
- •1.Түйсінудің психологиялық ерекшеліктері.
- •2. Түйсінудегі психофизикалық заңдылықтар
- •3. Рецепторлар,психофизика элементтері.
- •4. Түйсіну табалдырықтары.
- •5. Түйсінудің негізгі түрлері.
- •6. Есту түйсінулері.
- •7. Органикалық түйсінулер.
- •8. Түйсінудің классификациясы.
- •9. Түстерді түйсіну. Түстердің араласуы.
- •Түстер психологиясы
7. Органикалық түйсінулер.
Органикалық түйсінулер адамның материалдық қажеттілігі және соларды өтеумен байланысты. Көбінесе олар органикалық функциялардың бөгелуі мен, қалыпты қызметінің бұзылуымен және органикалық қажеттіліктің пайда болып, оның қанағаттануымен байланысты. Органикалық қажеттіліктің қанағаттанылуы жағымды түйсінуді пайда болдырады да, оның қанағаттанбауы жағымсыз түйсінуді тудырады. Органикалық түйсінулер органикалық қажеттілікті сәулелендіретіндіктен және олардың қанағаттанылуы, құнығуымен, құштарлығымен байланысты болады. Органикалық түйсінулердің табиғаты осы кезге дейін әлі толық тексеріле қоймаған. Олардың ішінде толығырақ зерттелінгені ашығу түйсінуі. Бұл жөнінде екі түрлі теория бар. Бұл теорияның біреуі ашығуды түйсінудің құрсақтың, оның боршаларының жиырылуымен байланыстырады: құрсақтың жиырылуынан пайда болатын қозу вегетативті жүйке саласы арқылы миға баратынын айтады. Екінші теория бойынша адам ашыққанда қанның құрамы өзгереді. Ал өзгерген қан тікелей миға әсер етіп, ашығуды түйсіндіреді. Бірінші теория ашығуды түйсіндіреді. Егер, бірінші теория ашығуды перифериялық жүйке жүйесінің әрекетімен байланыстырса, сол сияқты шөлдеуді де, тамақтың қорғауын да сонымен байланыстырады. Екінші теория шөлдеуді, организмде судың жетімсіздігімен байланыстырады. Шынында, бұл екі теория, әрқайсысы жеке-жеке алып қарағанда, бір жақты ұғым береді. Бірақ екеуінің де дұрыс жақтары бар. Сондықтан екеуі бірін-бірі толықтырып ашығу мен шөлдеуді дұрыс түсіндіре алады. Органикалық түйсінуге ашығу мен шөлдеу, тою мен сусынды қандыру, ішкі мүшелердің ауруы, тұншығуы, жүрек айну, жыныс сезімдері сияқты түйсінулер енеді. Түйсінулер дененің өңеш, құрсақ, ішек, өкпе, қан тамыры, жүрек сияқты ішкі мүшелерінің сыртқы беті қылы бізге жеткізіліп отырады. Органикалық түйсінулер адамның материалдық қажеттігімен және соларды өтеумен байланысты. Көбінесе олар органикалық функциялардың бөгелуімен, қалыпты қызметінің бұзылуымен және органикалық қажеттіліктің пайда болып, оның қанағаттануымен байланысты. Адамның органикалық қажеттілігі оның санасына барып сәулеленеді. Органикалық қажеттіліктің қанағаттанылуы жағымды түйсінуді пайда болдырады да,оның қанағаттанылмауы жағымсыз түйсінуді тудырады. Сондықтан органикалық түйсінулер адамның эмоциялық сезімдерімен байланысып жатады. Егер басқа түйсінулер, сыртқы дүниедегі тітіркендіргіштерден тәуелді болса, органикалық түйсінулер ішкі мүшелердің әрекетімен, оларда болатын физиологиялық процестермен байланыссты. Егер көру, есту, дәм, иіскеу түйсінулерінің арнаулы, белгілі, мүшелері болатын болса болса, мұны органикалық түйсінулерден табу қиынға соғады.
8. Түйсінудің классификациясы.
Түйсіну рецепторларға сәйкес физикалық тітіркендіргіштің әрекеті нәтижесінде пайда болады,онда түйсінудің алғашқы классификациясы рецепторларға,сол берілген сапаға немесе «модалдылыққа» байланысты болады. Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіскеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді. Ерте кезден бастап адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, тері, тиісу мен қысым, температура, ауру, есту, сипау, иіс, дәм және жағдай мен қозғалыс (статикалық және кинетикалық) және органикалық түйсінулер (ашығу,шөлдеу,жыныстық,ауыру,ішкі органдар) түйсіктерін ажыратқан. Түйсінудің әртүрлі модалдылығы эволюция процесінде құрылады. Қазір сезгіштіктің интермодалды түрлері әлі толық зерттелген жоқ. Мысалы,вибрациялық сезгіштік (тактильдімоторлы сфераны есту сферасымен байланыстырылады,генетикалық жоспарда Ч.Дарвин) сипау түйсінуінен есту түйсінуіне өтпелі формпсы болып табылады. Вибрациялық сезім қозғалған денеге байланысты шақырылған ауа тербелісіне деген сезгіштік. Оның физиологиялық негізі әлі ашылған жоқ. Кейбір зерттеулер оны терімен еиес сүйекпен қатыстырды,басқалары оны тактильді тері түйсінумен түсіндіріледі. Вибрациялық сезім тактильді және есту сезгіштігінің арасындағы аралық,өтпелі форма,ло есту мен көру зақымданғанда қатты жұмыс жасайды. Тітіркендіргіштердің қасиеті бойынша механикалық сезгіштікке сипап сезу түйсінуі қосылады,кинестетикалық,оған жақыны акустикалық (қатты дененің тербелісімен шарттанған),химиялық оған иіс пен дәм түйсінуін жатқызады,термикалық және оптикалық сезгіштіктер деп бөлінеді. Рецепторлар орналасуы бойынша үшке бөлінеді: интерорецептор,проприорецоптор,экстерорецепторлар. Соған сәйкес интеро-, пропио-, экстерорецептивті сезгіштік деп бөлінеді.
Генетикалық жоспарда эксперимент жолымен алынған тағы басқа түрлері бар (Г.Хэд): протопатикалық сезгіштік – неғұрлым көбірек жабайы және аффектифті болған сайын,соғұрлым аз дифференциалданады және локализацияланады;эпикритикалық сезгіштік – жұқа дифференциалданған,обьективтіленген және рационалды,осы екінші сезгіштік біріншіні қадағалайды (протопатикалық сезгіштік таламуста,эпикритикалық ми қабықтарында болады). Сезгіштік проблемасы алғашында психофизиологияда жасалды. Кейін ғана психологиялық сипат алды. Адам психологиясы сезім органдарын емес адамның сезгіштігін зерттейді. Түйсінудің нақты процесі индивидтің индивидуалды ерекшеліктерімен байланысты – қабылдау, әсерлену, яғни темперамент қасиеттерін байланысты. Органикалық түйсіну – рецепторлардың көптеген ішкі органдары ашылып,әс-әрекеті органикалық түйсінумен байланысты болды. Ол рецепторлар Шерингтонның классификациясы бойынша интерорецепторлар категориясына жатады.
Ол механикалық,химиялық,физико – химиялық тітіркендіргіштерді қабылдайды. Әсіресе ашығу мен түйсінуге қатысты мәселелер көп болдыү Ашығудың перифериялық теориясына қарсы (ашығу түйсінуі бос асқазанмен байланысты) М.Шифтің теориясы - қанның химиялық құрамының өзгерісі миға беріледі. Барлық органикалық түйсінулерге ортақ жағдайлар: 1. Органикалық қажеттілікпен байланысты немесе оны «қажеттіліктер түйсінуі» деп атаған (М.Прадинес). Органикалық қажеттіліктердің тууына және оны қанағаттандыруға байланысты,оның динамикасы, әуестенуі, ұмтылуы сияқты кезеңдерге ие; 2. Органикалық түйсінулерде сенсорлық,перцептивті сезгіштік аффектифті сезгіштікпен қосылып кетеді. Өткір аффектифті тонға ие,бірақ эмоциядық бояғы аз болады; 3. Органикалық түйсінулер қажеттілікті бейнелеп қимыл импульстерімен байланысты болады. Түйсіну түрлері толығымен семинарда талданады. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бернеше негіз бойынша жіктеледі. Тітіркендіргіш пен рецептордың жанасуына сәйкес не олардың жанаспауына орай дистанттық және түйсіну рецепторлары болып бөлінеді. Олар жақын ортаға бағдарлануды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік (сипау) түйсіктері түйсіну рецепциясына жатады.