Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШМҚТ емтихан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
572.93 Кб
Скачать

8) Вавилон мемлекетінің құрылысы:

Вавилон мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Ежелгівавилон қоғамының жалпы құрылымы египет қоғамына ұқсас. Яғни, вавилон қоғамының ерекшелігі ірі жер иеленушілер мен құлиеленушілердің молайуы нәтижесінде мемлекеттің пайда болуы және патша құқығының күшеюі. Шіркеу жерлерінің мемлекеттікке көшуі, қауымдық жерлерді сатып алу және жаулап алу нәтижесінде патшаның жер қоры ұлғайды. Сонымен қоса, патша жер қорының және жеке меншік жердің көбейуіне қарамастан жер өңдеудің ирригациялық жүйесіне негізделген қауымдық құрылымының сақталуы қоғамның ерекшелігін танытады.

Вавилонның басқа қоғамдардан ерекшелігі, ондағы ерікті адамдардың екі категорияға бөлінуі. Олар “күйеудің балалары”-авилум (немесе басқаша,”адам баласы”) бұлардың толыққанды азамат екендігін білдірді. Басқалары-мушкенум (“шукену”деген сөзден шығып, жоғары тұлғаға бас ию деген мағына береді).

Барлық мемлекет облыстарға бөлінген, әр облыс басында патша тағайындаған (наместниктер) тұрды. Сонымен қатар Хаммурапи кезінде екі басты наместник – солтүстікте Сиппар қаласында және оңтүстігінде Ларс қаласында тағайындалған. Олардың негізгі жұмысы ирригациялық қаруландыруды және жаңа каналдарды қазуды қадағалау, осы жұмыстарға жергілікті тұрғындарды тартты. Сондай-ақ патша кірісін жинау және патшаға жеткізуді қадағалады, қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметін атқарды.

Ежелгівавилон мемлекетінде қауымдық басқару органы сақталған. Қауымдық басқарудың органы қауымдық кеңес болды, бірақ оның басшысы болып патшамен тағайындалған-рабианум есептелді. Қауымдық кеңесті жүргізуде бөлінбеген қауымдық жерлерді басқару, жер және суды пайдаланудағы келіспеушіліктерді шешу, салық жинау,патша бұйрықтарының  орындалуын қадағалау қарастырылды. Қауым жеке жағдайларда оның территориясында жасалған қылмыс үшін ұжыммен жауап берді.

Вавилонда сот билігі басқа ежелгі шығыс мемлекеттері сияқты әкімшіліктен ажыратылмаған болған. Сот қызметі сонымен қатар, сот алқасына төрелік етуші “ жергілікті әкімнің ” “рабианумның” қолында болған.

9) Хаммурапи заңдары:

Хаммурапи заңдарыВавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 19011902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа. Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы баскқа. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум — “адам”) және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум — “төмен құлайтын”) танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы) ерікті әйелдер де пайдаланған. Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады), “әлеуметтік әділеттілікті” бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азияның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті.