Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
таным салта 1-9.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.01.2020
Размер:
37.3 Кб
Скачать

1.Түйсінудің психологиялық ерекшеліктері.

Сыртқы дүниенің түрлі – түрлі жақтары адамның миына әсер етіп, онда түрлі психикалық функциялар ретінде сәулеленеді. Таным процесінде түйсіну - психикалық функциялардың бастапқы, ең төменгі сатыда тұрған түрі. Психикалық функциялардың дамуы адамның өзінің тарихи нақтылы жағдайларда өсіп дамуымен байланысты. Сондықтан оларды адамнан тыс абстрактылы түрде алмай, нақтылы тарихи қоғамдық жағдаймен байланыстыра алып қарау керек. Психикалық функциялар - адам санасының ақиқат дүниені сәулелендіруінің негізгі формалары. Сондықтан олардың мазмұны да сол дүниенің мазмұнымен байланысты. Басқаша айтқанда, функциялардың формалары сыртқы дүниені сәулелендірудегі сананың түрлі формалары болып табылады. Түйсіну деп ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде олардың жеке қасиеттерінің сәулеленуін айтады. Түйсінуді біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсіну дегеніміз - қозғалушы материяның бейнесі. Түйсіну болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Вебер екі түрлі тітіргенгіштерді пайда болдыратын түйсінулерде ерекшелік болуы үшін,ол тітіргенгіштердің күшінде белгілі бір қатынас болатындығын дәлелдеді. Кейінгі зерттеулер Вебердің заңы орта шамаларға ғана дұрыс келетіндігін,ал абсолюттік табалдырықтарға жақындаған сайын қосымша мөлшердің тұрақтылығы жойыла бастайтындығын көрсетті. Сонымен бірге бұл заңның тек түйсінулердің болар-болмас ерекшелігі ғана емес,барлық ерекшеліктеріне қатысты екендігі айқындалады. Сонымен қатар Фехнердің зерттеуінде тітіргенгіштердің өсуіне қандай заңдылық бар екені анықталады. Бірақ түйсінулерден гөрі тітіргенгіштіктер көбірек өсіп отыруы керек,яғни түйсінулер арифметикалық прогрессиямен өскенде,тітіргенгіштіктер геометриялық прогрессиямен өседі. Қорыта айтқанда,түйсінулер мен тітіргенгіштіктер арасындағы заңдылықты Фахнердің психофизикалық заңы сипаттайды.

