Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИ...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать
    1. Суреті –Қазақстан Республикасында сертификаттауды басқару сұлбасы

Одан негізгі сертификаттау бойынша барлық жұмыстарды негізгі басқарушы және үйлестіруші орган ҚР мемлекеттік стандарты екенін көруге болады. Ол мынадай негізгі функцияларды орындайды: - сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады , ҚР территориясында сертификаттауды жүргізу бойынша жалпы ережелерді және ұсыныстарды орнатады; - сертификаттау жүйелерін және сәйкестік таңбаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізеді және олардың мемлекеттік реестрін жүргізеді;

- сертификаттау ережелері туралы , қазіргі кездегі сертификаттау жүйелері және сәйкестік таңбалары туралы ресми ақпараттарды жариялайды; -халықаралық (аймақтық) сертификаттау жүйелеріне қосылу туралы ұсыныстарды дайындайды - орнатылған тәртіппен сертификаттау нәтижелерін (сертификаттарды, сәйкестік таңбаларды, сынақ қаулылары) өзара мойындау туралы халықаралық (аймақтық) ұйымдармен келісімдер жасасады; - ҚР сертификаттау мәселелері бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарға көрсетеді; - сертификаттау мәселелері бойынша апелляцияларды (шағым арыздарды) қарастырады .

ҚР Мемстандарты және басқа мемлекеттік басқару органдары бір уақытта өздерінің қызмет бабы шеңберінде біртекті өнімді сертификаттау жүйесін жасайды. Осыған байланысты олар мынадай негізгі функцияларды орындайды:

- осы жүйелерде сертификаттаудың ережелері мен оны жүргізу процедураларын (тәртіптерін) орнатады; - сертификаттау сұлбаларын таңдауды жүзеге асырады; - қажет болған кезде сертификаттау жүйелерінің орталық органын анықтайды (немесе сертификаттау бойынша орталық орган функцияларын орындайды); - міндетті сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге лицензия береді және аккредиттеу ережелерін орнатады; - сертификаттау және сынақтау лабораториялары бойынша органдарды аккредиттейді, оларға белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізуге лицензия береді; - сертификаттауға қатысушалардың және обьектілердің мемлекеттік реестрін (тізімін) жүргізеді және олар туралы орнатылған тәртіпте ақпараттарды ҚР Мемстандартына ұсынады; - шетелдік сертификаттарды, сәйкестік таңбаларын және сынақтау нәтижелерін мойындау ережелерін орнатады; - сертификаттау ережелерін және сертификатталған өнімнің сақталуын тексеріп бақылау тәртіптерін орнатады және мемлекеттік бақылаумен қадағалауды жүзеге асырады; - сертификаттау мәселелері бойынша шағым арыздарды қарастырады;

- сертификаттау жүйелері мен сәйкестік таңбаларын ҚР Мемстандартында мемлекеттік тіркеуге ұсынады; - сертификат пен сәйкестік таңбасын қолдануға лицензия береді.

Біртекті өнімнің сертификаттау жүйесін жасау кезінде сертификаттау жүйесінің орталық органы қалыптасады. Оның негізгі функцияларына мыналар жатады:

- біртекті өнімді сертификаттау жүйелерін қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және онымен басшылықты жүзеге асыру, жүйеге кіретін сертификаттау және сынақтау лабораториялары бойынша органдардың қызметтерін үйлестіру; - жүйеде сертификатталатын өнім атаулары бойынша қосымшаларды жасау; - нормативтік құжаттардың қорын жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысу; - жүйеде қатысатын сертификаттау және сынақтау лабораториялары бойынша органдардың іс әрекеттері бойынша шағым арыздарды қарау; - сертификаттар мен сәйкестік таңбаларын пайдалануға берілген лицензияларды есепке алуды жүргізу.

Әрбір сертификаттау жүйесінде сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді және сертификаттауға жататын өнім туралы ақпараттың растығын қамтамасыз ететін органдар қалыптасады. Оларға сертификаттау бойынша орган және аккредиттелген сынақтаушы лаборатория жатады (13.2 сурет). Сертификаттау бойынша орган өзінің негізгі міндеттерін жүзеге асыру үшін мынадай функцияларды орындайды:

  • органның барлық функцияларын іске асыру кезінде қызметкерлердің өзара әрекетін, жауапкершілігін , функцияларын бөлуді қамтамасыз етеді;

  • құжаттарға сәйкес өнімді сертификаттауды жүзеге асырады;

  • сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік таңбаларын қолдануға лицензияларды береді және тіркеп отырады;

  • шетел сертификаттарын, сынақтау қаулыларын және басқа куәландыруларды талдауды және есепке алуды жүзеге асырады;

  • сертификатталған өнімге қажет болған кезде ҚР Мемстандартының территориялық органдарын және басқа ұйымдарды қатыстырып тексеріп бақылауды жүргізеді;

  • берілген сертификаттар мен лицензиялардың іс әрекетін тоқтатады немесе оларды жояды;

  • сынақтау лабораторияларымен және басқа сертификаттау бойынша органдармен , сертификаттау бойынша ТМД елдерінің ұлттық органдарымен өзара әрекет жасайды;

  • өнімді дайындаушылармен, өнімге мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдармен тұтынушылармен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет жасайды;

  • өзінің қызметінің барлық мәселелері бойынша құжаттауды жүргізеді;

  • осы құжаттарға, оның қызметіне тексеріп бақылау жүргізетін органдардың қол жетерлігін қамтамасыз етеді;

- ҚР мемстандартына есеп беруді дайындайды;

  • сертификаттау нәтижелері туралы ақпаратты, соның ішінде сертификаттаудан өте алмаған өнім туралы, немесе орнатылған талаптарға өнімнің сәйкессіздігі және анықталған бұзықтар туралы ақпаратпен барлық мүдделі жақтарды қамтамасыз етеді.

