
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •1.1 Сабақты жүргізетін оқытыушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттер:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •1.5 Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.6 Тапсырмалардың түрлері мен тізімі және олардың орындалу
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Бақылау және білімді бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материялдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •3.1 Сурет - Сапаға жұмсалған шығындардың құраушылары
- •3.2 Суреті – Өнімнің өзіндік құны мен бағасының оның сапалық сипаттамалары деңгейіне тәуелділігі
- •3.4 Суреті. Кәсіпорын табыстарының сапа деңгейіне тәуелділігі
- •6.1 Сурет – «Сапа жұлдызы»
- •6.4 Суреті – Сапаны басқару механизмінің құрамы
- •8.1 Кестесі - х, y, z теорияларының салыстырмалы сипаттамасы
- •8.3 Суреті – Адам қажеттіліктерінің иерархиясы (Маслоу бойынша)
- •9.1 Суреті – Бақылау туралы шешімдерге арналған
- •9.2 Сурет - тбб құрылымдық бөлімшелері
- •9.3 Суреті – Кәсіпорындағы брактан сақтандыру жүйесі
- •10.1 Суреті - Өнім сапасын басқарудың (өсб ) статистикалық әдістерінің қолдану аймағы
- •10.2 Суреті – «Сынық сызықты» графигінің мысалы және оның аппроксимациясы
- •10.3 Суреті – Айналма графиктің мысалы
- •10.4 Суреті – Таспалы графиктің мысалы
- •10.5 Суреті – z тәрізді графиктің мысалы
- •10.6 Суреті – Бағаналы графиктің мысалы
- •10.7 Суреті – Парето диаграммасының мысалы
- •10.8 Суреті – Себеп-салдарлық диаграммасының мысалы
- •10.9 Суреті – Мәліметтердің гистограмма түрін ұсынылу мысалы
- •10.10 Суреті – Ықтималдық тығыздығының таралу қисықтарының түрлері
- •10.13 Суреті – Бақылау картасының мысалы
- •12.1 Кестесі – Стандарттар арасындағы айырмашылықтар
- •Мемлекеттің сертификаттау қызметінің нормативтік сферасы (ортасы)
- •Суреті –Қазақстан Республикасында сертификаттауды басқару сұлбасы
- •15.1 Суреті – Өнім сапасының қалыптасуының типтік сұлбасы.
- •2.3 Тәжірибелік сабақтардың жоспарлары
- •2.4 Студенттердің оқытушының жетекшелігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (соөж) бойынша сабақтардың жоспары
- •2.6 Өзін - өзін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар
- •2.7 Курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Бимбетов Мелдехан Үсен ұлы
- •5B070900 - Металлургия мамандығына арналған
3.4 Суреті. Кәсіпорын табыстарының сапа деңгейіне тәуелділігі
Осылардың бәрі бұйымның өзіндік құнының өсуіне алып келеді, бірақ фирмалардың нәтижелік көрсеткіштерінің динамикасы өнімнің сапа деңгейіне қатты көңіл бөлу кезінде мұндай шығындардың орны толып қана қоймай, одан да үлкен табыстар алып келетінін көрсетіп берді.
Әдебиеттер: 1 нег.[73-98], 2 нег.[76-98].
Бақылау сұрақтары:
1. Бұйымның сапа деңгейіне қандай факторлар әсер етеді ?
2. Шығарылатын өнімнің сапасының деңгейі мен кәсіпорынның монетарлық көрсеткіштерінің динамикасы мен өзара байланысы қандай ?
3. Cапаны қамтамасыз ету үшін шығындарды калькуляциялаудың қандай әдістері қолданылады ?
4. Өнім сапасына жұмсалатын шығындарға қандай факторлар әсер етеді?
№4 дәріс. Сапа көрсеткіштері бұл тұтыну құндылықтарын бағалаудың негізгі категориясы
Бүгінде нарықта әртүрлі өнімнің көп бөлгі бірдей сияқты товарлардың бағасы әртүрлі, ал әртүрлі товарлардың бағасы бірдей болуы, тұтынушының ойы бойынша олар бұл бағаларға сәйкес келмейді. Әрбір тұтынушы өзіне ең құнды болып көрінетін товарды оның сапасы, бағасы, пайдалану кезінде кететін мүмкін болатын шығын туралы өзінің түйсігіне сүйене отырып таңдайды.
Осыған қарап барлық сатып алушылар үшін товардың тұтыну құндылығы бірдей емес екенін көруге болады. Математикалық статистика заңына сәйкес товардың орташа нарықтық құндылығы барлық уақытта оның ақиқат тұтыну құнына жақындайды.
Сонымен, өнімнің құндылығын қандай факторлар анықтайды? Өнімнің тұтыну құндылығы сапаның пайдалану көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен қатар өнімді тікелей немесе жанамалап сипаттайтын басқа тұтыну құндылықтарына да байланысты болады.
Барлық тұтыну құндылықтарды бір-бірінен әсер етудің уақыттық факторлармен айрықшаланатын бірнеше категория бойынша жіктеуге болады:
1.Базалық;
2.Тұрақты;
3.Уақытша;
4.Ілеспелі;
5.Ендіруші (қосып қоюшы);
6.Әмбебапты.
Базалық құндылықтар – бұл жобалау кезеңінде өнімге салынған тұтыну құндылықтары. Олар сапаның пайдалану көрсеткіштерімен сипатталады.
Бұл көрсеткіштерге арналу (функциональдық), сенімділік (тоқтаусыз жұмыс істеу, ұзақ мерзімділігі, жөндеуге келетіні, сақталушылығы), техникалық эстетикасы (композицияның бүтіндігі, товарлық түрінің жетілгендігі), экологиялық (физикалық, химиялық, микробиологиялық), эргономикалық (жұмыс аймағындағы эргономикалық талаптарға сәйкестігі), патенттік-құқықтық (патенттік тазалығы, патенттік қорғанысы), қауіпсіздік және тасымалданғыштығы сияқты көрсеткіштер жатады.
