- •2.«Төтенше жағдайлар» түсінігі. Тж жіктелуі және зардаптары. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.
- •3.Табиғи қауіптер. Боран, бұрқасын, дауыл, найзағай.
- •4. Жарақаттану мен зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек түрлері
- •6. Қазақстандағы Азаматтық қорғаныс: құрылымы мен қызметтері.
- •7.Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі, адам ағзасына қосарлы (комбинациялық) әсері
- •8. Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар). Жер сілкінісінің магнитудасы және қарқындылығы, өлшем бірліктері
- •9. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік
- •10. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері. Қорғану жолдары.
- •11. Радиоактивтілік. Радиоактивті заттардың шығу көздері. Адамның радиациялық зақымдалу ошағында болуының салдары.
- •12. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация түсініктеріне анықтама. Тж-дағы санитарлық тазалау және оны жүргізу.
- •14. Жер сілкінісі кезінде үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпсіз және қауіпті жерлер. Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс-әрекеті.
- •23) Халықтың сел кезіндегі іс әрекеті
- •17. Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекеті.
- •18. Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары.
- •19. Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы.
- •20. Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану. Компьютердi, ұялы телефонды қолданғандағы қауіп және одан қорғану шаралары.
- •21. Тж кезінде қолданылатын жеке бас қорғаныс құралдары.
- •22. Тж кезінде қолданылатын ұжымдық қорғаныс құралдары.
- •23.Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекеті.
- •24. Химиялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-әрекеті
- •26. Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-әрекеті. Радиациалық зақымдану ошағында йодпен алдын-алу шарасының тағайындалуы және қолданылуы
- •27. Сәулелі ауру (пайда болу себептері, сипаттамаоары).
- •28. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-әрекеті.
- •29. Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс-әрекеті
- •30. Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс-әрекеті
3.Табиғи қауіптер. Боран, бұрқасын, дауыл, найзағай.
Табиғи-экологиялық – адам өміріне апаттардың зиянды әсерінен немесе заттар миграциясының табиғи геобиохимиялық циклдерінің антропогенді бұзылуынан туындайтын қауіптер.
Бұрқасын — жер бетінің үстінен қардың желмен тасымалдануы. Бұрқасын — өте күрделі табиғи құбылыс. Оны жер бетіне шөккен қар ұлпалары мен бұлттарда пайда болып, бірақ жер бетіне жетпеген қар құрайды. Ұйтқыма Бұрқасын, жаяу Бұрқасын және жалпы Бұрқасын деп бөлінеді.
Бұрқасын қабаты - құрамында желмен үрленген кар бөлшектері бар ауаның жер беті кабаты. Үйтқыма және жалпы бұрқасын қабаты жерден бұлттарға дейінгі аралықты, ал жаяу бұрқасын кар бетіндегі ілеспелі, секірмелі, диффузиялық кар бөлшектерін қамтиды.
Бұрқасын қары қар ұлпасының қиыршықтарынан тұратын қар жамылғысы.
Бұрқасын өлшеу өлшемдері бұрқасын өлшеуіштің көмегімен қарлы жел ағынының үлкен шығыны мен бұрқасын ағынындағы қардың шоғырлануын өлшеу.
ДАУЫЛ – бұл үлкен көлемді, жылдамдығы сағатына 120 метр, ал жерге жақын жерлерде сағатына 200 км ауа құйыны.
БОРАН –ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады, теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.
ҚҰЙЫН – күн күркірегенде бұлтта пайда болып, төмен, көбінде жердің бетіне дейін тарайтын диаметрі ондаған, жүздеген метр бұлт жеңі немесе піл тұмсығы тәрізді ауа құйыны. Бұлтпен бірге қозғалып, ұзақ болмайды.
Бұлар сияқты табиғи құбылыстарда адамдар үшін қауіптісі жолдар мен көпір беттерінің, имараттардың, электржеткізгіштер мен байланыс желілерінің, жер үстіндегі құбырлардың бұзылуы, сонымен қатар адамдардың қатты жылдамдықпен ұшып жатқан қираған имараттар, шыны сынықтарынан жарақаттануы болып табылады. Сонымен бірге ғимараттар толық қираған жағдайда адамдардың мерт болуы және жарақат алуы мүмкін. Қарлы және шаңды боран кезінде далалар, жолдар мен елді мекендерді қар басып қалуы, шаңның жиналуы («қара дауыл») және судың лайлануы қауіпті. Дауыл, боран мен құйындардың негізгі сипаты жел жылдамдығының күшеюі, ауа қысымының күрт төмендеуі, нөсер жауын мен дауылдың суды айдауы, қардың қарқынды жаууы мен шаңның қатты соғуы.