Аккредиттелген сынақтау лабораториясы мынадай функцияларды орындайды:

- аккредиттеу саласы шеңберінде сертификаттау жүйесінің ережелері бойынша сынақтау қаулыларын береді және сынақтауды жүргізеді;

- сынақтау нәтижелерінің керекті дәлдігін, обьективтілігін, растығын қамтамасыз етеді;

- аккредиттеу аттестатының күші немесе лицензия күші тоқтаған жағдайда сертификаттау мақсаттары үшін сынақтау қаулыларын беруді , сынақтауды жүргізуді тоқтатады;

- сынақтау лабораториясының қызметіне ҚР Мемстандартпен тексеріп бақылауды жүргізу үшін қажетті жағдайларды жасайды;

- сынақтаушы лабораториясы қызметі туралы ақпаратты ҚР Мемстандартына ұсынып отырады;

- дайындаушының (сатушының , орындаушының) коммерциялық құпиясы болып табылатын мәліметтерді жариялайды.

Сертификаттаудың тікелей обьектісі өнім болғандықтан сертификаттауды жүргізу шеңберінде дайындаушылар мынадай функцияларды орындайды:

  • жүйе ережелеріне сәйкес сертификаттауды жүргізуге мәлімдеме жасайды , өнімді , нормативтік және басқа қажетті сертификаттауды жүргізуге арналған құжаттарды көрсетеді;

  • сертификатталған өнімді сәйкестік таңбасымен маркалайды;

  • жолдама техникалық құжатта өнім сәйкес болу керек сертификаттауда жүргізуге арналған құжаттарды көрсетеді

  • сертификатталған өнімді сәйкестік таңбасымен маркалайды

  • жолдама техникалық құжатта өнім сәйкес болу керек сертификаттау және нормативтік құжаттар туралы мәлімметтерді көрсетеді , осы ақпаратты тұтынушыға дейін жетуін қамтамасыз етеді

- өнім егер нормативтік құжат талаптарына жауап бермесе , сертификат күшінің мерзімі таусылса, оны шығаруды немесе іске асыруды тоқтатады ;

  • сертификаттау бойынша органдарға сертификатталған өнімнің техникалық құжаттарына және өндірістің технологиялық процесіне ендірілген өзгерістер туралы хабарлайды, егер олар сертификаттау кезінде тексерілетін сипаттамаларға әсер ететін болса.

Әдебиеттер: 2нег. 3-487, 5 нег 6-268.

Бақылау сұрақтары:

1.Сертификаттау дегеніміз не?

2.Мемлекеттік сертификаттаудың нормативтік сферасына нелер жатады?

3.Сертификаттаудың қандай түрлерін білесіз?

4.Сертификаттауды жүзгізудің мақсатын айтыңыз

14 дәріс. Қазақстан Республикасында сертификаттауды жүргізудің әдістемелік негіздері. Халықаралық сертификаттау практикасы

Сертификаттау бойынша жұмыстарда оның ережелерін мойындайтын және орындайтын меншік формасына тәуелсіз (соның ішінде басқа елдерде) кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар қатысады. Сертификаттауды жүргізу кезінде олар халықаралық, аймақтық және басқа елдердің ұлттық сертификаттау жүйелерімен бір-бірімен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады. Ол өздерінің мақсаттарына сәйкес белгілі бір жұмыстар жиынтығынан тұрады (4.1 суреті).

Шетелде сертификаттар мен сәйкестік таңбаларын (белгілерін) мойындауды қамтамасыз ету үшін сертификаттау бойынша ережелер мен ұсыныстар қазіргі уақыттағы халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес жасалған. Олар стандарттау бойынша халықаралық ұйымдардың (ИСО), халықаралық электротехникалық комиссияның ((МЭК) ХЭК) 9000 және 10000 сериялы ИСО халықаралық стандарттардың, 45000 және 29000 сериялы европалық стандарттардың нұсқауларында, басқа сертификаттау бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын халықаралық және аймақтық ұйымдардың құжаттарында баяндалған.

Сертификаттау

Өндірісті тексеру

Тексеріп бақылау

Сәйкестікті дәлелдеудің басқа тәсілдері

2.1 Алдын- ала

3.1 Саудадан алынған үлгілерді сынау

3.2 Өндірісте алынған үлгілерді сынау

2.3 Сапа жүйесін сертификаттау

3.3 Өндірісті тексеріп бақылау

14.1 суреті-Сертификаттауды жүргізу кезіндегі жұмыстардың түрлері

Қазақстанда сертификаттау және сынау лабораториясы бойынша аккредиттеуді , сол сияқты сертификаттар мен сәйкестік таңбаларын шетел органдарының мойындауы көп жақты және екі жақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасы оның қатысушысы болып табылады.

Міндетті сертификаттау ҚР заң актілерімен қарастырылған жағдайда жүзеге асырылады. Міндетті сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді Қазақстан Республикасының стандарттау метрология және сертификаттау бойынша Комитеті жүзеге асырады. Өнімнің жеке түрлері бойынша міндетті сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу ҚР басқа мемлекеттік басқару органдарымен жүзеге асырылады, егер бұл оның заңды актілерімен қарастырылған болса. Сертификаттаудың бұл түрі өнім қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау құралы болып табылады.

Міндетті сертификаттауға жататын товарлардың атауын Қазақстанның Мемстандарты, қызмет баптарына сәйкес басқа мемлекеттік басқару органдары анықтайды.

Өз еркімен сертификаттау заңды тұлғалардың және азаматтардың ынтасы (инициативасы) бойынша арызданушы мен сертификаттау бойынша орган арасындағы келісім-шарт негізінде жүргізіледі.

Өз еркімен сертификаттауды өз еркімен сертификаттау бойынша органдардың функциясын өзіне алған және сертификаттау жүйесін және сәйкестік таңбаларын Қазақстанның Мемстандартында тіркеген заңды тұлғалар, сол сияқты міндетті сертификаттау бойынша органдар (олардың аккредиттеу саласы шеңберінде) жүргізе алады.

Өзін-өзі сертификаттау және үшінші жақпен сертификаттау деген түрлері болады. Өзін-өзі сертификаттау қажетті іс әрекеттердің барлығын орындайды және бұл туралы арнайы құжатта мәлімдейді немесе өнімге сертификаттау белгісін қою арқылы, немесе жолдама құжатпен мәлімдейді. Үшінші жақпен сертификаттау не дайындаушыға, не өнімді тұтынушыға жатпайтын органдар жүйесімен жүзеге асырылады.

Сертификаттау кезінде дайындаушыларды, тұтынушыларды, қоғамдық ұйымдарды, сертификаттау бойынша органдарды, сынақтаушы лабораторияларды , сол сияқты барлық мүдделі кәсіпорындарды , ұйымдарды және жеке тұлғаларды аккредиттеу және сертификаттау нәтижелері мен ережелер туралы, сертификаттауға қатысушылар туралы хабарлауды жүзеге асыру керек.

Сертификаттау кезінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттық құпиялылығы сақталуы керек.

Міндетті сертификаттау және сынақтаушы лаборатория бойынша органдар ретінде тіркелген коммерциялық емес (пайдасыз) бірлестіктер (одақтар) және кез-келген меншік формасындағы ұйымдар аккредиттелуі мүмкін:

Атап айтқанда, қажетті білгірлігі (қызметтік бабы) бар және сертификаттау мен сынаудың нәтижесіне дайындаушының немесе тұтынушының коммерциялық, әкімшілік немесе қандай-да бір әсер ету мүмкіндігі жоқ , соншалықты тәуелсіз жеке меншік, мемлекеттік және басқа форма меншігіндегі ұйымдар.

Сертификаттау бойынша органдарды және сынақтаушы лабороторияларды аккредиттеуді Қазақстанның Мемстандарты және басқа мемлекеттік басқару органдары ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Басқа мемлекеттік басқару органдарын аттестациялап отырады . Аттестациялау комиссиясының құрамына сарапшылар, дайындаушылардың, тұтынушылар қоғамдарының , ғылыми-зерттеу ұйымдарының, Қазақстанның Мемстандартының территориялық органдарының, басқа мемлекеттік басқару органдарының өкілдері кіреді. Аккредиттеу нәтижелері аккредиттеу аттестатымен дайындалады.

Егер аккредиттеу жүйесінде бір біртекті өнімді сертификаттау бойынша бірнеше орган болса, онда мәлімдеме жасаушы олардың кез келгенінде сертификаттауды жүргізуге құқығы бар. Сертификаттау біртекті өнімді сертификаттау жүйелерімен орнатылған сұлбалар бойынша жүргізіледі.

Отандық және шетелден келген өнімдерді сертификаттау бірдей ережелермен жүргізіледі.

Сертификаттау нәтижелері бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі расталған өнімге сәйкестік сертификаты беріледі. Бұл өнім сәйкестік таңбасымен (белгісімен) маркаланады. Сәйкестік таңбасы өнімге (ыдысқа, қаптамасына) өткізу кезінде тұтынушыға келіп түсетін жолдама техникалық құжатына түсіріледі.

Сертификаттау жүйелерінің орталық органының қызметіне, сертификаттау бойынша органдардың және сынақтаушы лабораториялардың аккредиттелген органдарының қызметін тексеріп бақылауды Қазақстанның Мемстандарты және басқа мемлекеттік басқару органдары өзінің қызмет бабы шегінде ұйымдастырады.

Сертификатталған өнімге тексеріп (инспекциялық) бақылауды осы өнімге сертификаттауды жүргізген органдар жүзеге асырады.

Міндетті сертификаттау жүйелеріндегі аккредиттеу-сертификаттары мен аттестаттары оларды мемлекеттік реестрде (тізімде) тіркелген күнінен бастап өздерінің күштеріне енеді. Мемлекеттік реестрде сертификаттау жүйелерінің орталық органдары туралы, сертификаттау бойынша аккредиттелген органдар және сынақтаушы лабораториялар туралы, біртекті өнімді сертификаттау жүйелерімен бекітілген және сәйкестік белгілерімен бекітілген аккредиттелген органдар туралы, сертификатталған өнім туралы, аттестатталған сарапшылар, құжаттар, сертификаттау бойынша ережелер мен ұсыныстары бар құжаттар туралы мәліметтер болады.

Сертификаттауға қатысушылардың қызметінде даулы мәселелер туындаған кезде мүдделі жақтар сертификаттау бойынша органға, сертификаттау жүйесінің орталық органына, Қазақстанның Мемстандартына, сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізетін басқа мемлекеттік басқару органдарына шағым арыз бере алады.

Көрсетілген органдар сертификаттау бойынша органдардың, сынақтаушы лабораториялардың, сарапшылар мен мәлімдеме жасаушылардың сертификаттау , аккредиттеу , сәйкестік таңбаларын қолдану, аккредиттеу аттестаттары мен сертификаттарын беру және олардың күшін жоюға байланысты мәселелерді қарастырады.

Өнімді сертификаттау мыналардан тұрады:

1.Сертификаттауға арыз беру; 2. Арыз бойынша шешім қабылдау, соның ішінде сертификаттау сұлбасын таңдау; 3. Іріктеп алу, үлгілерді ұқсастыру және оларды сынау; 4. Өндірісті бағалау (егер бұл сертификаттау сұлбасымен қарастырылған болса); 5. Алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру туралы (беруге қарсы болу туралы) шешімді қабылдау; 6. Сәйкестік таңбасын (белгісін) қолдануға сертификатты және лицензияны беру; 7. Сертификатталған өнімге тексеріп бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау сұлбасымен қарастырылған болса); 8. Өнімнің орнатылған талаптарға сәйкестігі бұзылған кезде және сәйкестік таңбасын дұрыс қолданбаған кезде түзетуші шамалар; 9. Сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат.

Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін мәлімдеуші сертификаттау бойынша сәйкес органға мәлімдеме (заявка) береді. Мәлімдеушіде мұндай орган туралы және оның өнімін сертификаттау тәртібі туралы ақпарат жоқ болса, ол оны Қазақстанның Мемстандартында алуына болады.

Осы өнімді сртификаттау бойынша бірнеше орган болса мәлімдеуші арызын оның кез-келгеніне беруіне құқығы бар.

Арызды берген кезде сертификаттау бойынша орган жоқ болса арыз Қазақстанның Мемстандартына немесе өз қызмет бабы шеңберінде сертификаттау бойынша жұмысты жүзеге асыратын атқарушы өкімет органына жіберіледі.

Сертификаттау бойынша орган арызды оны алғаннан кейін бір ай ішінде қарайды (арызды қараудың нақты мерзімдері біртекті өнімді сертификаттау тәртібін орнататын құжатта көрсетіледі) мәлімдеушіге шешімді хабарлайды. Арыз бойынша шешімде сертификаттаудың барлық негізгі шарттары, соның ішінде сертификаттау сұлбасы, қажетті техникалық құжаттар тізімі, аккредиттелген сынақтаушы лабораториялар (орталықтар) (ары қарай лабораториялар) тізімі және өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттауға құқығы бар органдардың тізімі көрсетіледі.

Нақты сынақтаушы лабораторияны, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттауға арналған органды таңдау мәлімдеуші жүзеге асырады.

Сынау конструкциясы, құралы және дайындау технологиясы тұтынушыға жеткізілетін өнімдегідей болатын үлгілерде жүргізіледі.

Үлгілердің саны, оларды алу тәртібі, ұқсастыру және сақтау ережелері осы өнімді сертификаттау бойынша нормативтік немесе ұйымдастырушы - әдістемелік құжаттарға сәйкес және сынау методикасымен анықталады.

Мәлімдеуші үлгіге қажетті техникалық құжатты ұсынады, оның құрамы және мөлшері біртекті өнімді сертификаттау тәртібімен анықталады.

Сынауға арналған үлгілерді таңдап алуды, ереже бойынша сынақтаушы лаборатория немесе оның тапсырмасы бойынша басқа толық правасы (құқықты) ұйым жүзеге асырады. Сынауды екі немесе одан да көп сынақтаушы лабораторияларда жүргізу кезінде сынауға үлгілерді таңдап алуды сертификаттау бойынша орган жүзеге асыруы мүмкін.

Сынаудан өткен үлгілер өнімнің жарамдылық мерзімі ішінде немесе сертификаттың әсер ету мерзімі ішінде сақталуы керек. Үлгілердің нақты сақталу мерзімі біртекті өнімді сертификаттау тәртібін анықтайтын құжаттарда орнатылады.

Жетік білгірлікке (толық құқықтыққа) және тәуелсіздікке аккредиттелген сынау лабораториясы жоқ болған кезде немесе ол алыста орналасқан жағдайда, яғни үлгілерді тасымалдауды қиындататын, сынау құнын арттыратын, олардың мерзімін созып жіберетін жағдайда, тек жетік білгірлікке аккредиителген сынақтаушы лабораторияларда сертификаттау мақсаттарында сынауды жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл осы өнімді сертификаттау бойынша орган өкілдерінің бақылауымен жүргізіледі. Мұндай сынақтардың обьективтілігін сынақтаушы лабораториялармен қатар сынақтаушы лабораторияға тапсырма берген сртификаттау бойынша орган қамтамасыз етеді. Сынау хаттамасына бұл жағдайда сынақтаушы лаборатория мен сертификаттау бойынша органның өкілетті мамандары қол қояды.