Аталған көрсеткіштер өнімді оның бүкіл өмірлік циклы аралығында сипаттайды. Олар жетілдірілуі, өзгеруі мүмкін, бірақ олардың бастапқы номенклатурасы өзгермейді. Осы көрсеткіштер базалық тұтыну сапасын анықтайды, ол бәсекелес өніммен салыстыру үшін негіз болып табылады.
Базалық құндылықтарға дайындаушы – кәсіпорынның өндірістік-технологиялық базасын және оның ресурстық потенциалын сипаттайтын өнімнің өзіндік құны да жатады.
Өнімді дайындаудың өзіндік құны іс жүзінде сапаның берілген базалық көрсеткіштерімен өнімді жасауға және оны өткізуге жұмсалатын шығындардың қосындысы болып табылады, яғни бұйымның базалық сапасы мен оны дайындаудың өзіндік құны арасында жоғары корреляция (өзара байланыстылық) болады.
Тұрақты, уақытша, ілеспелі және ендіруші тұтыну құндылықтары базалық құндылықты толықтырып отырады. Толықтырушы құндылықтар өнімді жобалау кезінде салынған базалық сапаны өзгертпейді, бірақ тұтынушы көз алдында оның әсерін күшейтеді, бұл өнімнің тұтыну құнын арттыруға алып келеді.
Тұрақты құндылықтар - бұл өнімнің бүкіл өмірлік циклы аралығында әсер ететін қосымша (толықтырушы) тұтыну құндылықтары, бірақ базалық құндылықтарға тікелей емес, жанамалы қатынаста болады. Мысалы, өнімді дайындаушы – фирмалардың имиджі, магазин имиджі (беделі, даңқы), сапа жүйесіне берілген сертификат, сауда маркасының әйгілілігі және т.б. Бұл құндылықтардың рейтингі әртүрлі. Олардың сатып алушыға әсері өнімнің тұтыну құнын анағұрлым арттыруға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда тек осы құндылықтардың әсері, егер ол базалық көрсеткіштер бойынша бәсекелес өнімдерден нашар болып тұрса да, өнімнің ұзақ уақыттық өтімділігін қамтамасыз етеді.
Фирманың имиджі, мысалы, белгілі суретшінің қолы сияқты әсер етеді.
Уақытша құндылықтар - бұлар өнімнің сапасына және түріне тікелей қатынасы бар, бірақ уақытша әсер ететін, кейде маусымды, әдетте товардың өмірлік циклынан аз уақыт әсер ететін, мысалы мода, престиж (мәртебесі, абыройы, беделі), жаңашылдығы сияқты қосымша құндылық. Бұл құндылықтар белгілі бір уақытқа дейін өнімнің күшті бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Товардың өмірлік циклы уақытша құндылықтардың әсер ету ұзақтығымен өлшемдес болса өте жақсы болып табылады. Уақытша құндылықтар товардың өзіндік құнынан мүмкін болатын үстемемен жүзеге асырылады, бірақ уақыт өткен сайын бұл үстеме азая береді (оның моральды түрде тозуына байланысты).
Ілеспелі құндылықтар - бұлар тікелей өніммен байланысты емес, бірақ оны алудың немесе пайдаланудың жағдайын жеңілдететін немесе қиындататын қосымша құндылықтар, мысалы өнімге болатын маусымдық сұраныс, инфляция деңгейі (экспортқа немесе импортқа арналған товарлар үшін) сияқты қосымша құндылықтар. Ілеспелі құндылықтар өнімнің өтімділігіне мүмкіндік туғызады, сол сияқты оны өткізуге қиындық жасауы мүмкін. Өнімнің үстеме бағасы ілеспелі құндылықтардың әсер ету есебінен уақыт бойынша қатты ауытқуы мүмкін.
Ендіруші құндылықтар – бұлар ақпараттық құндылықтар, мысалы жарнама, көрмелер, конкурстар, олар , өз бетінше өнімге не тікелей, не жанама қатынасы жоқ. Бірақ өнімге қатысы бар құндылықтар туралы жаңа немесе қайталанатын ақпараттар арқылы көптеген сатып алушылардың көздерінше оның тұтыну құнын айтарлықтай өсіріп жібереді. Ендіруші құндылықтарға сонымен қатар сыбыстар, ойлар, өмірлік тәжірибелер жатады. Ендіруші құндылықтар әсері уақытша да, тұрақты да болуы мүмкін (мысалы, жарнама). Ендіруші құндылықтар уақыт бойынша ілеспелі құндылықтарға ұқсас әсер етеді. Үстеме бағаның ауытқымалы сипаты ақпараттық шаралардың әсерінің уақыт өткен сайын әлсіреуінен туындауы мүмкін.
Өнімнің көпшілік бөлігінде ереже бойынша қосымша тұтыну құндылықтары болмайды. Әсіресе бұл құндылығы тұтынушылармен базалық сипаттамасы бойынша кәсіби бағаланатын материалдарға, жартылай фабрикаттарға, бұйымды жинақтайтындарға қатысты болады. Сондықтан олардың нарықтағы құны оларды жасау кезеңінде болжануы мүмкін. Себебі қосымша құндылықтар өзіндік құнға қойылған үстеме бағамен өрнектеледі, онда бұл үстеме бағаның үлесін нақты тұтыну құндылығы есебінен өнімнің рентабельділігі деп санауға болады.
Әмбебап құндылықтар – бұлар өнімнің нарықтық құны немесе бағасы. Баға – басты құндылық. Ол айна сияқты тұтыну қасиетіне барабар, теңбе-тең. Бірақ баға мен сапаның стихиялы тәуелділік сипатымен туындаған қандай-да бір қателігі бар. Осымен бірге бағаның қандай өнім болмасын әмбебап өлшемі болады (ақшалай), яғни ол бойынша түрі және сапасы бойынша әртүрлі бұйымның құндылығын салыстыруға болады.
Жаңа бұйымның нарықтағы табысты қозғалысы көбінесе өнімнің өтімділігіне әсер ететін барлық факторларды дұрыс есепке алуға байланысты болады, әсіресе дайындаушы – кәсіпорынның өнімнің базалық сапасын күшейтетін қосымша тұтыну құндылықтарды айқындау немесе қалыптастыру мүмкіндігіне байланысты болады.