2. Түйсінудегі психофизикалық заңдылықтар

Сезім мүшелерінің арнайы тітіркендіргішіне сүйеніп ХІХ ғасырда Миллер, сезім мүшелерінің өзінің қуат принципі қағиданы дамытты. Ол әрбір сезім мүшесінде меншікті лайықты түйсінулер болады деген. Бірақ бұл қағида дұрыс болғанымен біздің түйсінулеріміздің сапасы әсер етуші тітіркендіргіштерге сәйкес болмайды. Психофизика элементтері: сыртқы тітіркендіргіштің түйсікке тәуелділігік заңын сипаииайтын психофизика. Психофизиканың негізін салушылар: Э.Вебер, Фехнер. Психофизика зерттеу қорытындысы бойынша кейбір тітіркендіргіштер әлсіз болғандықтан, түйсікті шақыра алмайды. Түйсіну дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы процесінің алғашқы есігі.Бұл процесс тандағыштар арқылы жүзеге асады. Талдағыштардың саны рецепторлардың санына дәл. Содан орай талдағыштар: көз талдағыштар, тері талдағыштары т. Б бөлінеді. Естуді түйсіну және Г. Гельгольцтың жаңғырық теориясы. Вебер фехнер заңына келісе отырып, мынадай формуламен өрнектеледі: L=K*log I/I0 мұндағы К- прпорциялардың коэфиценті, L-ұзындығы, I дыбыстың деңгейі, күші. Вебер Фехнер заңы болып табылады. Фехнер келесідей талқылады. Біз сезімді өлшей алмаймыз. Біз тек бір сезімнің біреуінен көп, аз немесе тең екенін растай аламыз. Сезім мүшелерінің арнайы тітіркендіргішіне сүйеніп ХІХ ғасырда Мюллер, сезім мүшелерінің өзінің қуат принципі қағиданы дамытты. Ол әрбір сезім мүшесінде меншікті лайықты түйсінулер болады деген. Жоғары табалдырық тітіркендіргіштің одан әрі түйсінілмейтін ең биік максималдық мөлшерін көрсетеді. Мысалы, есту талдағышы үшін адамның абсолюттік жоғарғы табалдырығы орта есеппен 1 секундт ішінде 20000 герцке тең. Алайда, адамның даралық ерекшеліктеріне сәйкес абсолюттік табалдырық белгілі дәрежеде өзгеріп отырады. Қарт адам құлағының жоғарғы абсолюттік табалдырығы 15000 герцтен аспайды. Бірақ бұл қағида дұрыс болғанымен біздің түйсінулеріміздің сапасы әсер етуші тітіркендіргіштерге сәйкес болмайды. Психофизика элементтері: сыртқы тітіркендіргіштің түйсікке тәуелділігік заңын сипаииайтын психофизика. Психофизиканың негізін салушылар: Э.Вебер, Фехнер. Психофизика зерттеу қорытындысы бойынша кейбір тітіркендіргіштер әлсіз болғандықтан, түйсікті шақыра алмайды. Түйсіну дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы процесінің алғашқы есігі. Бұл процесс тандағыштар арқылы жүзеге асады. Талдағыштардың саны рецепторлардың санына дәл. Содан орай талдағыштар: көз талдағыштар, тері талдағыштары т. Б бөлінеді. Естуді түйсіну және Г. Гельгольцтың жаңғырық теориясы. Вебер фехнер заңына келісе отырып, мынадай формуламен өрнектеледі: L=K*log I/I0 мұндағы К- прпорциялардың коэфиценті, L-ұзындығы, I дыбыстың деңгейі, күші. Вебер Фехнер заңы болып табылады. Фехнер келесідей талқылады. Біз сезімді өлшей алмаймыз. Біз тек бір сезімнің біреуінен көп, аз немесе тең екенін растай аламыз. Адамның іс-әрекеті, жасының ерекшелігі, рецептордың қызметі, тітіркендіргіштердің күші мен әсері, мерзім ұзақтығы жатады.Бұл бірінші баланың абсолюттік сезгіштігінің екінші баланікіне қарағанда күштірек екендігін көрсетеді Адам талдағыштарының абсолюттік сезгіштігі жоғары екендігін академик С.И.Вавилов зерттей отырып, адамның көзі жарық қуатының 7-8 квантасына (квантаны фон деп те атайды, ол – жарық энергиясының өте кішкентай мөлшері) реакция жасай алатынын анықтаған. Бұдан кейінгі зерттеулерде мөлдір атмосфера жағдайында көздің 1 км жерден шамның мыңнан бір үлесіне пара-пар жарықты түйсіне алатындығы дәлелденді. Жоғары табалдырық тітіркендіргіштің одан әрі түйсінілмейтін ең биік максималдық мөлшерін көрсетеді. Мысалы, есту талдағышы үшін адамның абсолюттік жоғарғы табалдырығы орта есеппен 1 секундт ішінде 20000 герцке тең. Алайда, адамның даралық ерекшеліктеріне сәйкес абсолюттік табалдырық белгілі дәрежеде өзгеріп отырады. Қарт адам құлағының жоғарғы абсолюттік табалдырығы 15000 герцтен аспайды. Сезгіштіктің абсолюттік табалдырығынан басқа тағы бір табалдырығы айыру табалдырығы дегеніміз – түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің минималдық айырмасы. Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана, болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, жанып тұрған 100 люкстік шамға бір люкс қоссақ, жарықтың күшейгені байқалады. Демек, бір люкс адамның көз рецепторы үшін айыру табалдырығы болады екен. Дыбысты айыратын табалдырықтың күші орта есеппен 1/10-ге тең. Мәселен, 100 кісі қатысқан хорға 10 адам косылса, хор аздап қана артады.