
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •1.1 Сабақты жүргізетін оқытыушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттер:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •1.5 Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.6 Тапсырмалардың түрлері мен тізімі және олардың орындалу
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Бақылау және білімді бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материялдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •3.1 Сурет - Сапаға жұмсалған шығындардың құраушылары
- •3.2 Суреті – Өнімнің өзіндік құны мен бағасының оның сапалық сипаттамалары деңгейіне тәуелділігі
- •3.4 Суреті. Кәсіпорын табыстарының сапа деңгейіне тәуелділігі
- •6.1 Сурет – «Сапа жұлдызы»
- •6.4 Суреті – Сапаны басқару механизмінің құрамы
- •8.1 Кестесі - х, y, z теорияларының салыстырмалы сипаттамасы
- •8.3 Суреті – Адам қажеттіліктерінің иерархиясы (Маслоу бойынша)
- •9.1 Суреті – Бақылау туралы шешімдерге арналған
- •9.2 Сурет - тбб құрылымдық бөлімшелері
- •9.3 Суреті – Кәсіпорындағы брактан сақтандыру жүйесі
- •10.1 Суреті - Өнім сапасын басқарудың (өсб ) статистикалық әдістерінің қолдану аймағы
- •10.2 Суреті – «Сынық сызықты» графигінің мысалы және оның аппроксимациясы
- •10.3 Суреті – Айналма графиктің мысалы
- •10.4 Суреті – Таспалы графиктің мысалы
- •10.5 Суреті – z тәрізді графиктің мысалы
- •10.6 Суреті – Бағаналы графиктің мысалы
- •10.7 Суреті – Парето диаграммасының мысалы
- •10.8 Суреті – Себеп-салдарлық диаграммасының мысалы
- •10.9 Суреті – Мәліметтердің гистограмма түрін ұсынылу мысалы
- •10.10 Суреті – Ықтималдық тығыздығының таралу қисықтарының түрлері
- •10.13 Суреті – Бақылау картасының мысалы
- •12.1 Кестесі – Стандарттар арасындағы айырмашылықтар
- •Мемлекеттің сертификаттау қызметінің нормативтік сферасы (ортасы)
- •Суреті –Қазақстан Республикасында сертификаттауды басқару сұлбасы
- •15.1 Суреті – Өнім сапасының қалыптасуының типтік сұлбасы.
- •2.3 Тәжірибелік сабақтардың жоспарлары
- •2.4 Студенттердің оқытушының жетекшелігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (соөж) бойынша сабақтардың жоспары
- •2.6 Өзін - өзін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар
- •2.7 Курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Бимбетов Мелдехан Үсен ұлы
- •5B070900 - Металлургия мамандығына арналған
9.3 Суреті – Кәсіпорындағы брактан сақтандыру жүйесі
Техникалық бақылаудың прогрессивтік түрлерін дамыту бірінші кезекте мыналарды жетілдіру қажеттілігіне байланысты:
өнімді жасау кезеңінде оның сапасын бақылау жаңадан игерілетін және модернизацияланатын бұйымның конструкторлық, технологиялық және басқа құжаттарының нормалық бақылауын; өзінің өндірісінде пайдаланылатын және қабылданатын шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, бұйымды жинақтаушылардың және басқа өнімнің кіре - берістегі сапасын бақылауды; өндірістік операцияларды тікелей орындаушылардың технологиялық тәртіптерін сақтауды бақылауды; негізгі өндірістік жұмысшылардың, бригадалардың, учаскелердің, цехтардың және кәсіпорынның басқа бөлімшелерінің өзін-өзі бақылауды жетілдіру қажет.
Бақылаудың аталған түрлерін дұрыс пайдалану бұйым сапасының қалыптасу процесіне оның әсерінің анағұрлым артуына жағдай жасайды, себебі бұл жерде өндірісте бракты анықтау емес, оның пайда болуынан сақтандыру жүзеге асырылады. Бақылаудың көрсетілген түрлерін қолдану орнатылған талаптардан болайын деп жатқан ауытқуларды дер кезінде байқауға, өнім сапасын төмендететін әртүрлі себептерді шұғыл анықтауға және жоюға, олардың ары қарай пайда болу мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер: 1 нег. [301-318], 2 нег. [416-428].
Бақылау сұрақтары:
Сапаны бақылау процестерінің мәні неде?
Бақылау процестерінің кезеңдерін атап шығыңыз.
Бақылау қандай белгілері бойынша түрлерге бөлінеді?
Өнім сапасын бақылау жүйесі дегеніміз не?
ТББ құрылымы қандай және оған қандай міндеттер жүктеледі?
№10 дәріс. Сапаны бақылау, ақауларды және олардың себептерін талдау әдістері. Сапаны бақылаудың статистикалық әдістері
Техникалық бақылау - бұл объектінің орнатылған техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру, өндірістік процестің құрамдас және ажырамас бөлігі. Бақылауға ұшырайтындар бұлар: кәсіпорынға келіп түсетін шикізат, материалдар, отын, жартылай фабрикаттар, бұйымды жинақтаушылар; өндірілетін дайындамалар, детальдар (бөлшектер), жинақтаушы бірліктер; дайын өнімдер; өнімді дайындау жабдықтары, керек – жарықтары, технологиялық процестер.
