
- •1.Шартты операцияны пайдалану, мысалдар келтіру.
- •2.Switch ауыстырғыш операторы.
- •4.For цикл операторы(блок схемасы, жазылу форматы, мысалдар)
- •5 .Do while цикл операторы(блок схемасы, жазылу форматы, мысалдар)
- •6.Көшу (break, continue, goto) операторлары.
- •Void main()
- •3 Түрдегі есептер
- •Int b[10]; //қосымша массив
- •11 Жиымды сұрыптау тәсілдері
- •12 Екі өлшемді жиымдарды сипаттау,жиым элементтерін программаға енгізу.
- •13 Квадраттық матрицаны өңдеу тәсілдері
- •14 Адрестік операциялар және нұсқауыштар
- •15 Жиымдарға қолданылатын функциялар
- •16 Тұтынушы функцияларды жазу,пайдалану
- •17 Айнымалылардың әрекет ету аймағы
- •18 Рекурсивті функцияларды пайдалану
- •19 Символдарды енгізу шығару функциялары
- •20 Сөз тіркестерін өңдеу,тіркестерді енгізу шығару функциялары
- •Void main()
- •2)Strcat(stroka1,stroka2) функциясы тіркестерді біріктіру үшін қолданылады. Ол stroka1 жəне stroka2 тіркестерін біріктіріп, нəтижені stroka1 айнымалысына меншіктейді
- •26) Файлдарда қолданылатын функциялар.
- •29) Турбо с ортасында сызық стильдері,штрихтау сызықтары
- •30) Турбо с ортасында экран түсін өзгерту,іші боялған тұйық сызықтар салу.
- •Void main ( )
2)Strcat(stroka1,stroka2) функциясы тіркестерді біріктіру үшін қолданылады. Ол stroka1 жəне stroka2 тіркестерін біріктіріп, нəтижені stroka1 айнымалысына меншіктейді
Мысал. Бірнеше сөз тіркестерінің ұзындығын
анықтайтын программа құру керек.
//использование функции strlen(str)
#include <conio.h>
#include <stdio.h>
#include <string.h>
main ()
{ static char t[]=“Сведения о наших студентах.”;
clrscr();
printf(“%d\n”,strlen(t));
printf(“%d\n”,strlen(“Сведения о наших
студентах.”));
printf(“%d\n”,strlen(“КазНУ им.аль-Фараби”));
printf(“%d\n”,strlen(“”));
getch();
getc ()} Мұның нəтижесі:
27 27 19 0
3) strcmp (stroka1, stroka2) функциясы екі сөз тіркестерін салыстыру үшін қолданылады.Егер олар бірдей болса,функцияның мәні 0-ге тең болады,әйтпесе ол екі тіркестің айырмасын береді.Егер stroka1<stroka2 болса,нәтижесі <0 болады, ал stroka1>stroka2 болса,нәтиже >0 болады.Көбінесе екі тіркестің бірдей еместігін анықтау үшін қолданылады. Мысалы:
Main()
{ printf(“%d\n”,strcmp(“Привет”, “Привет”));
{ printf(“%d\n”,strcmp(“Jello”,”Hello”));
{ printf(“%d\n”,strcmp (“Приветствие”,“Приветствую”));
getch();} Мұның нәтижесі
0 2 -59
Алғашқы екі сөз бірдей (0), келесі екі сөздің 1-əрпі əр
түрлі, олардың ASCII-кодтарының айырмасы – 2 (J - 74, H
72) 3 59 ( 168 227
-24
- 72), ал 3-жолы - и – 168, у – 227, олардың
кодтарының айырмасы 168-227=-59)
22) Турбо С редакторы терезесі,жалпы сипаты,меню командалары.Турбо Си ортасы – арнайы көп терезелі мəтіндік редактор.Ол көбінесе С:\TC\BIN\tс.exe файлын іске қосу арқылы немесе соның жарлықтарының бірін іске қосу жолымен жүктеледі: C.bat жарлығы қосымша орыс əріптерін жүктейтін RK.COM файлын іске қосады. Ол іске қосылған соң,орыс əріптеріне жəне ағылшын əріптеріне ауысу қос Shift пернелерін қатар басу арқылы орындалады.Tурбо Си редакторы DOS ортасында жұмыс істейтін
көкшіл экранға шығады. Ол экран төрт бөліктен тұрады:
- меню жолы,
- түзету/теру терезесі,
- мəлімедеме хабарлар терезесі,
- қалып қатары
Мəлімдемелер терезесі.Қалып қатары: Терезені үлкейту үшін Alt+Enter пернелерін басу керек, редактор терезесін экранды толық алатындай етіп үлкейту үшін, оның оң жақ жоғарғы бұрышындағы тілсызық [↑] батырманы шерту керек.Ал терезені жабу үшін – сол жақ жоғарғы шеттегі төртбұрышты
батырманы [] шертеміз Турбо Си-ден шығу үшін Alt жəне X шертеміз. (латын) пернелерін қатар басу керек.
Терезе нөмірі оның оң жақ жоғары жағында орналасады.Керекті терезеге (1 – 9 ) көшу үшін:
- Alt+0 пернелерін р р басқанда шығатын терезелер тізімінен керектісін таңдау арқылы;
- Alt+3 деп терезе нөмірін 3-ті енгізіп көшу;
- F6 пернесі арқылы терезелердің бірінін біріне көшуге болады.F5 пернесі арқылы терезені үлкейтуге немесе аздап кішірейтуге болады. Меню жолында 11 команда бар, олар əр түрлі қызметтер атқарады, əр менюді таңдағанда, оның ішкі командалары ашылады.Солардың кез келгенін таңдап орындай аламыз.Меню командалары.Программа іске қосылып, терезе ашылғаннан кейін,курсор жұмыс алабында тұрады.Меню қатарына F10 пернесі арқылы шығып, ESC арқылы жұмыс алабына ораламыз.Меню қатарының командаларын жəне төменгі сатылы командаларының қажеттісін ← ↑ → ↓бағыттауыштар арқылы таңдай аламыз.Команданы орындау үшін Enter пернесін басамыз.Осы əрекеттерді тышқан қолтетігімен де қалыптағыдай етіп орындауға болады.
Командалар тізімі
• Ё – қосымша əрекеттер орындау.
• File (файл) – файлдармен жұмыс істеу.
• Edit (түзету) – ашық терезедегі мəтінді түзету режимдерін орындау.
• Search (іздеу) – іздеп табу əрекеттерін орындау.
• Run (атқару) – программаны орындау.
• Compile (компиляция) – программаны компиляциядан өткізу.
• Debug ( отладка) – программаны жөндеу.
• Options (варианттар) – орта параметрлерін тағайындау.
• Windows (терезе) – тереземен жұмыс істеу.
• Help (көмек) – анықтамалық жүйеден көмек алу
23) Турбо С редакторының File,Options менюінің ішкі командалары. File менюінің ішкі командалары:
Open F3 Бұрын жазылған файлды ашу {A:\LB1}
New Жаңа файл ашу
Save F2 Файлды дискіге жазып сақтау
Save as … Файлды басқаша түрде жазып сақтау
Save all Барлығын да жазып сақтау
Change dir Директорийды өзгерту
Print Ашық терезедегі файлды қағазға басу
Dos shell DOS-қа уақытша шығу (Turbo Си-ден)
Exit Alt X Turbo Си ден шығып кету.
Options менюінің командалары Турбо Си ортасының келісім бойынша тағайындалатын параметрлерін көру жəне оларды өзгерту мүмкіндігін береді. Олардың көптеген мəндерін өзгертпей, қалдыруға болады. Мұнда түйінді сөздер түсін (16 түс) өзгерту мүмкіндігі бар (Options/Enviroment/ Colors/Syntax).
Directories командасы тақырыптық файлдар каталогын (Include Directories) жəне кітапханалық функциялардың (Library Directories) каталогын жəне терілген файлдар мен олардың нəтижелік файлдары (Output Directory) қайда орналасатыны көрсетіледі
Мысалы, егер TС программалары C:\TC каталогында орналасса, онда Include Directories өрісінде C:\TC\INCLUDE деп көрсеткен дұрыс болады, ал Library Directories өрісіне — C:\TC\LIB деп жазу керек. Output Directory жолына нəтижелік файлдар орналасатын каталогты, мысалы, С:\TC\BIN\STUDENT деп көрсеткен ыңғайлы болып саналады немесе С:\TC\BIN каталогын қалдыру үшін —нүкте “.” енгізе салу керек.Керекті параметрлер енгізілген соң, оларды Options – Save... командасымен есте сақтап қою қажет.
24) Турбо С редакторының Run, Edit менюінің ішкі командалары. Run менюінің ішкі командалары:
Run (орындау) Ctrl+F9 – орнатылған параметрлерді қолдана отырып, редактор терезесіндегі екпінді программаны орындайды.
Program reset Ctrl+F2 (сброс программы) –жөндеушінің орындап жатқан əрекетін тоқтатып,программаға бөлінген орынды босатып, барлық ашық файлдарды жабады.
Go to cursor (курсорға өту) F4 – екпінді терезедегі программаны курсор тұрған орындағы қатарға дейін орындайды.
Trace іnto (қосалқы программаға кіріп, қадамдық орындау) F7 -программадағы операторларды қадам бойынша көрсете отырып орындайды.
Step over (программаны қадам бойынша орындау) – программа мəтінінің бір жолына сəйкес келетін кезекті операторды біртіндеп орындайды.
Edit менюінің ішкі командалары:
Undo (болдырмау) Alt + Bksp – соңғы орындалған команданың əрекетін болдырмай алып тастайды.
Redo Shift +Alt + Bksp – Undo командасының кері қайтарған командасы əрекетін қайтадан іске қосады.
Cut (қиып алу) Shift+Del – белгіленген бөлікті буферге қиып алады (бұрынғы орнында қалмайды).
Copy (көшіру) Ctrl+Іns – белгіленген бөлікті буферге көшіреді (бұрынға орнында сақталады).
Paste (кірістіру) Shіft+Іns – курсор орналасқан жерге буфердегі ақпаратты кірістіріп қояды, яғни енгізеді.
Clear (өшіру) Ctrl+Del – белгіленген бөлікті өшіру.
Copy Examples – мысалды көшіру
Show Clіpboard (буферді ашу) редактор терезесінен буферге алынған мəтінді сақтайтын терезені ашады.
25) Файлдардан мәлімет енгізу/ шығару амалдарын орындау. Сыртқы мəліметтер ағынымен (поток данных) жұмыс істеу үшін оны ашу керек. Сонда сыртқы мəліметтер программадағы алдын ала анықталған FILE типімен байланыстырылады. Бұл типтің анықталуы stdio.h тақырыптық файлы арқылы атқарылады. FILE типі арқылы мəліметтер ішіндегі позиция- ларға нұсқауыш, буферге нұсқауыш көрсетіле алады.Сыртқы мəліметтер ағынына нұсқауыш, мысалы, fp программада былай сипатталады:
#include <stdio.h>
FILE *fp;
Осы fp нұсқауышы ағынды ашатын fopen функциясы арқылы мəн қабылдай бастайды.