- •1 Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •1.1 Сабақты жүргізетін оқытыушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттер:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •1.5 Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.6 Тапсырмалардың түрлері мен тізімі және олардың орындалу
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Бақылау және білімді бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материялдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •3.1 Сурет - Сапаға жұмсалған шығындардың құраушылары
- •3.2 Суреті – Өнімнің өзіндік құны мен бағасының оның сапалық сипаттамалары деңгейіне тәуелділігі
- •3.4 Суреті. Кәсіпорын табыстарының сапа деңгейіне тәуелділігі
- •6.1 Сурет – «Сапа жұлдызы»
- •6.4 Суреті – Сапаны басқару механизмінің құрамы
- •8.1 Кестесі - х, y, z теорияларының салыстырмалы сипаттамасы
- •8.3 Суреті – Адам қажеттіліктерінің иерархиясы (Маслоу бойынша)
- •9.1 Суреті – Бақылау туралы шешімдерге арналған
- •9.2 Сурет - тбб құрылымдық бөлімшелері
- •9.3 Суреті – Кәсіпорындағы брактан сақтандыру жүйесі
- •10.1 Суреті - Өнім сапасын басқарудың (өсб ) статистикалық әдістерінің қолдану аймағы
- •10.2 Суреті – «Сынық сызықты» графигінің мысалы және оның аппроксимациясы
- •10.3 Суреті – Айналма графиктің мысалы
- •10.4 Суреті – Таспалы графиктің мысалы
- •10.5 Суреті – z тәрізді графиктің мысалы
- •10.6 Суреті – Бағаналы графиктің мысалы
- •10.7 Суреті – Парето диаграммасының мысалы
- •10.8 Суреті – Себеп-салдарлық диаграммасының мысалы
- •10.9 Суреті – Мәліметтердің гистограмма түрін ұсынылу мысалы
- •10.10 Суреті – Ықтималдық тығыздығының таралу қисықтарының түрлері
- •10.13 Суреті – Бақылау картасының мысалы
- •12.1 Кестесі – Стандарттар арасындағы айырмашылықтар
- •Мемлекеттің сертификаттау қызметінің нормативтік сферасы (ортасы)
- •Суреті –Қазақстан Республикасында сертификаттауды басқару сұлбасы
- •15.1 Суреті – Өнім сапасының қалыптасуының типтік сұлбасы.
- •2.3 Тәжірибелік сабақтардың жоспарлары
- •2.4 Студенттердің оқытушының жетекшелігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (соөж) бойынша сабақтардың жоспары
- •2.6 Өзін - өзін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар
- •2.7 Курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Бимбетов Мелдехан Үсен ұлы
- •5B070900 - Металлургия мамандығына арналған
3.1 Сурет - Сапаға жұмсалған шығындардың құраушылары
Өнімнің сапа деңгейін бағалайтын көрсеткіштер есебі, белгілі бір мақсатпен жүргізіледі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – бұл бұйымдардың әртүрлі тұтынушылық қасиеттерін және олардың экономикалық сипаттамаларын салыстыру, яғни бұйымдардың оңтайлы сапа деңгейін анықтау. Өнім сапасына тұтынушылардың қоятын талаптары өскен сайын шығарылатын бұйымның бағасы және оның өзіндік құны міндетті түрде өсіп отырады. Бұл тәуелділік 3.2 – суретінде бейнеленген. Бұйымның өзіндік құны мен бағасы қисықтары арасындағы және олардың қиылысу нүктелерімен Q1 және Q2 шектелген диаграмманың бір бөлігі пайданың мөлшерін көрсетеді. Қисықтардың Q0- нүктесіндегі бір-бірінен ең үлкен алыстауын ең үлкен пайданы қамтамасыз ететін (ең аз шығын және ең үлкен баға) өнімнің сапасы деп айтуға болады.
