- •3.Тіл құрамы, тіл алфавиті, түсініктемелері
- •4.Идентификаторлар.Түйінді сөздер.Тұрақтылар
- •5.Функцияларды хабарлау, анықтау. Функцияның параметрлері. Рекурсивті функция
- •6.Негізігі мәліметтер типтері.Унарлы, бинарлы, тернарлы операциялар
- •7.Программа құрылымы, Айнымалылар мен
- •8.If, switch Тармақталу операторлары.Шартты оператордың құрылымдық сұлбасы
- •9.For, do while, while циклдік операторлары
- •10. Goto, Break, continue, return басқаруды беру операторлары
- •11.Нұсқауыштар мен жиымдар.Екі өлшемді жиымдар
- •12.Қатарлар. Қатарларға қолданылатын функциялар
- •15 .Borland Builder 6.0 прграммалау ортасының бас терезесінің құрылымы
- •19.Конструкторлар.Қатарларды түрлендіру, қатардың құрамын іздеу
- •20.Деструкторлар және оның қасиеттері
- •21. Класстың достық функциялары, шаблондары
- •22.Мұрагерлік.Жай және көптік мұрагерлік
- •23.Абстрактілі класс, виртуалды функция
- •24.Ағымдар, стандартты файлдық және қатарлық ағымдар
- •25.Манипуляторлар.Жай және параметрлі манипуляторлар
- •26. Stl (Standard Template Library) кітапханасының құрылымы, итераторлар
- •27.Тізбекті контейнерлер, векторлар, кезектер
- •28.Екі жақты кезектер, стектер, тізімдер
- •29.Ассоциативті контейнерлер. Сөздіктер, жиындар
- •30.Алгоритмдер, функционалды объектілер, адаптерлер
10. Goto, Break, continue, return басқаруды беру операторлары
С++ тілінде 4 басқаруды беру операторы бар:
goto шартсыз өту операторы;
break циклдан шығу операторы;
continue циклдың келесі итерациясына көшу операторы;
return функциядан қайтару операторы.
Циклдік операторлар: while, do while, for.
Басқаруды беру операторлары: goto, break
goto шартсыз өту операторының форматы: goto <белгі>;
мұндағы белгі – оператор нөміріне ұқсас ерекше белгі, яғни идентификатор. Бұл оператор бірінің ішіне бірі енгізілген бірнеше цикл жиынынан (мəлімет-тер арасында қателер кездессе) бірден сыртқа шығып кету керек болған кезде қолданылады. Мұндайда break операторын пайдалана алмаймыз.
break циклдан шығу операторы цикл операторларының ішінде қолданылады немесе switch операторынан шығуды қамтамасыз етеді. Егер бұл оператор бірі-
нің ішіне бірі енгізілген қабаттасқан цикл ішінде орналасса, онда ол ішкі циклдан оның
сыртқы циклына шығуды ғана жүзеге асырады.
continue циклдың келесі итерациясына көшу операторы цикл денесінің аяғына дейінгі операторларды бос жіберіп, басқаруды келесі итерацияға береді.
return функциядан қайтару операторы функцияның орындалуын аяқтап, басқаруды шақыру нүктесіне береді
11.Нұсқауыштар мен жиымдар.Екі өлшемді жиымдар
Массив немесе жиым – бір типтегі элементтердің реттелген жиыны. Олар бір атаумен – идентификатормен аталады да, индексті айнымалы ұғымына сəйкес келеді.
Нұсқауыш мəліметтердің адресін сақтайтын айнымалы болып табылады. Жалпы алғанда, нұсқауыш адрестің символдық кескінделуі болып саналады. Қарастырылатын мысалда &sum – sum атты айнымалыға сілтейтін нұсқауыш болып табылады. Нақты адрес ретінде белгілі бір сан тұрады, ал &sum нұсқауыш типті константа болып табылады. Си тілінде нұсқауыш типті айнымалылар да бар. Нұсқауыш типті айнымалылар мəні болып белгілі бір шаманың адресі саналады. Нұсқауыш типті айнымалыны сипаттағанда берілген нұсқауыш қандай типті айнымалыға сілтейтінін көрсету қажет. Өйткені əр түрлі типті айнымалыға ЭЕМ жадында ұялардың əр түрлі саны бөлініп беріледі.Си тілінде нұсқауыштармен мынадай операциялар орындауға болады:
-нұсқауышқа алғашқы мəн ретінде бір объект адресін н/е нөлді (\0) меншіктеуге болады;
-нұсқауыш мəнін бірге арттыруға, кемітуге болады; (++ , --)
-нұсқауыш мəніне бүтін сан қосуға немесе алуға болады;
-екі нұсқауыш мəнін салыстыруға болады (= =, != операциялары);
-бір нұсқауыш мəнінен екінші нұсқауыш мəнін (егер олар бір типте болса) алуға болады.
Арифметикалық операциялар орындалар кезде компилятор жадыдағы алатын орындары
нұсқауыштардың əр түрлі екенін есте сақтайды.
Екі өлшемді жиымды – матрицаны пайдалану үшін тік жақшалар ішінде олардың екі өлшемінің де енін көрсету керек. Си тілінде екі өлшемді жиым былай сипатталады:
[<жады класы>] <типі>
<жиым аты> [<1-өлшемі>][<2-өлшемі>]
Жиым элементтері типі ескеріліп, олардың көлеміне жеткілікті етіп жиым үшін компьютер жадында қажетті орын бөлініп беріледі немесе жиымның аты осы аймақтың басына сілтейтін нұсқауыш типті константа болып табылады.
