Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИ...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

9.1 Суреті – Бақылау туралы шешімдерге арналған

критериялардың негізгі құрастырушылары

Айта кету керек, кәсіпорынның сәйкес бөлімшелерімен жүзеге асырылатын сапаны бақылау сапаны басқарудың басқа субъектілері жағынан бақылауға қатысты алғашқы бірінші әрекет болып табылады. Бұл жағдай кәсіпорындарда техникалық бақылау қызметінің жұмысын бірінші кезекте жетілдіру қажеттілігін дәлелдейді (айғақтайды). 9.2 суретінде ірі кәсіпорынның техникалық бақылау бөлімінің (ТББ) құрылымдық бөлімшелерінің типтік құрамы көрсетілген.

Сапаны бақылау операциялары – бұйымдарды өндірудің технологиялық процесінің сол сияқты оларды ары қарай қаптау, тасымалдау, сақтау және тұтынушыға жіберудің ажыратылмайтын құрамдас бөлігі. Кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) бақылау қызметі жұмыскерлер өнімді өндіру процесінде немесе оларды өңдеудің жеке кезеңдері аяқталғаннан кейін қажетті тексеру операцияларын жүргізбей олар толық дайындалып бітті деп саналмайды, сондықтан олар тұтынушыларға жіберілмейді. Дәл осы жағдай техникалық бақылау қызметінің ерекше ролін анықтайды.

Қазіргі уақытта іс жүзінде барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда техникалық бақылау қызметі жұмыс істейді. Бақылаудың бөлімдері мен басқармалары бұйымдардың сапасын мамандырылған және жан-жақты бағалауды жүргізу үшін ең маңызды материалдық-техникалық алғы шарттармен (сынақтаушы жабдықтармен, бақылап - өлшеуші приборлармен, керек-жарақтармен, бөлмелермен және т.б.) қамтылған.

Осыған қарамастан осы қызметтердің қызметшілерімен жүзеге асырылатын сапаны бақылау нәтижелерінің дұрыстығы жиі күдіктер туғызады.

9.2 Сурет - тбб құрылымдық бөлімшелері

Тек өнімді тұтынушылармен бұйымдардың көптеген ақауларын байқау кәсіпорынның техникалық бақылау қызметінің қанағаттанарлықсыз жұмысын дәлелдейді, атап айтқанда, өндірістің қызмет көрсету учаскелерінде брақты толық табуда бақылаушы бөлімшелердің қызметкерлерінің қажетті қызығушылығының және жауапкершілігінің жоқтығын көрсетеді.

Техникалық бақылау қызметінде тексерістердің жоғары дұрыстығына, объективтілігіне, сақтандырушылығына жетуге кедергі жасайтын кемшіліктерді жою, бұйым сапасының қалыптасу процесіне және бағалау процесіне оң әсерін тигізеді.

Кәсіпорынның техникалық бақылау бөлімдері мен басқармалары кызметін жетілдіруде бірінші кезекте бақылау қызметі шеңберінде маңызды мәселелерді шешуге қабілетті бөлімшелерді жасау, дамыту және нығайту қарастырылуы керек.

Оларға мынадай мәселелерде шешу жүктеледі:

1. Өндірісте брактан сақтандыру бойынша шараларды жасау және іске асыру, бекітілген технологиялық процестерден ауытқулардың туындауын болдырмау;

2. Техникалық бақылаудың прогрессивті әдістері мен құралдарын жасау және ендіру;

3. Бақылау қызметінің әртүрлі категориялы қызметкерлерінің еңбек сапасын бағалау және объективті түрде есепке алу;

4. Жоғары сапалы өнім өндірісінің негізгі жағдайларының өзгерістері мен нақты күйлері тұралы ақпаратты орталықтан өңдеу үшін қажетті мәліметтерді дайындау;

5. Негізгі өндірістік жұмысшылардың өзін-өзі бақылауды ендіруді кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізу (атап айтқанда сапаны өзін-өзі бақылауға берілетін технологиялық операциялардың тізімін қалыптастыру, жұмыс орындарын қажетті бақылап - өлшегіш приборлармен, инструменттермен, құжаттармен жабдықтау, жұмысшыларды арнайы оқытып үйрету, өндірісте өзін-өзі бақылауды ендіру нәтижелерін бақылау және т.б.);

6. Пайдалану процесінде бұйымдардың сапа динамикасын арнайы зерттеуді жүргізу;

7. Өнім сапасын бақылау қызметі жұмыстарының әртүрлі аспектілерін (жағдайларын, жайларын) техникалық-экономикалық талдау және жоспарлау.

8. Кәсіпорынның техникалық бақылау бөлімдері мен басқармаларының барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстарын үйлестіру;

9. Өнім сапасын бақылауға жұмсалған шығындар динамикасын және абсолюттік шамасын оқтын-оқтын анықтап отыру, бақылау қызметі жұмысының тиімділігін бағалау.

Үлкен емес кәсіпорындарда бірқатар объективті себептерге байланысты техникалық бақылау қызметі құрамында бірнеше жаңа бөлімшелерді құру барлық уақытта мүмкін емес. Мұндай жағдайларда жоғарыда айтылған функцияларды тұрақты орындау үшін жаңадан құрылған бөлімшелерге емес, сапаны бақылау қызметінің құрамына кіретін құрылымдық буындардың жеке мамандарына берілуі мүмкін.

Қазіргі уақыттағы өндірістік жағдайларда өнімнің сапасын бақылау объективтілігін тиімді және тез арттыру көптеген кәсіпорындарда қалыптасып қалған бақылау қызметі қызметкерлерінің еңбегін дұрыс бағаламау және ынталандыру жүйесін өзгерту, осы жұмысшылардың өз еңбегінің сапасын арттыруда, жүзеге асыратын тексерулердің дұрыстығын қаптамасыз етуде нақты қызығушылықты жасау нәтижесінде қол жеткізіледі.

Өнім сапасын бақылау бойынша жұмыс нәтижелерін анағұрлым жақсарту үшін, сонымен бірге өндірісте брактан сақтандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін техникалық бақылаудың прогрессивтік түрлерін дамытуды қамтамасыз ету үшін бақылау қызметі жұмысшыларының күштерін шоғырландыру қажет. 9.3 суретінде кәсіпорында брактан сақтандыру жүйесінің элементтер құрамы және олардың өзара байланысы көрсетілген. Оның қызметінің тиімділігі кәсіпорын жұмысының сапалы көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді .