- •1 Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •1.1 Сабақты жүргізетін оқытыушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттер:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •1.5 Пән туралы қысқаша мәліметтер
- •1.6 Тапсырмалардың түрлері мен тізімі және олардың орындалу
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Бақылау және білімді бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материялдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •3.1 Сурет - Сапаға жұмсалған шығындардың құраушылары
- •3.2 Суреті – Өнімнің өзіндік құны мен бағасының оның сапалық сипаттамалары деңгейіне тәуелділігі
- •3.4 Суреті. Кәсіпорын табыстарының сапа деңгейіне тәуелділігі
- •6.1 Сурет – «Сапа жұлдызы»
- •6.4 Суреті – Сапаны басқару механизмінің құрамы
- •8.1 Кестесі - х, y, z теорияларының салыстырмалы сипаттамасы
- •8.3 Суреті – Адам қажеттіліктерінің иерархиясы (Маслоу бойынша)
- •9.1 Суреті – Бақылау туралы шешімдерге арналған
- •9.2 Сурет - тбб құрылымдық бөлімшелері
- •9.3 Суреті – Кәсіпорындағы брактан сақтандыру жүйесі
- •10.1 Суреті - Өнім сапасын басқарудың (өсб ) статистикалық әдістерінің қолдану аймағы
- •10.2 Суреті – «Сынық сызықты» графигінің мысалы және оның аппроксимациясы
- •10.3 Суреті – Айналма графиктің мысалы
- •10.4 Суреті – Таспалы графиктің мысалы
- •10.5 Суреті – z тәрізді графиктің мысалы
- •10.6 Суреті – Бағаналы графиктің мысалы
- •10.7 Суреті – Парето диаграммасының мысалы
- •10.8 Суреті – Себеп-салдарлық диаграммасының мысалы
- •10.9 Суреті – Мәліметтердің гистограмма түрін ұсынылу мысалы
- •10.10 Суреті – Ықтималдық тығыздығының таралу қисықтарының түрлері
- •10.13 Суреті – Бақылау картасының мысалы
- •12.1 Кестесі – Стандарттар арасындағы айырмашылықтар
- •Мемлекеттің сертификаттау қызметінің нормативтік сферасы (ортасы)
- •Суреті –Қазақстан Республикасында сертификаттауды басқару сұлбасы
- •15.1 Суреті – Өнім сапасының қалыптасуының типтік сұлбасы.
- •2.3 Тәжірибелік сабақтардың жоспарлары
- •2.4 Студенттердің оқытушының жетекшелігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (соөж) бойынша сабақтардың жоспары
- •2.6 Өзін - өзін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар
- •2.7 Курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Бимбетов Мелдехан Үсен ұлы
- •5B070900 - Металлургия мамандығына арналған
8.3 Суреті – Адам қажеттіліктерінің иерархиясы (Маслоу бойынша)
Қажеттіліктер иерархиясы негізінде қызықтырушы модельді тұрғызуға болады (8.2 кестесі).
Тұрақты қызықтыру үшін адамдарға олардың еңбектерінің оң нәтижелері немесе процесстері үшін әртүрлі сыйлық түрлерін берудің маңызы өте зор. Менеджментте сыйлық берудің кемінде 8 тәсілі қолданылады:
1. Ақша. Ақшаның ынталандырушы ролі әсіресе кәсіпорын өзінің қызметкерлерін жұмыс орнында отырған уақыты үшін емес, жұмысты орындауына және нақты нәтижелер алуына байланысты сыйлық бергенде өте пайдалы болып саналады.
Г.Форд ынталандыруда ақшаға үлкен басымдық берді. Ол жұмыс күні ұзақтығын 10 сағаттан 8 сағатқа дейін қысқартып, ең аз жалақыны күніне 5 долларға дейін өсіріп отырды.
Оның ынталандыру бойынша жаңа ендірмесі үлкен көңіл көтерумен қарсы алынды және материалдық әсерден басқа үлкен психологиялық әсер берді. 1914 жылы мұндай күндік жалақы жалпы қабылданғаннан екі есе артық болды. Фордтың мұндай жалақыны ұсынғанын, оның мүлдем үлкен жомарттығынан емес екенін ешкім түсінген жоқ.
Оны жұмысшылардың өмірлік деңгейі (ойына кіріп те шықпады) уайымдатпады. Г.Форд ешқашан жұмысшыларға күндік жалақысын 5 доллар етіп ендіру себебін жасырмады: ол жұмысшылардың жалақысы уақыт өте өздері шығарып жатқан автомобильді өздері сатып алуға мүмкіндік болуын тіледі. Өзі жасаған автомобильді өзі сатып алу кез-келген жұмысшының арманы емес пе?
8.2 кестесі – Қызықтырушы модель
Өз басының қажеттілігін өмірде жүзеге асыру |
Өз күшін іске асыру, білім мөлшерін арттыру |
Өзін құрметтеу және басқаларды мойындату |
Өз мамандығын жетік білу. Шешімді өз бетінше қабылдау құқығы. |
Әлеуметтік байланыстар |
Топқа рухы бойынша туысқандығын мойындату. Адамдармен жанасу. Сүйкімді болу |
Ертеңгі күнге сенімділік |
Физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында ақшалай табысын ұзақ мерзімге қамтамасыз ету |
Физиологиялық қажеттіліктер |
Тамақтану. Пәтер. Киім. |
2. Мақұлдау. Мақұлдау – бұл ақшадан да күшті сыйлық беру тәсілі. Барлық адамдар, оларды егер бағалап және құрметтеп жатқанын сезсе, қуаныштан басқа сезім болмайды. Табысты «Мэри Кэй Косметикс» фирмасының иегері Мэри Кэй Эштің ойы бойынша адамдардың ақшадан да артық көретін екі нәрсесі бар – бұлар мақұлдау және мақтау. Жақсы мінез-құлықты мақұлдасаңыз болды, ол кешіктірме қайталанады.
Менеджерлердің мынадай ережелері болады: бірден мақтаңыз; адамның жұмысын мақтаңыз; сіз ризасыз және сізге жұмысшының осыны істегенінен әдемі болғанын айту; осыдан кейін жұмысшы жанында тұра бермеңіз, сондықтан өз ісіңізді орындағаннан кейін, ол жерден кетіңіз.
3. Әрекет ету. Акция алған қызметкерлер бірге иемденуші болып, олар өздерін оның қожасы сияқты сезінеді. Бірақ сыйлықтың бұл тәсілін пайдалану үшін, кәсіпорын авторитарлық басқарудың орнына басқару шешімдерін топтық қабылдауды пайдалану керек және бәсекелестікке қабілетті товарды шығару керек. Г.Форд бұл әдісті де пайдаланды. Оның кәсіпорнында жұмысшылар акционер болды. Мичиган штатының университетінің зерттеулері осы сыйлық тәсілін пайдалану фирма табысын 1,5 есеге арттыратынын көрсетті.
4. Бос уақытпен сыйлау қызметкерлердің құр босқа уақытты ысырап ету әдетінің қалыптасуын болдырмайды және оларға өзіне және өзінің жан ұясына көбірек уақыт жұмсауына мүмкіндік береді, егер олар бөлінген мерзімнен ерте жұмысын бітірсе. Мұндай әдіс бос уақыттағы кестесі бар адамдар үшін тиімді. Олай болмаған жағдайда басшылықтың жұмыс көлемін өсіріп жіберуге қызығушылығы пайда болуы мүмкін.
5. Өзара түсіністік және жұмыскерге қызығушылық көрсету. Бұл сыйлау тәсілі пайдалы кәсіпқой - қызметкерлер үшін өте маңызды. Олар үшін ішкі сыйдың маңызы өте зор. Мұндай тәсіл менеджерлерден өзінің қарамағындағылармен жақсы формальды емес байланысты, сол сияқты оларды не ойландырады және қызықтырады соларды білуді талап етеді.
6. Қызметтік саты бойынша көтерілу және жеке өсу. Сыйлықтың бұл тәсілі жоғары басшылықтан маңызды қаражаттық шығынды талап етеді, бірақ дәл осы тәсіл қазіргі уақытта «ІBM», «Digital equipment corp.», «General Motors» сияқты компанияларға АҚШ нарығында көш басшылық жағдайын сақтауға мүмкіндік туғызды. Жоғары көтерілу тек материалдық игілікті қана емес, билікті де береді. Адамдар оны ақшадан да жақсы көреді.
7. Тәуелсіздікті және сүйікті жұмысты беру. Бұл тәсіл әсіресе жұмыскер профессионал болуға тырысқан кезде жақсы. Мұнда менеджерлердің өнері осындай қызметкерлерді тауып алу қабілеттілігінде. Мұндай адамдар жоғарыдан қадағалаусыз тиімді жұмыс істеуі мүмкін, бірақ өзінің батылсыздығынан басшыларға бұл туралы айта алмауында.
8. Жүлде алу. Сыйлық берудің бұл тәсілі менеджерлердің қиялына байланысты, ең тиімдісі жүлдені тапсыру кезінде фирма жұмысшыларының қатыстырылуы .
Қазіргі уақытта Қазақстанда қызықтырудың негізі жалақы деңгейі және әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Осыған қарамастан, тіпті қазіргі жағдайларда нақты жұмыскерлердің жетістіктерін ашық және көпшілік алдында мойындау туралы - қызықтырудың жоғары деңгейлерін ұмытуға болмайды. Кәсіпорында қызметкерді қызықтыру бойынша жұмыстың маңызды ерекшелігі – бұл кәсіподақтармен және заң орындарымен тығыз өзара әрекет жасау қажеттілігі.
Экономика үшін сапаның маңыздылығын ескере отырып, бірқатар елдерде жоғары сапалы өнімді шығару сапа бойынша сыйлық беру жолымен мемлекттік деңгейде ынталандырылады.
Әдебиеттер: 1 нег. [243-298], 2 нег. [316-347].
Бақылау сұрақтары:
«Мотив ( дәлел, себеп)» және «қызметкерлерді қызықтыру» терминдері нені білдіреді?
Сыйлық берудің қандай тәсілдерін білесіз?
Х, Y, Z теорияларының мағынасы қандай?
А.Маслоудың қызықтыру моделінің мәні неде?
№9 дәріс. Сапаны басқару процестерін бақылау, есепке алу және талдау. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру және жарамсыз өнімдерден (брактан) сақтандыру
Өнім сапасын басқаруда сапаны бақылау ерекше орын алады. Көздеген мақсаттарға жетудің тиімді жолдарының бірі және басқарудың маңызды функциясы ретінде бақылау бар нәрселерді, сол сияқты адаммен жасалған жоғары сапалы өнімнің алғы шарты және шығару жағдайын дұрыс пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сапаны бақылауды жетілдіру дәрежесіне, оның техникалық жарақталуына және ұйымдастыруына өндірістің тиімділігі байланысты болады.
Сапа көрсеткіштерінің жоғары тұрақтылығына ең аз шығынмен жетуі кезінде мүмкіндік беретін өнім сапасын бақылаудың қазіргі уақыттағы әдістері барған сайын үлкен маңызға ие болуда.
Бақылау – бұл нақты мәндердің берілгендерден ауытқуы туралы немесе олардың сәйкес келуі туралы және талдау нәтижелері туралы ақпараттарды анықтау және бағалау процесі. Мақсатты (мақсат/мақсат), жоспардың орындалу барысын (мақсат/болады), болжамдарды (болады/болады), процестің дамуын (болады/болды) бақылауға болады.