Сынау хаттамалары мәлімдеушіге және сертификаттау бойынша органға беріледі. Сынау хаттамаларының көшірмелері сертификаттың әсер ету мерзімінен кем емес уақытқа сақталуы керек. Хаттама көшірмелерінің нақты сақталу мерзімі біртекті өнімді сертификаттау жүйесінде және сынақтаушы лабораториялардың құжаттарында анықталады.

Мәлімдеуші атқарушы өкіметтің федеральді органдарымен өз билігі шеңберінде берген арыз бойынша шешімдерде көрсетілген құжаттарды сертификаттаушы органға ұсынады. Бұл құжаттар мәлімдеушіде жоқ болса сертификаттау бойынша орган оларды алу мақсатында өкілетті органдармен өзара әрекетті қамтамасыз етеді.

Мәлімдеуші сынақтау хаттамаларын, олардың әсер ету мерзімдерін ескере отырып сертификаттаушы органға ұсынады.

Ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін, соның ішінде ондағы нәтижелердің нормативтік құжаттармен сәйкестігін, оларды беру мерзімдерін, конструкцияға, материалдарға, технология ендірілген өзгерістерді тексеріп болғаннан кейін сертификаттау бойынша орган сәйкестік сертификатын беру туралы шешім қабылдауы мүмкін, немесе сынақтау көлемін қысқарту туралы, немесе жетіспейтін сынақтарды жүргізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Сертификаттау сұлбасына байланысты өнім өндірісінің күйін талдау, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау жүргізіледі.

Сертификатталатын өнім өндірісінің күйін талдау тәртібі біртекті өнімді сертификаттау ережелерінде орнатылады. Күйді талдау нәтижелері қорытындыда көрсетіледі, осының негізінде сертификатты беру туралы шешім қабылданады.

Өндіріс күйіне жүргізілген талдау туралы, өндірісті сертификаттау немесе сапа жүйесін сертификаттау туралы мәліметтер (құжаттар) өнімнің сертификатында көрсетіледі.

Сертификаттау бойынша орган сынақтау хаттамаларын талдаудан кейін, өндірісті бағалаудан кейін, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттаудан кейін (егер бұл сертификаттау сұлбасымен белгіленген болса) өнімнің сәйкестігі туралы басқа құжаттарды талдаудан кейін орнатылған талаптарға өнімнің сәйкестігін бағалайды. Осы бағалаудың нәтижелері сарапшының қорытындысында көрсетіледі. Берілген қорытындының негізінде сертификаттау бойынша орган сертификатты беру туралы шешім қабылдайды, сертификатты дайындайды және оны тіркейді. Сертификат тіркеме номері болған жағдайда ғана жарамды болып табылады.

Сертификатта сертификаттау сұлбасына сәйкес оны беруге негіз болған барлық құжаттар көрсетіледі.

Өнім сәйкестігін бағалау нәтижелері теріс болған жағдайда сертификаттау бойынша орган себебін көрсетіп сертификатты беруге болмайды деген шешімді береді.

Сертификаттың әсер ету мерзімін, өнімге нормативтік құжаттардың әсер ету мерзімін, сол сияқты сертификатталған өндіріс немесе сертификатталған сапа жүйесі мерзімін ескере отырып сертификаттау бойынша орган қызмет ету мерзімі бар өнім партиясына немесе әрбір бұйымға берілген сертификаттың әсер ету мерзімі өнімнің қызмет ету мерзімінен (жарамдылық мерзімінен) аспауы керек.

Өнімнің конструкциясына немесе оның өндірісінің технологиясына өзгерістер ендірілген кезде және ол өнімнің нормативтік құжат талаптарына сәйкестігіне әсер ететін болса, мәлімдеуші алдын-ала бұл туралы сертификат берген органға хабарлайды. Ол осы өнім өндірісін бағалау немесе жаңа сынақтаулар жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

Сертификатталған өнімге қосылып берілген жолдамалық технологиялық құжатта (технологиялық паспорт, этикетка, және басқаларында), сол сияқты товарды сүйемелдеуші құжаттарда өткізілген сертификаттау туралы жазу жасалынады, сертификаттың номері және берген күні көрсетіледі.

Сертификат берілген өнім жүйеде қабылданған сәйкестік таңбасымен маркаланады. Сәйкестік таңбасымен өнімді маркалау дайындаушы (сатушы) сертификаттау бойынша органмен берілген, сәйкестік таңбасын қолдануға болатын лицензиясына сәйкес жүзеге асырады. Сәйкестік таңбасы бұйымға немесе ыдысқа, қаптамаға және жолдама техникалық құжатқа қойылады. Оны ыдысқа немесе қаптамаға қою мүмкін болмаған кезде, тікелей өнімге түсіреді. Қажет болған кезде арнайы техникалық жабдықты - жазба қағазды (ярлыкты), таспаларды пайдаланады.

