
- •1.Түйсінудің психологиялық ерекшеліктері.
- •2. Түйсінудегі психофизикалық заңдылықтар
- •3. Рецепторлар,психофизика элементтері.
- •4. Түйсіну табалдырықтары.
- •5. Түйсінудің негізгі түрлері.
- •6. Есту түйсінулері.
- •7. Органикалық түйсінулер.
- •8. Түйсінудің классификациясы.
- •9. Түстерді түйсіну. Түстердің араласуы.
- •Түстер психологиясы
9. Түстерді түйсіну. Түстердің араласуы.
Өзінің алғашқы ғылыми жұмысын Максвелл мектеп қабырғасында орындады, ол фигураларды сызудың қарапайым әдісін ойлап тапты. Бұл жұмыс Корольдық қоғамның отырысында баяндалып, оның «Еңбектерінде» басылып шықты.
Максвелл Тринити- колледжі кеңесінің мүшесі болған уақытта түстер теориясы бойынша тәжірибе жасаумен айналысқан және де Юнг теориясының әрі Гельмгольцтың негізгі үш түс теориясының жалғастырушы болды. Түстерді араластыру бойынша жасаған тәжірибелерінде Максвелл айрықша құрал – зырылдауықты пайдаланды, оның дискі секторларға бөлініп, түрлі түстерге боялды (Максвелл дискі).
Зырылдауықты жылдам айналдырғанда түстер араласады: егер диск түстер спектрі орналасуы бойынша боялған болса, онда ол ақ болып көрінеді, ал егер де оның бір бөлігін қызыл түске, ал екінші бөлігін сары түске бояса, ол тоқсары болып көрінеді; көк пен сарының араласуы жасыл түстің көрінісін берді. 1860 жылы Максвелл түсті қабылдау және оптика бойынша жасаған жұмыстары үшін Румфорд медалімен марапатталды.
Түстерді зерттеудің ұзақ тарихында әлі күнге дейін осы ұғымның нақты толық анықтамасы жоқ. Бірнеше ондаған түстердің үлгілері бар: Бартоломмео делла Порта (Bartolommeo della Porta) (1593 ж.) түстік моделінен кубтың цифрлық түсінің жаңа үлгісі – COLORCUBE (1998 ж.) дейін. Түстің мағыналы теориясын алғаш рет Томас Юнг дайындады, бұл теорияны ары қарай Герман фон Гельмгольц дамытты. Ол түсті көрудің үш компоненттілігінің белгілі фактісінен таралады.
Бұл гипотезаны алғаш рет М.В. Ломоносов ұсынған. Ғалымдардың көпшілігі, оның ішінде Гёте де, өздерінің түстік үлгілерін үш негізгі түсте құрды. Бірақ Юнг бұл фактіге түсініктемені жарық табиғатына емес, адамның физиологиясынан іздеді.
Юнг – Гельмгольц теориясы бойынша сәйкес қызыл, жасыл, көк (немесе
күлгін) түстерге жауап беретін түсті сезгіш рецепторлар бар, ал спектрдің басқа түстерін сезу осы үш рецепторлық жүйенің сигналдарының араласуы кезіндепайда болады .
Неміс физиологы Эвальд Геринг 1874 ж. мына гипотезаны ұсынды: түсті
сезуде және қабылдауда процестердің үш жұбы қатысады, оларға ақ/қара,
жасыл/қызыл, көк/сары түстерді сезу сәйкес келеді. Процестердің әрбір екі
жұбына нерв клеткалары әрекеттерінің кері, оң және теріс антагонистік
процестері сәйкес келеді.
Геринг теориясы бойынша бұл процестер – ассимиляция және диссимиляция. Геринг хроматикалық сезудің (қызыл–жасыл, жасыл–көк) екі каналы және түстің (ақ–қара) ахроматикалық бір каналы бар деген өз теориясын құрды .Сондықтан Геринг теориясын оппоненттік түстер жұптарының теориясыдеп те атайды.
Гёте үш негізгі (бірінші топтағы) түстерді ерекшеледі - қызыл, сары, көк және бірінші топтағы түстердің араласуымен алынатын үш екінші топтағы түстер: қызғылт сары, жасыл, күлгін.
Толық моделі – он екі бөлікті түсті шеңбер бірінші, екінші, үшінші топтағы түстерден тұрады. Түстер сипаты физика саласына жатады және сан, сапа жағынан өлшенетін жарық стимулы болып келеді.
Олар адам ағзасында физиологиялық процестерді және осы арқылы түрлі психологиялық, эмоционалдық реакцияларды тудырады.