
- •2 Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология
- •3 Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
- •4 Экологиялық факторлар және олардың түрлері
- •5 Оптимум ережесі, Шелфорд және Либих заңдары
- •6 Организмдердің толеранттылыққа байланысты организмдер топтары
- •7 Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы
- •8 Тіршілік ортасы, түрлері және анабиоз
- •9 Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары. Фотопериодизм.
- •10 Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері
- •11 Организмдердің температурағы байланысты экологиялық топтары.
- •12 Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары
- •13 Топырақ қабаттары және топырақ организмдері
- •14 Организмдердің биологиялық ырғақтары. Биологиялық сағат.
- •15 Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары
- •16. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы.
- •17.Популяцияның этологиялық құрылымы. Топ эффекті.
- •18 Популяцияның динамикалық көрсеткіштері.
- •19 Биотикалық потенциал және популяция гомеостазы
- •20. Биоценоздар экологиясы және оның құрамдары. Доминант және эдификатор түрлер
- •3. Биотикалық қарым-қатынастар типтері
- •3.(2) Биотикалық қарым-қатынастар типтері
- •4 Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері
- •5. Биоценоздағы пайдалы-зиянды қатынастар түрлері
- •6. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар түрлері
- •7. Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
- •8.(1) Экологиялық сукцессия, түрлері
- •8.(2) Экологиялық сукцессия, түрлері
- •9. Биогеоценоз және биотоп (экотоп) ұғымдары. Биогеоценоздың құрамдас бөліктері.
- •10 Экожүйе, биогеоценоз және экожүйе типтері
- •11 Экологиялық пирамида (Элтон пирамидасы)
- •12 В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, биосфера компоненттері
- •13 Биосфера эволюциясының этаптары
- •15 Тұрақты (орнықты) даму концепциясының модельдері
- •16 Ноосфера және в.И.Вернадский бойынша ноосфераны құру шарттары
- •17 Табиғи ресурстар және олардың түрлері
- •Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың ерекшеліктері
- •19 Ластану және ластаушылар түрлері
- •20.Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері
- •3Блок 1 Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы
- •3 Атмосфераның автокөліктермен ластану
- •4. Өнеркәсіптік ластану
- •Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
- •6. Климаттың ғаламдық жылынуы және себептері. Киото хаттамасы
- •7. Озон қабаты (озоносфера) проблемасы
- •8. Парникті эффект және оның пайда болу себептері
- •10 Ормандардың азаюы және шөлдену
- •11 Әлемдік Мұхит проблемалары
- •12 Жер бетіндегі биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы
- •13 Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар
- •14 Каспий, Арал, Балқаш проблемалары
- •15 Қазақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсері
- •16 Қазақстаннның ерекше қорғауға алынған аумақтары
- •17 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы
- •18 Экологиялық құқық нормалары және жауапкершілік
- •Мониторинг және оның түрлері
- •20 Экологиялық білім беру және тәрбие
5 Оптимум ережесі, Шелфорд және Либих заңдары
Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өз ара әсері ережесі және т.б. жатады. Оптимум ережесі. Кез-келген фактордың организмге оң әсер ететін шектері болады. Фактордың жоғары немесе төмен дәрежедегі әсері организмге теріс әсер етеді. Мысалы, ылғалдың тапшылығы немесе шектен тыс көп мөлшері өсімдікке дұрыс өсуіне кері әсер етеді. Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық фактордың белсенділігі оптимум немесе экологиялық фактордың оптимум аймағы деп аталады. Оптимум аймағынан тыс, организмнің тіршілігіне қауіпті немесе өлуіне алып келетін пессимум аймағы жатыр. Әрбір организм, түр үшін өзінің оптимум жағдайлары бар. Ол тек әр түрлі жағдайда орналасқан әр түрге жататын особьтар үшін ғана емес, бір организмнің әртүрлі даму стадияларында да әр қалай болады. Түр үшін оптимумның қандай деңгейі қолайлы болуына байланысты оларды жылу сүйетін және салқын сүйетін, ылғал сүйетін және құрғақшылықты сүйетін және т.б. деп бөледі. Әрбір түр үшін өзіне тән шыдамдылық шектері болады. Ал организмнің белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер-ықпалына шыдамдылық қабілетін төзімділік дейді. төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық валенттілігі (толеранттылығы) деп атайды. Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В.Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттық (төзімділік) заңында көрсетілген. Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды: Организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, организмнің белгілі бір шыдамдылық (толеранттылық, латынша tolerantia – шыдам, төзім) шектері (диапазон) бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды (ең төмен) және максималды (ең жоғарғы) мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады. В.Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Түрлердің тіршілігін сақтау үшін экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей оңтайлы белдемде ұстау қажет. Бұл заңдылықты адамның тірі табиғатпен қарым-қатынаста болатын барлық шаруашылық салаларында ұстаған өте дұрыс. Оптимум заңын қолдану кейде қиынға түседі, себебі әр фактордың әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалған жақсы жағдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шығып, өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. В.Шелфорд заңы ашылғаннан кейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп өсімдіктер мен жануарлардың, сонымен қатар адамдардың да тіршілік ету шектері анықталды. Неміс ғалымы Ю.Либих (1840 ж.) топырақтағы әр түрлі химиялық элементтердің өсімдіктерге әсерін зерттей келе мынадай тұжырым жасады: «Өнімділік ең аз мөлшердегі затқа (факторға) байланысты». Бұл принципті минимум ережесі немесе Либих заңы деп атайды. Либих өз заңын тұжырымдай келе шектеулі мүмкіндіктер ретінде аса маңызды топырақтағы аз мөлшердегі химиялық элементтерді есептеді. Олар микроэлементтер деп аталады. Оларға темір, мыс, мырыш, бор, кремний, молибден, хлор, ванадий, кобальт, йод, натрий жатады. Мысалы, топырақта өсімдікке қажетті минералды элементтердің барлығы жетерлік, бірақ мырыш жетіспейді деп есептейік. Соған байланысты бұл элементтің өсімдікке қажеттілігі аз болғанымен өсімдіктің өсуі нашарлайды..