3.2 Суреті – Өнімнің өзіндік құны мен бағасының оның сапалық сипаттамалары деңгейіне тәуелділігі
3,2 – суретінде Q1-Q2 аралық – бұл пайдалану ортасында зияндардың өсуі; Q1-Q2 аралық - бұл өзіндік құнның (шығынның) шамадан тыс өсуі. Бірақта өткізу нарығында бәсеклес бұйымдардың болуы кейде кәсіпорын тактикасын өзгертуге мәжбүрлейді: өз пайдасының кейбір үлесін қия отырып, өнімнің жоғары класын өндіру, яғни өнімнің Q1 сапасына тоқтау , немесе өзіндік құны төмен Q2 сапаны қабылдау. Осылардың бәрі кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы мен тактикасы.
Сапаны қамтамасыз етуге арналған мынадай шығындарды калькуляциялау (есептеу) әдістері болады:
1. Сапаға кеткен шығынды анықтаудың , яғни шығындарды калькуляциялау әдісі, олар ішкі шаруашылық қызметтерге кеткен шығындар және сыртқы жұмыстармен байланысты шығындар болып бөлінеді (3.3 - суреті). Ішкі шаруашылық қызметіне жұмсалған шығындардың құраушылары шығындарды калькуляциялаудың СБА –(сақтандыру, бағалау, ақаулар) моделі негізінде сарапталады.
Сақтандыруға (профилактикаға) және бағалауға жұмсалған шығындар ақша қаражатын жұмсаудың тиімдісі болып саналады, ал ақауларға жұмсалатын шығындар зиянды болып есептеледі;
2. Процесстермен байланысты шығындарды калькуляциялау (товардың, басқа нәрсенің өзіндік бағасын, сатып алынатын бағасын, сататын бағасын есептеп шығару) әдісі кез келген процесстің сәйкестік және сәйкессіздік құндарын пайдалануға негізделген, сонымен бірге (және де) екеуі де қаражатты үнемдеудің көзі болуы мүмкін. Бұл жағдайда : а) сәйкестік құны - бұл қолданылып отырған процесстің тоқтаусыз жұмысы кезінде тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмсалған шығындар;
б) сәйкессіздік құны – қолданылып отырған процесстің бұзылуына байланысты жұмсалған шығындар.
1 – сапаны бақылауға кеткен шығындар; 2 –негізгі өндіріс шығындары; 3 – ақаулыққа байланысты шығындар; 4- өндіріс шығындарының жалпы сомасы
3.3 – сурет Өнімнің сапасына жұмсалған шығын
3. Сапаның төмендігі салдарынан болатын шығындарды анықтау әдісі. Бұл әдісте сапаның төмендігі салдарынан болатын ішкі және сыртқы шығындарға және материалдық және материалдық емес шығындарға үлкен көңіл бөлінеді. Сыртқы материалдық емес шығындардың мысалы, бұл тұтынушылардың қанағаттанбауына байланысты өткізу көлемінің қысқаруы, ұнамағандықтан ешкім алмай қояды. Ішкі материалдық емес шығындардың мысалы, бұл қайта жөндеуге, дұрыстауға байланысты, мүмкіндіктерді пайдалана алмауға байланысты еңбек өнімділігінің төмендеп кету нәтижесі. Материалдық шығындар бұлар ақаулар салдарынан болатын ішкі және сыртқы шығындар.
4. Өнімнің толық өмірлік циклына (ТӨЦ) жұмсалатын шығындарды калькуляциялау әдісі. Бұл кезде ТӨЦ құнын бағалау үшін оны барлық кезеңдер бойынша кішкентай құндылық құраушыларына бөледі (жіктейді). Өнімнің сапасы оны пайдалану немесе тұтыну кезінде толығымен көрінеді. Дайындалып жатқан өнімнің сапа деңгейі керекті қажетті деңгейден төмен болуы мүмкін. Мысалы , металл кесетін станок керекті дәлдікті қамтамасыз етпейді, немесе ете алмайды. Бұл жағдайда тұтынушы оны пайдалану кезінде өнімді дұрыстауға, жөндеуге және қызмет көрсетуге қосымша қаражат бөлуі керек. Керісінше болуы да мүмкін, яғни өнімнің сапасы қажетті деңгейден жоғары. Мысалы жүк көтергіштігі 3 тонналық автомобиль салмағы 1 т болатын жүкті тасымалдау үшін пайданылады және т.б.
Сапа деңгейінің тұтынушының қажеттігімен толық сәйкес келген кезде, яғни тұтынушы үшін де, (шығарушы) өндіруші үшін де олар ең аз шығынмен қанағаттану кезі – бұл оңтайлы вариант болып аталады, себебі дайындауға және пайдалануға жұмсалатын шығын сомасы ең аз. Сөйтіп сапаның оңтайлы деңгейі - бұл сапасы осы деңгейден жоғары немесе төмен болатын өнімді өндіру және тұтынушы қажетін қанағаттандыру экономикалық тиімсіз болатын деңгей.
Өнімді пайдаланумен байланысты барлық өнімсіз шығындарды дайындаушы кәсіпорын мойнына алуы қажет. Бұл оның сапасы оңтайлы деңгейдегі өнімді шығаруға қызығушылығын арттырады.
Дайындалған өнімдердің сапа көрсеткіштерінің конструкторлық құжаттарда берілген сапа нормаларына сәйкестік дәрежесі, техникалық талаптарға сәйкестік дәрежесі деп аталады.
3.4 – суретінде өнімді өткізгеннен алынған табыстар мен инвестициядан түскен пайда деңгейлері көрсетілген. Бұл көрсеткіштер аса жоғары сапалы өнім шығарушыларда жоғары екенін көруге болады.
Демек ұсынылатын өнімнің сапасының артықшылығы, пайданың артуына алып келеді. Пайданың артуына (көбеюіне) екі фактор әсер етеді:
бірінші - тұтынушының жоғары қанағаттанушылығы, яғни олардың алған өнімі және қызмет көрсетуі өте жоғары сапалы, осының салдарынан товарға өте жоғары баға орнатуға болады;
екінші – сәйкессіздіктің (ақаулардың) болмауына байланысты, демек оларды дұрыстауға жұмсалатын шығындардың азаюы өндіріске жұмсалатын шығынның төмендеуіне алып келеді.
Сапалы бұйымды шығаратын кәсіпорын, жоғары бағадан басқа, басқа да маңызды артықшылықтарға ие болады. Мысалы, бірдей бағалар кезінде, клиенттердің жоғары қанағаттанушылық элементін пайдалана отырып, бағаны өсірудің орнына өнім бағасы мен сипаттамасы арасындағы тиімді қатынастың арқасында нарық үлесін кеңейтуге мүмкіндік туады. Осы стратегияны әдетте жапондық кәсіпкерлер ұстанады. Бұл кезде “әсер масштабы” нәтижесінде нарық үлесінің артуы өндірістік шығындардың анағұрлым азаюына алып келеді.
3.4 – суретіндегі көрсетілген нәтижелер сапа мен монетарлық (ақшалық) (шығындар, баға, инвестициялық пайда) көрсеткіштер арасында тікелей өзара байланыс бар екенін көрсетеді. Сапа бойынша Европалық сыйлықтың көптеген жеңімпаздары (Europen Quality award (EQA)) айналымды, капиталға салынған пайданы және нарық үлесін арттыруға мүмкіндік алды. Бірақ сапасы өте жоғары өнімді дайындаудың теріс жақтары да болады, себебі технологиялық циклге көп уақыт және өте қымбат тұратын жабдықтар қажет болуы мүмкін, сонымен қатар қызметкерлердің мамандығына талаптардың артуы және олардың еңбек ақы деңгейі де өсуі мүмкін.