Бақылаудың нәрсесі тек орындаушылық қызмет емес, сонымен қатар менеджердің жұмысы да болуы мүмкін. Бақылаушылық ақпараты реттеу процесінде пайдаланылады. Біріңғай басқару жүйесіне жоспарлау мен бақылауды біріктірудің тиімділігі туралы осылай айтады (Controlling): жоспарлау, бақылау, есеп берушілік, менеджмент.
Бақылау процеске тікелей немесе жанамалай тәуелді тұлғалармен жүзеге асырылады.
Тексеру – бұл процеске тәуелсіз тұлғалармен бақылау.
Бақылау процесі мынадай кезеңдерді өтуі керек.
Бақылау концепциясын анықтау (бақылаудың тегіс қамти алатын жүйесі «Controlling» немесе кездейсоқ тексерулер);
Бақылаудың мақсатын анықтау (процесті тексерудің мақсатқа сәйкестігі, дұрыстығы, тиімділігі туралы шешім);
Тексеруді жоспарлау:
а) бақылау объектілері (потенциалдары, әдістері, нәтижелері, көрсеткіштері және т.б.)
б) тексерілетін нормалары (этикалық, құқықтық, өндірістік);
в) бақылаудың субъектілері (ішкі немесе сыртқы бақылау органдары);
г) бақылау әдістері;
д) бақылау көлемі және құралы (толық, тұтас, таңдамалы, қолдық, автоматты, компьютерленген);
е) тексерудің мерзімі және ұзақтығы;
ж) тексерудің тізбектігі, әдістемесі және допускісі (рұқсат етілген мөлшері, шегі).
4. Нақты және белгіленген мәндерді анықтау;
5.Айырмашылықтардың ұқсастығын анықтау (байқау, сандық бағалау);
6. Шешім шығару, оның салмағын анықтау;
7. Шешімді құжаттау;
8. Метатексеру (тексерісті тексеру);
9. Шешімді хабарлау (ауызша, жазбаша есеп беру);
10. Шешімді бағалау (ауытқуларды талдау, себептерді таратпау, жауапкершілікті орнату, түзету мүмкіндіктерін зерттеу, кемшіліктерді жою бойынша шаралар).
Бақылаудың түрлері мынадай белгілері бойынша бөлінеді: 1. Кәсіпорынға бақылау субъектісінің тиістілігіне қарай:
Ішкі;
Сыртқы.
2. Бақылауды жүргізу үшін негіздеу бойынша:
2.1 Өз еркімен;
2.2 Заң бойынша;
2.3 Устав бойынша.
3. Бақылаудың объектісі бойынша:
3.1 Процестерді бақылау;
3.2 Шешімдерді бақылау;
3.3 Объектілерді бақылау;
3.4 Нәтижелерді бақылау.
4. Жүйелік бойынша:
4.1 Жүйелі;
4.2 Жүйесіз;
4.3 Арнайы.
Сапаны бақылау өнімге қойылған берілген талаптардың орындалуын растауы керек, оған мыналар кіреді:
- кіре-берістегі бақылау (материалдар процесте бақылаусыз пайдаланбауы керек; кіре-берістегі өнімді тексеру сапа жоспарына, бекітілген процедураларға сәйкес болуы керек және әртүрлі формада болуы мүмкін);
- аралық бақылау (ұйымның бақылау процедурасын және процесс ішіндегі сынақтарды белгілейтін арнайы құжаттары болуы керек және осы бақылауды жүйелі түрде жүзеге асырып отыруы керек);
- ақтық бақылау (іс жүзіндегі соңғы өнім мен сапа бойынша жоспарда қарастырылғанмен арасындағы сәйкестікті айқындау үшін арналған; өзіне барлық алдыңғы тексеру нәтижелерін енгізіп, өнімнің қажетті талаптарға сәйкестігін көрсетеді);
- бақылау мен сынақтама нәтижелерін тіркеу (бақылау мен сынақ нәтижелері туралы құжаттарды мүдделі ұйымдарға табыстайды).