Сонымен барлық жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады. Тұтыну құндылықтарының негізгі категориясы болып табылатын сапа көрсеткіштері, өнімнің бастапқы сапасына байланысты оның бағасының, өзіндік құнының қалыптасуы үшін негіз (база) жасайды. Базалық құндылықтар негізінде өнімнің тұтыну құндылығының құрамына кіретін барлық келесі құндылықтар қалыптасады.
Тек кейбіреулері базалық құндылықтармен ешқандай байланысы болмайды, олар жоғарыда аталып өтті.
Өнімнің сапасын құрайтын оның бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы өнім сапасының көрсеткіші деп аталады. Бұйымның жоғары сапасы әртүрлі факторлармен алдын ала анықталады, олардың негізгілері бұлар: техникалық сипаттағы факторлар (конструкциялық, технологиялық, метрологиялық және т.б.); экономикалық сипаттағы факторлар (қаражаттық, нормативтік, материалдық және т.б.); әлеуметтік сипаттағы факторлар (ұйымдастырушылық, құқықтық, кадрлық және т.б.).
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жиынтығын мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады: сипаттаушы қасиеттердің саны бойынша (жекелеген, комплексті және интегральды көрсеткіштер); өнімнің әртүрлі қасиеттеріне қатысы бойынша (сенімділік, технологиялық, эргономикалық және т.б. көрсеткіштері); анықтау әдісі бойынша (есептік, статистикалық, эксперименттік, эксперттік көрсеткіштер); анықтау кезеңдері бойынша (жобалық, өндірістік және пайдалану көрсеткіштері); сапа деңгейін бағалау үшін пайдалану сипаты бойынша (базалық және салыстырмалы көрсеткіштер); өрнектеу тәсілі бойынша (өлшемді көрсеткіштер және өлшемсіз өлшем бірліктерімен өрнектелген көрсеткіштер, мысалы баллдармен, пайыздармен).
Өнімнің қасиеттерінің біреуін сипаттайтын өнім сапасының көрсеткішін жекелеген көрсеткіші деп атайды (мысалы, қуаты, отынның калориялығы және т.б.).
Өнім сапасының салыстырмалы көрсеткіші – бұл өнім сапасының көрсеткіші мәнінің сәйкес, яғни бастапқы деп қабылданған мәніне қатынасы. Ол өлшемсіз санмен немесе пайызбен өрнектеледі және формула бойынша есептеледі.
мұндағы
- сапаның салыстырмалы көрсеткіші,
-
бағаланатын өнімнің сапасының жекелеген
көрсеткішінің мәні,
-
сапаның жекелеген базалық көрсеткішінің
мәні.
Комплексті әдісті қолданған кезде сапаның комплексті көрсеткіші қолданылады. Ол әрбір көрсеткіштің ауырлық коэффициенттері көмегімен жекеленген көрсеткіштерді біріктіріп жинақтау жолымен анықталады. Бұл кезде функциянальды тәуелділік пайдаланылуы мүмкін
К = f(n,bi,ki), i = 1,2,3,...,ni,
мұндағы К- өнім сапасының комплексті көрсеткіші, n - ескерілетін көрсеткіштер саны; bi - сапаның і-ші көрсеткішінің ауырлық коэффициенті; ki - сапаның і-ші көрсеткіші (жекелеген немесе салыстырмалы).
Сапаның комплексті көрсеткішін есептеу алгоритмі 4.1-суретінде келтірілген. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын, ауырлық коэффициенттерін және функциональды тәуелділік түрін f анықтау үшін тәжірибелік-статистикалық және эксперттік әдістер қолданылады.
4.1-суреті – Сапаның комплексті көрсеткішін есептеу алгоритмі
Өнім
сапасының комплексті көрсеткіші – бұл
оның бірнеше қасиеттерін сипаттайтын
көрсеткіш. Мысалы, КГ
дайындық коэффициенті
,
мұндағы Т- бұйымның бұзылуға (бүлінуге)
дейінгі жұмыс уақыты (тоқтаусыз жұмыс
істеу көрсеткіші); Тв-
қайта қалпына келтірудің орташа уақыты
(жөндеуге жарамдылық көрсеткіші), яғни
КГ
-
бұйымның екі қасиетін сипаттайды –
тоқтаусыз жұмыс істеу және жөндеуге
жарамдылығы.
Өз
кезегінде
мұндағы То-
бұзылған жерді табуға кететін орташа
уақыт. ТУ-
бұзылған жерді дұрыстауға кететін
орташа уақыт
Сөйтіп, жөндеуге жарамдылық – бұл То мен Ту қатысты бұйымның күрделі қасиеті. Демек, дайындық коэффициентіне КГ қатысты Тв көрсеткішін жекелеген деп, ал То және Ту қатысты комплексті деп қарауға болады.
Өнімнің сапасының интегральды көрсеткіші – бұл өнімді пайдаланудан немесе тұтынудан болатын қосынды пайдалы әсердің оны жасау мен пайдалануға кеткен қосынды шығындарға қатынасы, яғни
әсер/теңге,
мұндағы Э – өнімді пайдаланудан болатын қосынды пайдалы әсер; ЗС - өнімді жасауға кеткен қосынды шығындар (жасау, дайындай, құрастыру және басқа бір уақыттық шығындар); ЗЭ – қосынды пайдалану шығындары (техникалық қызмет көрсету, жөндеу және басқа ағымдық шығындар); 1/ И – әсер бірлігіне кеткен үлестік шығындар.
Сапа көрсеткіштерінің ішінде (арасында) сандық мәндермен өрнектеуге болмайтындары болады, мысалы реңі, иісі, тембрі (құбылысы, әуезділігі).Олар сезім органдары көмегімен анықталады және өнімнің сенсорлы (сезімдік) сипаттамасы деп аталады.
Өнім сапасының деңгейін бағалау дифференциальды немесе комплексті әдістермен жүргізуге болады. Дифференциальды әдісті қолданған кезде жаңа өнімнің жекелеген сапа көрсеткіштерін сапаның ұқсас базалық көрсеткіштерімен салыстыру жүргізіледі, ал комплексті әдісте – іс жүзіндегі комплексті көрсеткіштерді базалық комплексті көрсеткіштермен салыстырады.
