
- •1.Шартты операцияны пайдалану, мысалдар келтіру.
- •2.Switch ауыстырғыш операторы.
- •4.For цикл операторы(блок схемасы, жазылу форматы, мысалдар)
- •5 .Do while цикл операторы(блок схемасы, жазылу форматы, мысалдар)
- •6.Көшу (break, continue, goto) операторлары.
- •Void main()
- •3 Түрдегі есептер
- •Int b[10]; //қосымша массив
- •11 Жиымды сұрыптау тәсілдері
- •12 Екі өлшемді жиымдарды сипаттау,жиым элементтерін программаға енгізу.
- •13 Квадраттық матрицаны өңдеу тәсілдері
- •14 Адрестік операциялар және нұсқауыштар
- •15 Жиымдарға қолданылатын функциялар
- •16 Тұтынушы функцияларды жазу,пайдалану
- •17 Айнымалылардың әрекет ету аймағы
- •18 Рекурсивті функцияларды пайдалану
- •19 Символдарды енгізу шығару функциялары
- •20 Сөз тіркестерін өңдеу,тіркестерді енгізу шығару функциялары
- •Void main()
- •2)Strcat(stroka1,stroka2) функциясы тіркестерді біріктіру үшін қолданылады. Ол stroka1 жəне stroka2 тіркестерін біріктіріп, нəтижені stroka1 айнымалысына меншіктейді
- •26) Файлдарда қолданылатын функциялар.
- •29) Турбо с ортасында сызық стильдері,штрихтау сызықтары
- •30) Турбо с ортасында экран түсін өзгерту,іші боялған тұйық сызықтар салу.
- •Void main ( )
15 Жиымдарға қолданылатын функциялар
Жиымдарды сипаттағанда, элементтер типі жəне жалпы жағдайда компьютер жадының қажетті класы
көрсетіледі. Қарапайым айнымалыларда қарастырылатын қасиеттер жиымдарды де сипаттау кезінде
қолданылуы мүмкін. Мысалы:
int b[30];
main()
{ float a[30];
static char c[20];
extern b[];
13
......
} Жиымдарды инициалдауды қарастырайық. Жиым сипатталуында тек сыртқы немесе статистикалық
жиымдар ғана инициалдануы мүмкін. Мысалы, 8 топтағы студенттер саны stud[8] жиымы ретінде
көрсетілген:
#include <conio.h> //stud8.cpp
#include <stdio.h>
int stud[8]={15,16,14,18,15,20,17,19};
main()
{ int i;
clrscr();
extern int stud[];
for (i=0; i<8; i++)
printf(“N%i топ: %i студент\n", i+1,
stud[i]);
} Жиымның нұсқауыштарын қарастырайық. Мысалы: int *а; Жиым аты нұсқауышта қолданылған жағдайда, ол жиымның 0-ші элементін анықтайды, яғни а жиымы сипатталған болса, программа мəтініндегі a
идентификаторы 0-ші элементті көрсетеді деп саналады:
a == &a[0]; теңдеудің екі бөлігі де – a да жəне &a[0]де жиымның 0-ші элементінің адресін анықтайды. Осы екі белгілеу де нұсқауыш типті константа болып табылады. Сондықтан оларды мəн ретінде нұсқауыш
типті айнымалыға меншіктеуге болады немесе қажет 15 болса, нұсқауыш типті айнымалының мəнін
өзгертуге болады. // 8 топтағы студенттер санын беру, stud88.cpp
#include <conio.h>
#include <stdio.h>
int stud[8]={12,11,12,18,15,20,17,19};
main()
{
int i, *k=stud;
clrscr();
extern int stud[];
for (i=0; i<8; i++,*k++)
printf("N%i топ: %i студент\n",i+1,*k);
getch();
}
Нəтижесі:
N1 топ: 12 студент
N1 топ: 11 студент
16
...
N1 топ: 19 студент Нұсқауыштың мəніне санды қосуға болатынын
көрсететін мысал қарастырайық.
main()
{ int a[4], *uki, i;
float b[4], *ukf;
uki=a;
ukf=b;
for (i=0; i<4; i++)
printf("указатели +% d: %8u%10u\n",
i, uki+i, ukf+i);
}
Мұның нəтижесі:
указатели + 0: 65518 65498
указатели + 1: 65520 65502
указатели + 2: 65522 65506 указатели + 3: 65524 65510
16 Тұтынушы функцияларды жазу,пайдалану
Cи тілінде барлық ішкі программалар функция ретінде қарастырылады. Әдетте программалар бірнеше шағын функциялардан тұрады.Функция дегеніміз-белгілі бір операциялар тобын атқаратын программа блогы.Функцияға мәліметтер береміз де, одан белгілі бір нә-тижелер аламыз. Функцияның ішкі әрекеті программаның басқа бөліктеріне қатыссыз орындалады. Программада кем дегенде, бір функция болады және программадағы бір функцияның аты main болуы тиіс. Программаның орындалуы осы main функциясынан басталады. Main функциясының орындалуы барысын-да басқа функциялар шақырылады, ал олар одан да басқа функцияларды шақыруы мүмкін.Бір функция жұмыс істеп тұрғанда, екінші функция-ны орындау керек болса, онда бірінші функция жұмы-сын тоқтата тұрады да, екінші функция жұмысқа кірісе-ді. Ол өз жұмысын аяқтап, return сөзін кезіктіргенде ғана қайтадан бірінші программа өзінің тоқтаған жерінен ары қарай іске кіріседі. Функция атынан соң, жақ-шалар ( ) болуы тиіс.Әрбір функция сипатталып анықталуы тиіс. Функцияның типі және ол арқылы есептелетін мәннің типі бірдей болуы керек. Функция типі көрсетілмесе, келісім бойынша, ол int типтес болып саналады. Функция мынадай жалпы түрде сипатталады:
[<функция типі>] <функция аты> ([<формальды параметрлер спецификациясы>])
<функция тұлғасы>; мұндағы [<функция типі>] – функцияның есептелетін нәтижесі типі;
<функцияның аты> – функция идентификаторы, яғни аты;
<формальды параметрлер спецификациясы> – бұл болмауы да мүмкін (void) немесе әрбір параметр специфи-кациясы: <типі> <параметр аты> – формальды пара-метрлердің типтерін және идентификаторларын анықтайды;
<функция тұлғасы> – орындалатын операторлар тізбегі және оның ішінде локальді айнымалының сипатталуы болуы мүмкін. Оң бүтін санның факториалын анықтау функциясын былай жазуға болады:
long fakt(int k)
{ if (k<0) return 0;
I f (k==0) return 1; long p=1;
For (int j=1; j<=k;j++)
p*=j; return (p); }
Теріс сандардың факториалы болмайды, мұндайда функция 0 мәнін береді, ал 0!=1, қалған жағдайлар-да бұл функция цикл ішінде факториалды есептейді.