Нақты өнімге сәйкестік таңбасын түсіру ережелері біртекті өнімді сертификаттау тәртібемен анықталады. Өнімді сәйкестік таңбасымен маркалау бұл таңбалардың анық бейнесін, сыртқы әсер етуші факторларға төзімділігін, орнатылған қызмет ету жарамдылық мерзімі ішінде ұзақ уақыттылығын қамтамасыз ететін тәсілдермен жүзеге асыру керек.

Сәйкестік таңбасының кескіні гравирлеумен , өңдеумен, құюмен, басумен немесе басқа тәсілдермен орындалуы мүмкін.

Сертификатталған өнімді тексеріп бақылау сертификаттың және сәйкестік таңбасын қолдануға берілген лицензияның бүкіл әсер ету мерзімі ішінде жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Ол оқтын-оқтын және жоспардан тыс формасындағы тексерістер. Бұл кезде өнім үлгілерін сынау және өткізіліп жатқан өнімді сертификаттау кезінде расталған, сол талаптарға сәйкестігі әлі жалғасып келе жатқанын растау үшін қажетті басқа тексерулер жүргізіледі.

Тексеріп бақылаудың мерзімділігі мен көлемін анықтауға арналған критериялар бұлар, өнімнің потенциялды қауіптілік дәрежесі , өндірістің тұрақтылығы, шығарылатын өнім көлемі , сапа жүйесінің бар – жоқтығы, тексеріп - бақылауды жүргізу құны және т.б.

Тексеріп бақылауды жүргізу тәртібін, көлемін және мөлшерін біртекті өнімді сертификаттау тәртібінде анықтайды.

Жоспардан тыс тексерулер тұтынушалардан , сауда ұйымдарынан , сол сияқты сертификат берілген өнімге қоғамдық немесе мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан өнім сапасына шағымдар (арыздар) туралы ақпарат келіп түскен жағдайларда жүргізілуі керек.

Тексеріп бақылау ереже бойынша мынадай жұмыс түрлерін жүргізеді:

- сертификатталған өнім туралы келіп түсетін ақпаратқа талдау жасау; - бақылауды жүргізу үшін комиссияны жасау; - сынауды және олардың нәтижелерін талдауды жүргізу; - бақылау нәтижелерін дайындау және шешім қабылдау;

Тексеріп қабылдау нәтижелерін актімен дайындайды, онда үлгілерді сынау нәтижелерін және басқа тексерулер нәтижелерін бағалау беріледі, сертификатталған өнім өндірісінің күйі туралы және берілген сертификаттың әсерін (күшін) сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды жасалынады. Акт сертификаттау бойынша органда сақталады, ал оның көшірмелері мәлімдеушіге (дайындаушығы, сатушыға) және тексеріп бақылауға қатысқан ұйымдарға жіберіледі.

Тексеріп бақылау нәтижелері бойынша сертификаттау бойынша орган сертификаттау кезінде бақыланатын өнім нормативтік құжат талаптарына сәйкес болмаған жағдайда сертификаттың күшін тоқтатуы немесе жоюуы мүмкін.

Осыдан басқа мынадай жағдайларда ол сертификат әсерін тоқтата алады немесе жол алады:

- өнімнің нормативтік құжаты немесе сынау әдісі өзгерген кезде;

- технология талаптары , бақылау және сынау әдістері, сапаны қамтамасыз ету жүйесі өзгерген кезде. Егер аталған өзгерістер сертификаттау кезінде бақыланатын талаптарға өнім сәйкессіздігі туындайтын болса.

Сертификаттың әсерінің тоқтатылуы немесе жойылуы туралы ақпарат оны берген органмен мәлімдеушіге тұтынушыларға, Қазақстанның Мемстандартына және біртекті өнімді сертификаттау жүйесінің мүдделі қатысушыларына жеткізіледі. Бұл ақпаратты жеткізу тәртібі мен мерзімі біртекті өнімді сертификаттаудың тәртібімен анықталады.

Түзету шараларын жүргізу кезінде сертификаттау бойынша орган мынадай жұмыс түрлерін жүргізеді: - сертификаттың әсерін және сәйкестік таңбасын қолдануға берілген лицензия әсерін тоқтатады; - сертификаттаудың мүдделі қатысуышаларына хабарлайды; - түзету шараларын орындау мерзімін анықтайды.

Дайындаушы (сатушы): -анықталған бұзылыстар масштабын, атап айтқанда дұрыс өндірілмеген өнім санын, моделін, номері мен партия мөлшерін анықтайды; - тұтынушыларға , жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға өнімді қолдану қауіпті екенін хабарлайды.

Түзету шаралары орындалысымен , ал олардың нәтижелері қанағаттанарлық болғаннан кейін сертификаттау бойынша орган: - дайындаушыға (сатушыға) бұйымды түзету шараларына дейін және одан кейін айыру үшін жаңадан маркалауды тапсырады. Бұл кезде әрбір нақты жағдай үшін маркалаудың сипаты мен түрі анықталады; - сертификаттаудың мүдделі қатысушыларына хабарлайды.

Дайындаушы түзету шараларын орындамаса сертификаттау бойынша орган сертификаттың әсерін жояды және сәйкестік таңбасын қолдану лицензиясынан айырады.

Дайындаушы жүргізілген сынақтың оң нәтижелері негізінде және онда тиісті өнімді бақылау жүйесі бар болса арыз-декларациясын дайындайды.