Сапа көрсеткіштерінің сандық мәндері объективті (әділ, ақиқат, дұрыс) және субъективтік (іш тартушылық, өзіндік, өз тұрғысынан бағалау) әдістер көмегімен анықталады. Объективті әдістер - бұлар өлшеу, тіркеу және есептеу әдістері. Субъективтік әдістер – бұлар органолептикалық (сезім органдары көмегімен өнімнің қасиетін анықтау), социологиялық (әлеуметтік) және эксперттік (сараптау) әдістері. Объективті әдістер техникалық өлшеу құралдарына, тіркеулерге, оқиғаларды санауға, есептеулерді орындауға негізделеді. Субъективтік әдістер, адам сезім органдарының қабылдауына, бір топ маман-сарапшылардың әртүрлі ойларын жинауға және есепке алуға негізделеді.
22851-77 МЕСТ стандарты өнім қасиеттерін сипаттау бойынша сапаның көрсеткіштерінің негізі 10 тобының мынадай номенклатурасын (аттарын) белгілейді:
Арналу (міндеттік) көрсеткіштері - бұлар өнімнің орындайтын негізгі функцияларын анықтайтын және оның қолдану аймағын қамтамасыз ететін қасиеттерін сипаттайды
Бұл топқа кіретіндер:
а) топтастырғыш (классификациялық) көрсеткіштері – бұлар бұйымның қандай топқа жататындығын анықтайды (мысалы, автомобиль класы, приборлардың дәлдігі, класы және т.б.);
б) функциональды (пайдалану) көрсеткіштері – бұлар бұйымдарды пайдаланудан келетін пайдалы нәтижелерді сипаттайды (компьютердің тез әсер етуі, орнақтың өнімділігі, өлшеу приборының дәлдігі және т.б.);
в) конструкциялық көрсеткіштер – бұлар бұйымның негізгі конструкциялық – жобалау шешімдері туралы дәл түсінік береді;
г) құрал мен құрылым көрсеткіштері – бұлар өнімнің құрамындағы химиялық элементтердің, олардың қосылыстарының мөлшерін анықтайды (мысалы күкірт пен күлдің кокстегі пайыздық мөлшері). Осы топтың көрсеткіштері сапа деңгейін бағалауда негізгі роль атқарады, олар оңтайландырудың (критериясы) белгісі ретінде жиі пайдаланылады және көрсеткіштердің басқа түрлерімен бірге қолданылады.
2. Сенімділік көрсеткіштері – бұлар тоқтаусыз жұмыс істеушілік, ұзақ өмірлік (уақыттық), жөндеуге жарамдылық және сақталушылық қасиеттерді сипаттайды.
Тоқтаусыз жұмыс істеушілік – бұл бұйымның белгілі бір уақыт ішінде немесе жұмыс кезінде жұмыс істеу қабілеттілігін сақтау қасиеті.
Ұзақ өмірлік (уақыттық) – бұл бұйымның техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге қажетті үзілістермен шектік күйіне дейін жұмыс істеу қабілеттілігін сақтау қасиеті.
Жөндеуге жарамдылық – бұл өнімнің жөндеуге ұшырау қабілеттілігі.
Сақталушылық - бұл бұйым мен өнімнің техникалық құжатында белгіленген мерзімде және одан кейін де сақталу және тасымалдану күйлерін тұтынуға жарамды және дұрыс сақтау қасиеті.
Мысалы, тасымалдауға болатындық көрсеткіштері – өнімді пайдалану немесе тұтыну үшін емес, жай тасымалдауға (сәйкестілігін) икемділігін сипаттайды. Олар эксперименттік, есептік немесе эксперттік (сараптамалық) әдістермен анықталады. Мысалы, өнімнің тасымалдау кезінде тұтыну қасиетін сақтауға жарамдылық көрсеткішін (ол өнімнің кейбір түрлері үшін табиғи бұзылу нормаларында көрсетілген (әйнек, цемент және т.б.) формула бойынша анықтауға болады:
мұндағы КД - тасымалдау кезінде берілген шектерде өзінің бастапқы қасиетін сақтайтын өнімнің үлесі, %; QП – тасымалдау құралына тиелген өнімнің мөлшері; QВ – сапа көрсеткішінің мәндерін рұқсат етілген шектерде сақтаған түсірілген өнімнің мөлшері.
3. Эргономикалық көрсеткіштер «адам - бұйым жүйесін сипаттайды және өндірістік және тұрмыстық процесстерде байқалатын адамның комплексті қасиеттерін ескереді. Оларға жататындар: гигиеналық (жарықтылық, температура, қысым, ылғалдылық); антропометриялық (киім, аяқ киім, жиһаз, басқару пульті) және психофизиологиялық (жылдамдықтық және күштік мүмкіндіктер, есту және көру мүмкіндіктері және т.б.)
Психофизиологиялық көрсеткіштер – бұл бұйымның адамның сезім органдарына бейімделушілігін сипаттайды. Психологиялық көрсеткіштер – бұл әртүрлі ақпараттардың қабылдану және өңделу мүмкіндіктерін сипаттайды.
Физиологиялық көрсеткіштер адамның әртүрлі органдарына рұқсат етілетін физикалық жүктемелерді сипаттайды.
4. Эстетикалық көрсеткіштер – бұлар ақпараттық айқындығын, пішіннің ұтымдылығын, жинақтық бүтіндігін, өндірістік орындалу шеберлігін, товарлық түрінің тұрақтылығын (көркемдік стиль, реңдерінің, иістерінің, гармониялығының (үйлесімділігінің) сипаттамалары) сипаттайды.
5. Технологиялық көрсеткіштер – бұлар өндірісті техникалық дайындау, өнімді жасау және пайдалану кезінде, еңбек құралдарын, уақытты және материал шығындарын оңтайлы бөлуді қамтамасыз ететін өнімнің қасиетін сипаттайды. Бұлар енбек сыйымдылық, материал және қор сыйымдылық көрсеткіштері және бұйымның өзіндік құны.