Техникалық бақылаудың негізгі міндеттері - бұлар, стандарттарға және техникалық шарттарға (ТШ) сәйкес сапалы өнімді шығаруды қамтамасыз ету, бракты (жарамсыз өнімді) анықтау және ескерту, бұйым сапасын ары қарай жақсарту бойынша шараларды жүргізу.
Қазіргі уақытта сапаны бақылаудың әртүрлі әдістері қалыптасты, оларды екі топқа бөлуге болады:
1. Өзін-өзі тексеру немесе өзін-өзі бақылау – бұл операцияға технологиялық картамен орнатылған әдістерді қолдана отырып, сол сияқты берілген тексеру кезеңдігін сақтай отырып қарастырылған өлшеу құралдарын пайдаланып арнайы тексеру және оператормен бақылау.
2. Ревизия (тексеру) – бұл бақылаумен жүзеге асырылатын тексеру, ол технологиялық процестің бақылау картасының мазмұнына сай болуы керек.
Ақаулардың сипатына байланысты брак түзетілетін немесе түзетілмейтін болуы мүмкін. Бірінші жағдайда бұйым түзетілгеннен кейін арналуы бойынша пайдаланылуы мүмкін, екінші жағдайда – түзету техникалық тұрғыда мүмкін емес немесе экономикалық тұрғыда тиімсіз.
Бракқа кінәлілер анықталады және оны ескерту бойынша шаралар айқындалады. Техникалық бақылау түрлері 10.1 кестесінде көрсетілген.
Өнім сапасын бақылау кезінде физикалық, химиялық және басқа әдістер пайдаланылады, оларды екі топқа бөлуге болады: бұзушы және бұзбайтын.
10.1 кестесі – Техникалық бақылау түрлері
№ п п |
Жіктелу белгілері |
Техникалық бақылау түрлері |
1 |
Арналуы бойынша |
Кіре - берістік (жеткізіп берушілерден келген өнім); өндірістік ; инспекциялық (бақылауды бақылау). |
2 |
Технологиялық процестің кезеңдері бойынша |
Операциялық (дайындау процесінде); қабылдаушы (дайын өнімді). |
3 |
Бақылау әдістері бойынша |
Техникалық бақылау, (қарау) (көзбен шолу); өлшеуші; тіркеуші; статистикалы.
|
4 |
Өндірістік процестің бақылау мен қамтылу толықтығы бойынша |
Тұтас; іріктемелі; жылжымалы; үздіксіз; мерзімдік. |
5 |
Бақылау операцияларын механикаландыру бойынша |
Қолдық; механикаландырылған; жартылай автоматты; автоматты. |
6 |
Өңдеу барысына әсері бойынша |
Пассивті бақылау (өңдеу процесін тоқтатын және өңдеуден кейін) активті бақылау (өңдеу кезінде уақытысында бақылау және қажетті параметрге жеткен кезде процесті тоқтату); Жабдықты автоматты түрде жөндеумен активті бақылау. |
7 |
Тәуелді және тәуелсіз рұқсат етілген ауытқуларды өлшеу бойынша |
Анық ауытқуларды өлшеу; Шектік ауытқуларды өтетін және өтпейтін калибрлердің көмегімен өлшеу. |
8 |
Бақылау объектісіне байланысты |
Өнім сапасын бақылау; Товарлық және жолдамалы құжаттарды бақылау; Технологиялық процесті бақылау; Технолгиялық жабдықтау құралдарын бақылау; Технологиялық тәртіпті бақылау; Орындаушылардың мамандығын бақылау; Арыздардың өтуін бақылау; Пайдалану талаптарының сақталуын бақылау. |
9 |
Келесі ары қарай пайдалану мүмкіндігіне әсері бойынша |
Қиратушы (бұзушы); Қиратпай (бұзбай) |
Қиратушы әдістерге мынадай сынақтаулар жатады: созуға және сығуға арналған сынақтаулар; соққыға арналған сынақтар; қайталамалы – айнымалы жүктемелер кезіндегі сынақтар; қаттылықты сынау.
Қиратпаушы әдістерге жататындар: магниттік (магниттік графикалық әдістер); акустикалық (ультрадыбысты дефектоскопия); радиациялық (рентген және гамма – сәулелері көмегімен дефектоскопия жасау).
Сапаны статистикалық әдістермен бақылаудың мәні сезім органдары арқылы (көзбен шолу, есту органдары) әдіспен салыстырғанда оны жүргізуге кететін шығынның анағұрлым төмендеуінде.
Сапаны статистикалық әдіспен бақылау. Өндірісте статистикалық әдісті қолданудың екі аймағы болады (10.1 суреті): берілген шекте ұстап тұру мақсатында (сұлбаның сол бөлігі) технологиялық процесс барысында реттеу кезінде; дайындалған өнімді қабылдау кезінде (сұлбаның оң бөлігі).