Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
таным салта 1-9.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
37.3 Кб
Скачать

5. Түйсінудің негізгі түрлері.

1.Көру. Дүниетануда көру түйсігінің маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің адамға әсері жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы анықталған. Бұдан біз көру түйсігінің өресі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Көз арқылы жарықтың қуатын, түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақын тұрғанын, оның қозғалысын көріп білеміз. Заттар мен құбылыстардың жеке сипатын айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен, көру түйсігі арқылы іске асады.

2.Есту. Есту рецепторына тітіркенгіш болатын – ауаның толқындары. Ауа толқыны деп ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды. Адамның есту рецепторы 1 сек. ішінде орта есеппен 16000-22000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне алады. 16 герцтен төменгі жиіліктен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен төменгі дыбыстарды инфрадыбыстар деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22000-нан асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады. Мұдай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыстар дейді.

3.Тері заттың механикалық және термикалық сипаттарының теріге әсер етуінен туады. Тию мен бас түйсігі, суықты, жылылықты, ауруды түйсіну де тері түйсіктеріне жатады. 1 шаршы сантиметрдегі рецепторлардың жұмыс істеу қабілеті сан жағынан үнімі ауысып отырады. Адам заттың қатты-жұмсақтығы, кедір-бұдырлығы сияқты сипаттарды сипап біледі. Сипау арқылы затты түйсіну терінің ғана қызметі емес, бұл – күрделі процесс. Оның қызметіне қимыл-қозғалыс рецепторлары да қатысады. Сипап сезу түйсігі қолдың қатынасымен іске асады.

4.Иіс мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабық клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуінен пайда болады. Тітіркендіргіштер әсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына жеткізеді. Сол кезде талдау басталып, адам иіс түрлерін айырып байқайды.

5.Дәм. Дәм айыратын мүше – тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін – белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері – тіл аймағы. Дәмді тәтті, ащы, тұщы, қышқыл деп ажыратады. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыдағы аталған төрт түрін түрліше сезеді. Тәтті дәмді тілдің үшы, ащыны – тілдің түбі, қышқылды – тілдің екі жақ шеті, тұщыны – тілдің ұшы мен екі шеті түйсінеді. Егер әлдебір нәрсені тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.

6. Есту түйсінулері.

Есту рецепторына тітіркенгіш болатын – ауаның толқындары. Ауа толқыны деп ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды. Ауа толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі. Біз сол толқындардың жиілігін, амплитудасын және формасын ажырата аламыз. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы – бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы – бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі – тербеліс түрінің сәулеленуі. Ауаның бір секундта өтетін толқынының герц деп атайды. Адамның есту рецепторы 1 сек. ішінде орта есеппен 16000-22000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне алады. 16 герцтен төменгі жиіліктен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен төменгі дыбыстарды инфрадыбыстар деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22000-нан асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады. Мұдай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыстар дейді. Құлақтағы ең сақ аң-құстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит – 100 мың Гц, шегіртке – 90 мың Гц, тауық – 38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті – сайрауық құстармен бір деңгейде – 20 мың Гц болады екен. Түйсік туғызатын дыбыстар музыкалық (ән, музыка аспаптарынан шығатын дыбыстар) және шулар (сан алуан сықыр-тықыр, дүрсіл, гүрсіл-сырыл, т.б.) болып жіктеледі. Бұлардың құлаққа жағымдыларын консонанс, жағымсыздарын диссонанс дыбыстары дейді. Есіту түйсінулері адамның дүниетану процесінде оның барлық іс-әрекетінде үлкен орын алады. Есіту түйсіну дыбыс толқындарының рецепторларға әсер етуінен пайда болады. Біздің естітін дыбыстарымыз, ауа толқынын есту саңылауларына беретін әсерлеріне байланысты. Есту түйсінулері арқылы музикалық үндер,шулар, дыбыстар мида бейнеленеді. Музикалық үндерге ән мен күйдің және музикалық инструменттердің көпшілігінің дыбыстары жатады. Ал шуларға дүрсіл – гүрсіл, күннің күркіреуі т.б осы сияқтылар енеді. Бірақ шулардың өзі де музикалық үндерде болады. Мұндай дыбыстарды тек камертон сияқты арнаулы аспаптар арқылы ғана түйсіне аламыз. Шу дыбыстары ауаның ретсіз, мерзімсіз және тұрақсыз тербелуінен, не болмаса оның өте қысқа күрделі тербелуінен пайда болады. Есту түйсінуі дыбыстың қаттылығынан, жоғарылығынан, тембрінен, яғни дыбыстың үш түрінен болады. Дыбыстың қаттылығы тербеліс амплитудасына байланысты. Тербелістің амплитудасы неғұрлым үлкен болса, дыбыс соғырлым күшті болады. Керісінше, амплитуда қысқа болса, дыбыс та әлсіз болып шығады. Адам түрлі аспаптарды қолданып, хай уандардың ешқайсысы түйсіне алмайтын дыбыстарды бейнелей алады. Құлақ үш бөлімнен құралады: сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ. Есіту аппаратының негізгі бөлімдері ортаңғы және ішкі құлақ. Құлақтың қалқаны ауаның толқынын жинап түтікке жіберіп отырады. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақтың арасында өте жұқа, бірақ күшті дыбыстарды қабылдағанда да жыртылмайтын, берік дабыл жарғағы бар. Гельмголцтің теориясы бойынша, негізгі жарғақтың талшықтары пианиноның ішіндегі сымдар сияқты. Бұл талшықтар улитканың. Дыбыстың күшін, жоғарылығын, тембрін есіту үшін, есіту түйсінуінің жоғарғы, төмен және айырма табалдырықтарын зерттеуге арнаулы әдістер мен проборлар қолданылады. Мәселен, Гальтон ысқырығы арқылы есітудің жоғарғы табалдырығы зерттеледі. Есітудің төменгі табалдырығы, көбінесе камертондармен бірге Цот аппараты, Вундтың дыбыс маятнигі,Штерннің вариторы сияқты аппараттардың принципімен құралған приборлар арқылы есітудің айырым табалдырықтары да анықталады.