Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ондирис.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
153.42 Кб
Скачать

56. Өндіріс орындарындағы шу және діріл нормалары

Шу деп кез келген жағымсыз дыбыстар немесе бірнеше дыбыстардың уақыт бойынша өзгеріп, адамға жағымсыз сезімдер тудыратын дыбыстарды айтамыз. Уақыт бойынша шу тұрақты болып келеді, ал спектрлері бойынша жуан жолақты және тоналды болып екіге бөлінеді. Сонымен қатар тұрақсыз шулар, олар уақыт өткен сайын үзілмелі және импульсті болып келеді. Дыбыстық толқындар ауада қатарласатын атмосфералық қысымға қатысты жоғарылайды немесе төмендейді. Осы кезде пайда болған дыбыстың айырмасы – дыбыстық қысым деп аталады. Дыбыстық қысым Па мен өлшенеді. Адам қабылдай алатын ең әлсіз дыбыс 2· Па .

Естілу жағдайларында дыбыс қысымдарының қатынасын децибел арқылы белгілейді және мына формуламен анықталады: – дыбыс қысымының шкаласы, Дб. – дыбыс қысымының өлшенген орта квадраттық мәні, – дыбыс қысымының орташа квадраттық мәні, ол тұрақты шама Па

Геологиялық барлай жұмыстарында шу мен бұрғылау процестері тау-кен өндіру және ремонттық жұмыстарға қатысты болады.Тау жыныстарын ұсату операцияларында, электрлік және пневматикалық, желдету вентиляторлары , олардың жұмысы осы шумен қатысты. Шумен күресу шаралары

1. Қондырғылардың технологиясын өзгерту және шуды төмендету.

2. Шудың пайда болу кезін және аса шулы бөліктерді изоляциялау арқылы

3. Шудың аралық таралуын болдырмау

4. Қондырғыны алыстан бақылау (басқару)

5. Гигиеналық нормативтерді өңдеу және жүйелік дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру.

6. Жеке басты қорғау құралдарын пайдалану.

Өндірісте көптеген жағдайларда шуды болдырмау шу шығармайтын металдармен алмастырылу арқылы жүзеге асады. Шудың өшуі ол дауыстық айыруға байланысты болады. Аэродинамикалық шумен күресу көбінесе ауа үрлегіштерінде, пневматикалық двигателдерде болуы мүмкін. Ол үшін активті және реактивті шу өлшегіштер қолданылады. Шуды өлшейтін негізгі прибор шумомер деп аталады. Шумомерде дауыс микрофонмен электрлі тербеліс арқылы анықталады, сонан кейін түзеткіш арқылы арнайы приборда тіркеледі. Өндірістік шудың өзгеру диапазоны мына аймақта болады: 30-130дб. Ал олардың жиілік аумағы 50-8000гц. Адам организміне шудың әсері:

Шудың әсер ету деңгейі биіктікте, қатты дауыстың қаттылығына және ұзақ уақыт әсер етуіне қарсы болады. Шудың әсерінен құлақ естімей қалады, есту мүшесі жарақаттанады, мидың жұмысы, есте сақтау қабілеті төмендейді, адамның орталық жүйесіне әсер етіп, соның салдарынан адамның жұмысқа деген қабілеттілігі төмендейді.

Діріл – ол өндірістік зиянды механикалық тербеліс, қорғаныс кезінде адамның денесіне беріледі. Діріл көбінесе құрылыста, машина жасауда, медицинада қолданылады. Медицинада қолданылатын діріл пайдалы діріл д а. Жалпы діріл 3 категорияға бөлінеді:

1. Транспорттық діріл (жұмыс орнындағы тракторлар,құрылыс жол машиналары, жук көліктері, шахтадағы рельс транспорттары )

2. Транспорттық-технологиялық дірілдер (жұмыс орнындағы экскалатор, жүк машиналарын бұрғылау станоктары, бетон араластырғыш машиналар және т.б)

3. Технологиялық діріл (әртүрлі станоктар, электрлі және агрегаттық насостар, электрлік ұрғыш насостар т.б)

57. Радиациялық қалдықтарды жою жолдары

Радионуклидтермен ластанған жер, топырақ, құрылыс конструкцияларының элементтері, өндіріс және тұтыну қалдықтары, уран кенін өндірудің және байытудың қалдықтары, оның ішінде құрамында қара, қосындыланған және түсті металдар бар қалдықтар байыту өндірісінің қалдық қоймаларында ұзақ сақталуға немесе көмілуге, немесе (және) кәсіпорынның тау бөлігінің шегінде салынатын арнайы жер бетіндегі қорымдарда көмілуге жатады. Радиоактивтілігі төмен қалдықтарды тасымалдау және көму үдерісі (қорымға тиеу) механикаландырылады. Жұмыс ауысымының аяғында пайдаланған техниканы дезактивациялайды.

Радиоактивті қалдықтар және істен шыққан сәуле көздері МК мен РҚКП-ға көліктік контейнерлерде қабылданады.Алдынала жиналған жерінде қауіпсіз күйге көшірілмегенжарылу қаупі бар немесе өздігінен тұтанатын қалдықтар көмуге қабылданбайды. Радиациялық қалдықтарды шығару алдында МК немесе РҚКП өкілі қаптамаларға радиациялық бақылау жүргізеді.

Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау арнайы жабдықталған көлік құралдарымен немесе оларды жүйелі тасымалдауға арналған, конструкциясы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы органдармен келісілген МКҚ мен РҚКП-ның автокөлігінде жүргізіледі. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдауға арналған көлік құралдарының беті ылғалға, химиялық заттарға төзімді, радиациялық қорғаудың экрандау құрылғылары, қаптамаларды бекітуге арналған құралдар, екі көмірқышқылды өртсөндіргіш, жеке қорғаныш құралдары, сіңіру материалдары және апат салдарын жою құралдары болуы тиіс. 

58. Қондырғылардың діріл деңгейін баяулату жолдары

Діріл – ол өндірістік зиянды механикалық тербеліс, қорғаныс кезінде адамның денесіне беріледі. Діріл көбінесе құрылыста, машина жасауда, медицинада қолданылады. Медицинада қолданылатын діріл пайдалы діріл д а. Жалпы діріл 3 категорияға бөлінеді:

1. Транспорттық діріл (жұмыс орнындағы тракторлар,құрылыс жол машиналары, жук көліктері, шахтадағы рельс транспорттары )

2. Транспорттық-технологиялық дірілдер (жұмыс орнындағы экскалатор, жүк машиналарын бұрғылау станоктары, бетон араластырғыш машиналар және т.б)

3. Технологиялық діріл (әртүрлі станоктар, электрлі және агрегаттық насостар, электрлік ұрғыш насостар т.б)

Дірілдеу (вибрация)- денеде айнымалы күш әсерінен пайда болатын кіші-гірім механикалық тербелістер. Дірілдеу жер бетімен толқындар арқылы таралады. Көлік вибрациясы техника жұмыс істеуінің бұзылуына алып келеді де, апаттардың себепшісі болуы мүмкін. Статистика бойынша, көлік апаттарының 80 пайызына осы дірілдеу себебші болады. Адамның денесін динамикалық жүйе ретінде қарастыруға болады. Көптеген зертеулер көрсетуі бойынша, осы динамикалық жүйе діріл әсер еткен кезде өзгеруі мүмкін. Динамикалық жүйе үшін қауіпті, резонансты тербелістер бар. Резонансты тербелістер кезінде дене немесе оның жеке мүшелер тербелістерінің амплитудасы күрт жоғарылауы мүмкін. Резонансты жиіліктер. Адам үшін резонанс болу жағдайлары: • Адам отырған қалпында жиілік 4-6 Герц • Бас үшін 20-30 Герц жиілікте • Көз үшін 60-90 Герц жиілікте Жоғарыда аталған жиіліктермен адамға әсер етсе, омыртқа зақымдануы, көз көру нашарлалауы, тіпті жүкті әйел адамның уақытынан ерте босануы мүмкін. Әсер етуші діріл туралы ақпаратты вестибулярлы құрал қабылдайды.Вестибулярлы құрал адам бас сүйегінің самай бөлігінде орналасқан.Мидың бұл бөлігі кеңістіктегі адамның тепе-теңдігіне, орналасуына жауап береді. 

Дірілмен күресу шаралары:

1. Дірілдің таралуын басқару процестерін автоматтандыру.

2. Әртүрлі діріл туғызатын машиналардың қашықтықта орналасуы,

3. жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.

59. Өндіріс орындарындағы діріл және шудан туындайтын кәсіби аурулар

Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.

Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.

Патогенезі. шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар  шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен байланысты.

Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды. Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең – 16 – 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.

Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің  тексерулері бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың  алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы  тұрақты қан айналымның бұзылыстарына әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті процестерін тудырады.

Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш түсумен негізделген.Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге негізделген. Жануарлардың спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің құрамындағы нуклеин қышқылдарын, сілтілі және қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы мен шудың әсерлеріне жауаптары  есту анализаторларының  анатомиялық физиологиялық байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты. Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық тітіркендіргіштер,  тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.Діріл ауыруы

Адам ағзасына ұзақ уақыт діріл әсер ету салдарынан пайда болатын ауыру. Бұл ауыры әдетте құрылысшыларда, машинисттерде, тігін машинасымен қолданатын тігіншілерде яғни дірілдейтін құралдармен жұмыс істейтін жұмысшыларда пайда болады. Осы құралдардың көбін қолда ұстауға тура келеді. Ал адамның қолы дірілге қатты сезімтал болып табылады. Секундына 35 тербелістен артық діріл әсер етсе, жергілікті діріл ауыруы пайда болады. Сонымен қатар жергілікті діріл көліктің ішінде келе жатқан адамдарда болу мүмкін. Діріл ауыруларының даму кезеңдері алты айдан тоғыз айға дейін созылуы мүмкін (діріл күштілігіне байланысты). Діріл ауыруының негізінде жүйке жүйенің әр түрлі бөліктерінде дами алатын парабиоз процессі жатыр. Ең алдымен қол рецепторлары зақымдалады. Потологиялық процесс рецепторлардан перифериялық жүйкеге өтеді. Омыртқа араларында парабиотикалық өзгерістер болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]