
- •2 Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология
- •3 Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
- •4 Экологиялық факторлар және олардың түрлері
- •5 Оптимум ережесі, Шелфорд және Либих заңдары
- •6 Организмдердің толеранттылыққа байланысты организмдер топтары
- •7 Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы
- •8 Тіршілік ортасы, түрлері және анабиоз
- •9 Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары. Фотопериодизм.
- •10 Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері
- •11 Организмдердің температурағы байланысты экологиялық топтары.
- •12 Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары
- •13 Топырақ қабаттары және топырақ организмдері
- •14 Организмдердің биологиялық ырғақтары. Биологиялық сағат.
- •15 Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары
- •16. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы.
- •17.Популяцияның этологиялық құрылымы. Топ эффекті.
- •18 Популяцияның динамикалық көрсеткіштері.
- •19 Биотикалық потенциал және популяция гомеостазы
- •20. Биоценоздар экологиясы және оның құрамдары. Доминант және эдификатор түрлер
- •3. Биотикалық қарым-қатынастар типтері
- •3.(2) Биотикалық қарым-қатынастар типтері
- •4 Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері
- •5. Биоценоздағы пайдалы-зиянды қатынастар түрлері
- •6. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар түрлері
- •7. Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
- •8.(1) Экологиялық сукцессия, түрлері
- •8.(2) Экологиялық сукцессия, түрлері
- •9. Биогеоценоз және биотоп (экотоп) ұғымдары. Биогеоценоздың құрамдас бөліктері.
- •10 Экожүйе, биогеоценоз және экожүйе типтері
- •11 Экологиялық пирамида (Элтон пирамидасы)
- •12 В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, биосфера компоненттері
- •13 Биосфера эволюциясының этаптары
- •15 Тұрақты (орнықты) даму концепциясының модельдері
- •16 Ноосфера және в.И.Вернадский бойынша ноосфераны құру шарттары
- •17 Табиғи ресурстар және олардың түрлері
- •Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың ерекшеліктері
- •19 Ластану және ластаушылар түрлері
- •20.Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері
- •3Блок 1 Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы
- •3 Атмосфераның автокөліктермен ластану
- •4. Өнеркәсіптік ластану
- •Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
- •6. Климаттың ғаламдық жылынуы және себептері. Киото хаттамасы
- •7. Озон қабаты (озоносфера) проблемасы
- •8. Парникті эффект және оның пайда болу себептері
- •10 Ормандардың азаюы және шөлдену
- •11 Әлемдік Мұхит проблемалары
- •12 Жер бетіндегі биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы
- •13 Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар
- •14 Каспий, Арал, Балқаш проблемалары
- •15 Қазақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсері
- •16 Қазақстаннның ерекше қорғауға алынған аумақтары
- •17 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы
- •18 Экологиялық құқық нормалары және жауапкершілік
- •Мониторинг және оның түрлері
- •20 Экологиялық білім беру және тәрбие
12 Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары
Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:
Гидатофиттер (грекше hygor - су) – көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар). Судан шығарған кезде бұл өсімдіктер тез қурап кетеді. Бұларда жапырақ саңлауы (устьица) және кутикула болмайды. Гүлді гидатофиттердің тамыр жүйелері қатты редукцияланған немесе мүлдем болмайды. Суды және минералды тұздарды бүкіл денесімен сіңіреді. Гүлді өркендері гүлдерін судың бетіне шығарады (кейде тозаңдану су астында да жүреді) да, тозаңданған соң қайта суға көміледі. Жемістерінің пісіп жетілуі су астында жүреді (валлиснерия, элодея, шылаң). Гидрофиттер (грекше hygor - су) – жартылай суда, яғни өзен, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Оларда гидатофиттерге қарағанда механикалық және өткізгіш ұлпалары жақсы дамыған, аэренхима жақсы байқалады. Гидрофиттерде жапырақ саңылаулары (устьица) бар эпидермис те дамыған. Гигрофиттер (грекше hygros - ылғалды, сулы, phyton- өсімдік) – ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бұларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ, гигрофиттерге салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде өсетін және батпақ өсімдіктері жатады. Ауаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Сондықтан су алмасу жақсы жүру үшін жапырақтарында тамшы түрінде суды бөлетін гидатодтар немесе сулы саңылаулар жақсы жетілген. Жапырақтары көбіне жұқа, кутикула нашар жетілген болып келеді. Жарықты гигрофиттерге папирус, күріш және т. б. жатады. Мезофиттер (грекше mesos - орташа, аралық) – ылғалдылығы орташа ортаның өсімдіктері. Бұларға көптеген шалғындық, орман өсімдіктері, жапырақты ағаштар, ауыл шаруашылық дақылдары мен арам шөптер жатады. Ксерофиттер (грекше xeros - құрғақ) – құрғақ жерде өсетін өсімдіктер. Ксерофиттер суккуленттер мен склерофиттер болып бөлінеді.
Суккуленттер (латынша sukkulentus – жуан, шырынды) – ылғалы тапшы аймақтарда, ылғал қорын сабағында немесе жапырағында сақтап өсетін өсімдіктер (сабағы – кактус, сүттіген, жапырағы – алоэ, агава). Кейбір кактустар сабағында 1000-3000 кг суды сақтай алады. Склерофиттер (грекше skleros - қатты) – жапырақтары мен сабақтары қатты, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. Суккуленттерден айырмашылығы, склерофиттер ылғал қорын жинамайды, керісінше оларда белсенді булану жүреді. Склерофиттерге шөл, жартылай шөл, дала өсімдіктері (сексеуіл, жантақ, жусан, ақселеу) жатады. Әдетте олар аласа, бірақ тамыр жүйелері жақсы дамыған болады. Жапырақтары көбіне майда, құрғақ, қабыршақты, тікенді немесе қатты тарамдалған, түкті болып келеді. Суық және ылғалды аймақтарда өсетін өсімдіктерді психрофиттер (грекше psychros - салқын, мұздай), ал суық және құрғақ жерде өсетін өсімдіктерді – криофиттер (грекше kryos - аяз, мұз) деп атайды. Сондай-ақ жылжымалы құмды жерде өсетін өсімдіктерді псаммофиттер деп атайды. Мұндай өсімдіктердің өз ерекшеліктері бар. Бұталы және ағашты псаммофиттердің құмға көмілген күшті қосалқы тамырлары бар (сексеуіл). Шөптесін өсімдіктер ұзын, тез өсетін жер асты өркендерін түзеді (құм қоғасы). Псаммофиттердің көпшілігі – эфемерлер, яғни даму циклы қысқа (2-6 аптадан 5- айға дейін) біржылдық өсімдіктер. Ал тасты, жартасты жерде өсетін өсімдіктерді петрофиттер деп атайды.