Жалпы (қосынды) көрсеткіштер сияқты, құрылымдық, меншікті, салыстырмалы сияқты көрсеткіштер де есептеледі.
Салыстырмалы көрсеткіштер – бұлар, мысалы:
-
материалдарды пайдалану коэффициенті
мұндағы МГ
- дайын өнімдегі материалдың мөлшері;
Мв-
технологиялық процесске ендірілген
материалдың мөлшері;
- меншікті
өзіндік құн көрсеткіші
-
мұндағы SУД
– меншікті (үлесті) өзіндік құн;
S
- бұйымның жалпы өзіндік құны; В
-
бұйымды анықтаушы параметр (қуаты,
салмағы және т.б.).
6. Стандарттау және үйлестіру көрсеткіштері өнімнің стандартты, үйлесімді және бірегейлік бөліктерімен толықтығын, сол сияқты басқа бұйымдармен үйлестіру деңгейін сипаттайды.
Үйлестірудің негізгі көрсеткіштері – бұлар қолданушылық, қайталанушылық, бұйымдар тобы үшін өзара үйлестіру коэффициенттері, бірегей детальдардың меншікті салмағы. Стандартты көрсеткіштерге мемлекеттік және салалық стандарттар бойынша шығарылатын өнімнің барлық бөлігі жатады.
7 Патенттік – құқықтық көрсеткіштер өнімде пайдаланған техникалық шешімдердің жаңару дәрежесін, олардың патенттік қорғанысын, сол сияқты өнімнің біздің және шетелде кедергісіз өткізу мүмкіндіктерін сипаттайды (мысалы, детальдардың, тораптардың патенттелген немесе лицензияланған шамасын немесе үлестік салмағын сипаттайды).
8 Экологиялық көрсеткіштер өнімді пайдалану немесе тұтыну кезінде туындайтын қоршаған ортаға зиянды әсерінің деңгейін сипаттайды. Мысалы: қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қоспалардың мөлшері. Өнімді сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде зиянды бөлшектердің, газдардың, сәулеленудің бөліну ықтималдылығы, ШРЕК (шекті рұқсат етілген концентрацияның) деңгейін сипаттайды.
9. Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді пайдалану немесе тұтыну кезінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін оның ерекшеліктерін сипаттайды. Олар апаттық (төтенше) жағдайлар пайда болған кезде қауіп болатын аймақта тұрған адамдарды қорғау нормалары мен жабдықтарының талаптарын көрсетеді. Олар еңбек қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік стандарттар, сол сияқты халықаралық стандарттар жүйесімен қарастырылған.
10. Экономикалық көрсеткіштер өнімнің әртүрлі үлгілерін салыстыру кезіндегі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, өнім сапасының интегральды көрсеткішінде ескерілетін оны жасауға, дайындауға немесе тұтынуға жұмсалатын шығындарды сипаттайды (шығындардың әртүрлі түрлері, өзіндік құны, бағасы және т.б.).
Әдебиеттер: 1 нег.[93-118], 2 нег.[96-138]
Бақылау сұрақтары:
1. Сапа көрсеткіші дегенді қалай түсінесіз?
2. Сапаның жекелеген, салыстырмалы, комплексті және интегральды көрсеткіштері дегеніміз не?
3. МеСТ бойынша сапа көрсеткіштерінің он тобын атап шығыңыз, нақты өнім түріне қатысты олардың көрсеткіштерінің құрамын түсіндіріңіз?
№5 дәріс. Сапа менеджментінің қалыптасуы (пайда болуы) және дамуы. Жалпы менеджмент пен сапа менеджментінің өзара байланысы
Сапа менеджментінің қалыптасуы (пайда болуы) және дамуы. Өткен ғасырдың 60 – шы жылдарына дейін негізгі көңіл өнімнің сапасын қамтамасыз етуге бөлінді. Басты роль бақылауға және ақауы бар өнімдерді табуға бағытталды.
Өндірістік практикада бақылау мен жарамсыз өнімдерді табу әртүрлі әдістермен жүзеге асырылды, ғылыми – техникалық прогресстің жетістіктері әсерімен олар дамытылды және жетілдірілді. Сапаны бақылау жүйесі өндірістік процесстің құрылымына сәйкес болып оның талаптарына жауап бере алды. Осы кезде егер өндірістік процесс бір кәсіпорында жүзеге асырылса (шикізатты сатып алудан дайын өнімді дайындағанға дейін), онда оны тұтынушыға жіберер алдында сапаны қабылдап бақылау жүзеге асырылды. Өнімді дайындау технологиясы бірнеше операциялардан тұрады және бір – бірінен күрделілігі жағынан ерекшеленеді. Бұл жағдайда қабылдап бақылау операциялармен қатар жүретін. Сатып алынатын шикізаттың кірер алдындағы бақылауға өте үлкен көңіл бөлінді. Бақылау жүйесі мынадай принцип бойынша құрылды: ақауды байқау және жарамсыз бұйымды өндірістік процестен алып тастау неғұрлым ерте жасалу керек.
Бұл ақауы бар өнімді ары қарай өңдеу үлкен шығындарға алып келуіне және өнімді өндіруге жұмсалған шығындардың өсуіне себепкер болды.
Сапаны қамтамасыз етудегі тәсіл бақылау тұрғысынан көптеген мамандандырылған бақылаушыларды қажет етті (әрбір деталь мен бұйымның параметрлерін 100% бақылау кезінде). Сапаның артуына үлкен көмек жасаған бұл математикалық статистика әдісі болды.
Математикалық статистика әдісі іріктеу әдісін қолдану арқылы бұйымның сапасын берілген ықтималдылықпен бақылауға мүмкіндік берді. Мұндай талдау жарамсыз өнімді табумен шектелмей, оның пайда болу себебін талдау және айқындау, сонымен қатар сапаның деңгейін тұрақтандыру бойынша шаралар жасауға мүмкіндік берді. Сөйтіп сапаны басқаруға мүмкіндік туды.
Өнімнің өндірісі – бұл, шындығында сапаның жасалуы немесе туылуы, яғни белгілі бір қасиеттердің немесе “функциональды жиынтықтың” қосындысы. Демек, бұйымды (сапаны) жасау процесі бұл басқарылатын процесс. Бақылау процессінде бұйым сапасын анықтайтын әртүрлі параметрлер пайдаланылатын стандарттарда, нормативтерде және техникалық шарттарда белгіленген эталондармен салыстырылады.
Берілген стандарттарға сапа деңгейінің сәйкессіздігі туралы ақпарат (келіспеушілік сигналы) кері байланыс (КБ) тізбегі арқылы арнайы бөлімшеге (басқарылатын элемент) келіп түседі, мұнда ауытқуларды жою бойынша талдау жүргізіліп шаралар жасалынады. Мысалы, конструкция мен технологияны жетілдіру, станоктарды алмастыру, қызметкерлерді оқыту, үйрету және басқалары. Бақылаудан өткен бұйым тұтынушыға келіп түседі, ол сапа деңгейіне шешуші баға береді. Сапа туралы сатып алушының пікірі және арызы (рекламациясы) дайындаушыға жіберіледі. Осыған сәйкес басқарушы элемент түзетуші шараларды жасайды.
Бұл жаңа концепцияда сапаны қамтамасыз етуде бақылаудың орны айқындалады. Бақылау маңызды және қажетті операция болып қала берді, бірақ сапаны қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі көп буындардың бірі ретінде қызмет атқарды. Осы жүйенің басты мақсаты сапаның керекті деңгейін қамтамасыз ету және өнімді дайындаудың барлық кезеңінде оны ұстап тұру. Бұл мақсатқа жету, бұйымды жасаудың барлық процесінің сапасының критериясы бойынша оңтайландыру кезінде мүмкін.
Сапаны қамтамасыз ету процесі мынадай іріленген кезеңдерден тұрады: нарықтағы ұқсас бұйымдардың сапа деңгейін бағалау, сатып алушылардың талаптарына талдау жасау; ұзақ мерзімді болжау; сапа деңгейін жоспарлау; стандарттарды жасау; технологияны конструкциялау және жасау процесінде сапаны жобалау; бастапқы шикізат пен сатып алынатын материалдардың сапасын бақылау; өндіріс процесінде операциялық бақылау; қабылдаушы бақылау; пайдалану жағдайындағы бұйымның сапасын бақылау(сатылғаннан кейін); сатып алушылардың пікірлері мен арыздарын талдау.
Осыдан кейін бүкіл цикл басынан қайталанады.
Аталған кезеңдердің әрқайсысы көптеген процестерге, операцияларға және орындаушылар әрекеттеріне ыдырайды.
Сонымен процестер мен әрекеттердің сапаны басқару процесі тұрғысынан анық белгіленген мақсаттары, бақылау белгілері, кері байланыс каналдары, талдау процедуралары және әсер ету әдістері болады. Демек, сапаны басқару жүйесі мен нақты процесі басқарудың өзара байланысты контурларының күрделі жиынтығы болып табылады.
Қазіргі уақытта сапа маңызды роль атқарады. Осы уақыттағы нарық үшін ғалымдардың зерттеулері көрсетіп бергендей бәсекелестіктің “бағалық емес” формасының ролінің артуы, әсіресе сапа бәсекелестігінің тұрақты даму бағыты ерекше тән нәрсе болып отыр. Ұзақ уақыт пайдаланылатын бұйымдарды шығару санының өсуімен, бұйымның сатылатын бағасы емес, оның “толық өмірлік цикл құны” үлкен роль атқара бастады. Толық өмірлік цикл құны мынадай категориялар бойынша шығындардың қосындысы болып табылады: сериялы өндіріс алдындағы барлық НИОКР комплексінің құны; бұйымның бүкіл қызмет ету кезеңі ішінде, оған қызмет көрсетуге, пайдалануға және жөндеуге жұмсайтын тұтынушылық шығындары.
Тұтынушының шығындары бұйымның сапасымен және сенімділігімен тығыз байланысты.
Сапаны қамтамасыз ету (басты мақсат) бірқатар аралық мақсаттарға ыдырайды (бөлінеді): талдау, жобалау, сапаны басқарудың әртүрлі түрлері, оны бағалау және басқа мақсаттар, олар да майдаланып бөлшектеніп кетеді, осыдан мақсаттар ағашы пайда болады. Осыған сәйкес сапаны басқару жүргізіледі.
Фейгенбаум ұсынған сапаны басқару жүйесі фирманың ішкі басқаруына үлкен өзгерістер ендірді. Атап айтқанда, фирманың ұйымдастыру құрылымы өзгерді: сапаны “басқару” немесе сапаны “қамтамасыз ету” сияқты орталық бөлімдер және ғылыми, конструкторлық – жобалау, өндірістік бөлімшелерде сәйкес ұйымдар пайда болды.
Сапаны қамтамасыз ету бойынша жұмыстың статусы өсті. Сапаны басқару жүйесін ең жоғары шенді басқарма сапа бойынша вице – президент басқаратын болды. Сөйтіп А. Фейгенбаум өнімнің сапасын жан-жақты басқару жүйесін негіздеді. Бұл жүйе толық көлемде Канбан жүйесі шеңберінде Жапонияда жүзеге асырылды.
У.Э.Демингтің циклы деп аталатын сапаны жан –жақты басқару жүйесін (СЖБЖ) қарастырайық.
Деминг циклы төрт кезеңнен тұрады: жоспарлау, өндіріс, бақылау, өнімді жетілдіру. СЖБЖ –нің объектісі болып бұйымның бүкіл өмірлік циклы атқарады. Бұл өнімнің бүкіл өмірлік цикл кезеңдеріне жүйелі түрде қарау жақындау дегенді білдіреді: нарықтың талаптарын зерттеу, дайын өнімді тұтынушыға жеткізу және пайдалану процесінде оған техникалық қызмет көрсету дегенді білдіреді.
Әртүрлі елдердің ғалымдарымен орындалған зерттеулері мен жұмыстары өнімнің сапасы техниканың, технологияның және НИОКР – дің сапасына байланысты анықталатынын растап берді. Сапаның қажетті көрсеткіштеріне ешқандай ұйымдастыру шараларымен жету мүмкін емес, егер ол сәйкес конструкторлық жұмыс деңгейімен, техника мен технологияның сәйкес сапасымен қамтамасыз етілмесе.
Техника мен технологияның мүмкіндіктері сапаны қамтамасыз ету проблемасының технологиялық аспектісін анықтайды.
Сапа жүйесінде 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарының пайда болуы қазіргі уақыттағы сапа менеджментінің теориясы мен практикасының ары қарай дамуы болып табылды.
80 –ші жылдардың соңынан бастап нарықтық экономикасы бар елдердің кәсіпорындары сапа менеджмент жүйесін өңдеумен ендірумен және сертификаттаумен айналыса бастады.
Өнімнің сапасына ғана емес, сонымен бірге көрсетілген қызмет сапасына да үлкен көңіл бөле бастады. Сапа менеджментіне жүйелі түрде қарау, жақындау қалыптасты.
Бұл нарықтық экономикасы бар көптеген елдерде қызмет көрсету сферасының қарқынды өсуіне байланысты болды.
Товардың қызмет көрсетуге қарай қозғалыс сипатын 5.1 – суретіндегі сұлба түрінде көрсетуге болады. Қызмет көрсетудің бірқатар ерекшеліктері болады. Қызмет көрсету үнемі заттық түрінде бола бермейді. Бұл жағдайда қызмет көрсету сапасын анықтау мүмкін болмайды.
Сапаны кепілдеу – бұл сапаны қамтамасыз ету жүйесін бекіту және ұстап тұру, қазіргі уақыт жағдайына сәйкес деген дәлелі бар және сапа менеджменті эволюциясының басты қорытындысы болып табылады.
Жалпы менеджмент пен сапа менеджменті өзара байланысты.
Жалпы менеджмент пен сапа менеджментінің өзара байланысы. Жалпы менеджменттің де, сапа менеджментінің де бастауы, шыққан көзі Ф.У. Тейлордың жүйесі болып табылады. Шындығында “ ғылыми менеджменттің әкесі” өндірістік процестің варианттылығын ескеру қажеттілігіне қатты көңіл аударды және оны бақылаудың, жоюдың маңыздылығын бағалады. Тейлор жүйесі сапаның жоғарғы және төменгі шектері, рұқсат етілген аумағы сияқты түсініктерді енгізді. Шаблон, калибр сияқты өлшеу аспаптарын ендірді, сол сияқты сапа бойынша тәуелсіз инспектор лауазымының қажеттілігін, “жарамсыз өнімдерді шығарғандар” (бракоделы) үшін әртүрлі айыптау (жазалау, штрафтау) жүйесінің қажеттілігін және өнім сапасына әсер ететін формалар мен әдістерді негіздеді.
5.1 – сурет – Товар мен қызмет көрсетудің өзара байланысы
Ары қарай ұзақ уақыт кезеңіндегі (20-шы жылдардан 80 жылдардың басына дейінгі уақыттағы) жалпы менеджмент пен сапа менеджментінің даму жолдары 5.2- суретінде көрсетілгендей айырылысып кетті.
5.2 – сурет – «Жалпы менеджмент» пен сапа менеджментінің өзара қатынасы
Ескерту. Ағылшын тіліндегі қабылданған қысқартулар
MBQ – Management By Quality – Сапа негізіндегі менеджмент;
MBO - Management By Objectives – Мақсаттар бойынша басқару;
TQM – Total Quality Management – Жалпыға бірдей сапа менеджменті;
UOM – Universal Quality Management – Әмбебап сапа менеджменті;
QM – Quality Management – Сапа менеджменті;
TQC – Total Quality Control – Жалпыға бірдей сапаны бақылау;
CWQC – Company Wide Quality Control – Бүкіл компания масштабында сапаны бақылау;
QC – Quality Cirles – Сапаны бақылау үйірмелері;
ZD – Zero Defect – «Ноль ақаулар» жүйесі;
QFD – Quality Function Deployment – Сапа функциясын жазу;
SQC – Statistical Quality Control – Сапаны статистикалық бақылау.
Сапаның басты проблемасын мамандар өнім мен өндіріс процестерінің (вариабельділігін) варианттылығын бақылау мен басқарудың инженерлік – техникалық проблемасы ретінде қабылданды, ал менеджмент проблемасын көбінесе ұйымдастыру, тіпті әлеуметтік психологиялық тұрғыдағы проблема ретінде қабылданды.
Екінші кезең кезіндегі (1920-1950 жылдары) сапаны бақылаудың статистикалық әдістері дамыды – SQS (А. Шухарт, Г.Ф. Додж, Г.Г. Роминг және басқалары).
Бақылау карталары пайда болды, өнім сапасын іріктеу әдістері мен бақылау және технологиялық процесстерді реттеу негізделді. Батыста Шухартты сапаның қазіргі замандағы философиясының әкесі деп атайды.
Деминг және Джуран өндіріске статистикалық тәсілдерді қолдануды белсенді насихаттады, бірақ олар бірінші болып сапаны қамтамасыз етуде ұйымдастыру мәселелеріне көңіл аударды, сапа проблемаларын шешуде жоғары басшылық роліне акцент жасады. Демингтің әйгілі 14 принципінде сапаны қамтамасыз етудің инженерлік әдістерін менеджменттің ұйымдастыру проблемаларынан айыру өте қиын. Лексиконда «менеджмент» сөзі әлі пайда бола қойған жоқ еді, бірақ осы мамандардың «қаламының ұшында» жүрген еді.
50-80-ші жылдардағы шетелдік ең үлкен масштабтағы фирма ішіндегі жүйелер сапаны бақылау жүйелері деп аталады: TQC (Фейнгенбаум), CWQC (К. Исикава, сапаның жеті аспабы), QC – circles (Тагути әдістері), QFD т.б.
Осы кезде сапа менеджментінен айрықшаланатын сапа инжинирингі деген бағыт қалыптасты. Бірақ дәл осы кезеңде сапаны қамтамасыз ету әдістерінің жалпы менеджментпен жақындасуы басталды. Шетелдегі ең осыған тән мысал ZD жүйесі («Нольдік ақаулар» жүйесі). КССРО да бұл тенденция Саратовтық БИП жүйесінде, Горькийлік КАНАРСПИ Ярославльдық НОРМ, Львовтық СБТ жүйелерінде айқын көрінді.
