Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор ондирис.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
153.42 Кб
Скачать

42.Өндіріс орындарындағы шудың адам ағзасына әсері

Шу мен діріл ауа тарату жүйелеріндегі міндердің бірі болып табылады. Зерттеуіміздің нысанасы ауатартқыш, жабынды қондырғылары, ауыспалы ауа шығынының жүйелері болып табылады. Ауатартқыштағы ауа қозғалысының үлкен қуаттағы желдеткіштер қолдану және ауа қозғалысының үлкен жылдамдығы шу мен дірілді тудыратыны, акустика көз қарасы жағынан ауа тарату жүйелерінде проблемалар уындатып отыр. Негізінен, ауа тарату жүйелерін жобалау кезеніңде шу проблемасын қарастыру қажет деп ойлаймыз, өйткені дайын болған нысанда түзету жұмыстарын жүргізу күрделі және көп қаражатты қажет етедіАкустика бойынша жобалатын ауа тарату жүйесі жақсы көрсеткіштерге ие болу үшін, келесі жағдайларды ескеру қажет: қабылдағыш және тарату құралдары, бір уақыттағы шу көздерінің болуымен сипатталады. Механикалық және электрлік қондырғылар: желдеткіштер, компрессорлар, сорғыш агрегаттар, сонымен қатар диффузорлар, клапандар шу көздері болып табылады. Бұл аталғандардың барлығы қондырғының өзінің құрылымы бойынша және қабылдағышқа, басқаша айтқанда сол ғимараттағы адамдарға әртүрлі жолдармен келетін шуды тудырады.Шудың шығу көзінен қабылдағышқа келу жолдары: 1 – үймарат құрылымы арқылы – едендер арқылы берілетін шу; 2 – ауа беру жүйесі арқылы ауа жолымен берілетін шу; 3 – құбырөткізу жүйесі арқылы тудырылатын шу; 4 –ауаның қайту жүйесі арқылы ауа жолымен берілетін шу; 5 – үймарат құрылымы арқылы – қабырға құрылымымен берілетін шу; 6 – шу көздері; 7 – қабылдағыш.Акустика көзқарастары бойынша шу көздері қуаттылығы мен бағыттылығы сипаттарымен қатар, төменгі жиіліктегі немесе жоғары жиіліктегі тербелістері бар, кең желекті, үзіліссіз типтегі немесе уақыт бойынша өзгеріп тұратын сәулелену спектірімен де сипатталады.Біріншіден орта және жоғарғы жиіліктегі шумен салыстырғанда төменгі жиіліктегі шуды реттеп отыру қиындау келеді, екіншіден таза тондағы және уақыт бойынша өзгеруі шуды қолайсыз жасайтыны қолданылатын қондырғыдағы сәулелену спектірінен торабтарға талдау жасау маңызды. Шу ақпаратты қабылдауға бөгет жасайды, ол өз кезегіңде қателікке және жарақаттануға ықпал етеді. Ол шаршағандықты тудырады. Шу ұзақ уақыт бойы әсер еткен жағдайда  жақсы есту төмендейді, қан қысымы өзгереді, зейін қойуы әлсірейді, көруі нашарлайды, тыныс алу орталықтарында өзгерістер болады, қимыл координацияларында өзгерістер болуы мүмкін Өндірісте шуды төмендету мәселесі өзара байланысты екі міндеттерді шешуді қарастырады:1) кәсіпорындардың дайындайтын машиналарының және жабдықтарының, оларға техникалық шартта және стандартта берілген шуларын төмендету;2) жұмыс орнында, кәсіпорын аумағында және оған жақын орналасқан аумақта шуды төмендету.

Шудан қорғау әдістері. Шудың шығу көзінің сипаттамасына байланысты шудан ұжымдық қорғау және дербес қорғау құралдары таңдап алынады. Олар МЕСТ 12.01.029.080 «ССБТ. Шудан қорғау құралдары және әдістері. Жіктелуі» анықталған.Ұжымдық қорғау құралдарын таңдау акустикалық есеп негізінде жүргізіледі. Мақсаты – шудың нақты деңгейін анықтау және шудың деңгейін мүмкіндік мөлшеріне дейін төмендету.Шудың шығу көзінің орналасқан жеріне байланысты акустикалық есеп жүргізіледі: оның ашық кеңістікте немесе бөлмеде орналасуында.Шудың таратылу заңдылықтарынан және акустикалық есебінен шудан қорғау шаралары шығады:Шудың шығу көзінің дыбыстық қуатын азайту. Шудың шығу көзін азайту шаралары шудың табиғатына байланысты. Механикалық шулар механикалық энергияның акустикалыққа көшуін азайту жолымен былайша төмендетіледі:

1) машинаның дайындалу дәлдігін жоғарлату;

2) айналмалы бөліктерінің берілетін жиіліктерін және жүктемеліктерін азайту;

3) соққы беретін процесстерді соққысыз процесстерге ауыстыру;

4) айналмалы бөліктерін баланстауды жақсарту:

5) механизмдерде оралу-ілгерілеу қимылдарын айналмалыға ауыстыру;

6) дыбыстық емес материалдарды қолдану (пластмасса, ішкі үйкелісі үлкен дыбыссыз металлдар);

7) қажалатын беттерін майлауды жетілдіру;

8) тісті берілістердің орнына клиноременді және тісті-ременді берілістерді қолдану.

43.Өрт сөндіру құралдары, жұмыс істеу принципі

Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 %  ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода,  құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді.Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді.Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады.  Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды.Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген.Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады.Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш  орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады.Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi.