Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШМҚТ емтихан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
572.93 Кб
Скачать

42,43) Қытайдың мемлекеті мен құқығы:

Қытайдағы ортағасырлық кезеңнің басы 220 жылы Хань империясының ішкі тұрақсыздықтың, ең алдымен “сары белбеулілердің” көтерілісінің нəтижесінде құлауымен сиаптталды. “Күшті үйлер” деп аталған бірнеше ақсүйек тектерінің арасындағы күрес өрши түсті. Бұл күрестің нəтижесінде Цвинь

жаңа династиясының (265-420 ж.ж.) негізін қалаған Сыма тегі алға шықты, бұл кезде Қытай қайта бірікті. 280 жылы император Сыма Янь жаңа жарлық қабылдады, оның негізінде əрбір жер иеленуші (16 мен 60 жас аралығындағы) 120 му (6,6га) жер алатын, оның 215-і мемлекетке кетсе, 3\5 бөлігі жер иеленушіге қалатын. Салық төлеуші халық жылына 20 күн мемлекет үшін тегін жұмыс істейтін.

ІІІ — ғасырдың соңында Қытайға ғұндар, кейін юн, цян,жужан, тобог жəне тибет тайпалары басып кірді. ІV-VІғасырларда Солтүстік Қытай нағыз соғыс алаңы болды. Жаулап алушылардың арасынан Солтүстік Вэйдің тоби династиясы бөлініп шықты, олар V ғасырдың соңында өз патшалығын орнатты. 477-485 ж.ж. императордың жарлығының нəтижесінде үлестіру жүйесі қайтадан енгізілді. Ол ауыл шаруашылы-ғының көтеруге жəне Оңтүстік Қытайдағы халықтың қайтып келуіне біршама əсер етті. VІ ғасырдың екінші жартысында Солтүстік жəне Оңтүстік Қытайдың бірігуіне қажеттік туындады. Себебі, VІ ғасырдың ортасында (551 ж.) Қытайдың солтүстік шекараларына қауіп төндірген аса күшті көшпенді

мемлекет Түрік қағанаты құрылды. Бірігу əскери жолмен жүзеге асты. Қолбасшы Янь Цзюнь император жəне Суй (581-618 ж.ж.) династиясының негізін қалаушы ретінде жарияланды. Бұл династияның тұсында мемлекеттік биліктің орталықтандырылуы күшейе түсті. Императордың билігі шексіз болды, ол үлкен бюрократтық аппаратты басқарды. Императордың жанында жоғарғы шенеуніктерден құралған үш палата жұмыс істеді. Одан кейін алты ведомство (шендер, қаржылық,рəсімдік, əскери, сот жəне жазалау, қоғамдық жұмыс ведомстволары) болды. Алайда, шаруа көтерілістері мен Когуремен(сол кезде Корей түбегіндегі мемлекеттердің бірі) ұтымсыз соғыс Суй династиясының құлауына жəне Тан династиясының

(618-907 ж.ж.) негізін қалаушы император Ли Юаньның билікке келуіне алып келді. 624 жылы шаруалар үшін жеңілдіктер орнықтырған декрет қабылданды, оған сəйкес шаруаларға бау-бақша жерін өмір бойғы иелену құқығы берілді.Тан мемлекетіндегі жоғарғы жəне шексіз билік императорға

тиесілі болды. Оның көмекшілері болып екі цзайсян табылды.Мемлекетті басқару үш палата арқылы жүзеге асырылатын:атқарушы, заң шығарушы (империя жарлықтарын даярлау),

салтанаттарды ұйымдастыру; одан кейін суй ведомстволарына ұқсас алты ведомство тұрды. Шенеуніктер тоғыз рангіге бөлінді жəне олардың жалақылары да тоғыз деңгейде болды.Шаруалар “жақсы халық” жəне “жаман халық” болып бөлінді.Бірінші топты еркін шаруалар, екінші топты құлдар, малайлар,бөтен жерді жалға алушылар құрады.907-960 жылдары өтпелі кезең орнады, бұл кез “бес

династия жəне он патшалық” кезеңі деп аталды. 960 жылы əскер император ретінде генерал Чжао Куаниняны жариялады,ол Сун династиясының (960-1271 ж.ж.) негізін қалады. Бұл династияның басқаруы кезінде мемлекеттік құрылым өзгермеді. Қытайдың солтүстік-батыс шекараларында тангуттар

мемлекеті — Батыс Ся мемлекеті (982-1227 ж.ж.) құрылды, бұл мемлекет Қытайдың шекраларына үнемі шабуыл жасап отырды.1234 жылы Солтүстік Қытайды монғолдар жаулап алды, ал

жарты ғасырдан соң Оңтүстік Қытай да бағындырылды.Монғол ханы Құбылай жаңа Юань династиясының (1271-1368ж.ж.) негізін қалады. Өз астанасы ретінде ол Пекинді таңдады.Ол қытайдың əкімшілік жүйесін өздеріне негізге алғанымен,монғолдар қытайларды биліктен аластатты. Осы жəне басқа да шаралар шаруалардың көтерілісіне алып келді. 1368 жылы шаруа қолын бастаушы Чжу Юаньчжанның əскері Пекинге басып кірді. Ол император болып, Мин династиясының негізін

қалады. 1644 жылы Қытайды маньчжурлар жаулап алды, Мин династиясы құлады. Маньчжурлардың басшысы Абахай Цин династиясының (1644-1911 ж.ж.) негізін қалады, ал оның ұлы жаңа u1076 династияның алғашқы “богдыханы” болды (император титулы).Қытайдың құқығы өзгешеліктерге толы болды. Мұнда Конфуцийдың ілімдері негізге алынды, ол бойынша балаларының ата-анасына, əйелінің күйеуіне, жауынгердің басшысына,шаруаның князьға, халықтың императорға қатаң түрде бағы-

нуы уағыздалатын. VІІ ғ. император Ли Ши-Минның бұйрығымен қылмыстық құқық жинағын — “Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың тізімін” жасау басталды. Қылмыстардың тізімі

ауқымды болды жəне олардың басым көпшілігі өлім жазасымен жазаланатын, себебі, конфуций ілімі бойынша қылмыскерге қатысты дене жазаларын қолдануға тыйым салынатын болған. Əкесін өлтірген бала, басшысын өлтірген жауынгер,сюзеренін өлтірген вассал қандай да болсын жағдайға қарамастан өлім жазасына тартылатын.