
- •2 Delphi-дің обьектілі-бағытталған ортасы
- •4 Объектілі Паскаль тіліндегі программа құрылымы
- •5Операторлар және оның түрлері.
- •6 Объектілі Паскаль тіліндегі мәліметтер типтері.
- •7 Массив түрлері және оның сипатталуы (Pascal).
- •8 Жолдық айнымалылардың сипатталуы (Pascal).
- •9 Жазбалардың сипатталуы (Pascal).
- •13.Оқиғалар ұғымы
- •14.Delphi-де жобаны ұйымдастыру, жобаның негізгі файлдары.
- •15. Компиляциялар нұсқалары және компилятор хабарламасы
- •16. Delphi-дің графикалық мүмкіндіктері.
- •18.Класс және оның құрылымы (Pascal).
- •20.Препроцессор директивалары. Препроцессордың директивалары.
- •29.Жады кластары
- •30.Си тіліндегі нұсқауыштар.
- •Int *iptr;
- •Void change (int *u, int *V)
- •Int temp;
- •32,33. Файлдармен жұмыс істеу (с). Си тіліндегі файлдармен жұмыс жасау.
- •1. Fgets()
- •2. Fputs()
- •3. Fread()
- •5. Fseek()
- •36. Конструктор және деструктор ұғымы
- •Void z1(int *X, int*y)
- •Void z1(int*, int*);
- •45.Си тілінің логикалық операцияларыЛогикалықоперациялар.
- •46. Си тіліндегі программаның негізгі компоненттері.
- •47.Sizeof функциясының қолданылуы.
- •49. Си тіліндегі сілтемелер.
18.Класс және оның құрылымы (Pascal).
Класикалық Pascal тілі программистке өзінің күрделі типті мәліметтерін – жазбаларды (records) анықтауға мүмкіндік береді. Delphi тілі объектілі-бағытталған программалау концепциясын қолдай отырып, класстарды анықтауға мүмкіншілік жасайды. Класс – құрамына мәліметтер сипаттамсымен қоса, класс өкілі – объектімен жұмыс жасайтын процедуралар мен функцияларды сипаттамасы кіретін күрделі құрлым. Класстың жалпы түрі:
Tperson = class
private
fname: = string [15];
faddress: = string [35];
public
procedure Show;
end;
Класс мәліметтері өрістер деп, ал процедуралар мен функциялар - әдістер деп аталады. Келтіріген мысалдағы Tperson – класс аты, fname және faddress - өріс аттары, ал Show - әдіс (метод) атауы.
Өріс объектідегі мәліметтерді сақтау үшін қажет. Өрістің сипатталуы жай айнымалының сипатталуынан айырмашылығы жоқ және кез келген типті бола алады. Өрісті сипаттаудың мысалын келтірейік:
type Tnumber = class
Fint: Integer;
end;
Келтірілген мысалдағы Tnumber классында бүтін типті жаңа өріс Fint құрылады. Құрастырушылардың өз ара келісуімен өріс аттары F әріпінен басталуы керек (ағылшынша Field – өріс деген сөзден шыққан).
Қасиеттер өрістер сияқты объектілер атрибуттарын анықтайды. Бірақ өрістерден айырмашылығы қасиеттер объект өрісіндегі мәліметтерді оқуды немесе өзгертуді қамту (доступ) механизімін жүзеге асырады.
Қасиеттер объект атрибуттарын, сонымен қатар есептелінетін мәндердіде өзгертуге мүмкіндік береді. Объект қасиетін сипаттауда оның аты, типі сонымен қатар сол қасиетті жар салудың кем дегенде бір қамту тәсілін көрсету керек. Объект қасиетін сипаттау синтаксисы келесі түрде болады:
property қасиет атауы: сипаттау типі;
Мысалдағы қасиет атауы ерекше болуы керек. Ал тип берілген қасиетке қандай типті мәліметтер жазылуы керектігін анықтайды. Сипаттау – сол қасиетті қамту амалын сипаттауды білдіреді.
Объектінің кез келген қасиетінде қасиетті қамтудың кем дегенде бір міндетті тәсілі болу керек. Объект қасиетін қамтудың екі міндетті сипаттауы бар: қасиет мәнін оқу (read) және қасиет мәнін жазу (write). Міндетті сипаттау синтаксисы - read және write келесі түрде көрсетіледі:
read өріс немесе әдіс
write өріс немесе әдіс
Мұндағы өріс немесе әдіс – құраушы (компанент) қасиетінің мәні алатын немесе оған енгізетін өріс немесе әдіс. Read сипаттамасы құраушы қасиетінің мәнін оқуға, ал write сипаттамасы жазуға арналған өрісті немесе әдісті жар салады.
19.Си тіліндегі программа құрылымы. Кез келген программа бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Кез келген программаның жазылған алғашқы мәтіні бастапқы код деп аталады. Оны біріктірілген программалау ортасында теріп, сонан соң компилятор арқылы машиналық кодқа түрлендіріп орындаймыз.
Келесі суретте Си программасының жалпы құрылымы көрсеті
Сонымен, Си программасы бірнеше функциялардан (main, f1, f2…) құралады және олардың біреуі міндетті түрде main() болуы қажет.
Қарапайым программаның мысалын қарастырайық. Жалпы кез келген функция оның тақырыбы мен денесінен тұрады.
Алдымен программа препроцессор арқылы өңделіп, оның директиваларын (командаларын) орындайды. Мұнда программаға тақырыптық файлдар – программаға қосымша элементтер енгізетін мәтіндік файлдар жазылады. Олар мәліметтерді енгізу/шығару операцияларын немесе экран сипаттамаларын өзгерту үшін қажет.
Программадағы кез келген функция тақырыбы препроцессордың директивасынан және функция атынан тұрады. Функция атынажалғасып, жақша ішіне параметрлер жазылуы мүмкін, кейде параметрлер болмайды, ондайда жақша ішіне ешнәрсе жазылмайды.
Функция тұлғасы операторлардан тұрады, олар жүйелі жақшалармен шектеледі. Әрбір оператордан кейін ; таңбасы қойылады.
Енді бір программа мысалын келтірейік:
/* Герон формуласы арқылы үшбұрыш ауданын табу */
#include <stdio.h>/* енгізу/шығару директивасы */
#include <math.h>/* математикалық функциялар директивасы */
main() /* басты функцияны қолдану */
{
int a,b,c; /* бүтін айнымалыларды сипаттау */
float p,s; /* нақты айнымалыларды сипаттау */
printf("\n‚ үшбұрыш қабырғаларын енгіз : \n");
scanf("%f%f%f",&a,&b,&c);
p=(a+b+c)/2;
s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
printf("s=%f",s);
}
Программадатүсініктемелерберуүшін /* және */ таңбаларықолданылады, олардыңішінеқазақша, орысша, ағылшыншасөзтіркестерінжазуғаболады.
Препроцессор директивалары #include сөзінен кейін жазылады,
stdio.h тіркесі енгізу/шығару операциялары орындалатынын білдіреді. Ал math.h сөз тіркесі программада математикалық функциялар пайдаланылатынын көрсетеді (сурет).
Басты функция main() аргументсіз жазылған, сол себепті жақша ішінде ешнәрсе көрсетілмеген. Ал функция тұлғасы операторлардан (немесе басқа функциялардан) тұруы тиіс. Int түйінді сөзі a,b,c айнымалыларының бүтін мән қабылдайтынын, float түйінді сөзі p,s айнымалыларының нақты мән қабылдайтынын сипаттап тұр.
Келесі жол үшбұрыш қабырғаларын енгізуді талап ететін сөз тіркестерін экранға шығарады, мұндағы \n таңбалары сөз тіркесі алдында және одан кейін курсор бір жол төмен түсетінін көрсетеді. Scanf сөзінен басталатын жол a,b,c мәндерін пернелерден қабылдайды, сонан кейін жарты периметр есептеліп, аудан мәні анықталады да, соңғы нәтиже экранға шығарылады