
- •1) Мемлекет және құқығының жалпы тарихы пәні және міндеттері:
- •2) Мемлекет және құқық тарихының кезеңдері:
- •4) Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы:
- •5) Ежелгі Египеттің мемлекеттік Құрылысы:
- •6,7) Вавилон мемлекетінң пайда болуы және өрлеуі:
- •8) Вавилон мемлекетінің құрылысы:
- •9) Хаммурапи заңдары:
- •10) Ежелгі Үнді мемлекетінің қоғамдық құрылысы:
- •12) Ману заңы :
- •15) Ежелгі Қытай құқығы:
- •16) Афины мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысы:
- •17) Афинадағы Солон және Клисфен Реформалары:
- •18) Афина Мемлекет құрылысы:
- •19) Афина құқығы:
- •20) Спарта мемлекеті.Қоғамдық-саяси құрылысы:
- •21) Ежелгі Римнің Қоғамдық құрылысы.Сервии Тулии реформалары:
- •22) Рим Республикасы:
- •23) Рим империясы.Принцепат.Доминант.
- •24) Рим құқығы.12-кесте заңы:
- •26) Франк мемлекеті(V-IX).Карл Мартелл:
- •29) Франциядағы сословиялық - өкілетті монархия:
- •30) Франциядағы Абсолюттік монархия кезеңі:
- •33) Германиядағы территориялық бытыраңқылық және герман княздық мем.Автономиясы.Алтын Булла:
- •36) Норман жаулап алулары.Генрих 2 реформасы:
- •37) Англиядағы сословилік-өкілдік монархия.1215ж Хартия:
- •38) Англиядағы Абсолюттік монархия:
- •39) Ортағасырлық Ағылшын Құқығы:
- •40) Араб халифаты мен мұсылмандық құқық:
- •41) Мұсылман құқығының негізгі институттары:
- •42,43) Қытайдың мемлекеті мен құқығы:
- •44,45). Жапонияның мемлекеті жəне құқығы:
- •46,47). Үндістанның мемлекеті мен құқығы:
- •51,52)Хvіі ғасырдағы англия
- •53)Хіх ғасырдың басындағы англия
- •54) Ақш.1776ж Тәуелсіздік деклорациясы:
- •56) Саяси партиялар, Азамат соғысы:
- •58) Консулдық жəне империя
- •59) Шілделік монархия. 1830 жылпы революция
- •60) 1871 Жылғы париж коммунасы
- •61) 1848 Жылғы революция.
- •62) Германияның 1871 жылғы конституциясы
- •64). Қытай
- •65) . Жапония
- •67) Ұлыбританияның құқығы
- •68). Франция
- •70)Герман федеративтік республикасының
- •71)Германияның бірігуі
- •72. Италия
- •73). Жапония
29) Франциядағы сословиялық - өкілетті монархия:
Сословиялық - өкілетті монархия кезеңі (ХІҮ – ХҮ ғ.ғ.). Францияда қала өндірісі және сауда-саттық қатынасы жақсы дамыды. Париж және Орлеон қаласы ең ірі дамыған өндіріс орталығына айналды.
Қала мен ауыл арасындағы экономикалық байланыс тұрақты сипатқа ие болды.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастың өзгеруіне байланысты феодалдық қатынас толық ыдырап, сословиялық - өкілетті монархия қалыптасты. Бұл кезеңнің басында король билігі күшейеді. Оның дәлелі ретінде келесі себеп- салдарды қарастырайық:
- қала өндірісі мен сауда-саттықтың дамуы король өкіметінің негізі болып табылатын әлеуметтік-экономикалық қатынасты нығайта түсті.
- үстем таптың көпшілігін құрайтын орта және ұсақ ақ сүйектер тобы король билігінің маңына шоғырланды. Сонымен қоса орталықтанған король жанындағы армияның мықтылығын мойындады, өз артықшылық құқықтырын сақтау жолын іздестірді сол үшін король армиясын құруға ұмтылысты. Монарх үстем топ үшін артық пайда табатын қаржы көзі болып саналды.
- Король билігі сыртқы жаумен күресу үшін ең сенімді, тұрақты күш.
Сословиялық-өкілетті монархия дәуірінде орталық органдар қатарына Мемлекеттік кеңес, Есеп палатасы жатты. Канцлер ең жоғарғы лауазым тұлға ретінде күнделікті мемлекет басқару ісін жүргізеді. Мемлекеттік кеңесте төрағалық етеді және ордананс жобаларын дайындайды. Конентабль – рыцарлар атты әскерінің қолбасшысы, ХІІ ғасырдан бас тап король армиясы қолбасшысы. Камерарии – қазынашы. Палатина – корольдің маңызды тапсырмасын орындайтын және король кеңесшілері.
Король домені тең әкімшілік бірлестіктерге , яғни баляждарға бөлінген. Баляжды король тағайындаған бальилер басқарады. Бальилер әкімшілік-сот орган қызметтерін бақылайды, салық жинайды және күнделікті басқару қызметін атқарады.
Баляждар превотаждарға бөлінеді, оларды прево басқарады. Бұл лауазымды тұлғалар басқаратын округтерде әскери, әкімшілік, қаржы және сот билігі функциялары бойынша бөлінген.
Қалалық өзін-өзі басқаруды – коммунаны өкімет бақылауға алды. Коммуна әкімшілік басқару және сот қызметін жүзеге асырған. Қалалық өзін-өзі басқару сайланбалы органы – қалалық кеңес деп аталған. Қалалық кеңесті ғұмырлыққа тағайындалған мэр басқарады, мүшелері - эшевендер. Шаруалар бұрынғыдай, әкімшілік және сот функциясын сақтап қалған өз сеньорларының қарамағында болды. Сеньорлар қауымдық өзін-өзі басқару органы – сходаны және оның атқарушы органы – синдиканы бақылады.
Сот жүйсінде белгілі өзгерістер байқалды. Біріншіден, феодалдар мен шіркеулерден сот өкілеттілігін алып король юстициясына берді. Осыған орай король соттарының юрисдикция мәні кеңейді. Екіншіден, сот функциясы әкімшілік органдардан ысырылып шығуы орталықтанған монархиялық сот жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік тұғызды. ІХ Людовиктің басқару кезінде, Король куриясы негізінде Жоғарғы король соты Парламент құрылды. Парламент ең жоғарғы наразылықты қарастыратын сот. Ол үлкен тергеу палаталарына бөлінген, соңына келе, кешірім палаталарына бөлінеді. Жергілікті жерлерде провенциялық парламенттер құрылған.
Бұл кезде шіркеу соттары қызмет атқарған, бірақ бұрыңғыдай емес тек діни маңызды (ерес, сиқырлық, некесіз бірге тұру және т.б.) істерді қарастырады. Шіркеу соты инстанциялы. Төменгі инстанция – арнайы өкілетті ресми епископтар соты, екінші инстанция – архиепископ соты, үшінші инстанция – кардинал соты.
ХІҮ ғасырда арнайы қылмыстық тергеу және айыптау органы – прокуратура құрылды.