Бақылаудың ерекше түрі бұл дайын өнімді сынау. Сынақ – бұл физикалық, химиялық, табиғи немесе пайдалану факторлары және шарттары жиынтығының әсерімен бұйымның бір немесе бірнеше сипаттамасын анықтау немесе зерттеу. Сынақ сәйкес бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Мақсаттарға байланысты сынақтардың мынадай негізгі түрлері болады:
- алдын ала сынау – қабылдаушы сынағының мүмкіндігін анықтау үшін тәжірибелік үлгілерді сынау;
- қабылдаушы сынақ – оларды өндіріске қою мүмкіндігін анықтау үшін тәжірибелік үлгілерді сынау;
- қабылдап – тапсырушы сынақ – тапсырыс берушіге жіберу мүмкіндігін анықтау үшін әрбір бұйымды сынау;
- периодты сынақ (үзілісті) - өндіріс технологиясының тұрақтылығын тексеру үшін 3-5 жылда 1 рет жүргізілетін сынақ;
-типтік сынақ – конструкциясына немесе технологиясына елеулі өзгерістер ендіргеннен кейін сериялы бұйымдарды сынау.
Өлшегіш және сынақтаушы жабдықтың дәлдігі сапаны бағалаудың дұрыстығына әсер етеді.
Метрологиялық қызметті регламентациялайтын (белгілі ережелерге бағындыратын) нормативтік құжаттардан мынаны атап көрсетеді: өлшеу жабдығының метрологиялық жарамдылығын растау туралы, ИСО 10012-1:1992 халықаралық стандарты мен өлшеу туралы ҚР заңы.
Бақылаушы, өлшегіш және сынақтаушы жабдықтармен басқару кезінде ұйым мыналарды жасау керек: қандай өлшеулер жасалынуы керек, қандай құралдармен және қандай дәлдікпен осыларды анықтау; қажетті талаптарға жабдықтың сәйкестігін құжаттап дайындау; үнемі калибрлеуді (прибордың бөліктерін (шкаладағы)) тексеру жүргізу; калибрлеу мерзімділігін және әдістемесін анықтау; калибрлеу нәтижелерін (документпен) құжатпен дайындау; қоршаған ортаның параметрлерін ескере отырып өлшеу техникасының қолдану жағдайын қамтамасыз ету; бұзық немесе жарамсыз бақылап - өлшеу құралдарын жою; жабдықтарды реттеуді және бағдарламалық қамсыздандыруды тек арнайы үйретілген қызметкер көмегімен жүргізу.
Өнімді бақылау мен сынауды жүргізу көрнекі түрде расталуы керек (мысалы, этикеткалардың, биркалардың, пломбалардың және т.б. көмегімен). Тексеру критерияларына (белгілеріне) сәйкес емес өнімдер басқалардан бөлініп қойылады.
Сонымен қатар мұндай бақылауды жүргізуге жауапты мамандарды анықтап олардың өкілеттіліктерін орнату қажет
Бақылау процестерін бақылау және ұйымдастыру туралы шешім қабылдау үшін бірқатар критериялардың мәні өте зор: оның тиімділігі, адамдарға әсерінің нәтижесі, бақылау міндеттері және оның шекарасы (9.1 суреті).
Өнімнің сапасын бақылау жүйесі - бұл бақылаудың өзара байланысты объектілері мен субъектілерінің жиынтығы, бұйым сапасын бағалайтын әдістер мен құралдардың жиынтығы және өнімнің өмірлік циклының әртүрлі кезеңдерінде және сапаны басқару деңгейлерінде жарамсыздардан сақтандыру. Бақылаудың тиімді жүйесі шығарылатын өнімнің сапа деңгейіне дер кезінде және мақсатқа сәйкес әсер етуді жүзеге асыруға, жұмыстағы болатын кемшіліктер мен тоқтауларды ескертуге, оларды шұғыл түрде табу және өте аз ресурстар шығынымен жоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
