
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •1.1 Сабақты жүргізетін оқытыушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттер:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •1.5 Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.6 Тапсырмалардың түрлері мен тізімі және олардың орындалу
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Бақылау және білімді бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материялдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •3.1 Сурет - Сапаға жұмсалған шығындардың құраушылары
- •3.2 Суреті – Өнімнің өзіндік құны мен бағасының оның сапалық сипаттамалары деңгейіне тәуелділігі
- •3.4 Суреті. Кәсіпорын табыстарының сапа деңгейіне тәуелділігі
- •6.1 Сурет – «Сапа жұлдызы»
- •6.4 Суреті – Сапаны басқару механизмінің құрамы
- •8.1 Кестесі - х, y, z теорияларының салыстырмалы сипаттамасы
- •8.3 Суреті – Адам қажеттіліктерінің иерархиясы (Маслоу бойынша)
- •9.1 Суреті – Бақылау туралы шешімдерге арналған
- •9.2 Сурет - тбб құрылымдық бөлімшелері
- •9.3 Суреті – Кәсіпорындағы брактан сақтандыру жүйесі
- •10.1 Суреті - Өнім сапасын басқарудың (өсб ) статистикалық әдістерінің қолдану аймағы
- •10.2 Суреті – «Сынық сызықты» графигінің мысалы және оның аппроксимациясы
- •10.3 Суреті – Айналма графиктің мысалы
- •10.4 Суреті – Таспалы графиктің мысалы
- •10.5 Суреті – z тәрізді графиктің мысалы
- •10.6 Суреті – Бағаналы графиктің мысалы
- •10.7 Суреті – Парето диаграммасының мысалы
- •10.8 Суреті – Себеп-салдарлық диаграммасының мысалы
- •10.9 Суреті – Мәліметтердің гистограмма түрін ұсынылу мысалы
- •10.10 Суреті – Ықтималдық тығыздығының таралу қисықтарының түрлері
- •10.13 Суреті – Бақылау картасының мысалы
- •12.1 Кестесі – Стандарттар арасындағы айырмашылықтар
- •Мемлекеттің сертификаттау қызметінің нормативтік сферасы (ортасы)
- •Суреті –Қазақстан Республикасында сертификаттауды басқару сұлбасы
- •15.1 Суреті – Өнім сапасының қалыптасуының типтік сұлбасы.
- •2.3 Тәжірибелік сабақтардың жоспарлары
- •2.4 Студенттердің оқытушының жетекшелігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (соөж) бойынша сабақтардың жоспары
- •2.6 Өзін - өзін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар
- •2.7 Курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Бимбетов Мелдехан Үсен ұлы
- •5B070900 - Металлургия мамандығына арналған
10.7 Суреті – Парето диаграммасының мысалы
4.Себеп-салдар диаграммасы (10.8 суреті) себеп-салдар диаграммасы белгілі бір проблеманың мүмкін болатын себептерін зерттеу және бейнелеу керек болған кезде пайдаланылады.
Оның қолданысы осы проблемаға әсер ететін шарттар мен факторларды табуға және топтауға мүмкіндік береді.
Себеп-салдар диаграммасының формасын 10.3суретінде қарастырайық (ол «балық сүлдесі, (қаңқасы)» немесе Исикава диаграммасы деп те аталады).
Диаграмманы құрастыру реті:
- «Арқаны (жотаны)» - шешуге арналған проблема таңдалады;
- Проблемаға әсер ететін ең маңызды (елеулі) факторлар мен шарттар анықталады – яғни бірінші саптағы (қатардағы) себептер анықталады;
- Маңызды факторлар мен шарттарға әсер ететін себептер жиынтығы анықталады ( 2-, 3 – және келесі саптағы себептер);
- Диаграмма талданады: факторлар мен шарттар маңыздылығы бойынша орын-орнына қойылады, осы мезетте түзетуге болатын себептер анықталады;
- Алдағы әрекеттің жоспары құрастырылады.
5. Бақылау листогы (парағы) (жиналған жиілік кестесі) таралу гистограммасын салу үшін құрастырылады. Оның өзіне кіретін сәйкес графалары болады (10.2 кестесі).
Бақылау листогінің негізінде гистограмма тұрғызылады (10.9 суреті) немесе, көп мөлшердегі өлшеулер кезінде ықтималдылық тығыздығының таралу қисығы тұрғызылады (10.10 суреті).
Гистограмма бұл бағаналы график белгілі бір уақыт кезеңінде пайда болу жиілігі бойынша параметрдің нақты мәндерінің таралуын көрнекі бейнелеу үшін қолданылады. Графикке параметрдің рұқсат етілген мәндерін түсіру кезінде осы параметр рұқсат етілген диапазонға қалай жиі кіретінін немесе оның шегінен кететінін анықтауға болады.
а) шартты диаграмманың мысалы: 1 – факторлар (себептер); 2 – үлкен «сүйек»; 3 – кіші «сүйек»; 4 – орташа «сүйек»; 5 – «арқа (жота)»; 6 – сипаттама (нәтиже)
б) өнім сапасына әсер ететін факторлардың себеп-салдарлық диаграммасының мысалы
10.8 Суреті – Себеп-салдарлық диаграммасының мысалы
Гистограмманы зерттеу кезінде технологиялық процесс және бұйым партиясы қанағаттанарлық күйде тұр ма соны анықтауға болады. Ол мынадай мәселелерді қарастырады: таралу ені рұқсат етілген (допуск) енге қатысты қандай; таралу центрі рұқсат етілген өріс центріне қатысты қандай жағдайда; таралу формасы қандай.
Мынадай жағдайда, егер:
а) таралу формасы симметриялы болса, онда рұқсат етілген өріс бойынша қор бар деген сөз, таралу центрі мен рұқсат етілген центр дәл (сәйкес) келеді – бұл бұйым партиясының сапасы қанағаттанарлық күйде деген сөз.
б) таралу центрі оңға ығысқан болса, онда бұйымдардың ішінде (партияның қалған бөлігінде) жоғарғы рұқсат етілген шектен шығып кететіндер болуы мүмкін деген қауіп бар деген сөз. Өлшеу приборларында жүйелі қателіктер жоқ па соны тексереді. Егер жоқ болса онда таралу центрі мен рұқсат етілген өріс центрі дәл келетіндей етіп өлшемдерді жылжытып, операцияны реттеп, өнімді шығаруды жалғастыра береді.
в) таралу центрі дұрыс орналасқан, бірақта таралу ені рұқсат етілген өріс енімен дәл келеді. Қауіп бар, яғни бұйымның барлық партиясын қарау кезінде ақауы бар бұйым шығып қалады дегенді білдіреді. Бұл кезде жабдықтардың дәлдігін, өңдеу жағдайын және т.б. зерттеу қажет, немесе рұқсат етілген өрісті кеңейту керек;
10.2 кестесі
Интервал № |
Өлшенген мәндер |
Жиілігі |
Жиналған жиілік |
Жиналған салыстырмалы жиілік |
|
|
|
|
|