
- •Зейін бағдарлаушы іс-әрекет ретінде(Гальперин) зерттеген зерттеулеріне талдау жасау
- •Зейін және сана туралы талдау жасау және қорытындылау
- •Кеңес психологиясында зейінді зерттеу мәселелеріне талдау беру
- •Зейінді шарттандыратын факторлар жайлы талдау жасау арқылы өз пікіріңізді тұжырымдау
- •Зейін және қабылдау жайлы талдау жасау
- •Зейін және іс әрекет жайлы талдау жасау
- •Зейіннің психологиялық ерекшеліктерін талдау
- •Когнитивті психологияда зейінді зерттеу когнитивті информациялық ықпал жайлы талдау жасау
Зейін және қабылдау жайлы талдау жасау
Зейін қабылдап отырған обьекттерге, қозғалыстарға, ойға шоғырлануы мүмкін. Осыған қарап отырып әр түрлі зейіннің түрлері-сенсорлы перцептивті, маторлы, ақыл-ой болып бөлінеді.
Зейін және қабылдау - зейіннің психикалық қызметінің бағыты мен шоғырлануы сыртқы ортаны қабылдау тиімділігі. Көру арқылы зейін қабылдау аперцепциясымен байланысты. Кіші мектеп жасындағы балаларда зейіннің мазмұнын дамыту өте маңызды. Кіші мектеп жасындағы баланың бағдарлы зерттеу әрекетінің орындалуы үшін және осы кезеңдегі қабылдаудағы перцептивті қызметтің дамуы үшін үлкен роль атқарады. Көру арқылы зейіннің қалыптасуы баланың қабылдаудың белсенді түрлері мен қоршаған ортадағы өзіне маңызды қасиеттерді таңдамалылық қабілетін дамытады. Зейіннің қалыптасу деңгейіне, көру арқылы қабылдаудың дәлдігімен толықтығы тығыз байланысты.
Қабылдауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мұндай жағдайда объектінің назар аударылған белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз. Біздің назар аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары, қазірде істеп жатқан әрекетімізге жарайтын нәрселер болып табылады.
Сонымен, Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте сақталады
Зейін және іс әрекет жайлы талдау жасау
Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады.
Зейінді іс-әрекеттің әр түрінен зерттей отырып біз оның бірліктегі мазмұны мен формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз.
Зейін іс-әрекетте мазмұнды және осының негізінде оның қасиеттерінің, динамикалық ерекшеліктері мен функцияларының көпжақты байланыстары пайда болады.
Зейін – бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлануына бағытталған.
Адамның іс әрекетінде зейін түрлері өзгеріп, бір біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарлаумен ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатынына көңіл бөледі. Сондықтан да, оқу іс әрекеті барысында оқушының ырықты зейінін де қалыптастырып, дамыту қажет.
Зейіннің өзгеше және арнайы заты туралы айту қиын. Оның нәтижесі кез-келген іс-әрекетке еніп, сапасын жақсарту болып табылады. Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. |
|
Зейін әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын бағытын көрсетеді. Зейіннің өзіндік жеке продуктісі болмайды. Кез келген іс-әрекеттің жақсаруы зейіннің бірігуінің нәтижесі болып табылады. Осы продуктінің сипаты сәйкес келетін функцияның басты дәлелі ретінде қызмет атқарады. Зейінде осындай өнімнің болмауы зейіннің психикалық іс-әрекеттің жеке формасына қарсы екендігі жайлы айтылады.
Зейіннің психологиялық ерекшеліктерін талдау
Зейіннің негізгі психологиялық ерекшеліктері.
Тұрақтылық – бұл зейіннің уақытына мәні, зейіннің бір обьектіге назар аудару ұзақтығы. Тұрақтылық шеткері және орталық факторлармен анықталады. Зерттеулер зейіннің кезеңдік еріксіз тербелістерімен жүретінін көрсетті. Бұл тербеліс кезеңі (Н.Ланге бойынша) 2-3 сек, кейде максимум 12 сек. жетеді. Егер сағат тықылын тыңдап, тек соны ғана ойласа, адам біресе оны естиді, біресе естімейді. Қазіргі кезде зейін тұрақтылығының негізгі шарты заттың жаңа жақтары мен байланысын ашу мүмкіндігі екені дәлелденді. Зейін қойған зат дамуы, біздің алдымызда жаңа қырынан көрінуі керек. Егер зейін барлық жағдайда тұрақсыз болса, ой жұмысы эффективті болмас еді. Заттың жаңа қыры мен байланысын ашатын ойлау қызметінің қойылуы, бұл процесстің заңдылығын өзгертеді және зейін тұрақтылығы үшін жағдай жасайды. Зейін тұрақтылығы көптеген шарттарға байланысты. Оған: материал ерекшелігі, оның қиындық дәрежесі, онымен таныстық, оған субьект жағынан қатынас, және де тұлғаның жеке ерекшелігі жатады.
Зейін концентрациясы – тоқтамның дәрежесі немесе интенсивтілігі. Оның анықтық көрсеткіші, психикалық және ес қызметі жинақталған фокус. А.А.Ухтомский, зейін концентрациясы бас миы қыртысындағы қозу ошағының доминанттылық қызметі ерекшелігімен байланысты. концентрация доминантты ошақ қозуымен бір уақытта бас миы қыртысындағы басқа ошақтардың тежелуінің салдары болып табылады.
Зейін таралуы дегеніміз адамның әр-түрлі обьектілерді бір уақытта зейін орталығында сақтау мүмкіндігі. Осы ерекшелік оларды зейін алаңында сақтай отырып, бір уақытта бірнеше әрекетті орындауға мүмкіндік береді. Адамның бір мезгілде екі тітіркендіргішке назар аудармайтынын Вундт дәлелдеген.
Зейін ауысуы, бір түрінен екіншісіне өту арқылы, жасырын анықталады. Ауысу зейіннің бір обьектіден екіншісіне есті және ойлы түрде өтуін көрсетеді. Толықтай зейін ауысуы қиын, өзгерген жағдайда тез шешім қабылдау мүмкіндігін көрсетеді. Зейін ауысу жеңілдігі әр-түрлі адамда әр қилы және бірнеше шарттарға байланысты.
Зейін көлемі. Адам бір мезгілде әр-түрлі заттарды ойлау мен әр-түрлі жұмыстарды орындай алмайды. Бұл шектеу түсетін ақпаратты өңделетін жүйеден аспайтындай мүмкіншілікте бөлшектерге бөлуге мәжбүр етеді. Мұндайда адам бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз бірнеше обьектіні қабылдау қабілеті шектелген түрде болады. Бұл зейін көлемі деп аталады. “Зейін көлемі” түсінігі қабылдау ұғымына жақын болады.
Зейіннің шоғырлануы- бір уақыт сыртқы әсерден тәуелсіз өз зейініңді қандай да бір обьектке немесе жағдайға шоғырландыру. Обьектке немесе жағдайға өз зейініңді шоғырландыру деңгейі жоғары немесе төмен болуы мүмкін.