Жалпы менеджмент пен сапа менеджментінің бір-біріне қарай тарихи қозғалысы басталды.
Сапа мәселелерін шешу ұйымдастырушы құрылымдарды жасауды талап етті. Бұл құрылымға компанияның әрбір жұмысшысынан бастап барлық бөлімшелері кіру қажет болды.
Бұлар өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде қатысып отыруы керек. Осыдан TQM және UQM концепциялары пайда болды. Ары қарай сапа негізіндегі менеджмент қалыптасты. Бүгінде сапа менеджменті қатарында 24 халықаралық стандарттардың ИСО 9000 жүйелері, сапа жүйелерін сертификаттаудың халықаралық жүйелері, әлемнің көптеген елдерінің 10000 маман жұмыс істейтін сапа жүйелерінің сертификатталған аудиторларының халықаралық реестрі, менеджмент аудитінің жүйесі, фирма ішіндегі сапа жүйесіне сертификаты бар әлемнің 70000 фирмалары бар.
Сапа менеджменті – яғни менеджменттің төртінші ұрпағы қазіргі таңда фирмалардың жетекші менеджменті болып табылады. Бір уақытта MBO мен MBQ бірігу процесі жүріп отырады, бірақ жаңа басқа сапалық деңгейде. Қазіргі уақытта сапа және экология менеджменті саласында жетілмеген бірде-бір фирма бизнесте және қоғамда табысқа жете алмайды.
Сапа тұзағы. Деминг циклы. Өнімнің сапасын басқару объектілеріне сапа тұзағын жасайтын барлық элементтер кіреді.
Халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес сапа тұзағы деп тұйық сақина түріндегі өнімнің өмірлік циклын (5.3-сурет) айтады. Ол мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: маркетинг; өнімнің техникалық талаптарын жобалау және жасау; материалдық – техникалық жарақтау; өндірісті дайындау және технология мен өндіріс процесстерін жасау; өндіріс; бақылау, сынау және тексеру; қаптау және сақтау; өнімді өткізу; құрастыру; пайдалану; техникалық көмек және қызмет көрсету; утилизациялау (жою). Іс жүзінде жоспарлау, бақылау, талдау және басқа мақсатында бұл кезеңдер құраушыларға бөлінуі мүмкін. Ең маңыздысы өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде сапаны басқару процесінің бүтіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
5.3 – суреті – Сапа тұзағы
Сапа тұзағы көмегімен өнім сапасын басқару мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін барлық объектілермен және тұтынушымен өнімді дайындаушының өзара байланысы жүзеге асырылады.
Өнімнің сапасын басқару үзілісті (циклды) түрде жүзеге асырылады және Деминг циклы деп аталатын белгілі кезеңдер (этаптар) арқылы өтеді.
Деминг циклы кезеңдерінің (этаптарының) тізбегі немесе реті 5.4 – суретінде көрсетілген. Оған кіретіндер: жоспарлау (PLAN); жүзеге асыру (DO); бақылау (CHECK); әсер етумен басқару (ACTION).
5.4 – сурет – Деминг циклы
Күнделікті өмірде пайдаланылатын айналмалы циклде басқарудың жалпы функциясының жүзеге асырылуы болады. Бұл функциялар сапалы өнімді жасаудың және оны пайдаланудың барлық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен сапаны басқару кезінде осы процестің жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында сапа сақинасын Деминг циклымен біріктіру қажет. Бұл өнімнің өмірлік циклы кезінде негізгі әсер түрлерін сипаттайды. Сонда негізгі қызмет түрлерінің толықтығы алынған матрицаның барлық алаңында өнімнің жеке түрлері бойынша сапаны басқару процесінің жинақтылық дәрежесін сипаттайды.
Сапаны басқарудың бақылаудан айырмашылығы болады, ол көбінесе жақсы бұйымдарды жамандардан айыруға саяды. Өнімнің сапасы процесс аяқталғаннан кейін бақылау нәтижесінде өзгертілуі мүмкін емес.
Сапаны басқару товардың барлық жасау жүйесімен, өндірісімен, пайдаланумен (тұтынуымен) және жоюмен байланысты. Сапаны басқарудың міндеті ақаулардың себебін анықтау болып табылады, сонан соң осы себептерді жою және жақсы сапалы өнімді өндіруді қамтамасыз ету.
Әдебиеттер: 1 нег. [123-148], 2 нег. [116-158].
Бақылау сұрақтары:
Сапаны басқару жүйесінің даму барысында компанияның жалпы менеджменті мен сапа менеджментінің өзара қатынасы қалай өзгереді?
Қазіргі уақытта (MBQ) сапа негізінде менеджменттің ядросы не?
Сапаны басқаруда жаңа стратегия немен сипатталады?
Сапа тұзағы дегеніміз не оның арналуы?
Деминг циклының мәні қандай?
№6 дәріс. Сапа жүйелерінің негізгі даму кезеңдері. Сапаны басқару механизмі. «ДЖИТ» жүйесі
Сапа жүйелерінің негізгі даму кезеңдері.
Сапа жүйелерінің негізгі даму кезеңдерін графикалық бейнелеу үшін өндірісте жақсы белгілі – «Сапа белгісі» фигурасы пайдаланды. Бұл фигураның контуры «Пентагон» деп аталады, оны бес ұшты жұлдызбен толтырып ол және «Сапа жұлдызы» деп аталды (6.1 - суреті).
Сапа жұлдызының табанына белгілі бір концепцияға сәйкес сапаны басқару жүйесінің біреуін қоямыз. Бұл жүйе құжаттандырылған және кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушы құрылымын, сол сияқты өнімді жасау процестерін басқару жүйесін қамтиды деп жорамалдаймыз. Соңғысына көңіл аудару өте маңызды: біз ұйымдастыруды қызметтік құрылым ретінде және процесстердің жиынтығы ретінде қарастырамыз.