Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИ...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

10.2 Суреті – «Сынық сызықты» графигінің мысалы және оның аппроксимациясы

10.3 Суреті – Айналма графиктің мысалы

10.4 Суреті – Таспалы графиктің мысалы

В) Z – тәрізді график (10.5 суреті) берілген мәндерге жету жағдайларын көрсету үшін қолданылады. Мысалы, іс жүзіндегі мәліметтерді (өткізу және өндіріс көлемі және т.б.) айлар бойынша тіркеу кезінде жалпы тенденцияны бағалау үшін.

График былай тұрғызылады:

1) айлар бойынша (бір жылдық мерзімдегі) қантардан желтоқсанға дейін параметр мәндері салынады (мысалы, өткізілген товар көлемі), ары қарай тіке кесінділермен қосады (10.5 суретіндегі сынық сызық 1);

2) әрбір ай үшін кумулятивтік сома есептеледі және оған сәйкес график тұрғызылады (10.5 суретіндегі сынық сызық 2);

10.5 Суреті – z тәрізді графиктің мысалы

3) Қорытынды мәндер есептеледі (өзгермелі қорытынды) және сәйкес графигі тұрғызылады. Өзгермелі қорытынды ретінде осы жағдайда осы айдың алдындағы жылдық қорытындысы қабылданады 10.5 суретінде сынық сызық 3; Ордината осіне - ай сайын түскен ақшаны ал абцисса осіне - жылдың айлары салынады.

Өзгермелі қорытынды бойынша ұзақ уақыт ішіндегі даму бағытының (тенденцияның) өзгерісін анықтауға болады. Өзгермелі қорытынды орнына графикке жоспарланатын мәндерді түсіруге болады және олардың жетістік жағдайларын тексеруге болады.

Г) Бағаналы график (10.6 суреті) бағана биіктігімен өрнектелген бұйымның оның түріне байланысты өзіндік құны, брак нәтижесінде жоғалым сомасы және т.б. сияқты факторлардың сандық тәуелдігін көрсетеді. Бағаналы графиктің гистограмма және Парето диаграммасы деген екі түрі болады.

Графикті салу кезінде ордината осі бойынша зерттелетін процеске әсер ететін факторлардың саны (берілген жағдайда бұйымды сатып алуға ынталандырулардың саны) салынады. Абсцисса осі бойынша – факторлар салынады, олардың әрқайсысына бағана биіктігі сәйкес келеді. Бағана биіктігі осы факторлардың көріну (пайда болу) санына байланысты болады.

Егер сатып алуға ынталандыруларды олардың көріну (пайда болу) жиілігі бойынша реттеп және кумулятивтік қосындысын салатын болсақ онда Парето диаграммасын аламыз.

1 – сатып алуға ынталандырулар (себепкерлер) саны; 2 – сатып алуға ынталандырулар; 3 – сапа; 4 – бағаның төмендеуі; 5 – кепілдеме мерзімдері; 6 – дизайн; 7 – жеткізіп беру; 8 – басқалары

10.6 Суреті – Бағаналы графиктің мысалы

3. Парето диаграммасы азаю ретіне қарай жеке белгілері бойынша топтау негізінде тұрғызылған (мысалы көріну жиілігі бойынша) және кумулятивтік (жиналған, жинақталушы) жиілікті көрсететін сұлба Парето диаграммасы деп аталады (10.7 суреті). Парето – бұл итальяндық экономист және социолог, өз диаграммасын Италияның байлығын талдау үшін пайдаланған.

Келтірілген диаграмма брак түрлері бойынша жарамсыз өнімді топтау және жарамсыз өнімнің әрбір түрінің санының азаю ретімен орналастыру негізінде тұрғызылған. Парето диаграммасын көп жағдайларда пайдалануға болады. Оның көмегімен өзгерістерді енгізгенге дейін және енгізгеннен кейін тұрғызып өнімнің сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауға болады.

1 –өндіріс процестеріндегі қателіктер; 2 – сапасыз шикізат, 3 – сапасыз еңбек құралдары; 4- сапасыз шаблондар; 5 – сапасыз сызбалар; 6 – басқалары; А –салыстырмалы кумулятивтік (жиналған) жиілік, %; n – жарамсыз өнім бірліктерінің саны