.Программа құрылымы, Айнымалылар мен өрнектер.
- •8.If, switch Тармақталу операторлары.Шартты оператордың құрылымдық сұлбасы
- •9.For, do while, while циклдік операторлары
- •10. Goto, Break, continue, return басқаруды беру операторлары
- •11.Нұсқауыштар мен жиымдар.Екі өлшемді жиымдар
- •12.Қатарлар. Қатарларға қолданылатын функциялар
- •15 .Borland Builder 6.0 прграммалау ортасының бас терезесінің құрылымы
- •16.Объектіге бағытталған прог/ң негізі.База/қ класт/ң қолданылуы, анықталуы
- •19.Конструкторлар.Қатарларды түрлендіру, қатардың құрамын іздеу
- •20.Деструкторлар және оның қасиеттері
- •21. Класстың достық функциялары, шаблондары
- •22.Мұрагерлік.Жай және көптік мұрагерлік
- •23.Абстрактілі класс, виртуалды функция
- •24.Ағымдар, стандартты файлдық және қатарлық ағымдар
- •25.Манипуляторлар.Жай және параметрлі манипуляторлар
- •26. Stl (Standard Template Library) кітапханасының құрылымы, итераторлар
- •27.Тізбекті контейнерлер, векторлар, кезектер
- •28.Екі жақты кезектер, стектер, тізімдер
- •29.Ассоциативті контейнерлер. Сөздіктер, жиындар
- •30.Алгоритмдер, функционалды объектілер, адаптерлер
1.С++ тілінің базалық жабдықтары. Препроцессор директивалары.
Кез-келген тілдегі мәтінде төрт негізгі элементті бөліп көрсетуге болады: символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер. Алгоритмдік тіл де осындай элементтерден тұрады: символдар, лексемалар, өрнектер, операторлар. Лексемалар символдардан, өрнектер лексемалардан және символдардан, ал операторлар символдардан, лексемалардан, өрнектерден тұрады (1-сурет):
Символдар- негізгі бөлінбейтін таңбалар;
Лексема- өзіндік мағынасы бар тіл бірлігі;
Өрнек- қандай да бір мәннің есептелу ережесі;
Оператор- қандай да бір істің аяқталған сипаттамасы
Тіл алфавиті: бас және кіші латын әріптері; 0-ден 9-ға дейінгі араб цифрлары; Арнайы белгілер: [] {} , . ( ) + - / * \ % ; : ? < > = ! & # ^ “ ' бос орынды символдар: бос орын (пробел), табуляция символы, жаңа жолға көшу символы. Символдардан лексемалар құралады:идентификаторлар; түйінді сөздер; операция таңбалары; тұрақтылар; бөлгіштер (жақша, нүкте, үтір, бос орынды символдар). С++ тілінің мүмкіндіктері:
класстар, конструкторлар/деструкторлар.
класс шаблондары. Стандартты кітапханалар.
туынды класстар. Абстрактілі класстар.
операторларды қайта жүктеу.
орындалу кезінде типтік ақпаратқа қол жетімдік.
Препроцессор директивасы «#» таңбасымен басталады және соңынан нүктелі үтір (;) қойылмайды. Түрлері: 1) #include директивасы.
Бұл программаға көрсетілген файлдағы мәліметтерді қосады. Бұл директиваның екі формасы бар:
#include “басты файл “
# include <басты файл> Егер «файл аты» тырнақшада берілсе, онда файл сәйкес көрсетілген маршрутпен анықталатын орыннан, ал ол көрсетілмесе жұмысшы каталогтан ізделеді. Егер файл аты бұрыштама жақшада (< >) берілсе, онда файл стандартты директориядан ізделеді.
Басты тақырыптық файлдар: iostream.h, assert.h, float.h, math.h, ctype.h, limits.h, setjmp.h, errno.h, locale.h, signal.h, stdarg.h, stddef.h, stdlib.h, string.h, time.h. 2) #define директивасы. #define – директивасы жиі қолданылатын тұрақтыларды, қызметші сөздерді, операторларды және өрнектерді кейбір идентификаторлармен ауыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, #define WIDTH 80 #define LENGTH (WIDTH+10) бұл директивалар программадағы әрбір WIDTH сөзін 80 санына, ал LENGTH сөзін (80+10) өрісіне ауыстырады. 3) #undef директивасы. Бұл директива #define директивасы қызметін қайтаруға қолданылады. Яғни, көрсетілген идентификаторларға қолданылатын #define анықтамасы қызметін болдырмайды.
2.Ағымдық енгізу шығару ж/е оларды пайдалану.C++тілінің ерекшеліктері
Программалаудың көмегімен есептеулер жүргізуге, мәтіндерді өңдеу, графикалық бейнелерді тұрғызу,мәліметтерді сұрыптау және іздеуді жүзеге асыруға болады. С++ тілінде <iostream.h> тақырыптық файлында анықталған енгізу-шығару операторлары (cin, cout) бар. С тілінде айнымалылар арнайы форматтар мен типтері анық көрсетілу арқылы орындалса, С++ тілінде << - операторы мәлімет типін және форматын таңдайды, ал >> - операторы қабылданатын мәннің адресін, форматын анықтайды. С++-те де үш ағымдық класс қарастырылған: istream - енгізу; ostream - шығару; iostream - енгізу-шығару. Шығару: С-де: printf (“ бүтін сан = %d, нақты = %f”, ia, fb); Си++-те: cout << “бүтін сан” <<ia <<“ нақты = “ <<fb; Енгізу: Си-де scanf (“%d %f”, &ia, &fb); Си++-те: cin >>ia >> fb; Бұл жолдарда endl манипуляторы тіркелуі мүмкін. Мысалы, cout << “бүтін сан = ” <<іа<<endl; Манипулятор д/з -ағымға қатысты нақты әрекет орындайтын арнайы функция. endl манипуляторы – жаңа жол символын қоюмен қатар ағым буферін тазартады.
