Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рв-31к.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
86.03 Кб
Скачать

1.«Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің міндеттері. «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат»,«техногенді қауіп», «экологиялық қауіп», «әлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер

Қажетті сыртқы және ішкі қатерден қорғанатын тірі организмнің қажетті шарасы.Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар,адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы,ол табиғи ортадан,өз өмір сүру ортасын жасай алады.Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін.

Тіршілік- ғылым адамдарды олардың өмір сүретін ортасынан туатын қауіпті және зиянды факторларынан қорғау, денсаулықты сақтау және қауіпсіздік жолдарын теориялық және практикалық жағынан қамтитын білім саласы.

Қауіп- адамдардың іс-әрекеті негізінде табиғаттан келетін, тіршілік ортаның қаупін бұзатын, нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен зиян келтіретін процесс, құбылыс, объект, субъект.

Қауіпсіздік - қоршаған ортаның бір қалыпты тұрақты болуы, адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін қауіп-қатердің болмауы не аз болуы адамдардың ауқатты тұрмысының сақталуына қолайлы жағдайдың болуы.

Апат- бұл да адамға қауіп төндіретін құбылыс.Аппттардың жіктелуі:1)трансшекаралық апат; 2)локальды апат(10-нан аспайды); 3) жергілікті апат(10-50 адам зардап шегеді); 4)аумақтық апат(50-500адам з.ш); 5)аймақтық апат(50-500 адам, үлкен материалдық шығын. Көмек шаралары: әскери күштер жұмылдырылады, ТЖ-дан арнайы жасақтардан жұмылдырылады, еркін отрядтар жұмылдырылады. Қорғау шаралары: эвакуация-қауіпсіз аймаққа көшіру, з.ш. жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді(газқағар,көзілдірік,қолғап,аяқ киім)

Зілзала-кенеттен пайда болатын,халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын,материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын,сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғи құбылыс.

Техногенді-механизмдермен,машиналармен, құрылысымен және техникалық қондырғылармен байланысты қауіптер.Өндірістік орта- табиғи климаттық факторлардан және адамның кәсібіне байланысты қауіпті және зиянды факторларды қамтитын қоршаған ортаның бір бөлігі. Қауіпті факторлар дегеніміз адам денсаулығын күрт бұзып, өлімге әкелетін факторлар.Зиянды факторлар-адамның жұмыс істеу қабілетіне теріс әсер ететін факторлар.Қауіпті және зиянджы факторлардың түрлері:хим-қ, физ-қ, био-қ, психофизиологиялық.Радиация- ең қауіпті техникалық қауіп. Радиоактивті- ионданушы сәулелер шығаруымен өтетін кейбір элементтер атомдары ядроларының басқа элементте өз еркімен айналуы. Радиоактивтің екі түрі бар:жасанды, табиғи.

Әлеуметтік қауіптер- әлеуметтік қоғамда болатын әлеуметтік, экон-қ процестер нәт-де туындайтын қауіптер бұл қауіптердің негізінде адам жатады.

Ә.қ. түрлері-

1)бопсалау(шантаж)-өз пайдасы үшін басқаларды бопсалау қылмысы

2)алаяқтық-алдау немесе скенімге кіру арқылы мемлекеттің қоғамның немесе жеке адамның мнүлкін пайдалану;

3)бандитизм-қаруланған қарақшылар тобыры н/е ұйымы. Олар мемлекеттік қоғамдық мекемелерде немесе жеке адамдарға күш көрсетеді.

4)кепілдікке алу-адамдарға белгілі бір талаптарды орындату үшін адамлдарды кепілдікке алу.

5)терроризм-физикалық түрде жойып жіберуге дейін баратын үрдіс.

6)нашақорлық-наркотикалық заттың көмегімен организмнің ұстап тұруына бейімделуі.

7)маскүнемдік-спиртті ішімдіктерді жүйелі түрде пайдаланудан туындайтын созылмалы ауру.

8)шылым шегу-кейбір шоқтанатын өсімдік өнімдерінің түтініне демалу.

Литосфераның құнарлылығын бұзушылар: хим- заттар(пестициттер,гербицидтер,тыңайтқыштыр), мұнай төгілуі, топырақ және су эрозиясы, топырақ шөлейттенуі.

2.«Төтенше жағдайлар» түсінігі. Тж жіктелуі және зардаптары. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ.

Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.

Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.

. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»

Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

ТЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені. II. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары

ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;

- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.

- жылдың қыс-көктем айларындағы Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізуді ұйымдастыру;

- адам өміріне өте қауіпті қырым-конго қанды безгегіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыру;

- табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан бұзылған объектілерді (жолдар, көпірлер, мекеме шатырлары, бөгеттер мен гидроқондырғыларды) қалпына келтіру;

- облыс төңірегідегі қауіпті жағдайдағы су қоймаларын жөндеуден өткізу;

- үйірсіз саяқ шегірткелермен күресу шараларын жүзеге асыру;

- шалғай орналасқан елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін орналастыру және әлеуметтік нысандарды нақты өрт қауіпсіздік жағдайына келтіру туралы;

- жазғы кезеңде облыстың су айдындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы мәселелер қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.

Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.

  • Қауіп-қатер шыққан тегі бойынша: табиғи, техногендік, антропогендік, экологиялық, биологиялық;

  • әсер ету әдістері бойынша: физикалық, химиялық, механикалық, биологиялық, жүйкефизиологиялық; жинақталған орны бойынша: литосфералық,гидросфералық,атмосфералық;

  • зардап, зияны бойынша:әлеуметтік,экологиялық,техникалық т.б;

байқалу саласы бойынша:өндірістік,тұрмыстық,спорттық,жол көліктік т.б

  • салдары бойынша:ауру табу,жарақат алу,әлсіреу,өрт т.б;

  • әрекет сипаты бойынша:сырбырлығы,белсенділігі т.б;

  • уақыты бойынша:соқпалы,кумулятивті т.б.

Техногенді-механизмдермен,машиналармен, құрылысымен және техникалық қондырғылармен байланысты қауіптер.Өндірістік орта- табиғи климаттық факторлардан және адамның кәсібіне байланысты қауіпті және зиянды факторларды қамтитын қоршаған ортаның бір бөлігі. Қауіпті факторлар дегеніміз адам денсаулығын күрт бұзып, өлімге әкелетін факторлар.Зиянды факторлар-адамның жұмыс істеу қабілетіне теріс әсер ететін факторлар.

Әлеуметтік қауіптер- әлеуметтік қоғамда болатын әлеуметтік, экон-қ процестер нәт-де туындайтын қауіптер бұл қауіптердің негізінде адам жатады.

Әлеуметтік қауіптердің түрлері:

1)бопсалау(шантаж)-өз пайдасы үшін басқаларды бопсалау қылмысы

2)алаяқтық-алдау немесе скенімге кіру арқылы мемлекеттің қоғамның немесе жеке адамның мнүлкін пайдалану;

3)бандитизм-қаруланған қарақшылар тобыры н/е ұйымы. Олар мемлекеттік қоғамдық мекемелерде немесе жеке адамдарға күш көрсетеді.

4)кепілдікке алу-адамдарға белгілі бір талаптарды орындату үшін адамлдарды кепілдікке алу.

5)терроризм-физикалық түрде жойып жіберуге дейін баратын үрдіс.

6)нашақорлық-наркотикалық заттың көмегімен организмнің ұстап тұруына бейімделуі.

7)маскүнемдік-спиртті ішімдіктерді жүйелі түрде пайдаланудан туындайтын созылмалы ауру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]