
- •2 Delphi-дің обьектілі-бағытталған ортасы
- •4 Объектілі Паскаль тіліндегі программа құрылымы
- •5Операторлар және оның түрлері.
- •6 Объектілі Паскаль тіліндегі мәліметтер типтері.
- •7 Массив түрлері және оның сипатталуы (Pascal).
- •8 Жолдық айнымалылардың сипатталуы (Pascal).
- •9 Жазбалардың сипатталуы (Pascal).
- •13.Оқиғалар ұғымы
- •14.Delphi-де жобаны ұйымдастыру, жобаның негізгі файлдары.
- •15. Компиляциялар нұсқалары және компилятор хабарламасы
- •16. Delphi-дің графикалық мүмкіндіктері.
- •18.Класс және оның құрылымы (Pascal).
- •20.Препроцессор директивалары. Препроцессордың директивалары.
- •29.Жады кластары
- •30.Си тіліндегі нұсқауыштар.
- •Int *iptr;
- •Void change (int *u, int *V)
- •Int temp;
- •32,33. Файлдармен жұмыс істеу (с). Си тіліндегі файлдармен жұмыс жасау.
- •1. Fgets()
- •2. Fputs()
- •3. Fread()
- •5. Fseek()
- •36. Конструктор және деструктор ұғымы
- •Void z1(int *X, int*y)
- •Void z1(int*, int*);
- •45.Си тілінің логикалық операцияларыЛогикалықоперациялар.
- •46. Си тіліндегі программаның негізгі компоненттері.
- •47.Sizeof функциясының қолданылуы.
- •49. Си тіліндегі сілтемелер.
6 Объектілі Паскаль тіліндегі мәліметтер типтері.
Delphi қатаң типтелген тіл болып келеді. Бұл өз кезегінде типтерді анықтағанда аса назар аудару қажеттігін талап етеді.
Мәліметтер типі программа айнымалысының немесе элементінің қабылдай алатын мәндер жиынын анықтайды. Мәліметтердің типтеріне байланысты олармен қандайда бір іс-әрекеттерді жасауға болады. Мысалы: нақты типті айнымалыларымен кез келген арифметикалық аламадарды орындауға болады. Ал жолдық айнымалылармен ондай операцияларды жүргізе алмаймыз.
Delphi-дегі барлық типтер шартты түрде бес түрге бөлінеді:
жай;
құрлымды;
көрсеткіштік;
процедуралық;
варианттық;
Жай типті мәліметтер
Жай типті мәліметтер – құрамына басқа типті мәліметтер кірмейтін типтер. Бұндай типтерге мыналар жатады:
бүтін (integer);
нақты (real);
логикалық (Boolean);
символдық (char);
Мұндағы нақты типті мәліметтерден басқасы реттік (порядковые) типті мәліметтерге жатады.
Реттік типті мәліметтерге белгілі бір реттілікпен орналасқан, айырмашылығы бір бірлік болып келетін, бүтін сандар тізбегін құрайтын мәліметтер жатады.
Бүтін типті мәліметтер
Delphi тілінде бірнеше бүтін типтер қарастырылған. Олардың ішінде ең жиі пайдаланылатыны – Integer типі.
Мәліметтер типі |
Мән аралығы |
Жады форматындағы сандық көрсеткіштер |
Integer Cardinal Shortint Smallint Longint Int 64 Byte Word Longword |
-2 147 483 648 -2 147 483 647 0-4 294 967 295 - 128 – 127 -32 768 – 32 767 -2 147 483 648 -2 147 483 647 -263 – 263 – 1 0 -255 0 -65 535 0 -4 294 967 295
|
32 бит 32 бит 8 бит 16 бит 32 бит 64 бит 8 бит 16 бит 32 бит |
Нақты типті мәліметтер
Жиі пайдаланылатын нақты тип Real. Бұндай типті мәліметтерге кез келген таңбалы, ретсіз сандық мәліметтер жатады.
Мәліметтер типі |
Мәндер аралығы |
Үтірден кейінгі цифрлар саны |
Байттар саны |
Real 48 Single Double Extended Comp Currency
Real |
2.9*10-39-1.7*1038 1.5*10-45-3.4*1038 5.0*10-324-1.7*10308 3.6*10-4951-1.1*104932 -263+1-263-1 -922 327 203 685 477.5808 – 922 337 203 685 477.5807 5.0*10-324 -1.7*10308 |
11-12 7-8 15-16 19-20 19-20 19-20
15-16 |
6 4 8 10 8 8
8 |
Логикалық типті мәліметтер
Delphi-де логикалық мәндерді сипаттау үшін Boolean типі пайдаланылады. Логикалық типті айнымалы тек бір байт жадыны алып, тек екі мән ғана қабылдай алады: 1 немесе 0. 1 деген мән true (ақиқат), ал 0 деген мән false (жалған) шамаларына сйкес келеді.
Қосымша үш тип бар:
ByteBool – реттік сандық шама: 0 ден 255 дейін. 0 деген мән false мәніне, ал қалғандары true деген мәнге сәйкес келеді.
WordBool – реттік санды шама: 0 ден 65 535 дейін. 0 деген мән false мәніне, ал қалғандары true деген мәнге сәйкес келеді. Бұл тип екі байт жадыны алады.
LongBool – реттік сандық шама: 0 ден 4 294 967 295 дейін. 0 деген мән false мәніне, ал қалғандары true деген мәнге сәйкес келеді. Бұл тип төрт байт жадыны алады.
Символдық типті мәліметтер
Негізгі символдық тип Char. Бұл тип ASCII кестесінің символдарын сақтау үшін пайдаланылады. Кестедегі әрбір символ 0 мен 255 аралығындағы сандық мәнмен көрсетіледі. Сондықтанда бұндай типті айнымалы бір байт жадыны алады.
Delphi-де Char типіне қосымша екі тип қарастырылған:
AnsiChar типі Char типінің толық егізі болып келеді. Бір байт жадыны алады.
WideChar типі UNICOD кодтаушысы символдарын сақтауға арналған. Бұл кодтаушы 256 мен емес, 65 536 мен шектелген. Екі байт жадыны алады.
Символдық типті мәліметтер жұмыс жасау үшін екі функция қарастырылған:
Chr (x) – бүтін х кодына сәйкес символды қайтарады;
UpCase (c) - кіші с символын үлкен символға айналдырып қайтарады.
Құрлымдық типті мәліметтер
Құрлымдық типті мәліметтер – әр түрлі типті мәліметтерден құралады. Бұндай типті мәліметтерге:
жиын (set);
массив (array);
жолдар (string);
жазбалар (record);
файлдар (file);
жатады.
Жиындар
Жиындар – бір жай типке жататын мәліметтер жиынтығы. Жиынға кіретін элементтер тек жай типпен ғана шектеледі. Жиын элементтерінің саны 256 дан аспауы тиіс.
Жиын келесі түрде сипатталады:
Type жиын типі = set of жиынның мәндер аралығы;
Жиын мәндер аралығы ретінде элементтер саны 256 аспайтын, кез келген типті көрсетуге болады: Char, Byte, 0..255, TfootballTeam және т.с.с.