Ағымдық енгізу-шығаруды пайдалану
Cи: |
С++: |
#include <stdio.h> |
#include <iostream.h> |
#include <math.h> |
#include <math.h> |
void main() |
main() |
{float a, b, c, p, s |
{float a, b, c, p, s |
printf("na="); scanf("%f",&a); |
cout<<"na="; cin>>a; |
printf("\nb="); scanf("%f",&b); |
cout<<"\nb="; cin>>b; |
printf("\nc="); scanf("%f",&c); |
cout<<"\nc="; cin>>c; |
p=(a+b+c)/2; |
p=(a+b+c)/2; |
s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c)); |
s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c)); |
printf("\nүшбұрыш ауданы=%f", s); } |
cout<<"\nүшбұрыш ауданы=", s); } |
Айнымалыларды хабарлаудың негізгі формасы- ның түрі: Тип <айнымалылар_тізімі>; Мысалы: int x , y, z; Сипаттау кезінде айнымалыға бастапқы мән беруге болады, оны инициализация деп атайды. Инициализаторды екі түрлі формада беруге болады: теңдік белгісімен =мән немесе жай жақшамен (мән). Тұрақты хабарлау кезінде инициализациялануы тиіс. Мысалы: const char с=‘с’; Блок ішінде анықталған айнымалы жергілікті, ал блок сыртында анықталған айнымалы ауқымды деп аталады. Кез-келген программада есептеулер жүргізіледі. Мәндерді есептеу үшін өрнектер қолданылады. Өрнектер операндтардан, операция таңбаларынан, жақшалардан тұрады. Әрбір операнд өз кезегінде өрнек, болмаса оның жеке жағдайы - тұрақты немесе айнымалы болып табылады. Өрнектің нәтижесі мәнмен немесе типпен сипатталады.
3.Тіл құрамы, тіл алфавиті, түсініктемелері
Кез-келген тілдегі мәтінде төрт негізгі элементті бөліп көрсетуге болады: символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер. Алгоритмдік тіл де осындай элементтерден тұрады: символдар, лексемалар, өрнектер, операторлар. Лексемалар символдардан, өрнектер лексемалардан және символдардан, ал операторлар символдардан, лексемалардан, өрнектерден тұрады (1-сурет):
Символдар- негізгі бөлінбейтін таңбалар;
Лексема- өзіндік мағынасы бар тіл бірлігі;
Өрнек- қандай да бір мәннің есептелу ережесі;
Оператор- қандай да бір істің аяқталған сипаттамасы.
Алгоритмдік тіл құрамы
(1-сурет)
Тіл алфавиті: бас және кіші латын әріптері; 0-ден 9-ға дейінгі араб цифрлары; Арнайы белгілер: [] {} , . ( ) + - / * \ % ; : ? < > = ! & # ^ “ ' ; бос орынды символдар: бос орын (пробел), табуляция символы, жаңа жолға көшу символы. Символдардан лексемалар құралады: идентификаторлар; түйінді сөздер; операция таңбалары; тұрақтылар; бөлгіштер (жақша, нүкте, үтір, бос орынды символдар) Идентификаторлар– программалық объектінің аты. Әріп немесе сызық таңбасы идентификатордың бірінші символы болуы мүмкін, бірақ цифр бола алмайды. Түйінді сөздер – компилятор үшін арнайы мәні бар резервтелген идентификаторлар. Операция таңбалары– операндтарға қолда- нылатын бір немесе бірнеше символдар. Тұрақтылар - өзгермейтін шамалар. Комментарийлер – компилятор үшін маңызы жоқ программаның бөлігі және программа мәтінін оқу ыңғайлы болуы үшін қолданылады. Ол // символынан басталады.
4.Идентификаторлар.Түйінді сөздер.Тұрақтылар
Кез-келген тілдегі мәтінде төрт негізгі элементті бөліп көрсетуге болады: символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер. Алгоритмдік тіл де осындай элементтерден тұрады: символдар, лексемалар, өрнектер, операторлар. Лексемалар символдардан, өрнектер лексемалардан және символдардан, ал операторлар символдардан, лексемалардан, өрнектерден тұрады: Символдар- негізгі бөлінбейтін таңбалар; Лексема- өзіндік мағынасы бар тіл бірлігі; Өрнек- қандай да бір мәннің есептелу ережесі; Оператор- қандай да бір істің аяқталған сипаттамасы
Тіл алфавиті:
бас және кіші латын әріптері;
0-ден 9-ға дейінгі араб цифрлары;
Арнайы белгілер: [] {} , . ( ) + - / * \ % ; : ? < > = ! & # ^ “ '
бос орынды символдар: бос орын (пробел), табуляция символы, жаңа жолға көшу символы. Символдардан лексемалар құралады: идентификаторлар; түйінді сөздер; операция таңбалары; тұрақтылар; бөлгіштер (жақша, нүкте, үтір, бос орынды символдар). Идентификаторлар– программалық объектінің аты. Әріп немесе сызық таңбасы идентификатордың бірінші символы болуы мүмкін, бірақ цифр бола алмайды. Түйінді сөздер – компилятор үшін арнайы мәні бар резервтелген идентификаторлар.Операция таңбалары– операндтарға қолда- нылатын бір немесе бірнеше символдар. Тұрақтылар - өзгермейтін шамалар. Комментарийлер – компилятор үшін маңызы жоқ программаның бөлігі және программа мәтінін оқу ыңғайлы болуы үшін қолданылады. Ол // символынан басталады.