Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШМҚТ емтихан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
572.93 Кб
Скачать

17) Афинадағы Солон және Клисфен Реформалары:

Халық жиналысы Солон реформаларының нәтижесінде Аттиканың өмірінде бұрынғыдан әлдеқайда белсенді рөл атқара бастады. Онда ағымдағы саяси мәселелер талқыланып, архонттар және басқа да жоғарғы қызмет адамдары сайланатын. Кейін олардың бәрі өз жұмысы жөнінде жиналыс алдында есеп беретін болды. Халық жиналысына азаматтардың бәрі де қатынасты.

Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірақ оның атқаратын рөлі төмендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың ақсүйектері қоялады. Археопагтың қолында сот билігі, әкімшілік билігі, дін әкімшілігі болды.

18) Афина Мемлекет құрылысы:

 Мемлекет биліктің жоғарғы органы жылына 40 рет шақырылатын – халықтық жиналыс. Оған тек қана 20 жасқа толған, толық құқылы Афина азаматы ғана жіберілген. Шешім қабылдау үшін 6000 адамның баруы шарт еді.

Басқарудың жоғарғы органы – бесжүздіктер кеңесі. Бұған 30 жасқа толған азамат 1 жылға сайланды. Ол ағымдағы істі жүргізу үшін 10 комиссияға бөлінген.

Жоғарғы сот органы – гелиэя болды. Ол әр филдан 30 жасқа толған зеребе (жребий) арқылы 1 жылға сайланатын 600 адамнан ұүралған 6000 азаматтан тұрды. Гелиэя 501 мүшеден 10 алқаға бөлінді (қалған мүшелері қордағы артық болып саналды).

Мемлекетті басқаруда лауазымды тұлғалар үлкен роль атқарды. Олардың ішінде – стратегтер алқасы – 10 адамнан тұрды. Бұл лауазымға тек үйленген және қозғалмайтын меншігі бар азаматтар ғана қатыса алды.

-   архонттар алқасы – 9 адамнан тұрды. Олардың әрқайсысына белгілі бір функциялар бекітілген.

-   аполекттер – мемлекеттік қазынаны басқарды.

-   элленоттар – афина теңіз одағы қазынасын басқарды.

-   полеттер – мемлекеттік мүлікті  басқарды.

-   логисттер – лауазымдық тұлғалардың ақша есептеріе қабылдады.

-   астиномахтар – көшедегі тәртіпті бақылады.

Таќырып 2. Ежелгі шығыс өркениет құқығы.

Ежелгі  дүниедегі құқықтың пайда болуы және дамуы. Қандай  да болмасын әлеуметтік организмге, яғни адамдар бірлестігіне  және адамға ішкі ұйымдасушылық  қасиет және реттеушілік функция тән. Осындай қасиетінен  айрылған тұлға немесе әлеуметтік бірлестік жойылады.Рулық қауым сатысында ішкі  мәселелер көсем беделімен ғана шешіліп отырған жоқ, сонымен бірге ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптар бойынша да басқарылды. Әдет-ғұрыптардың пайда болуы адамдар өмір сүрген табиғи ортаға, шаруашылық жүргізу тәсіліне және басқару мәселелеріне байланысты. Мысалы,шөлді аймақта тұратын халықтарда бұлақтарды, су көздерін қорғау дәстүрі көп.  Ал суы жиі  таситын аймақтарда өзенге табынып, құрбандық беріп жатады.

Адамдар бірлестігінің түрлері өзгеріске ұшыраған сайын адамдардың өзара қатынасы да өзгеріске ұшырап отырды. Мысалы, рулық қауымдағы адам өзінің  құқы туралы көп ойланбаса, ал көршілік (селолык) қауымда әрбір қауым мүшесі  жыл сайын жердің қайта  бөлінуіне, жеке малына басқалардың тиіспеуіне мүдделі бола бастады. Ал осындай өзгерістердің барлығы белгілі бір өзара келісілген нормалардың пайда болуына  алып келді. Шаруашылықтың  күрделенуіне байланысты нормалардың көбеюі жазылған заңдарды  қажет ете бастады және сол нормаларды қадағалап отыратын арнайы қызымет адамдары да пайда болды.