4. Жарақаттану мен зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек түрлері
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында). Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнешеге жiктеймiз.
Кесiлген жара (пышақ, әйнек, ұстараның жүзi т.б). Мұндай жараның жиегi тегiс, тiк және қан қатты ағады. Бұл жарада ауру дәрежесi басқа жарақат түрлерiне қарағанда азырақ.
Шапқылағанда, балтамен кесiп алғанда кесiлген жараға ұқсас бұдан терең, тiптi кейде жарақат сүйекке дейiн жетуi мүмкiн.
Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты. Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Кез-келген жара, тiптi кiшкентай жаралардың өзiнде әр түрлi микробтардың дамуына қолайлы жағдай тууы, тiптi қан кетудiң әсерiнен адам көп мөлшерде қан жоғалтуы мүмкiн. Жара асқынбас үшiн жараға алғашқы медициналық көмек көрсету үшiн жараға стерилдi таңғыш, асептика мен антисептикалық ереженi сақтап, қан тоқтату қажет. Асептика – жараға микробтардың түсуiнен сақтануға бағытталған iс-шаралар. Осы тұрғыдан асептика — жараға инфекция түсудiң алдын-алу. Жараны қолмен ұстауға, жарықшақтарды, киiм жиектерiн қолмен алуға, жараны жабуға стерилдi емес матаны пайдалануға болмайды. Микробтарды өлтiрудiң ең дұрыс қолданылатын әдiсi – стерилдеу, жоғарғы температурада – су буларында ұстау, хирургиялық құрал-жабдықтарды қайнату.
Антисептика – жараға түскен микробтарды антибиотиктер және химиялық басқа да құралдар көмегiмен жоюды антисептикалық деп атайды. Антисептикалыққа хлорамин, иодты ерiтiндi, спирт, сутегi асқын тотығы, перманганат калий т.б. жатады.
Зардап шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына тәсiлдер қолданылады:
Зардап шегушiнiң үстiн жауып, салқындап қалмауын қадағалау.
Сынғанда иммобилизация жасау (жақтау қою).
Зембiлге жатқызу.
Құрғақ, сұйық заттарды қолдану (полиэтилен қалтасына салынған мұз, қар, мұздай су) жүйке жүйелерiн механикалық тiтiркенуден қорғайды, iсiгiн және жарақаттың қабынуын азайтады.
Дәрi-дәрмектен амидопириндi0,5 г., анальгиндi 0,5-1,0 г., ацетилсалицил қышқылы 0,5-1,0 гмөлшерiнде қолданған дұрыс.
Тасымалдағанда ауруханаға көп селкiлдетпей, ұқыпты түрде жеткiзген жөн.
5. Қауіпті жұқпалы аурулар және олардан қорғану (ВИЧ\СПИД, ЖЖБА (жыныстық жолмен берілетін аурулар). Туберкулез ауруы: сипаттамасы, жұқтыру жолдары, диагностикасы, алдын алу жолдары.
Қауіпті ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы – СПИД) дерті қайдан бастау алғанына тоқталсақ, оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖИТС-ке шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты. ВИЧ инфекциясы көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл аурудың емі әлі табылған жоқ. Алайда ВИЧ инфекциясы тіркелген жандардың бойындағы ауруды біраз уақытқа созу үшін дәрі-дәрмектер болғанымен, оның құны қымбат. ЖИТС вирусы сау адамға мынандай үш негізгі жолдармен жұғады: 1) Жыныстық қатынас арқылы; 2) Адамның ауруы қаны арқылы (қан құю, ауру адамға пайдаланған шприцтер, т.б.) 3) ЖИТС ауруы жұққан анадан баласына ауысу арқылы. Бүгінгі таңда 16 миллионнан астам адам ғасыр дерті кесірінен көз жұмса, эпидемия белең алғалы бері 60 миллиондай адам осы вирусты жұқтырған екен. БҰҰ-ның берген дерегіне сүйенсек, ЖИТС әлемдік аумақта адам өлімінің себепкері ретінде төртінші орын алды, ал оның жұқпалы дерт екенін ескерсек, ертеңгі күні бүкіл адамзатқа қауіп болып төнері анық. Егер де 2001 жылға дейін дүниежүзінде күніне 8500 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1600 адам деп беріліп жүр. Қазақстанда осы дертке шалдыққандардың саны 2007 жылы наурызда 7709 адамға жеткен. Бұл — ресми мәлімет. Ал шын мәнінде, бұдан әлдеқайда көп. Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр. ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:
— әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;
— жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты Туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды.