Кәсіпорын-дайындаушы жетекшісімен қол қойылған арыз-декларация өнімді сынау хаттамасымен бірге сертификаттау бойынша органға жолдама хатпен жіберіледі.

Сертификаттау бойынша орган ұсынылған құжаттарды қарайды, қажет болып жатса қосымша материалдарды сұрастырады. (тұтынушылар шағымы, технологиясын процесі тексеру нәтижелері, мемлекеттік басқару органдарымен берілетін белігілі бір талаптарға өнімнің сәйкестігі туралы құжаттар және т.б.).

Оң нәтижелер жағдайында сертификаттау бойынша орган дайындаушыға сертификат береді. Теріс нәтижелер жағдайында сертификаттау бойынша орган себептерін көрсетіп сертификатты беруге болмайтыны туралы шешім қабылдайды.

14.1 кестесінде сертификаттауды жүргізу тәртібі көрсетілген.

14.1 кестесі - Сертификаттауды жүргізу тәртібі

Кезең атауы

Кезең мазмұны

Орындаушы

Кезеңнің аяқталуы

1

2

3

4

1.Сертификаттау бойынша органның өнімді сертификаттауға арналған декларация-арызды алуы

Декларация –арызды талдау

Ұйым (мәлімдейді)

Бастапқы материалдарды сараптау үшін сарапшыны тағайындау

2.Бастапқы материалдарды сарапттау

Бастапқы материалдарды сараптау, өткізілетін өнім сапасы туралы ақпаратты жинау және талдау,өндірісті сертификаттаудың келесі кезеңдерін жүргізудің тиімділігін бағалау

Сертификаттау бойынша орган (өкілетті сарапшы)

Өндірісті сертификаттауды жүргізудің тиімділігі туралы қорытындыны құрастыру, өндірісті сертификаттауды жүргізуге келісім-шарт жасау

3.Өндірісті тексеру бойынша комиссияны құру

Бас сарапшыны тағайындау және комиссия құрамын бекіту

Сертификаттау бойынша орган (өкілетті сарапшы)

Комиссия құрамы туралы бұйрықты дайындау

4.Тексерудің жұмыстық бағдарламасын құрастыру (немесе типтік бағдарламаны қабылдау)

Өндірісті тексеру процедурасы мен обьектілерді және шешімді қабылдау ережелерін белгілеу

Серификаттау бойынша орган(өкілетті сарапшы)

Өндірісті тексеру бағдарламасын қабылдау

5.Өндірісті тексеру

Комиссияны құру, тексеру жоспарын құрастыру, өндірісті тексеру, өндірісті сертификаттау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау

Сертификаттау бойынша орган (өкілетті сарапшы)

Өндірісті тексеру нәтижелері туралы актіні құрастыру

6.Өндірісті сертификаттауға ұсыну туралы шешім қабылдау және өндірісті тексеру нәтижелері бойынша құжаттарды дайындау

Сертификат жобасын дайындау

Сертификаттау бойынша орган (өкілетті сарапшы)

Өндірісті тексеру нәтижелері туралы актіні, сертификат жобасын Регистрдің техникалық орталығына жіберу

7.Өндірісті сертификаттау туралы шешім қабылдау

Регистрдің Реестрінде сертификатты тіркеу туралы шешім қабылдау

Регистрдің техникалық орталығы

Мәлімдеушіге сертификатты жіберу

8.Сертификатталған өндірісті тексеріп бақылау

Тексеру бағдарламасына сәйкес өнімді дайындау сапасының тұрақтылығын тексеру процедурасын орындау

Сертификаттау бойынша орган (өкілетті сарапшы) Регистрдің техникалық орталығы

Тексеру актілерін дайындау

Сертификаттаудың халықаралық практикасы (тәжірибесі).

Сертификаттауды жүргізу бойынша шетел ұйымдарының ең беделділерінің ішінен Ллойд Регистр, Норске Веритас, сапа жүйелерін сертификаттау бойынша Неміс қоғамын , Британдық стандарттау институтын бөліп қарауға болады. Олардың көрсеткен қызметі үшін ақы төлемі әртүрлі жағдайларда ондаған мыңнан миллион долларға дейін ауытқып отырады.

Отандық мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанда сертификаттау қызметінің құны жеткілікті кең диапазонда ауытқып отырады (бірнеше жүзден бірнеше ондаған мың долларға дейін).

Стандарттау бойынша халықаралық ұйым ИСО (The International Organization for Standardization, ISO) бүкіл әлемдегі стандарттар ролінің белсенуіне және стандарттауды дамытуға көмектеседі, бұл өнімді сертификаттау сферасына да тікелей әсер етеді. Оның негізгі міндеті интеллектуалды, ғылыми, техникалық және экономикалық қызмет сфераларында ынтымақтастықты және халықаралық алмасуды дамыту болып табылады.

ИСО қызметі былай жүзеге асырылады. Әртүрлі мемлекеттің өкілдері өз бетінше ұйым жұмысына қатысу формасын таңдайды және оның толық мүшесі,

кеңесші дауысы бар мүшесі және бақылаушы бола алады. ИСО басқармасының бас органы Бас асамблея болып табылады. Бас асамблея сессиялары арасындағы аралықтарда басқару Кеңеспен жүзеге асырылады.