Ежелгі Египет (Мысыр) құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Египетте құқықтың қайнар көзі бастапқыда әдет-ғұрып болды. Мемлекеттің дамуы перғауындардың заң шығару құзіретін қарқынды етті. Заңдарды кодификациялағаны туралы мәліметтер бар, бірақ бұл жинақтар  бізге дейін жетпеген. Дегенмен кейбір тарихи деректер, арнайы мәліметтер Египет құқығының жалпы сипаттамасын бере алады. Ежелгі грек авторларының шығармаларының сақталынған үзінділері  біраз мәліметтер береді, мысалы “ грек тарихшысы Диодор алғашқы жазба заңдарды I патша әулетінің негізін салушы, аты аңызға айналған  Менесу (шамамен б.э.д. 3000 ж) перғауын құрастырған” деген. Ежелгі Египет және антикалық әдебиеттерде келесі перғауындардың заң шығару қызметімен  белсенді айналысқандығы туралы көрсетілген. Сол сияқты Сасихисус патшаға дінге қатысты заң, Бокхориске (б.э.д.VIIIғ)-қаржы және саудаға байланысты толық кодекс, Амасиске (б.э.д.VIғ) жергілікті әкімшілік құзыретінің регламенті туралы заң жатқызылады. Ерте патшалықтың өзінде-ақ түрлі нысандағы патша актілері белгілі болған. Олардың бірі жалпы  нормативтік сипатта (заңдар), басқалары патшаның, жеке сұрақтар бойынша  нақты бұйрықтары болды.

Египетте жер мемлекет меншігі болып саналды. Египетте жер иеленудің бірнеше түрі болды: мемлекеттік, шіркеулік, жеке және қауымдық. Ірі жер иеленушілер қатарына шіркеу шаруашылығы және патшалық вельможалар жатты. Олар жерге қатысты түрлі мәмілелер жасай алды (сыйға беру, сату, мұрагерлікке беру).

Жылжымалы мүлікке құлдар, жұмыс малы, ертеректе жеке қолға түскен және  түрлі мәмілелер құралына айналған инвентарь жататын.

Міндеттемелер. Қарыз, жалдау, сауда-саттық, жерді жалға беру сияқты  бірнеше келісім түрлерін ежелгі египет құқығы білген. Египетте жер негізгі байлық болғандықтан оның қолдан қолға өтуінің ережесі, тәртібі жоғары болды. Бұл тәртіп мынандай үш актілі көріністі  құрастырды: бірінші, шарт заты және төлемді жүзеге асыруы туралы сатушы мен сатып алушының бір шешімге келуі, екінші акт, діни сипатта, яғни жерді сатушы адамның ант беруімен шартты бекітді; үшінші акт сатып алушыны иелігіне енгізу, бұл жер жеке меншік құқыққа өткендігін көрсетті. Уақыт өте екінші акт қолданыстан шықты.

Неке және отбасы қатынастары. Неке күйеуі мен әйелінің келісім негізінде жүзеге асты. Бұл келісім әйелінің әкелген төсек орыны мен енші мүлкінің де құқықтық режимін анықтаған: бұл мүліктер әйелінің жеке меншігі  болып қалдырылып және отбасының барлық мүлкін әйеліне аударуға болатын. Египетте көптеген уақыт матриархаттық қалдықтары болған, бұл отбасында  әйелдің орны жоғарылығымен көрініс тапқан. Уақыт өте күйеуінің құқығының нығаюып, ер адам отағасықұқыққа ие болып, әйел адам бұрынғыдай еркек пен тең құқылы болмаған. Египетте екі жақтың келісімімен ажырасу жүзеге асырылатын.

Египет құқығы бойынша мұрагерлік заң  және өсиет бойынша қалдырылған. Заң бойынша мұрагер ұл да, қыз да бола алады. Ал, өсиетті күйеуіде, әйеліде құра алады.

Қылмыстық құқық және процесс. Египет құқығы бойынша қылмыс болып табылатын әрекеттердің шеңбері кең болды. Ең ауыр қылмыстардың қатарына  мемлекет және қоғамдық құрылысқа қауіп төндіретін әрекеттер жатады (бұған опасыздық, сатқындық, көтеріліс жасау, мемлекеттік құпияны жария ету сияқты әрекеттерді жатқызған). Бұндай жағдайларда тікелей кінәлімен қоса отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Діни сипаттағы қылмыстар өте ауыр жазаланған (қасиетті жануарларды өлтіру: мысық,үкі ).

Азаптау әдістері кеңінен қолданылған. Іс  жүргізу жазбаша жүргізілген.

