Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
45-52 Дамира.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
194.4 Кб
Скачать
  1. Зейін бағдарлаушы іс-әрекет ретінде(Гальперин) зерттеген зерттеулеріне талдау жасау

Зейіннің  негізгі қызметі таным процестерінің  таңдамалығымен, адам іс-әрекетінің мақсатқа бағыттылығымен және оның белсенділігімен  қортындыланады. Таным процестері таңдамалығының нәтижесінде адам өзіне пайдалы ақпараттар мен айналыспай, тек сол сәтте өзінің өмірінде маңызды рөл атқаратын нәрселерді қабылдайды. Адам өз зейінін қандай да бір нәрсеге шоғырландырып және сол нәрсеге ұзақ уақыт сақтап тұрып, оны бір әрекеттен басқа әрекетке аудара отырып, адам өз іс-әрекетіндегі мақсатқа бағыттылықты қолдайды, әрі сақтайды. Біз зейінімізді шоғырландырғанда немесе керісінше, өз зейініміз бөлінгенде, біз бірнеше әрекеттерді орындаймыз, бірақ олар ішкі әрекет болады.

П.Я. Гальпериннің дәлелдеуінше адамның зейіні өз кезегінде ішкі іс-әрекетті білдіреді, ол оны бағыттылы (ориентировочной) іс-әрекет деп атайды. Сондай-ақ адамдағы осындай іс-әрекетті, кез келген іс-әрекет сияқты қалыптастыруға және жүзеге асыруға болатынын көрсетті. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.

Сонымен Зейін жайлы өте қызықты тұжырымдаманы П.Я. Галперин де ұсынған. Оның тұжырымдамасы төмендегідей:

1.Зейін бағдарлы-зерттеу әрекетінің және психологиялық әрекеттен құралған сәттердің бірі.

2.Зейіннің негізгі қызметі-психолгиялық образдардың, әрекетердің мазмұнын бақылау. Әр адамның іс-әрекетінде бағдарлау, орныдау және бақылау бөлімдері бар. Аталғанның соңғысы зейін деп танылған.

3.Әрекетке қарағанда бақылау әрекеті немесе зейіннің арнайы нәтижелілігіне бағытталған.

4.Әрекет ақыл-ойға байланысты емес сонымен әрекет әрекетке тек ақыл-ойдікі ғана емес сонымен қатар қысқартылған жағдайда ғана зейіннің тәуелсіз әрекет ретінде байқалады.

6.Егер зейінді психикалық бақылау әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда барлық зейіннің әрекеттері мейлі олар ырықты немесе ырықсыз болсын оларды жаңа ақыл-ой әрекетінің қалыптасу нәтижесі болып табылады.Ырықты зейін алдын ала бағдарлама бойынша орындалатын зейіннің бақылау түрі.

  1. Зейін және сана туралы талдау жасау және қорытындылау

         Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді турақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала козін қадайды, шұқшия үңіледі. демін ішіне тартады т. б.). Оқушы ссептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзіліетен кейін тарихты одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын окып болганан кейн, түрлі нәрселермен айналысады. Осы коріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зсйінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.

Осындай түрлі кезеңдере бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті түрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушииский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз гана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егерде ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды. Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты  сәттегі мәнді ықпал бірліктерін  ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады. Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой-санамыздың, белгілі іс-әрекетке шоғырлануы мен шолу мағынасын да білдіреді. Адам алдыңда тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, салудың күші де кемірек қеледі.

Сонымен, қандай да бір затқа зейін қойюымыздан, ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқыңдалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекітілген халде сақталады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]