Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИ...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тау-кен металлургия институты

Тау-кен, металлургия машиналары және жабдықтары кафедрасы

СТУДЕНТТЕРДІҢ ПӘНДІК

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Квалиметрия және металлургияда сапаны басқару»

пәні бойынша

5В070900 – Металлургия мамандығына арналған

Алматы 2013

Қ.И Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ “5В070900 - Металлургия” мамандығының студенттеріне арналған “Квалиметрия және металлургияда сапаны басқару” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен.

Құрастырған: Бимбетов Мелдехан Үсен ұлы, техн.ғыл.канд., доцент

Аңдатпа. Оқу-әдістемелік кешенде өнімнің тұтынушылық қасиеттерін сипаттайтын негізгі түсініктер баяндалады, бұйымдар мен процесстердің сапалық критериялары қарастырылады, өнімнің (қызмет көрсетудің) сапасын басқару жүйелері, сол сияқты өнімнің түрлері мен сапасын бақылау ерекшеліктері оқытылады, өнімді стандарттау және сертификаттау процесстері талданады.

Оқу-әдістемелік кешеннің мақсаты студенттерге пәнді өз бетінше оқып үйрену кезінде, практикалық сабақтарды орындау кезінде, сол сияқты пәннің теориялық бөлігін оқып үйрену кезінде барынша көмек беру.

ОӘК ҚР білім бойынша МеСТ талаптарына, мамандандырылу сипаттамасы талаптарына, 5В070900 - Металлургия мамандығының жұмыстық оқу жоспарына сәйкес құрастырылған және пәннің негізгі мазмұнын ашып көрсетеді.

Студент осы оқу-әдістемелік кешенді пайдалана отырып танымдық және шығармашылық қызметін арттыруға және аудиторияда, аудиториядан тыс уақыттарда өз бетінше жұмыс жасауды ұйымдастыруға мүмкіндік алады.

Кестелер 17,суреттер 41.

Пікір беруші: Қабетенов Т. ПҚЖАҚ (пайдалы қазбаларды жер асты қазу) кафедрасының меңгерушісі, техн.ғыл.докт., профессор

© Қ.И.Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық

университеті 2013ж.

1 Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus

1.1 Сабақты жүргізетін оқытыушы туралы мәліметтер:

Бимбетов Мелдехан Үсен ұлы, ТММжЖ кафедрасының доценті, техн.ғыл.канд.

Түйіспелі ақпарат:8(7272)57-71-67, қосымша 71-67.

ТММжЖ кафедрасында болу уақыты : 1000-1700, 220 бөл.ТМҒ корп.

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы – «Квалиметрия және металлургияда сапаны басқару»

Кредиттер саны - 3

Сабақты жүргізу орны сабақ кестесі бойынша.

1 кесте

Оқу жоспарынан үзінді

Курс

Семестр

Кредит

Аптадағы академиялық сабақтар саны

Бақы

лау

түрі

Дә

ріс

тер

Зертх. сабақ

Тәжриб. сабақ

СӨЖ

СОӨЖ

Бар

лы ғы

3

6

3

2

1

3

3

9

Е(Ж)

1.3 Пререквизиттер:

Осы пәнді оқып үйрену үшін қажетті пәндер:

- математика;

- физика;

- химия;

- металлургиялық жылу техникасы;

- металлургия процесстері мен аппараттары.

1.4 Постреквизиттер:

Осы пәннің білімі пайдаланылатын пәндер:

- жаймалап (табақшалап) илектеу өндірісінің технологиясы ;

- сұрыптап илектеу өндірісінің технологиясы;

- құбырлар өндірісі;

- сығу және созу;

- илектеу цехтарының жабдықтары .

1.5 Пән туралы қысқаша мәліметтер

«Квалиметрия және металлургияда сапаны басқару» пәнінің мақсаты өнім, жұмыс, қызмет көрсету сапасының деңгейін сандық анықтау бойынша теориялық базаларды жасау , практикалық дағдыларды қалыптастыру, оларды керекті сапаға жеткізу және студенттерді спаны жүйелі басқару принциптерімен таныстыру.

Курстың тақырыбы өнімнің тұтынушылық қасиетін анықтайтын параметрлерді және оны жасайтын, пайдаланатын процесстердің әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушы-техникалық сипаттамаларын, сол сияқты осындай қасиеттер мен процесстерді жетілдіру бойынша іс-әрекеттерді оқып уйрену.

Пәнді оқып үйрену кезінде шешілетін негізгі мәселелер мыналар: елімізде және шетелде квалиметрияның тарихы мен күйі туралы; өнім мен қызмет көрсетудің сапасымен өмір деңгейінің байланысы туралы; квалиметрияның, стандарттаудың және сертификаттаудың бір-бірімен байланысы туралы; квалиметрияның негізгі әдістері мен квалиметрияның негізгі технологиясы туралы; сапаның көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтауға арналған бастапқы берілгендерді жинау және өңдеу туралы; сапаны бақылауды басқару туралы таныстыру;

-заңды және нормативтік-құқықтық актілерді, стандарттау және сапаны басқару бойынша әдістемелік материалдарды, өнім сапасын ведомство аралық және ведомствалық бақылау, өнімнің техникалық және құрылымдық сипаттамаларын, өнім сапасын бақылау құралдары мен әдістемелерін, өнімнің сапасын талдау тәсілдерін, сапаны статистикалық бақылау мен технологиялық процесстерді басқаруды ұйымдастыруды игеру;

-өнім сапасын бағалау бойынша мәселелерді шешу кезінде әртүрлі өнім түрлерінің сапа көрсеткіштерін таңдау және есептеу дағдыларын, шығарылатын өнім сапасын жақсарту және өндірісті жетілдіру үшін өнім сапасын басқару және бақылауды игеру.