Хаммурапи заңына жалпы сипаттама. Дүниедегі алғашқы жазылған заң жинақтарының бірі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары.

Ежелгі Вавилон құқығының ескерткіші Хаммурапи патшаның заңы (б.э.д. ХVIII ғ). Хаммурапи заңы белгілі бір жүйесіз, ешбір салаға жатпай жазылған. Бірақ осы заңның ішкі логикасын айқын көруге болады.  Заң тексті базальт стильде жазылған. Жоғарғы жағында Шамаш құдайдың суреті бейнеленген, яғни осы заңды тізерлеп, қолын жайып, мойын ұсынып тұрған Хаммурапиға беріп жатқаны. Бұл сурет заңның құдіреттілігін сипаттайды. Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В.Шейл тұнғыш рет заңды 282 бапқа бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған заң нормаларынан құрылады. Мысалы:1-5 баптар процессуалдық сипаттағы ережелер; 6-126 баптар мүліктік қатынастарға; 127-195 отбасылық –мұрагерлікке; 196-214 баптар жеке тұлғаны қорғауға; 215-282 жалға беру тәртібіне және тағы басқа қатынастарға арналған. Заң баптарға бөлінбегенін айтып кеттік, сондықтан ескерткішті кодекс сияқты жинақ деп қарастыруға болмайды.

Ежелгівавилон құқығының таптық мәні мүліктік қатынастарды реттейтін және жеке меншікті бекітетін заң баптарында айқын көрініс тапқан. Вавилонда құлдар басқа да мүліктер (мал,еңбек құралдар және т.б) сияқты меншік объектісі болып табылды.

Ежелгі Вавилонның әлеуметтік топтардың құқықтық мәртебелері. Бұл сұрақты қарастырған кезде, қоғамды құлиеленушілік те, феодалдық те деп қарастырмаған жөн, аталмыш қоғамның көп сипаты «азиаттық» құрылымға тән. Сондықтан маркстік 5 формация түрінің (құлиеленушіліктен – социализмге дейін) белгілері сай келмейді.

Сонымен қатар, Хаммурапи заңында еріктілер арасындағы теңсіздікті көрсетеді: авилум («адам», «адамның ұрпағы») мен мушкенум (патшаға қызметке орналасу туралы өтініш жасайды) арасындағы теңсіздік. Мушкенум –өз қызметі үшін патша жерінен жер бөлігіне ие болатын, тәуелді тұлға. Авилумдарды толық құқық қабілетті және әрекет қабілетті «жеке тұлға» деп айту қиын, өйткені авилумдардың құқықтық жағдайы территориалдық қоғамға және үлкен патриархалды отбасыға жататынмен анықталады.

Әскери адамның құқықтық жағдайы Хаммурапи заңның нормаларының анализінен анықтауға болады, яғни тұтқындағы әскердің өз мүлкін, әйелі мен баланың сатып алуы (выкуп) құқығы.

Міндеттемелер. Хаммурапи заңдарында сол кезде маңызды рөл атқарған жер қатынастарын реттейтін бірқатар баптар болған. Жалға алушы өнімнің үштен бір бөлігін төледі. Жалға беру қысқа мерзімді болды (бір немесе екі жылға). Жалға тек қана жер, бақшалар берілмеді, сонымен қатар Хаммурапи заңдарында көрсетілгендей бөлмелер, үй жануарлары, құлдарды жалға берілді.

Неке және мұрагерлік құқық. Хаммурапи заңдарының маңызды бөлігі (шамамен 70) неке-отбасы қатынастарын реттейді. Бұл кездейсоқтық емес. Отбасы, отағасы арқылы мемлекетпен және қауыммен байланысқа түсетін маңызды әлеуметтік ұяшық (144-147 баптар). Күйеу жігіт некелесу кезінде қыздың әкесіне жұмысшы қолын жоғалтқаны үшін белгілі бір мөлшерде қалың мал төлеген (176-184 баптар). Егер қыздың әкесі оны күйеуге бермесе, төленген қалың малды екі есе етіп қайтарды. Қалындықтың әкесі қызына төсек орын және жасауын берген, оның ерекше құқықтық ережесі бар, бірақ бұл мүлікті күйеу жігіт билеп төстеген.

