
- •1. Адам және қоршаған орта
- •2.Адам – қоршаған орта жүйесіне әсер ететін кері фактор және қауіптер көздері
- •3. Тәуекел – қауіптіліктің сандық өлшемі
- •4.Өндірістік іс-әрекеттің қауіпсіздігін қамтитын принциптер, әдістер және қондырғылар
- •5.Қауіпсіздікті қамтитын қондырғы– құрылымдық, ұжымдық, материалдық туынды, принциптер мен әдістерді нақты іске асыру.
- •6.Қауіпсіздікті қамту принциптер
- •7.Қауіпсіздікті қамту әдіс
- •8.Химиялық өндірістегі негізгі қауіптілік көздері
- •9. «Өндіріс қауіпсіздігінің негізі» пәнінің оқыту және ғылыми тұрғыдағы негізгі мақсаты мен міндеттері
- •11. Қауіп жағдайларын көрсетіңіз
- •12. «Тәуекел» ұғымын түсіндіріңіз
- •13. Химиялық қауіпті объектілердің қауіпсіздік функциясы қандай факторларға тәуелді
- •14. Қандай объектілер химиялық қауіпті болып саналады
- •15. «Биосфера» және «техносфера» ұғымдарына анықтама беріңіз
- •16. Еңбек жағдайлары
- •17. Жұмысшылардың қорғаныс құралдары
- •18. Қорғаныс құралдарының жіктелуі Қорғаныс құралдары міндеттеріне қарай келесідей жіктеледі:
- •19. Еңбек жағдайын сипаттайтын еңбек үдерісінің қандай факторлары бар?
- •20. Еңбек жағдайлары қалай жіктеледі?
- •21. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қалай жіктеледі?
- •22.Жұмыс орнын қалай аттестациялайды?
- •24. Технологиялық регламент
- •26. Өндірістік қондырғының сенімділігіне қойылатын талаптар
- •27. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен аспаптардың эксплуатациялық қауіпсіздігі
- •0,07 МПа (0,7 кгс/см2) бу және газ қысымында жұмыс істейтін ыдыстар;
- •0,07 МПа (0,7 кгс/см2) қысымнан жоғары қысылған, сығылған және ерітілген газдар енгізілген баллондарды тасымалдауға және сақтауға арналған ыдыстар;
- •0,07 МПа (0,7 кгс/см2) қысымнан жоғары қысылған, сығылған және ерітілген газдар, сұйықтықтар мен шашырайтын денелерді тасымалдауға немесе тасымалдауға арналған цистерналар және ыдыстар;
- •28. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен аспаптардың жалпы сипаттамасы
- •29. Құбыр жолдарының жалпы сипаттамасы
- •30. Жөндеу және тазалау жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік
- •31. Электр тогының адам ағзасына әсері
- •32.Улы заттардың жіктелуі, адам ағзасына әсері32. Улы заттардың жіктелуі, адам ағзасына әсері
- •33. Бірінші топқа жататын улы заттар, олармен жұмыс істеу қауіпсіздігі
- •1Ші топқа жататын улағыштар: Жүйке-сал ауруына ұшырататын әрекетті улағыш заттар
- •34. Екінші топтың улы заттары және олармен жұмыс істеу қауіпсіздігі
- •35. Улы заттармен жұмыс істеу қауіпсіздіктері
- •36. Өндіріс орындарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
- •37. Өндіріс орындарындағы тозаңдар түрлері, адам ағзасына әсері
- •38.Өндіріс орындарындағы ылғалдылық нормалары, адам ағзасына әсері
- •39.Жұмысшы зона, оған қойылатын талаптар
- •40.Өндіріс орындарындағы желдету жүйелерінің түрлері, желдету жүйелері
- •41.Өндіріс орындарындағы діріл, оның адам ағзасына әсері
- •42.Өндіріс орындарындағы шудың адам ағзасына әсері
- •44.Өндірістік газқағарлар түрлері, жұмыс істеу принциптері
- •45.Өндірістік газқағарлардың маркалары және қолданылу аймақтары
- •46.Күюдің түрлері және алғашқы медициналық көмек көрсету
- •48.Өндіріс орындарындағы шуға қойылатын талаптар және шудан қорғау жолдары
- •49.Газқағардың құрылысы, жұмыс істеу принципі
- •50. Өндірістік газқағарлардың түрлері, қолдану аймақтары
- •51. Сынық кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету
- •52. Химиялық улану кезіндегі алғашқы көмек көрсету
- •53. Химиялық улану түрлері және алғашқы медициналық көмек көрсету
- •54. Жұмыс зонасындағы температура нормалары және адам ағзасына әсері
- •55. Радиацияның адам ағзасына әсері, кәсіби аурулар
- •56. Өндіріс орындарындағы шу және діріл нормалары
- •60. Өндіріс орындарындағы шу мен діріл көздері, оларды азайту жолдары
1Ші топқа жататын улағыштар: Жүйке-сал ауруына ұшырататын әрекетті улағыш заттар
Бұл топқа фосфор-органикалық типті уы өте күшті улағыш заттар жатады (зарин, зоман, VХ). Орталық жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттар. Ұрыстық күйі - бу, аэрозоль және сұйық-тамшы. Ағзаға тыныс алу, тері, асқазан-ішек жолы арқылы түседі.
ЗАРИН - түссіз, сәл жеміс иісі бар, тұрақсыз сұйық зат. Сумен, органикалық еріткіштермен кез келген қатынаста араласады, майларда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзімге зақымдайды.
ЗОМАН - түссіз камфора иісі бар сұйық зат. Улылығы күшті, тұрақты, зариннен улылығы 10 есе жоғары, ауадан 6 есе ауыр, өлім жағдайына ұшырататын улы зат. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді.
VХ (ви-икс) - түссіз сұйық, зариннен улылығы жоғары, өлім жағдайына ұшырататын улы зат.
Зақымданудың алғашқы белгілеріне көз қарашығының кішіреюі (миоз), көздің көру қабілетінің төмендеуі, көздің мандайға карай тартып ауруы жатады. Адамның жүрегі айнып, кеуде тұсы ауырады. Тоқтаусыз сілекей бөлінеді. Адам әлсіреп, денесін ұрейлі қорқыныш сезімі билейді. Адамның тынысы тарылып, қатты демігеді (бронхоспазм), кеуде тұсының ауырғаны күшейеді, еріндері көгеріп кетеді, көзі қарауытады, құсады, іші өтеді, жүру координациясы бұзылады. Адам есінен танады. Жекелеген бұлшық еттерінің, бүкіл денесінің қалшылдауы айқын сипат алады. Көп мөлшерде бөлінген сілекей мен сілемейлі сұйық тыныс алу жолдарын бөгеп, адамның ентігуі күшейе түседі.
Алғашқы медициналық көмек:
• Зақымданған адамға дереу газқағар кигізу. Газқагарды киер алдында бет терісін химияға қарсы қолданылатын жеке пакеттің (ХЖП немесе ИПП - 8) суйығымен ішінара санитарлық өңдеу жүргізу (1- сурет)і;
• Антидоттарды (уға қарсы дәрі-дәрмекті) қолдану зақымданудың жеңіл сатысында жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы (АИ-2) тарен таблеткасын қабылдау. Ауыр сатысында шприц-тюбикпен атропин немесе афин жіберу;
• Қажет болғанда жасанды түрде тыныс алдыру (химиялық зақымдану ошағында Каллистовтың және басқалардын әдісімен, зақымдану ошағынан тысқары жерде ауыздан ауызға үрлеу әдісімен);
• Зақымданғандарды химиялық зақымдану ошағынан жедел шығару.