Ұйымның ағымдық жұмысы Кеңес комитеттерімен ұсынылғын екі вертикаль бойынша даму саясаты және техникалық басқару арқылы жүргізіледі. Бүгінде ИСО-да мынадай негізгі комитеттер бар: КАСКО (CASCO) - Сәйкестікті бағалау бойынша Комитет (Committee on conformity assessment) ; КОПОЛКО (copolko) - Тұтынушылар мүдделерін қорғау бойынша комитет (Committee on consumer policy); ДЕВКО (DEVKO) - дамып келе жатқан елдерге көмектесу бойынша Комитет (Committee on oleveloping country); РЕМКО (REMCO) - стандартты үлгілер бойынша;Комитет (Committee on reference materials).

Өнімді сертификаттау сферасындағы (саласындағы) халықаралық ынтымақтастық, оның нарықта кедергісіз шығуын және тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.

Ең ірі халықаралық ұйым бұл тариф және сауда бойынша Басты келісім (ГАТТ), ол стандарттау және сертификаттау саласында оның қатысушыларына арналған (100 елге жуық) арнайы ұсыныстардан тұрады. Европада қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Кеңеске қатысушы – елдер кездесулер нәтижесі бойынша өздерінің қорытынды актілерінде сертификаттау саласында ынтымақтастықтың қажеттілігін және оны елдердің саудалық байланыстарын кеңейтуге және жақындастыруға мүмкіндік беретін құрал ретінде пайдалануды атап өтті.

Сертификатты ұйымдастыру - әдістемелік қамтамасыз ету саласында жетекші орын ИСО –ға жатады, оның сертификаттау бойынша Комитеті бар (СЕРТИКО ). ИСО мен бірге сертификаттау проблемаларымен халықаралық энергетикалық комисия (МЭК) жұмыс істейді.

Барлық Нұсқаулар осы ұйымдардың атымен шығарылады (ИСО/МЭК). МЭК тағы екі халықаралық сертификаттау жүйесін ұйымдастырды.

Әдебиеттер: 2 нег. 3-487, 5 нег6-238.

Бақылау сұрақтары:

1.Сертификаттау процесінде өнімді дайындаушылар қандай функцияларды орындайды?

2.Сәйкестік сертификаты дегеніміз не?

3.Сертификаттау сұлбасын қалай түсінесіз?

4.Сертификаттауды жүргізу тәртібі қандай

5.Қандай халықаралық сертификаттау органдарын білесіз?

15 дәріс. Металлургия обьектілерінің квалиметриясы. Металлургия обьектілерінің квалиметриясы туралы

Қазіргі уақыттағы металл өңдеу процестері үшін өнім сапасын сандық бағалаудың сенімді әдістері қажет. Жалпы методологиялық тұрғыда сапаны сандық бағалау проблемасының барынша негізделген шешімін квалиметрия береді (латын сөзінен guails-сапа және грек сөзінен metro-өлшеу ).

Металлургиялық қайта өңдеуі бар өндірістің айрықша ерекшелігі, мұнда сапа технологиялық процестің – болат балқыту, болат құю, термопластикалық, механикалық, термиялық әртүрлі бөлімшелерінде көп кезеңмен қалыптасады. Бөлімшелердің әрқайсысында сапаның қалыптасуының типтік сұлбасы қызмет етеді (15.1суреті).

Бұл кезде технологиялық процестің әрбір кезеңінде сапа өндірістің өткен кезеңдерінің қызметінің нәтижелеріне байланысты болып қана қоймай,

алдағы барлық кезеңдерге қатты әсер етеді.

Сонымен, қарастырып отырған технологиялық процестің әрбір бөлімшесіндегі өнімнің сапа деңгейін K(S) қамтамасыз ететін қасиеттер жиынтығын S, SI(m); Sj(t) ; Sk(q); Sl(d), типіндегі өзгеше қасиеттер жиынтығы түрінде көрсетуге болады

(15.1)

мұндағы - материал сапасын анықтайтын қасиеттер (“материал” категориясы бөлімшелермен анықталады); - еңбектің сапа деіңгейін анықтайтын қасиеттер; технологиялық жабдықтың сапа деңгейін анықтайтын қасиеттер; - техникалық құжаттардың сапа деңгейін анықтайтын қасиеттер.

Сапа факторларын толық талдау негізінде өнім сапасын бейнелейтін (өрнектейтін) функционал болу мүмкіндігі туралы жорамал әділетті деп мынаны жазамыз

(15.2)

мұндағы t – ағымдық уақыт.

Оқулықтарда Ф функционалын диференциальданатын функциялар класына жатады деп, ал сапаны математикалық бейнелеу кезінде жай көбейту жолымен сапа критерияларын біріктірді, осыдан шартын қабылдады (15.3)

мұндағы факторлардың белгілемелері; факторлары әсерінің сәйкесінше маңыздылығын және салмақтығын сипаттайтын және тәжірибелік жолмен анықталатын коэфициенттер; А-сапаға ескерілмеген факторлардың әсерін көрсететін константа (тұрақты).

Жоба сапасы

Шикізаттың материялдық сапасы

Технология мен жабдықтың сапасы

Еңбек сапасы

Дайындау сапасы

Сақтау сапасы

Өнім сапасы

Пайдалану және жөндеу сапасы