Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШМҚТ емтихан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
572.93 Кб
Скачать

ШМҚТ.

1) Мемлекет және құқығының жалпы тарихы пәні және міндеттері:

Шет елдер мемлекеті және құқық тарихы мемлекет және құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың шығуы мен дамуын зерттейтін, қоғам туралы ғылымдардың бір бөлігі болып табылады.

  • Шет елдер мемлекеті және құқық тарихының пәні болып жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары табылады.

Шет елдер мемлекеті және құқық тарихы пәнінің әдістері қолданылады :

  • тарихи әдіс, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттелінуін қарастырады ;

  • салыстырмалы –тарихи әдіс, тарихи көрініс тапқан фактілерді өзге ұқсас біркелкі фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді;

  • жүйелі-құрылымдық әдіс, ішкі байланыстылық тән элементтер және жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтер құрылымын зерттеуді болжайды ;

  • статистикалық әдіс, зерттеу объектісіне көптеген сандық көрсеткіштер тән болғанда тарихи процестің сандық жағын зерттеуде қолданылады.

 

2) Мемлекет және құқық тарихының кезеңдері:

Шет елдер мемлекеті және құқық тарихының хронологиялық кезеңдері:

1. Ежелгі дүние

2. Орта ғасыр

3. Жаңа заман

4. Қазіргі заман

4) Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы:

Ежелгі Египет мемлекеті – әлемдегі көне мемлекеттердің бірі. Ол б.д.д. ІІІ мыңжылдықта Солтүстік Шығыс Африкада құрылды. Оның Ніл өзенінің төменгі сағасына орналасуы суармалы егін шаруашылығын дамытуына қолайлы жағдай жасады. Бұл б.д.д. ІV мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ әлеуметтік жіктелуге және билеуші топтың бөлініп шығуына мүмкіндік берді. Б.д.д. ІV мыңжылдықтың екінші жартысында Ежелгі Египетте бірінші мемлекеттік құрылым – нома қалыптаса бастады. Ол суармалы егіншіліктің дамуына абйланысты пайда болды: ауыл қауымдары егіншілік жұмыстарын бірлесіп атқару үшін храмдардың айналысына топтасты. Біртұтас Египет патшалығы құрылғанға дейін номдардың саны отыз болды. Олар бастапқыда екі дербес мемлекетке – Жоғарғы (Оңтүстік) Египет және Төменгі Египетке бірікті. Б.д.д. ІV мыңжылдықтың соңында Жоғарғы Египет патшалары бүкіл Египетті жаулап алып, өз билігіне қаратты. 2. Ежелгі Египеттің тарихы мынадай кезеңдерге бөлінеді: Ертедегі патшалық кезеңі (б.д.д. 3100-2800 жж.); Ежелгі патшалық кезеңі (б.д.д. 2800-2250 жж. шамасы); Орта патшалық кезеңі (б.д.д. 2250-1700 жж. шамасы); Жаңа патшалық кезеңі (б.д.д. 1575-1087 жж. шамасы). Жаңа патшалық соңында Египет күйреуге ұшырады. Оны алдымен парсылар, кейіннен римдіктер жаулап алып, Египетті Рим империясының құрамына қосты. 3. Ертедегі патшалық кезеңінде Египет патшалығы ежелгі тайпалық одақты білдірді. Халықтың басым бөлігін еркін шаруалар-қауымшылдар құрады. Қауымдар қауымдық жер иелену негізінде жерді биледі. Мемлекеттік билік бүкіл жердің иесі деп есептеліп, еркін қауымдар кірісінің бір бөлігін өз пайдасына алып отырды. Бұрын Египетте басқа елдерге қарағанда таптық құл иеленуші қоғам қалыптасты. Бастапқы патшалық кезеңінің өзінде-ақ көптеген соғыстар жүргізу нәтижесінде тұтқын құлдар пайда болды. Олар ірі шаруашылықтарға пайдаланылды. Ертедегі патшалық кезеңінде шаруашылық жоғары деңгейде дамыды. Халықтың әлеуметтік және мүліктік жіктелуі нақты анықталды. Мемлекет билігі перғауыннан бастап жекелеген адамдардың меншікті шоғырлануымен бекітілді. Ірі құл иеленуші қомақты жер иелігіне ие болды және қоғамда жоғары билік иеленді. Сарайда және мемлекеттік басқаруда жоғары лауазымда отырды. Шаруалар мемлекеттегі негізгі жұмыс күші болып қала берді. Ежелгі патшалық кезеңінде құлдар нарығы болғанымен, құлдар әлі де болса аз еді. Египет қоғамында жрецтер ерекше жағдайда болды. Олар үлкен құрметке ие болды. Өйткені олар қабыр өмірі туралы ілімді білді, дәрігерлік өнерді игерді, күрделі сәулет құрылыстарын салуды, жер учаскелерін есептеп бөлуді білді. Жрецтер патша билігінің сүйеніші болды. Храм шаруашылығы салықтан босатылды. Перғауын тек жоғары билеуші болған жоқ, сонымен бірге ол жрец те болды. Кейіннен бұл функция бөліне бастады. Орта ғасыр кезеңінің гүлдену дәуірі мынадай сипаттармен ерекшеленеді: жеке шаруашылықтарда құл иелену едәуір өсіп, жер иеленушілердің жағдайы өзгерді;