Қылмыс және жаза. Хаммурапи заңында қылмыс пен жаза ұғымына, анықтамасына және мемлекет үшін ерекше мәнді қылмыстық-құқық нормаларын бөліп қарастыруға ұмтылыс жасамағанын байқаймыз. Бұндай нормалар аталмыш ескерткіште толық көлемде және жүйелі түрде берілмеген.

Заңда патша, діни, абыз билігіне және мемлекеттік басындағыларға қарсы бағытталған қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы баптар жоқ. Өйткені ондай қылмыскерлерді патша өкіметіне ұстап беру міндетті болған сияқты.

Хаммурапи заңы талион («көзге көз, тіске тіс» яғни, кінә үшін оған тең жаза тарту керек) принципіне негізделген қатаң жазаларымен сипатталады. Бірақ бұл принцип қоғамның дамуына байланысты кей кезде жұмсарып отырғанын заңның белгілі баптарынан байкауға болады.

Жинақтың мазмұнына көңіл аудара отырып, қылмыс әрекеттерін үш түрге бөлуге болады: жеке тұлғаға қарсы бағытталған, мүлікке қарсы бағытталған және отбасына қарсы бағытталған.

Үнді құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Үнді мемлекетінде тарихи-құқықтық қайнар көз ретінде – Ману Заңдары (б.э.д. ІІ ғ. – б.э. ІІ ғ.) және Каутилья Артхашастралары (б.э.д. І ғ. – б.э. І ғ.) сақталған.  Ежелгі Үндіде құқық түсінігі қоғамдық қатынастарды реттеуші жеке нормалар жиынтығы ретінде танылмады. Үнділердің күнделікті өмірі өзіндік сипатымен құқықтық емес, эстетикалық сипатты нормалармен бекітілген ережелерге бағынды. Берілген нормалары ашық бейнеленген діни мінездемесіне ие болды.  Адамдардың күнделікті мінез-құлқын анықтайтын нормалар (дхарма) – дхармашастралар жинағында қалыптасты. Ең белгілі дхармашастра Ману Заңы (Ману – миф құдайы ) болып табылады. Бұл заңның жазылғанын нақты уақыты белгісіз. Бірақ,  б.э.д. ІІғ. және б.э. ІІғ. жазылды деп жобаланады.

Ману Заңы 2685 баптардан тұрады. Құқықтық мазмұн негізінен ҮІІІ және ІХ бөлімдерде көрсетілген. Ману Заңының ең маңыздысы – варналық құрылымның қалыптасуы. Бұл жерде діни ілім бойынша әр варнаның пайда болу туралы; варнаның әскери-кәсіптік мінездемесі көрсетіледі; әр варнаның тағайындалуы туралы; жоғарғы варнаның үстемдігі туралы айтылған.

Заң негізгі жеке меншіктің түрін жер деп таниды. Мемлекеттің жер қорын патшаның, қауымның, жеке адамның жерлері құрайды. Мемлекеттің бүкіл жері патшаның жеке меншігінде болған жоқ. Патша жерден жеке меншік иеленуші ретінде емес, мемлекет мүддесін қорғаушы ретінде салық алып отырған. Ману Заңы бойынша, егер патша салықты жинап, мүдделерін қорғамаса, онда ол тозаққа барады дейді.

Міндеттемелер. Ману заңында көрсетілген сотта қарастыратын істердің 18 жуығы міндеттемеге, жалға беруге, сауда-саттыққа, сақтауға және т.б. арналған. Артхашастра мен Ману заңы қарыздық міндеттемені орындалуына тиімді тәсіл ретінде – залог институтын (Артхашастраның ІІІ тарауы 12 бөлімі 11, 12 баптар) енгізеді.

Ежелгі Үндістанда жерді жалға (аренда) беру шарты  белгілі болған, Қауымдық меншік мүліктік дифференциация ұшырағаннан кейін аталмыш шарт кең етек жайған. Кедейленген жериеленушілер өз жерлерін жалға беруге мәжбүр болған.

Ману Заңында сату-сатып алу шарты да кеңінен тараған. Ману Заңында сыйға беру шарты қарастырылған.

Шарттың кейбір түрлерін реттеу үшін заң жалпыға бірдей ережелер бекітеді. Ману заңында келтірілген залалдан туындайтын міндеттемелер туралы айтылған.