34. Екінші топтың улы заттары және олармен жұмыс істеу қауіпсіздігі
Теріні іріңдеткіш әрекетті улағыш заттар
ИПРИТ- майлы сұйық, түсі сарғыш немесе қара-қоңыр, иісі сарымсақтың немесе қышаның иісіне ұқсайды.Органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар еритін зат. Ұрыстық күйі - бу, сұйық-тамшы.
Ипритке тән ерекшеліктер: білдірмей әрекет ететін жасырын кезеңі (зақымдану бірден емес, 2-24 сағаттан кейін білінеді) мен кумулятивтіәсерінің болуы (зақымдау әсерінің ағзада жиналуы).
Зақымдану белгілері: 2-6 сағаттан соң тері мен шырышты қабыктары қызара бастайды. Бір тәуліктен кейін терінің қызаруы күшейе түседі, бұған аздаған дене қызуы, бас ауруы, жалпы сырқаттану қосылады. Терінің күлдіреуі пайда болады (көпіршіктер қаптайды). 2-3 тәуліктен кейін, ауыр сатысында терең жаралар, некроз (жансыздану) пайда болады.
Иприт буын деммен тартқан кезде тыныс алу жолдары құрғап ашиды. Сонымен бірге зақымданушы - түшкіреді, жөтеледі, қақырық түсіп дененің қызуы көтеріледі. Иприт буы әсіресе көзге зиянды. Әуелде көзге бірдеңе түскендей болып жасаурайды, жарыққа қаратпайды, бүдан әрі көз бен қабактың шырыштысы ісініп, қатты қызарып, былшықтанады. Асқазан-ішек жолына түссе, 30-60 минуттан кейін асқазан қатты ауырады, сілекей көбейіп, жүрек айниды, құстырады, одан әрі іш өтеді (кейде қан аралас).
Зақымданғанға алғашқы медициналық көмек көрсету: адамның бетінде улағыш заттардың тамшысы болса бет терісін және терінің ашық жерінхимияға қарсы қолданылатын жеке пакеттегі (ИПП-8) сұйығымен өңдеу және күйзелген кісіге газқагар кигізу. УЗ асқазанға түссе, зақымданған адамның негұрлым шапшаң құсуына мүмкіндік жасау, карболен беру және асқазанды жуып шаю (3-5 стақан су беру және тілдің түбін тітіркендіріп, құсык шақыру). Көзге түскенде оны таза сумен мұқияттап жуу. Зақымданғандарды зақымдану ошағынан қауіпсіз орынға шығару.
Жалпы улы әрекетті улағыш заттар
КӨГЕРТКІШ ҚЫШҚЫЛЫ - түссіз, тез буланатын, ащы бадан иісті сұйық, суда жақсы ериді және ақпайтын суларды бірнеше тәулікте зақымдайды. Ұрыстық күйі -бу.
ХЛОРЦИАН - көгерткіш қышқылынан гөрі неғұрлым үшпа, түссіз сұйык. Токсиндік қасиеттері жағынан көгерткіш қышқылына ұқсас.
Зақымдану белгілері: зақымданған ауамен дем алған кезде ауыз темір татып ашиды, тілдің ұшы ұйыйды, алқымын бір нәрсе тырнағандай сезінеді, көздің тұсы шаншиды, тамақты жыбырлатады, бас айналады және жалпы әлсіздік пайда болады. Бұдан әрі қорқыңыш сезімі күшейеді, қарашық үлкейеді, бұлшық еттері әлсірейді, тамыр соғуы сиреп тынысы тарылады. Зақымданған адам есінен танады, сіңірлері тартылады, қалшылдап дірілдейді. Дем алуы тоқтап, мерт болады.
Зақымданушыға алғашқы медициналық көмек көрсету: зардап шеккен адамға газқағар кигізу. Антидоттың (амилнитрит, пропилнитрит) буымен тыныс алдыру үшін ампуланы сындырып газқағардың дулыға-маскасы астына кіргізу. Жағдайы ауыр болғанда жасанды түрде дем алдырады, оттегімен дем алдырадыі. Зақымданғандарды зақымдану ошағынан қауіпсіз орынға шығарады.