
- •2 Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология
- •3 Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
- •4 Экологиялық факторлар және олардың түрлері
- •5 Оптимум ережесі, Шелфорд және Либих заңдары
- •6 Организмдердің толеранттылыққа байланысты организмдер топтары
- •7 Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы
- •8 Тіршілік ортасы, түрлері және анабиоз
- •9 Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары. Фотопериодизм.
- •10 Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері
- •11 Организмдердің температурағы байланысты экологиялық топтары.
- •12 Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары
- •13 Топырақ қабаттары және топырақ организмдері
- •14 Организмдердің биологиялық ырғақтары. Биологиялық сағат.
- •15 Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары
- •16. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы.
- •17.Популяцияның этологиялық құрылымы. Топ эффекті.
- •18 Популяцияның динамикалық көрсеткіштері.
- •19 Биотикалық потенциал және популяция гомеостазы
- •20. Биоценоздар экологиясы және оның құрамдары. Доминант және эдификатор түрлер
- •3. Биотикалық қарым-қатынастар типтері
- •3.(2) Биотикалық қарым-қатынастар типтері
- •4 Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері
- •5. Биоценоздағы пайдалы-зиянды қатынастар түрлері
- •6. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар түрлері
- •7. Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
- •8.(1) Экологиялық сукцессия, түрлері
- •8.(2) Экологиялық сукцессия, түрлері
- •9. Биогеоценоз және биотоп (экотоп) ұғымдары. Биогеоценоздың құрамдас бөліктері.
- •10 Экожүйе, биогеоценоз және экожүйе типтері
- •11 Экологиялық пирамида (Элтон пирамидасы)
- •12 В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, биосфера компоненттері
- •13 Биосфера эволюциясының этаптары
- •15 Тұрақты (орнықты) даму концепциясының модельдері
- •16 Ноосфера және в.И.Вернадский бойынша ноосфераны құру шарттары
- •17 Табиғи ресурстар және олардың түрлері
- •Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың ерекшеліктері
- •19 Ластану және ластаушылар түрлері
- •20.Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері
- •3Блок 1 Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы
- •3 Атмосфераның автокөліктермен ластану
- •4. Өнеркәсіптік ластану
- •Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
- •6. Климаттың ғаламдық жылынуы және себептері. Киото хаттамасы
- •7. Озон қабаты (озоносфера) проблемасы
- •8. Парникті эффект және оның пайда болу себептері
- •10 Ормандардың азаюы және шөлдену
- •11 Әлемдік Мұхит проблемалары
- •12 Жер бетіндегі биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы
- •13 Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар
- •14 Каспий, Арал, Балқаш проблемалары
- •15 Қазақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсері
- •16 Қазақстаннның ерекше қорғауға алынған аумақтары
- •17 Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы
- •18 Экологиялық құқық нормалары және жауапкершілік
- •Мониторинг және оның түрлері
- •20 Экологиялық білім беру және тәрбие
№ |
Сұрақ |
1 |
Экология ғылымының даму тарихы |
2 |
Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология |
3 |
Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті |
4 |
Экологиялық факторлар және олардың түрлері |
5 |
Оптимум ережесі, Шелфорд және Либих заңдары |
6 |
Организмдердің толеранттылыққа байланысты организмдер топтары |
7 |
Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы |
8 |
Тіршілік ортасы, түрлері және анабиоз |
9 |
Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары. Фотопериодизм. |
10 |
Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері |
11 |
Организмдердің температурағы байланысты экологиялық топтары. |
12 |
Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары |
13 |
Топырақ қабаттары және топырақ организмдері |
14 |
Организмдердің биологиялық ырғақтары. Биологиялық сағат. |
15 |
Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары |
16 |
Популяцияның кеңістіктегі құрылымы. |
17 |
Популяцияның этологиялық құрылымы. Топ эффекті. |
18 |
Популяцияның динамикалық көрсеткіштері. |
19 |
Биотикалық потенциал және популяция гомеостазы |
20 |
Биоценоздар экологиясы және оның құрамдары. Доминант және эдификатор түрлер |
|
|
1 |
Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы. Ярустылық және мозайкалық. |
2 |
Биоценоздағы организмдердің қарым-қатынастары (В.Н. Беклемишев бойынша) |
3 |
Биотикалық қарым-қатынастар типтері |
4 |
Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері |
5 |
Биоценоздағы пайдалы-зиянды қатынастар түрлері |
6 |
Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар түрлері |
7 |
Экологиялық қуыс. Гаузе принципі |
8 |
Экологиялық сукцессия, түрлері |
9 |
Биогеоценоз және биотоп (экотоп) ұғымдары. Биогеоценоздың құрамдас бөліктері. |
10 |
Экожүйе, биогеоценоз және экожүйе типтері |
11 |
Экологиялық пирамида (Элтон пирамидасы) |
12 |
В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, биосфера компоненттері |
13 |
Биосфера эволюциясының этаптары |
14 |
Биологиялық (кіші) және геологиялық (үлкен) айналымдар. |
15 |
Тұрақты (орнықты) даму концепциясының модельдері |
16 |
Ноосфера және В.И.Вернадский бойынша ноосфераны құру шарттары |
17 |
Табиғи ресурстар және олардың түрлері |
18 |
Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың ерекшеліктері |
19 |
Ластану және ластаушылар түрлері |
20 |
Ксенобиотиктер, поллютанттар. Пестицидтер және олардың түрлері |
|
|
1 |
Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы |
2 |
Қоршаған ортаның биологиялық және химиялық ластануы |
3 |
Атмосфераның автокөліктермен ластануы |
4 |
Өнеркәсіптік ластану |
5 |
Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері |
6 |
Климаттың ғаламдық жылынуы және себептері. Киото хаттамасы |
7 |
Озон қабаты (озоносфера) проблемасы |
8 |
Парникті эффект және оның пайда болу себептері |
9 |
Қышқыл жаңбырлар. Улы тұман. |
10 |
Ормандардың азаюы және шөлдену |
11 |
Әлемдік Мұхит проблемалары |
12 |
Жер бетіндегі биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы |
13 |
Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар |
14 |
Каспий, Арал, Балқаш проблемалары |
15 |
Қазақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсері |
16 |
Қазақстаннның ерекше қорғауға алынған аумақтары |
17 |
Қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы |
18 |
Экологиялық құқық нормалары және жауапкершілік |
19 |
Мониторинг және оның түрлері |
20 |
Экологиялық білім беру және тәрбие |
1 blok 1 Экология ғылымының даму тарихы
Экология (грекше oikos - үй, баспана, logos - ілім, ғылым) – тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, организмдердің бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым. Экология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастағанмен, қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуы кезінен басталды деуге болады. Қоршаған орта туралы мәліметтер көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мысалы, үнділердің «Махабхарата» жырында (б.э.д. VI-IV ғасырлар) табиғаттың дүлей күштері – су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріліп, 50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, олардың тіршілік етуі сипатталады. . Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері келтіріліп, кейбір мәдени өсімдіктерді егу жолдары көрсетіледі. Ал Қытайдың б.э.д. IV-II ғғ. жылнамаларында бірқатар өсімдіктер туралы сөз қозғалып, олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады. Орта ғасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу біршама тоқырап қалды. Өйткені, бұл кезде құдайға құлшылық етуге баса назар аударылғандықтан, жаратушыға қарсы шығуға, ол туралы өздерінің ой-пікірлерін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермеді. Бұл кезең осылай мың жылдай уақытқа созылды.
Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың ашылуы және бұрын белгісіз болып келген жаңа жерлерге қоныстану, биологиялық ғылымның күрт дамуына кең жол ашты. Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың ашылуы және бұрын белгісіз болып келген жаңа жерлерге қоныстану, биологиялық ғылымның күрт дамуына кең жол ашты. Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондағы тіршілік ететін жануарлар, өсетін өсімдіктер әлеміне әсер ететінін, бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортадағы жансыз және жанды компоненттердің өз ара тығыз байланыста болатынын XVIII ғ. Ресей ғалымдары да өз еңбектерінде көрсетті. Экология, жалпы бүкіл биология ғылымының одан әрі дамуына, эволюциялық ілімінің негізін салушы ағылшын ғалымы Ч.Дарвин (1809-1882 жж.) зерттеулерінің маңызы зор. 1859 жылы Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу бойынша түрлердің шығу тегі» еңбегінде, табиғатта «тіршілік үшін күрес», яғни, қоршаған ортамен қарама-қайшылығы көп байланыстар табиғи сұрыпталуға алып келеді, эволюцияның қозғаушы күші болып табылады, - деп атап өтті. 1859 жылы Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу бойынша түрлердің шығу тегі» еңбегінде, табиғатта «тіршілік үшін күрес», яғни, қоршаған ортамен қарама-қайшылығы көп байланыстар табиғи сұрыпталуға алып келеді, эволюцияның қозғаушы күші болып табылады, - деп атап өтті. Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымдардың құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өз ара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экология шеңбері одан да әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда – география, геология, агрономия, химия, архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық салаларымен тығыз араласып кетті. Осылай қазіргі заманғы экология – зор қарқынмен дамып келе жатқан, Жер планетасындағы барлық тіршілік иелері үшін іс жүзінде аса зор маңызды, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның дамуына тікелей байланысты.
2 Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология
Қазіргі таңда экология ғылымы зерттелетін обьектілердің ерекшеліктеріне, әдістеріне байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады: Аутэкология (грекше autos - өзім) – жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Аутэкология ұғымын алғаш рет 1896 жылы Шретер особьтар экологиясы үшін қолданды. Аутэкология алдымен организмдердің (особьтардың) өлі материядан айырмашылығын: зат алмасу, көбею, өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, өсуі мен дамуы, тітіргенгіштігі, қозғалысы және бейімделушілік қасиеттері бар тіршілік иелері ретінде қарастырады. Аутэкологияның міндеті – түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғал, жоғары және төменгі температураға, ортаның тұздылығы) физиологиялық, морфологиялық және т.б. бейімделуін анықтау. Соңғы жылдары аутэкологияда жаңа бағыт - орта ластануының әсеріне организмнің жауап қайтару тетіктерін қоса зерттеу пайда болды. Демэкология (грекше demos - халық) немесе популяциялар экологиясы – қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін, популяция санының өзгеруін зерттейді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы және т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтерді қарастырады. Эйдэкология (грекше eidos – түр) – түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі тұрғысында қарастырады. Өйткені особь, популяция белгілі бір нақты түрлердің өкілдері. Сондықтан эйдэкология – особь, популяция, түр, биоценоз, биогеоценоз (экожүйе), биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар туралы зерттеулер жүргізеді. Синэкология (грекше syn – бірге) немесе қауымдастықтар экологиясы (биоценология) – биоценоз түзетін әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяцияларын, олардың түзілуін, дамуын, құрылымын, өзгеруін және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Осы бағыттардың негізінде жаңа, жалпы биосфераның мәселелерін қарастыратын - ғаламдық экология, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынастары мәселелерін қарастыратын - әлеуметтік экология сияқты бағыттар пайда болды.
3 Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
Экология пәнінің мазмұны - организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қатынастарын популяциялық, биоценоздық, биогеоценоздық (экожүйе) және биосфералық деңгейде зерттеу болып табылады. Экология ұғымын ғылымда алғашқы рет неміс ғалымы Э. Геккель (1866 ж) қолданды.
Экология пәнінің негізгі міндеті – популяция, биоценоз және оларда болып жатқан өзгерістерді зерттеп, қазіргі таңдағы планетаның индустриализация және урбанизация жағдайында экологиялық процестер заңдылықтарын ашып, түсініп басқару. Экология ғылымының басты мақсаты – ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. «Адам – қоғам – табиғат» арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу. Экология ғылымының зерттеу обьектісі жеке особьтар емес, особьтар топтары – популяциялар, түрлер, қауымдастықтар, экожүйелер, яғни, биологиялық микро- және макрожүйелер. Басқа ғылымдар сияқты экология ғылымының да өзіндік кешенді әртүрлі зерттеу әдістері бар. Экология ғылымының негізгі теориялық әдістеріне сипаттама жасау, жүйелі түрде талдау, модельдеу жатады. Ал бақылау, салыстырмалы түрде талдау жасау, тәжірибелер (далалық, лабораториялық), мониторинг жүргізу негізгі эмпиристік әдістері болып табылады. Бақылау және салыстырмалы талдау жасау ғылымның дәстүрлі әдістеріне жатады. Сол арқылы сипаттама жасалып, талдау жүргізу үшін алғашқы ақпарат алуға болады. Эколог-маман үшін ең маңыздысы далалық зерттеулер, яғни түрлер популяциялары мен олардың қауымдастықтарын табиғат жағдайында зерттеу. Далалық зерттеулер организм немесе популяцияға белгілі бір факторлар әсерін білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде бақылаулар мен салыстырмалы талдау жасау арқылы зерттелетін макрожүйелерге сипаттама жасалады. Мұндай сипаттама жасау үшін эколог-мамандармен қатар ботаниктер, зоолог, микробиолог, топырақтанушы, химик, гидролог және басқа да мамандар қатысады. Мысалы, өсімдіктер қауымдастығын зерттеуде олардың сандық және сапалық сипаттамасы жасалады. Жануарларға экологиялық зерттеулер жүргізгенде олардың қоректенуі, көбеюі, мінез-құлқы, популяцияның орналасуы мен миграциясы, ортаның абиотикалық жағдайлары (температура, ылғалдылық, жарық т.с.с.) және қауымдастықтағы биотикалық байланыстар ескеріледі. Эксперименталдық әдістер арқылы организмнің дамуына кейбір жеке факторлардың әсерін тәжірибе арқылы анықтауға және экологиялық механизмдерін білуге мүмкіндік береді. Табиғаттағы тәжірибенің бақылаудан өзгешелігі - организмге белгілі бір фактордың әсері жасанды жағдайда жүргізіледі. Экологиялық тәжірибенің мысалы ретінде - орман шетіндегі қорғаныс сызықтарын, мелиорациялық жұмыстарды, жануарларды бұрын тіршілік етпеген аудандарға көшіру жұмыстарын келтіруге болады.
Экологияда қазіргі кезде кибернетика мен теория әдістері, математикалық әдістер қолданылады. Әсіресе электрондық есептеу машиналарын қолдану және экологиялық жүйелерді модельдеу кең таралып келеді. Бұл әдістің ерекшелігі тұпнұсқамен, яғни обьектімен немесе жүйемен қатар оның қолдан жасалған жасанды көшірмесі де зерттеледі. Зерттеулерде әртүрлі математикалық (сандар, белгілер), графикалық модельдер қолданылады.