Неке және отбасы құқығы.  Ежелгі Үндістан қоғамына патриархалды отбасы тән.  Күйеуі-отагасы. Әйел күйеуіне және ұлдарына толық тәуелді болған. Неке мүліктік шарт сипатты, яғни күйеу өзіне әйелді сатып алады және оның жеке меншігі болып саналды.

Отбасы мүлкі толығымен  отағасының билігінде болған. 299 бапқа сәйкес «бұзақы қылық жасаған әйелін, баласын, құлын, шәкіртін және туған інісін арқанмен және бамбук шыбыкпен ұруға құқығы бар».

Ману заңы жоғарғы дхармаға сай ерлі-зайыптылар арасында «өлер өлгенге дейін толық сенімділік» болады деп жариялай отырып, күйеу жігітке бірнеше әйел алуға және ажырасуына рұхсат береді.

Барлық мүлік олардың ортақ игілігі, бірақ күйеуі иелігін жүргізген.  Әке-шешесі қайтыс болған жағдайда  мүлік ұлдар арасында бөліске түскен, немесе кіші інілеріне қамқоршы болып қалған үлкен ұлы ие болған.  Қыздар мұрагерлікке ие бола алмайды, бірақ ағалары ¼ бөлігін бөліп беруге тиіс еді.

Қылмыс пен жаза.  Ежелгі Үнді құқығында, сол тәрізді Хаммурапи заңында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы құқықтық тыйымдардан жеке бөлінбеген. Ману заңында қылмыс түсінігі сол уақытқа байланысты өте жоғары  танылған, жаза түрі қылмыс жасаған жағдайына байланысты тағайындалған. Бірақ қылмыс түсінігі толығымен қалыптаспаған Ману заңында да, Каутилья Артхашастраларында да деликт пен қылмыс арасында айырмашылық шегі анықталмаған. Заңда кінәнің нысандары (қасақана және абайсыздық), қылмыстың қайталануы, қылмысқа қатысушылық, жәбірленушінің және кінәлінің касталық тегіне қатысты қылмыс ауыртпалығы айқындалған.  

Ежелгі Қытай құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Қытай заңнамаларының түп нұсқалары бізге жетпеген. Тарихи деректерге жүгінсек, алғашқы жазылған заңдар және заңдар жинағы Шань мемлекеті кезінде пайда болған дейді. Қытайда заң шығармашылық б.э.д. ҮІ-ІІІ ғасырларда, яғни саяси аренада патриархалдық дәстүрге және тарихи әдет-ғұрыпқа  тірек жасаған конфуцияндар мен мемлекеттік заңның мазыздылығын, ролін уағыздаушы легист мектебінің арасында қарама-қайшылық туындаған кезде жылдам дами бастаған.

Б.э.д. Ү-ІІ ғасырларда «Заңдар кітабы» атты заңдар жинағы дайындалған. Авторы Вэй Ли Куй (б.э.д. 427-387жж.) . Бұл кітапта сол кездегі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамалары жинақталған.

Меншік құқығы. Инь мемлекет дәуірінен бастап малға, құлға, еңбек құралына, құнды әшекейлерге және т.б. заттарға деген жеке меншік құқығы бекітілген. Бірақ жерге деген мемлекеттік меншік және қауымдық қатынас ежелгіқытай қоғамындағы мүліктік жіктелудің және тауарлық өндірістің дамуына кері әсерін тигізді.

Отбасы және неке құқығы. Инь мемлекет дәуірінде Қытайда матриархаттың элементтері барын байқауға болады, яғни қандас туыстардың арасында неке құру мүмкіндігі болған. Ал, Чжоу мемлекеті дәуірінен бастап отағасы әйелі мен балаларына басшылық жүргізген, яғни толық патриархалдық дамыған.

Қытай әдет-ғұрпы бойынша мұралыққа бәйбішіден тұған ұл ғана ие болады. Ұлы болмаса еркектің тұған-туыстары мұралыққа ие болады.

Қылмыс пен жаза. Ежелгі қытай құқығы бойынша қылмыс ұғымы мен қылмыстың түрлері және жаза тағайындалу өте ерекше сомдалған. Қылмыстық заңнамада қылмыстың түрлері көрсетілген: мемлекеттік қылмыстар. Бұлардың қатарына ұлы патшаға тіл тигізу,үкіметке бағынбау және т.б. Жазаның бес түрі қолданылған: денесіне таңба салу, мұрнын кесу, аяғын кесу, әтектеу және өлім жазасы.